ҚазРусEng
17.05.2022
ҚПО отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі форумға қатысты

Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қ., 13 мамыр 2022 ж., — «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО), «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниялары Нұр-сұлтан қаласында өткен «Қазақстанда мұнай-газ машинасын жасауды дамыту» мәселелеріне арналған бірлескен форумға қатысты.

Іс-шара Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығының (IMB орталығы) бастамасымен өтті.

Форумның негізгі мақсаты отандық және шетелдік өндірушілерді, тиісті мемлекеттік органдарды және басқа да мүдделі тараптарды IMB орталығының қызметімен, нәтижелерімен және жоспарларымен таныстыру болды.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, ҚР Энергетика министрі Болат Акчулаков, «PSA» ЖШС өкілетті органының, жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан машина жасаушылар одағының, жергілікті машина жасау компанияларының және Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық -жиынтық жабдық өндірушілердің өкілдері қатысты.

Форумға қатысушыларға арнаған сөзінде, ҚПО бас директоры Джанкарло Рую, ҚПО мен Қарашығанақ жобасының серіктес компаниялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің елдегі жергілікті қамтуды және индустриялық инновацияларды дамытуға бағытталған жоспарлары мен бастамаларын қолдауға бейілді екенін атап өтті.

«ҚПО Қазақстандық жеткізушілермен қол қойылған серіктестік келісімдері және жергілікті өндірушілердің әлеуетін нығайтуға бағытталған басқа да бастамалар арқылы жергілікті жеткізу желілерін тұрақты дамытуға ұмтылады. Биылғы жылдың басынан бері жүргізіліп жатқан тендерлер мен шетелдік компаниялармен бәсекелестік аясында 107 келісім-шарттың 94-і жергілікті жеткізушілерге берілді».

«ҚПО тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі жергілікті қамту үлесін арттырудың маңыздылығын түсінеді, өйткені бұл жұмыс орындарын құруға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді және экономиканың барлық салаларына жалпы мультипликативті әсер етеді. Бұл міндетке қол жеткізу құралдарының бірі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму министрлігінің белсенді қатысуымен үш ірі мұнай-газ оператордың мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын (IMB орталығы) құруы болды. Бүгінгі таңда ҚПО мен IMB орталығы тиімді өзара әрекеттесіп, қажетті деректермен алмасуда», — деп қосты Джанкарло Рую.

Іс-шараның негізгі нәтижелерінің бірі ҚПО, Энергетика министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, НКОК, ТШО, Қазақстан машина жасаушылар қауымдастығы және IMB орталығының арасындағы Резолюцияға қол қою болды. Құжаттың мақсаты-тауарларды сатып алу кезінде жергілікті қамтуды арттыру.

ҚПО Корпоративтік байланыстар Департаменті