ҚазРусEng
12.09.2011
КПО халықаралық OPITO бағалаушылап куәліктерін беру рәсімін өткізді

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 10-шы қыркүйек 2011 ж. – КПО компаниясы 9 қазақстандық қызметкер OPITO мұнай және газ академияының халықаралық біліктілікті бағалау куәләктерін алғаны туралы хабарлады.

КПО компанияның өзіне, қызметкерлеріне және сонымен қатар Қазақстан Республикасына ұзақ мерзімді артықшылықты беретін сенімді біліктілікті басқару жүйесімен қамтамасыз етуге міндеттеме алған болатын.

Бұл артықшылықтарға келесілер жатады:

  • Уақиғалар мен апаттық жағдайлар саны мен қауіптілік деңгейінің төмендеуі.

     

  • Қызметкерлер өз міндеттерін қауіпсіз, тиімді және келісілген түрде атқару үшін тиісті дағдылар, тәжірибе және білім беру.

     

  • Жұмыс сапасын арттыру және қызметкерлерді ынталандыру.

     

  • Компанияда қызметкерлердің өсуін/дамуын қолдау құралдары.

     

  • Өнімділікті жақсарту.

    Біліктілікті басқару жоспары бойынша келесі қадам -  OPITO аккредиттеуінен өту, және қазіргі кезде компания аккредиттеу шараларын бекітуді күтіп отыр. Бұл КПО Орта Азиядағы ең бірінші, ал әлем бойынша 14-ші  OPITO аккредиттеуінен өткен мұнай және газ компаниясы болатынын білдіреді.

КПО қазақстандық қызметкерлерді тұрақты түрде оқытып келеді. Осы оқытулардың мақсаты біліктілікті басқару жүйесін енгізуде қолдау көрсетуге халықаралық деңгейде мойындалған бағалаушы біліктілігін алу болып табылады.

2010 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін өндіріс және техникалық қызмет көрсету бөлімінің 56 супервайзері  OPITO-ның оқуын бітіріп, біліктілікті бағалаушы куәліктерін аккредиттеуден өткізу үдерісін бастап кетті. Оған қоса 20 қызметкер ағымдағы жылдың аяғына дейін  осы оқуды бітіріп шығу керек және бұл курс 2012 жылы да жалғасады.

Компанияда халықаралық деңгейде аккредиттенген жергілікті бағалаушылар болу керек.

Өндірістік бөлімінің 960 алғашқы қызметкерлері 3 жылдың ішінде  біліктілікті бағалау куәліктерін аккредиттеуден өткізе алады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі қызметкерлерге хабарласуды сұраймыз:

Сергей Пушкарев: PushkS@kpo.kz
Гульнара Шарибаева: ShariG@kpo.kz
КПО сыртқы байланыс бөлімі