ҚазРусEng
13.10.2016
Жарайсың, Генадий! Эльбрус шыңында желбіреген КПО туы.

Геннадий Гучко КПО қызметкерлері арасында Эльбрус шыңын бағындырғандардың алғашқылары қатарында. Эльбрус - Еуропа, Ресей мен Кавказдың ең биік тауы және әлемдегі ұлы шыңдар арасында 10 орынға ие.

Биылғы жазда Генадий Эльбруске екінші қайтара көтерілді.  Алғашқысы - осы жылдың шілде айында орын алды. Ол уақытта Генадий және оның достары Алексей Koлбанов пен Алексей Калинин (олар да КПО қызметкерлері) Эльбрустың шығыс шыңына кезек-кезек жатқан жасыл белестердің кең және қашықтағы ландшафты арқылы солтүстік бағытпен көтерілді.   Осы жолы Генадий Эльбруске солтүстік бағыт арқылы шықты.  Генадий шыңды бағындырған 11 альпинист ішіндегі КПО-ның жалғыз өкілі болды.  Шыңға көтерілісімен Генадий Қазақстанның және КПО-ның туларын тау үстінде желбіретті.

«Эльбруске шығу әрбір адамның денсаулығы мен өміріне ықтимал қауіп төндіретіні анық. Мұндағы қауіпсіз көтерілу үшін барлық қажетті шараларды қолға алатын нұсқаушылардың маңызы аса жоғары.  Қауіпсіздік техникасы ережелері мен талаптарын қатаң сақтау қажет. Шыңға көтерілу қауіпсіз болмаса, нұсқаушы барлығын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы және оның шешімі талқылауға жатпайды», - дейді Геннадий.