ҚазРусEng
05.08.2021
КПО Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы-1А Кезеңі шеңберінде жергілікті қамту мәселелері бойынша форум өткізді

Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы, 2021 жыл 5 тамыз — Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. компаниясы (КПО) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және өкілетті орган «PSA» ЖШС қолдауымен және қатысуымен жергілікті қамтуды дамыту бойынша онлайн-форум өткізді.

Форумның мақсаты — қазақстандық компанияларды Қарашығанақ кен орнын кеңейту-1А Кезеңі (газды кері айдаудың 5-ші компрессоры) жобасымен, жергілікті қамту жөніндегі стратегиямен, сондай-ақ ЖCҚ жұмыс көлемімен, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердегі әлеуетті мүмкіндіктермен және жергілікті компанияларға қойылатын талаптармен таныстыру.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өзінің алғы сөзінде «КПО өндіру сөресін қолдау аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Сәтті аяқталғандардың бірі газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы (ГӨША) болып табылады. 4-ші газды кері айдау компрессорының құрылысы бойынша жоба аяқталу кезеңінде» деп атап өтті.

«Қарашығанақты кеңейту жобасын біз күрделі кен орындары жағдайында қазақстандық бизнестің жұмыс істеуі үшін баға жетпес тәжірибе, елге озық білім мен технологиялар әкелу, өз қажеттіліктері мен сервисін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда ілеспе кәсіпорындар желісін құру мүмкіндігі ретінде қарастырамыз. Жоба операторлары үшін де, өңірдің басқа да мұнай-газ компаниялары үшін де» деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Форумға мұнай — газ жабдықтарын өндіруде және өнеркәсіптік құрылыста тәжірибесі бар жүзден астам отандық компаниялардың өкілдері, ҚР Энергетика министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, БҚО әкімдігінің басшылығы, өкілетті орган «PSA» ЖШС, «Қазақстанның сервистік компаниялар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның машина жасау одағы» ЗТБ, Petrocouncil, мұнай-газ машиналарын жасауды дамытудың халықаралық орталығының басшылығы қатысты.

КПО бас директоры Джанкарло Рую жиналғандарға форумға қатысқандары үшін алғысын білдірді, КПО-ның өндірістік көрсеткіштері туралы айтты және Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы −1А Кезеңі (газды кері айдаудың 5-ші компрессоры) санкциялау Қарашығанақ кен орнын игерудің негізгі кезеңдерінің бірі болып табылатынын ерекше атап өтті. Жобаны іске асыру ҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау (ГӨША) шеңберінде орындалған жұмыстардың және газды кері айдаудың 4-компрессоры жобасының қисынды жалғасы болып табылады.

«Газды кері айдаудың 5-ші компрессорының және басқа да ілеспе нысандардың құрылысын салуды көздейтін Қарашығанақ кен орнын кеңейту −1А жобасы сұйық көмірсутектерді өндіру сөресін ұзартуға бағытталған, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы мен Қарашығанақ жобасының серіктестері үшін қосымша пайда алуға мүмкіндік береді. Жоба аясында ел азаматтары үшін жаңа жұмыс орындары ашылады. Жобаны іске асыру кезеңінде КПО — ның басқа басымдығы жергілікті қамтуды барынша арттыру болады» деп толықтырды Джанкарло Рую.

Үстіміздегі жылдың алты айының қорытындысы бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтерді жеткізуге арналған келісімшарттар бойынша КПО шығындарындағы жергілікті қамту үлесі 72% — дан немесе ақшалай мәнде 296.6 миллион АҚШ долларынан асты.

Диалогтық сессия шеңберінде КПО өкілдері форумға қатысушылардың Қарашығанақ кен орнын кеңейту −1А жобасы аясында сатып алуға жоспарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтерге қатысты сұрақтарына жауап берді. Аталған жобаның жергілікті қамтуды іске асыру және ұлғайту бөлігіндегі стратегиясы, КПО келісімшарттар мен сатып алулар бөлімінің жұмысы, жергілікті кәсіпорындарға берілетін мүмкіндіктер мен қойылатын талаптар, ЖСҚ бойынша мердігермен одан әрі өзара іс-қимыл жасау және т. б. мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде форум делегаттары іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін және оның жоғары тиімділігін атап өтті. Олардың айтуынша, қатысушылардың жоғары эксперттік деңгейі күн тәртібінде ұсынылған мәселелерді жан-жақты талқылауға және талдауға ықпал етті.

КПО Корпоративтік байланыстар бөлімі