ҚазРусEng
30.09.2021
ҚМГ делегациясы Қарашығанаққа келді

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай, 2021 жылғы 30 қыркүйек – Құрамында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Жақып Марабаев, ірі мұнайгаз жобалары жөніндегі директоры Арман Тұяқов, және КМГ Қарашығанақ ЖШС бас директоры Қайрат Нұрахметов болған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ делегециясы Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В (КПО) компаниясының жоғары басшылығымен кездесті. Сондай-ақ кездесуге Оператор компаниялардың (Eni/Agip Karachaganak) өкілі Ренато Мароли қатысты.

Кездесу барысында КПО бас директоры Джанкарло Рую компанияның өндірістік қызметтері, қазіргі сын-тегеуріндер, бизнесті дамытудың болашақ моделі мен стратегиялары туралы сөз қозғап, 4-газды кері айдау компрессоры (4-ГКК) жобасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады, аталмыш жобаны жуырда аяқтау және іске қосу жоспарланған.

4-ГКК жобасы КПО нысандардағы газды кері айдау қуаттылығын арттырып, тәулігіне қосымша 10 млн. текше метр газды кері айдауға, осымен Қарашығанақ кен орнында сұйық көмірсутектер өндірісін кезең-кезеңмен арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ірі жоба 2019 жылдың сәуірінде бастау алды. Жобаның негізгі кезеңінде 1600 жуық адам жұмылдырылып, қосымша жергілікті жұмыс күшін тартуға мүмкіндік берді, ал жобадағы материалдар мен тауарларды жеткізу, қызметтерді ұсыну бойынша жергілікті қамту үлесі 50%-ке жуық болды.

Кездесу барысында КПО-ның шетелдік қызметкерлерді жергілікті мамандармен алмастыру бағдарламасы және жергілікті қызметкерлерді дамыту және оқыту бастамалары талқыланды. Осы орайда Компанияда бірнеше жыл жасаған және түрлі жұмыс тәжірибесін жинақтап, соның ішінде кәсіби шеберліктерін шыңдау және білімдерін арттыру үшін халықаралық компанияларда жұмыс жасаған 13 жергілікті қызметкермен сұрақ-жауап сессиясы өткізілді.

КПО бас директоры Джанкарло Рую: «Қазіргі таңда КПО серіктестерімен Қарашығанақ жобасын дамытуға 30 млрд. АҚШ долларына жуық қаржы жұмсалды. ҚР билік органдарымен жасалған өзара тиімді қызметтік қатынастар КПО-ның ұзақ мерзімді дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының ұлттық даму мақсаттарына сәйкес келетініне кепілдік береді. Бұл Қарашығанақ жобасын тұрақты әрі табысты дамытудың, сонымен бірге өңірлік және ұлттық экономиканы дамытудың маңызды факторы» деп айтты.

«КПО жергілікті қызметкерлерінің бірігіп қызмет атқаруы, олардың біліктілігі мен зор ынтасының арқасында Компанияның да әлеуеті зор. Компанияның басты міндеттері бұрынғыдай – жоғары өндірістік және ҚТ көрсеткіштерін қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚР-на, жергілікті тұрғындарға және барлық мүдделі тараптарға жобадан болатын экономикалық табысты арттыру» - деп Джанкарло Рую қоса айтты.

Кездесу соңында КПО мен ҚМГ өкілдері бұл кездесу ашық диалог пен пікір алмасу форматында өткен, және КПО ірі операторлардың бірі ретінде одан әрі табысқа жетуге деген ниетін растады деп қорытындылады.

КПО корпоративтік мәселелер бөлімі