ҚазРусEng
27.04.2021
Техник-механиктерді дайындау бағдарламасы

Карачаганак Петролиум Оперейтинг компаниясы «техник-механик» мамандығына кәсіби дайындық бағдарламасы бойынша оқыту мақсатында стажерлерді қабылдайтынын хабарлайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1. Тиісті мамандық бойынша жоғары немесе орта техникалық білім (технологиялық машиналар мен жабықтар немесе машина жасау);

2. Батыс Қазақстан облысы тұрғыны (кем дегенде 12 ай бұрын тіркелген болуы қажет);

3. Қазақстан Республикасының азаматы;

4. Бағдарлама мақсаты ЖОО және колледж түлектерін дамыту және жұмысқа орналастыру болғандықтан жасы 32-ге дейін;

5. Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін КПО-да оқуға және жұмыс жасауға дайын болуы.

Талаптарға сай келетін үміткерлерге бірнеше кезеңнен (тесттер) және сұхбаттан тұратын кешенді іріктеу жүргізіледі. Тест тапсыру және сұхбат жүргізу күндері жеке хабарланатын болады.

Бағдарлама бойынша оқыту үшін 25 стажер іріктеліп алынады.

Кәсіби дайындық кезінде стажерлерге тұрғын үй жалдау және тамақтану шығындарын өтеу мақсатында ай сайын шәкіртақы беріледі.

Кәсіби дайындық бағдарламасы Ақсай қаласында өтеді. Бағдарлама мерзімі 10 айдан астам және оқыту аптасына 6 күн жүргізіледі.

Бағдарламаны сәтті аяқтаған стажерлерге куәлік беріліп, КПО компаниясында жұмыс жасау ұсынылады.

Іріктеу кезеңіне қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  • Түйіндеме  (қолданыстағы электронды мекенжайы мен ұялы телефон нөмірі көрсетілген);
  • Жеке куәлігінің  көшірмесі;
  • БҚО-да тіркелгенін растайтын egov порталынан алынған cкриншот;
  • Дипломның және қосымшасының көшірмесі.

Іріктеуге қатысу өтініштері тек көрсетілген құжаттардың толық пакеті тапсырылған кезде қарастырылады.

Тесттің өту күні, уақыты мен орны туралы ақпаратпен қоса тестке қатысуға шақыру немесе жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкессіздік туралы ескерту хабарламасы түйіндемеде көрсетілген электронды мекенжайға (email) жіберіледі.

Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар 26/04/2021 - 14/05/2021 аралығында келесі  электронды мекенжай бойынша қабылданады kpograduates@kpo.kz

Хат тақырыбында «техник-механик» бағдарлама бағыты көрсетілуі қажет.