ҚазРусEng
31.08.2010
ҚПО Ақсай қаласындағы орта білім мектеп құрылысын бітіруде

АҚСАЙ, Батыс-Қазақстан облысы, 30-шы тамыз 2010 жыл. - «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) Ақсай қаласындағы 10-шы ауданындағы 900 оқушыларға арналған №6 орта білім беру мектебінің құрылысын сәтті бітіру жөнінде хабарлады.

Салтанат рәсімге Батыс-Қазақстан облысының, Бөрлі ауданының басшылығы, аудандық білім беру бөлімінің  өкілдері, ҚПО және құрылыс мердігерлік ұжымдардың басшылары, солай да соғыс ардагерлері және Ақсай кадасының қоғам өкілдері  қатысты.

Облыстық әкім орынбасары Нұрлан Ноғаев мектептің Қазақстан Республикасының 15-жылдық Конституция Күнінде ашылғанын белгілеп, ҚПО және құрылыс мердігерлік ұжымдарға терең білім беретін және барлық жағдайлар жасалған жаңа мектеп үшін ризашылық білдірді.

ҚПО-ның үкіметпен байланысты және сыртқы қарым-қатынастар жұмысын жүргізетін басқарушысы Нұржан Қамалов Батыс-Қазақстан облысының тұрғындарын және Ақсай қаласын Конституция Күнімен құттықтап, «Ақсай қаласында оқушылар үшін жаңа мектептің ашылуы жаңа жылдың басында үлкен мереке болып табылады», - деп айтты.

Сонымен қоса, Нұржан Камалов Батыс-Қазақстан облысы және Бөрлі ауданының әкімшілігіне ынтымақтастық  үшін алғыс білдіріп, «Жобаның сәтті аяқталуы БҚО әкімшілігі, Бөрлі ауданы және ҚПО-ның арасындағы тығыз еңбектің нәтижесі болып келеді», - деп айтты. Және де ол оқушыларға және мұғалімдерге осындай бабымен жабдықталған мектепте жемісті және нәтижелі жаңа жыл тіледі.

№6 орта білім мектебінің құрылысы екі жылға толмай аяқталды. Осы әлеуметтік жобаға ҚПО-ның жұмсаған қаржысының көлемі 8 миллион доллардан асты. Оралдағы «Жайықселстрой» бірлестігі осы жобаға бас мәрдігер болып тағайындалды.

Екі спорт залы, би және компьютер сыныптары, 560 адамға лайық акт залы бар жаңа мектеп ғимаратына қоса, мектеп алдында алғашқы әскери дайындық жүргізуге, еңбекке баулуға негізделген спорт алаңдары, сонымен бірге табиғаттану, география, биология және тыс сабақтарын жүргізуге арналған  алаңдар салынды.

ҚПО қаржысына мектеп қажетті құралдармен, жиһазбен, компьютер техникасымен және әдістемелік мағлұматпен толық жабдықтырылды. Одан басқа, ҚПО машина жүргізу ережелерін жаттауға арналған арнайы алаң құрастыртып салды. Жобаны атқару барысында аумақты көгалдандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді.

Осыған қоса, жаңа жылға қарай демеушілік бағдарламасының ішінде ҚПО Березовка, Успеновка, Қарасу, Орал өңірі, Қызылтал ауылдық аумақтарға және Бөрлі ауданының интернат - мектебіне алты автобус сатып берді.

ҚПО әлеуметтік бағдарламасы бойынша Қарашығанақ ауылындағы бастауыш мектепті жөндеп, тұрмысы нашар отбасынан шыққан 135 балаларға оқу құралдарын сатып алып берді.

Әлеуметтік  инфрақұрылым дамытуға негізделген ҚПО-ның каржыландыру бағдарламасының арқасында Батыс-Қазақстан облысында жаңа мектептер, емханалар, спорт құрылыстары, әлеуметтік және мәдениет орталықтар, жаңа жолдар салынып, облыстың көптеген елді мекендері газ бен су қамтамасыз ететін құбырлар жүргізілген.

Соңғы Өнімді Бөлісу Келісім бойынша ҚПО-ның әлеуметтік қаржы салым бағдарламасы 1.5 миллиардтан астам доллар қамтиды және бүкіл мемлекеттің берекесі үшін Батыс-Қазақстан ауданының дамуына кепіл жасайды.