ҚазРусEng
22.05.2021
КПО компаниясы онлайн тәртібіндегі іскерлік кездесуге қатысты

Нұр-Сұлтан, 21 мамыр 2021 жыл – «Қазақстанның мұнай-газ сервистік компаниялар одағының (KazService)» бастамасымен «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО)», «КаzService» және мүдделі қызмет жеткізушілер арасында онлайн режимінде бизнес-кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында КПО компаниясының ағымдағы қызметіне, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобаларға және жергілікті өндірушілер / сервистік компаниялар үшін ашылатын мүмкіндіктерге басты назар аударылды.

Іс-шара негізінен КПО компаниясының ағымдағы қызметіне, сондай-ақ алдағы жобалары мен жергілікті тауарлар мен қызметтерді жеткізушілермен ынтымақтастықтың келешегіне арналды.

Өзінің алғысөзінде КПО компаниясының бас директоры Габриэле Джиона КПО үшін бұл кездесудің басты мақсаты компанияның соңғы жетістіктері туралы және өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған жобалардың іске асырылуымен байланысты жергілікті тауар өндірушілері мен сервистік компаниялар үшін қандай мүмкіндіктер ашылып жатқаны туралы сөз козғау екенін атап өтті.

КПО бас директоры Габриэле Джионаның айтуынша, КОВИД-19 қатысты барлық қиындықтар мен шектеулерге қарамастан, КПО команиясы өндірістік қызметті жалғастыра отырып, оның үздіксіздігін қамтамасыз ете алды. Бұған қоса, компания өңірдегі бизнес үдерісітері мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында жергілікті мердігер ұйымдарға жан-жақты қолдау көрсетуді тоқтатпады. Джиона мырза өз сөзінде КПО компаниясында келісімшарттардағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша ЖҚ көрсеткіштері 2014 жылғы 47% - дан 2020 жылы 59% - ға дейін өскенін де белгіледі.

Тауарларды ел аумағында өндіру үдерісін жеделдету мақсатында КПО өткен жылы бірқатар бастамаларды жүзеге асырды. Солардың ішінде құрамдас өнімдер мен жабдықтарды ҚР-да өндіру үшін келісімшарт ұсыну; өнімдерін республикада игеру мақсатында жабдықтың түпнұсқалық өндірушілерімен (OEM) «Жол карталарына» қол қою; «Тендерлер туралы ережелерге» түзетулер енгізу және «Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын» ашу сияқты бастамалар бар.

Сондай-ақ, кездесу барысында КПО өкілдері компания қызметі мен жобаларына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Қатысушылардың барлығы ірі операторлар мен жергілікті мұнай сервистік компаниялар арасындағы ағымдағы мәселелерді, мүмкіндіктер мен жоспарларды талқылауға және жалпы кездесуге мүмкіндік беретін осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.

 

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі