ҚазРусEng
22.05.2017
Uralsk Green Forum

2017 жылғы 31 мамырда Орал қаласында Uralsk Green Forum экологиялық форумы өтеді: «Экология мен энергия үнемдеудің заманауи мәселелері. Дамудың жаңа әдістері мен жолдары».

Uralsk Green Forum шарасы ЕХРО-2017 қарсаңында жасыл экономика тұжырымдамасын дамыту аясында экология мен энергия сақтаудың өзекті маселелерін талқылауды және қалдықтарды кәдеге жарату саласындағы заманауи әдістер мен шешімдерді қарастыруды көздейді.  Форум бүкіл әлем бойынша 5 маусымда аталып өтетін дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне ұштастырылған   Uralsk Green Forum негізгі мақсаттары: 

 

  • мұнай-газ өнеркәсібіндегі қоршаған ортаны қорғау, энергия үнемдеу мәселелерін B2B және B2B форматында шешу үшін   коммуникациялық және ақпараттық-іскерлік тиімді алаң құру;  
  • жасыл экономика тұжырымдамасын жүзеге асыру аясындағы келешек әріптестік үшін тиісті алаң құру және тәжірибе алмасу; 
  • мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық бетбұрыстың қарқынды дамуына қолдау көрсету; 
  • энергия үнемдеу және қуат тиімділігі технологияларын енгізуге кедергі болып тұрған факторларды анықтау және оларды шешудің жолдарын іздеу;
  • өз тауарлары мен қызметтерін қоршаған ортаны қорғау, жасыл технологиялар және қалдықтарды өңдеу саласында көрсететін қазақстандық тауар өндірушілерін және шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау;  

 

Орал қаласының мәртебесін табиғат қорларын пайдаланушы компаниялардың, жоғары санатты мемлекеттік билік органдарының, мамандандырылған қауымдастықтар өкілдерінің, сарапшы экологтардың кездесетін негізге орны ретінде белгілеу арқылы көтеру. 

 

www.ugf.kz