ҚазРусEng
03.06.2021
Жаңа КПО бас директорының тағайындалуы

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай, 2021 жылғы 2 маусым – Бүгін Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) компаниясы «Энимен» Мысырдағы «Agiba» мұнай компаниясының басқарушы директоры ретінде тағайындалған Габриеле Джионаны алмастырып, 2021 жылғы 2 маусымнан бастап жаңа КПО бас директоры ретінде Джанкарло Рую КПО-ны басқаратынын хабарлады.

 

«Мен КПО компаниясының жаңа бас директоры Джанкарло Руюға Қарашығанақ жобасына қош келдіңіз деп айтып, жаңа қызметінде мол табыс тілеймін, оның зор тәжірибесі мен мықты көшбасшылық дағдылары КПО-ның болашақ табыстарына сүбелі үлес қосатынына сенімдімін» - деді Габриеле Джиона.

 

Джанкарло Руюдің мұнай және газ өнеркәсібіндегі Қазақстанда да, шетелде де жинақтаған жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Бұл қызметтерде ол кен орындарын барлаудың, игерудің және пайдаланудың және бизнесті дамытудың толық барысын қамтитын басшылық лауазымдарды атқарды. Соңғы қызметінде ол «Энидің» «Абу-Даби ұлттық мұнай компаниясымен» құрған бірлескен кәсіпорнындағы өңделмеген қорларды игеру бөлімінің жер үсті өндіріс бағдарламасының жетекшісі болды. Бұған дейін ол «Энидің» Ганадағы тармағында басқарушы директор қызметін атқарды және «НКОК» компаниясында кен орнын дамытудың 1-кезеңінің директоры лауазымында жұмыс істеді.

 

Оның зор кәсіби тәжірибесі мен кәсіпорынның өндірістік және бизнес қызметтерін жете түсінуі КПО қызметтерінің жалпы тиімділігін арттыруға зор үлес қосатынына сенімдіміз

 

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі