ҚазРусEng
31.08.2020
КПО БҚО-да жаңа мектеп құрылысын сәтті аяқтады

Орал қ., Батыс Қазақстан облысы, 2020 жылғы 31 тамыз - "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В." компаниясы (кПО) Орал қаласында эстетикалық бағыттағы жаңа жалпы білім беретін мектеп-гимназияны пайдалануға берді.

Мектептің салтанатты ашу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының басшылығы, қалалық және облыстық білім бөлімдерінің өкілдері, КПО және мердігерлік ұйымдардың басшылары қатысты.

БҚО әкімі Ғали Нәжімеденұлы атап өткендей, бұл КПО әлеуметтік-инвестициялық жоба үш ауысымды қалалық мектептерінің санын азайтады.

«Жаңа ғимараттың іске қосылуы балаларды заманауи 3 қабатты кешенде оқытуға мүмкіндік береді. КПО жобасының жүзеге асырылуы - белсенді дамып келе жатқан «Жұлдыз» шағын ауданының 3000-нан астам тұрғыны үшін, оның ішінде 500-ден астам оқушы, қажетті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің тағы бір қадамы болып табылады» - деп атап өтті өңір басшысы.

КПО компаниясының бас директоры Эдвин Блом БҚО тұрғындарын Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтай отырып, келесіні айтып өтті: «Қарашығанақ жобасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында аса маңызды рөл атқарып келеді. КПО Қарашығанақ жобасының Қазақстан Республикасы экономикасының және жергілікті қоғамдастықтың игілігі үшін тиімділігіне қол жеткізе отырып, корпоративтік жауапкершілік қағидаттары негізінде облыстың билік органдарына жан-жақты қолдау көрсетеді».

«Бұл әлеуметтік жоба айрықша маңызға ие. Біз бұл жобаны іске асыру бойынша үлкен жұмысты жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқардық. Жергілікті тұрғындар КПО-ның өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін бағалайтынына сенімдімін. Жаңа оқу жылы қарсаңында жаңа заманауи мектептің ашылуы Орал қаласының оқушылары үшін тамаша сыйлық болып табылады», - деп қосты добавил Эдвин Блом.

Жалпы ауданы 4500 шаршы метрге жуық үш қабатты мектеп ғимараты 450 оқушыға есептелген. Оқу блогына 48 сынып пен информатика, физика, химия, биология  және лингафон кабинеттері кіреді. Сондай-ақ, мектеп ғимаратында акт және мәжіліс залы, жаттығу залы, шаруашылық-тұрмыстық блогі, зертханалар мен шеберханалар бар. Оған қоса мектепте 40 орындық оқу залы бар кітапхана, медициналық пункт және 150 орындық асхана қарастырылған. Штаттық кесте бойынша бұл мектеп қабырғасында 80-нен астам педагог жұмыс істейтін болады.

Мектеп-гимназия толық күн тәртібінде оқытуды ұсынады: негізгі сабақтар аяқталғаннан кейін оқушылардың зерттеу және жобалау жұмыстарын орындай отырып, шығармашылық үйірмелерге қатысуға мүмкіндігі бар. Мектепте екітілді оқыту қамтамасыз етілген. Бұған дейін облыста оқушыларды күні бойы оқытып, білімді қазақ тілінде беретін мектептер болған емес.

КПО қаражатына мектеп қажетті жабдықтармен, жиһазбен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалдармен жабдықталған. Жоба барысында мектеп ауласына жалпы жайластыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

«Орал қаласының эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы 1994 жылдан бері  жұмыс істеп келді. Мектеп құрылған күннен бері ол балаларды оқыту үшін талаптарға сай келмейтін бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан. Ал жаңа мектеп заманауи білім берудің барлық нормативтеріне сәйкес келеді. Мен және менің әріптестерім облыс басшылығына және осындай керемет сыйлық жасаған КПО компаниясына алғысымызды білдіреміз", - деді мектеп директоры Әлия Қайыржанова.

КПО әлеуметтік бағдарламасының негізгі бағыты денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым, мәдениет және спорт нысандарының құрылысы болып табылады. Әлеуметтік нысандардың тізбесі мен басымдылығын Батыс Қазақстан облысының басшылығы айқындайды. КПО-ның барлық әлеуметтік жобалары тек қазақстандық мердігерлерді тарта отырып іске асырылады.