ҚазРусEng
17.06.2011
КПО 2010 жылғы орнықты даму есебін шығарды

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 17-ші маусым 2011 ж. - «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) 2010 жылғы Орнықты даму есебін шығарғаны туралы хабарлады. Есепте 2010 жылғы компания қызметтерінің нәтижелері және орнықты даму турасында алған міндеттемелері көрсетілген.

КПО компаниясының Бас директоры Джузеппе Пази: «Сіздің назарыңызға 2010 жылғы өндірістік көрсеткіштер мен 2009 жылы қойылған мақсаттардың орындалу үдерісі қамтылған КПО-ның үшінші Орнықты даму жөніндегі есебін ұсыну мен үшін үлкен мəртебе», - деп айтты.

«КПО-ның мақсаты серітестер мен Қазақстан Республикасы үшін тұрақты пайда түсіру. Экологиялық, экономикалық және әлеуметтік бағыттары бар ұзақ мерзімді орнықты даму осы тұрақты пайда әкелу үдерісінің басты элементі болып табылады», - деп Джузеппе Пази толықтырды.

Қарашығанақ кенінің игерілуі мен пайдалануы 2010 жылы өз жалғасын тапты, және өндірістің жалпы көлемі 133,7 миллион баррель болды. Жаңа бес ұңғыма бұрғыланды, ал 14 ұңғыма күрделі жөндеуден өткізілді. Өткен жыл ішінде ГКДҚ-2 материалдарды алмастыру жобасы аяқталды жəне газды қайта айдау компрессорлары іске қосылды. Сонымен қатар толық кеніш тоқтатылымы жоспарланған мерзімнен бұрын жəне еш апатсыз аяқталды. Қарашығанақ өңдеу кешеніндегі (ҚӨК) 4-ші сұйық көмірсутектерді тұрақтандыру технологиялық желі құрылысы жалғасты жəне 2011 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді.

Мердігерлерді басқару, қауіп-қатерлер туралы хабардар болу, бақылау мен есеп беру және ҚТ саласындағы жетекшілік дағдыларын дамытуға басым көңіл бөлінген жаңа Қауіпсіздік жоспары дайындалып, жүзеге асырылды. КПО қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын атқаруды жоғары стандарттарға сәйкес жалғастырды және 2010 жылдың 29 желтоқсанында компания үш-жылдық атмосфераға шығарындылар тастау рұқсатын алды. Сонымен қатар КПО-ның ISO 14001 стандартына сәйкестілігі қайта расталды. 2010 жылы жалпы пайдаға асырылған газ көлемі 99.87%-ды құрады, яғни барлық өндірілген газ 15 миллиард текше метрге (bcm) тең болса, соның тек қана 0,02 bcm (0.13%) кеніштегі өндіріс және өңдеу нысандарынан, не ұңғыма тазалау жұмыстары кезінде өртелді. Газды пайдаға асыруда бұл бүкіл әлемде мұнай және газ өндіру жұмыстарында орын алмаған жайт.

Он жылдық шетелдік қызметкерлерді қазақстандық мамандармен алмастыру жоспары іске асырылуда. 2010 жылдың аяғына таман жергілікті қызметкерлер барлық әкімшілік көмек қызметінің түгелдейін дерлік және кәсіби мамандар мен техникалық басқару қызметінің 91%-ын орнын басты. КПО-дағы жоғары басшылық қызметтің 62%-на жергілікті қызметкерлер қол жеткізді.

2010 жылы КПО Қазақстан Республикасындағы саяси, заңнамалық және іскери ахуалының өзгеруіне бейімделе отыра, қазақстандық қатысымды дамыту жұмыстарын жалғастырды. Жұмыс, қызмет және тауарлармен қамтамасыз ету бойынша 283 қазақстандық компаниялармен құны 527 миллионнан астам АҚШ долларын құрайтын келісімшарттар жасалынды.

Карачаганак-Орал газ құбыры қалған бөліктерінің құрылысы аяқталды, және жергілікті билік өкілдеріне 2011 жылда тапсырылады деп күтілуде. Ақсай қаласында жаңа орта мектеп ашылды. КПО-ның жергілікті инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесінің айғағы ретінде компания «Алтын Парыз» сыйлығына ие болды.

Есеп PricewaterhouseCoopers компаниясының сарапшыларымен расталды және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылды.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі қызметкерлерге хабарласуды сұраймыз:

Сергей Пушкарев: PushkS@kpo.kz
Гульнара Шарибаева: ShariG@kpo.kz
КПО сыртқы байланыс бөлімі