ҚазРусEng
29.10.2020
Чех Республикасы Елшісінің Қарашығанаққа сапармен келуі

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан Облысы, 2020 жылғы 27 қазан – Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудолф Гикл өзінің Батыс Қазақстан облысына қысқа мерзімді жұмыс сапары аясында «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясының бас директоры Эдвин Бломмен кездесті.

Гилл мырза КПО өндірістік қызметінің негізгі аспектілерімен және компанияның жобаларды іске асырудағы, жергілікті қамтудағы және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудағы жетістіктерімен танысып шықты.  Тараптар Қарашығанақ жобасын іске асыру барысындағы ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, жоғары мәртебелі қонақтың назарына компания COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қабылдаған шаралар туралы ақпарат ұсынылды.

Сапар қорытындысы бойынша Чех Республикасының Қазақстандағы Елшісі компанияның барлық қызметкерлеріне Қарашығанақ кен орнын игеруде табыс тіледі.

 

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі