ҚазРусEng
22.09.2021
КПО Қазақстан машина жасаушыларының IX Форумына қатысты

НҰР-СҰЛТАН, Қазақстан Республикасы, 2021 жылғы 22 қыркүйек – "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В." (КПО) компаниясы Қазақстан машина жасаушыларының IX Форумына қатысты.

Форумды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырды.

Форумның негізгі мақсаты – машина жасау саласының өзекті мәселелерін талқылау, оның ішінде машина жасауды дамытудың Жол картасын іске асыру, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін базалық өндірістерді құру және дамыту, сондай-ақ жергілікті қамтуды реттеу мен дамыту мәселелері, жаңа жағдайда машина жасау саласын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындау.

Жергілікті жеткізушілердің хабардарлығын арттыру мақсатында, КПО форум аясында "КПО жеткізушісі болу үшін не істеу керек?" атты семинар өткізді, оның барысында компания өкілдері жеткізушілердің дерекқорында тіркеу жөніндегі алғашқы іс-қимылдардаң бастап тендерлік процессі мен тендер қорытындысы бойынша келісімшарт жасасуды қоса алғанда КПО-ның сатып алу саласындағы талаптары туралы айтып берді.

КПО келісімшарттық және сатып алу жөніндегі менеджері Светлана Бартен атап өткендей, "КПО жергілікті жеткізушілердің әлеуетін дамыту жөніндегі міндеттемелерді өзінің өндірістік қызметінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады. Компания жергілікті өндірушілерді қолдау бойынша, соның ішінде шетелдік және жергілікті өндірушілер арасында ынтымақтастық орнату және Қазақстан экономикасының өнеркәсіптік секторына озық технологияларды тапсыру үшін қолайлы жағдай жасау арқылы бірқатар жобаларды іске асырады".

Қазіргі уақытта КПО дерекқорында 5515-тен астам қазақстандық жеткізушілер тіркелген.

2021 жылғы 1-жартыжылдықтың қорытындылары бойынша КПО тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуге арналған келісім-шарттарындағы жергілікті қамту үлесі 72% - дан немесе ақшалай есептегенде 296 миллион АҚШ долларынан асты.

Корпоративтік байланыстар жөніндегі бөлім