ҚазРусEng
11.09.2020
КПО Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан №9 айналма жолды күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қ., 2020 жылғы 11 қыркүйек Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) компаниясы Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан № 9 айналма жолды күрделі жөндеу жұмыстарын сәтті аяқтағанын жариялады.

Жобаның басты мақсаты КПО және мердігер ұйымдар қызметкерлерін өндірістік алаңдарға қауіпсіз балама жолмен жеткізу, сондай-ақ ҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алу (ҚГӨША) және 4-газды кері айдау компрессоры (4К) жобаларына қажетті жабдықтарды жеткізуді қамтамасыз ету болды.

Нысанның ашылу салтанатына Бөрлі ауданы әкімі Миржан Сатқанов басқарған аудандық әкімдік өкілдері, КПО мен мердігер қызметкерлер қатысты.

КПО бас директоры Эдвин Блом айтып өткендей: «Бұл аса маңызды жоба және ол КПО мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестіктің нәтижесінде жүзеге асты. Басты басымдық – Компания, мердігер және қосалқы мердігер қызметкерлерінің, сондай-ақ кен орнына жақын жерде тұратын жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.»

«Қазіргі COVID-19 пандемиясына байланысты жағдайларға қарамастан КПО-ның өндірістік нысандары өз жұмыстарын барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, 2020 жылға жоспарланған өндірістік мақсатты көрсеткіштерге сәйкес жүргізіп келеді. Оған ҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алу (ҚГӨША) және 4-газды кері айдау компрессоры (4К) жобалары бойынша жұмыстар да жатады. Осыған байланысты бұл айналма жолды күрделі жөндеу жұмыстарын ақтаудың маңыздылығы өте жоғары, себебі ол аталмыш жобаларға жеткізілетін жабдықтармен қоса, негізгі жүктерді тасымалдауға пайдаланады. Сонымен қатар бұл бағыт Ақсай-Приурал және Ақсай-Тұңғыш тас жолдарындағы көлік жүрісі қарқынын азайтуға мүмкіндік беріп, аймақтағы жол жүрісі қауіпсіздігін жақсартуға көмектеседі.»

Күрделі жөндеу жұмыстары аясында ескі жолдың төсемі алынып, бұзылған жерлері жөнделіп, жол беті тегістелген. Жол бетіне тиісті белгілеулер мен жол белгілері орнатылып, жолдың бұрылу бағытын көрсету үшін жарық шағылыстырғыш белгілер орнатылған.

Жолды күрделі жөндеу жұмыстарын ерте аяқтап, пайдалануға беру жолдағы көлік жүрісі қарқынын айтарлықтай азайтады және БҚО Бөрлі ауданында жол жүрісі қауіпсіздігін жақсартады.