ҚазРусEng
15.07.2011
КПО Астанада Жобаларды дамыту директоратының кеңсесін ашты.

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 15 шілде 2011 ж. – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В» (КПО) компаниясы Астана қаласында Жобаларды дамыту директоратының кеңсесі ашылғандығы туралы хабарлады.

Кеңсенің ашылу салтанатына КПО бас директоры Джузеппе Пази, «PSA» ЖШС бас директоры Болат Акчулаков, КПО қызметкерлері мен қазақстандық мердігерлер қатысты. Жобаларды дамыту директоратының жаңа кеңсесі «Астана Тауэр» іскерлік орталығының оныншы қабатында орналасты.

Джузеппе Пази ашылу салтанатында, «кеңсенің Астана қаласының дәл орталығында, барлық өкілетті органдарға жақын орналасуы КПО мен Қазақстан Республикасы арасындағы сұхбаттың жаңа кезеңін бастауға септігін тигізетіндігін және Қарашығанақ кенінің әрі қарай игеру жоспарын талқылауда жақсы қарым-қатынас орнатуды жеңілдететінін» атап өтті.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, Джузеппе Пази жаңадан тағайындалған Жобаларды дамыту директорын Альберто Меантиді таныстырды. Альберто жақын арада Астана қаласына жанұясымен көшіп келеді. Ендігі кезекте кеңсе қажетті мамандармен толықтырылып, өз жұмысын бастайды.

Қосымша ақпарат алу үшін, мына қызметкерлерге хабарласыңыз:

Сергей Пушкарев: PushkS@kpo.kz
Гульнара Шарибаева: ShariG@kpo.kz
КПО-ның сыртқы байланыс бөлімі