ҚазРусEng
24.08.2010
КПО қызметкерлері қауіпсіздік техникасы бойынша жаттығу курстарын аяқтады.

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай 23 тамыз 2010 жыл. – Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясы еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі компанияның және мердігерлердің 135 жергілікті қызметкері Өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы (Institute of Occupational Safety and Health - IOSH) Британ институтының халықарылық деңгейде танымал STEP (Қауіпсіздік техникасы саласында кәсіби мамандарды оқыту және дайындау) бағдарламасын сәтті аяқтап, оларға сертификаттар табыс етілгені туралы хабарлады.

Бұл бағдарлама Өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы институтының, КПО және қазақстандық Abiroy Technical Training компаниялары бірлесіп жасалған жоба. КПО компаниясы инвестиция ретінде STEP бағдарламасына 1 миллион АҚШ долларын жұмсаған.

КПО компанияның қауіпсіздік техникасына тікелей қатысы жоқ өндіріс бөлімінің қызметкерлерін, сонымен қатар бірінші қатысушылар тобына ілікпеген мердігер компаниялардың қауіпсіздік техникасы жөніндегі қызметкерлерді оқыту шараларын жалғастыруды көздеп отыр.

Компанияның өндіріс жөніндегі директоры Грэм Скоттон: «STEP бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты КПО-ның жергілікті қызметкерлері мен мердігерлердің өндірістік қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау (ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ) саласындағы біліктілік деңгейлерін халықаралық стандарттарға көтеру» - деп айтты. Бұл мақсатқа жету үшін осы саладағы барлық нормативті талаптарды орындап, тиісті методиканы күнделікті жұмыс барысында қолдану қажет.

«Сонымен қатар бағдарламаға қатысушылардың өндірістік қауіпсіздік саласы бойынша корпоративті және жеке біліктілігінің артуы мансаптық дамуға жетелейді» - деп қосты.

Кен орын бастығы Роберто Де Митри былай деп айтты: «КПО кен орында жұмыс істейтін ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы қызметкерлерді кәсіби дамытудың жаңа жолын тапты. STEP бағдарламасы әлемдегі көптеген ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жөніндегі мамандармен танымал IOSH «Өндірісте қауіпсіздік техникасы жүйесін басқару» курсының негізінде дайындалған. Бұл бағдарлама КПО компаниясына Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық жүйені ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша халықаралық стандарттармен сәйкестендіру туралы стратегиясына сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оған қоса STEP бағдарламасы КПО-ның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жөніндегі мамандарды үздіксіз оқыту және дамыту бойынша OHSAS 18001 стандартының талаптарына сәйкестігін растайды».

КПО шетелдік қызметкерлерді жергілікті мамандармен алмастыру жоспарын және жергілікті қызметкерлерді ұзақ мерзімді дамыту бағдарламаларын сәтті жүзеге асырып келеді. Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге қол қойылғалы бері КПО инвестиция ретінде компания қызметкерлерін оқыту және дамыту саласына 140 миллионнан астам АҚШ долларын жұмсады.