ҚазРусEng
19.10.2020
КПО компаниясы БҚО шағын және орта бизнес өкілдеріне бизнесті жүргізудің негізгі дағдыларын дамыту және біліктілікті арттыру бойынша алғашқы онлайн семинар өткізді

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, 2020 жылғы 12 қазан - «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) компаниясы бизнесті жүргізудің негізгі дағдыларын дамыту және біліктілікті арттыру бойынша Батыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған (бұдан әрі – ШОБ) онлайн оқыту бағдарламасын бастады. 

Аталмыш жоба Бөрлі ауданы әкімдігінің бастамасымен және КПО жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасының қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды.

Бұл шара шағын және орта бизнесті, соның ішінде мұнай-газ саласына тікелей қатысы жоқ кәсіпорындарды дамыту бойынша мемлекеттік бастамаларды қолдау мақсатында қазақстандық ШОБ мүмкіндіктерін жетілдіруге және олардың бәсеке қабілеттіліктерін арттыруға бағытталған.

Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов: «Шағын және орта бизнес - ел экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан мемлекетіміз бұған айрықша назар аударады. КПО компаниясымен ұйымдастырылған бүгінгі семинар өңіріміздегі шағын және орта бизнестің дамуына үлесін қосады деген сенімдемін», - деді.

Оқытуға қатысқандарға арналған сөзінде КПО жергілікті қамтуды дамыту бөлімінің басшысы Армат Ищанов: «Осындай семинарларда біз бізнесті тиімді жүргізуге қажетті және пайдалы ақпаратты барынша көп беруге тырысамыз.  Шағын және орта бизнеске ненің қажетті екенін түсіну - біздер үшін өте маңызды. Яғни, алынған ақпарат негізінде біз тиісті қолдау мен көмек ұсыну үшін бар күшімізді салуға, сонымен қатар оқыту бойынша практикалық шараларды жалғастыруға мүмкіндік аламыз», - деп айтып өтті.

Жоба шеңберінде 8-10 оқыту семинарын өткізу жоспарлануда. Әрбір семинардың жұмыс бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтардың 16 сағатын қамтиды. Сабақ барысында оқытылатындар бизнесті жүргізу, бизнесті жоспарлау дағдыларын меңгеріп, Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылып жатқан шағын бизнесті қолдау бағдарламалары туралы ақпаратпен таныс болады. Осыған қоса, мемлекеттік мекемелердің және сатып алу бойынша өз ережелері бар компаниялардың (жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар) сатып алу жүйесі бойынша мағлұмат беріледі. 

Армат Ищановтың сөзіне сәйкес, осы бастама арқылы келешек дамудың мейлінше қажетті бағыттарын анықтау және бизнесті жүргізудің сапасын арттыру бойынша тиімді қадамдар жасау көзделіп отыр.

«КПО компаниясының осындай бизнес-тренингтер және кәсіби куәландырулар өткізу арқылы кәсіпкерлерге білімдері мен біліктіліктерін арттырудың бірегей мүмкіндіктерін ұсыну ынтасын біздер жоғары бағалаймыз», -  деді семинарға қатысқандардың бірі.

Оқыту аяқталысымен семирнарға қатысушыларға бағдарламаны өткендері туралы сертификаттар берілді.

 

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі