Күрделі жобалар

Қазақстан Республикасы үшін Мердігер бола отырып, КПО мұнай кен орындарын ұтымды пайдалану практикасына сәйкес кен орынды игеру және мұнай-газ шикізатын өндіру үшін қажетті барлық операцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне алды.

2003 жылы Қарашығанақ кен орнын игерудің екінші кезеңінің бастапқы бағдарламасы аяқталғаннан кейін, КПО жаңа ұңғымаларды бұрғылауды, қолданыстағы ұңғымаларға күрделі жөндеу жүргізуді, өндірістік объектілерді жаңғыртуды және өндірудің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін қажетті басқа да жобаларды орындауды қамтитын ағымдағы жұмыс бағдарламасын қаржыландыруды және жүзеге асыруды жалғастыруда.

Өндіру көлемін ұзарту жобалары

2014 жылдан бастап, КПО кен орнында газ факторының артуына жол бермеу және сұйық көмірсутектер өндіру көлемін сақтау мақсатында мынадай ірі жобаларды сәтті іске асырды:

  • 2019: 5-ішкі құбыр желісі және газды кері айдау ұңғымалары жобасы жаңа ішкі құбыр желісін салу, сондай-ақ жаңа кері айдау ұңғымаларын бұрғылау және аяқтау арқылы ГКДҚ-2 ағынынан төмен орналасқан кері айдау жүйесінің өнімділігін жетілдіруге бағытталған.
  • 2021: Қарашығанақ өңдеу кешенінің (ҚӨК) газ бойынша өндірістік шектеулерін алу жобасының мақсаты тиісті қондырғылардың өнімділігін арттыру арқасында ҚӨК объектісінің газды дайындау бойынша қуаттылығын арттыру.
  • 2022: 4-газды кері айдау компрессоры жобасының мақсаты – қабатқа кері айдалатын газдың орташа тәуліктік көлемінің жылдық деңгейін және қабаттағы қысымды ұстап тұрудың тиімділігін арттыру болып табылады.
  • 2024: 6-ішкі құбыр желісі және газды кері айдау ұңғымалары жобасы жаңа ішкі құбыр желісін салу, сондай-ақ жаңа кері айдау ұңғымаларын бұрғылау және аяқтау арқылы кері айдау жүйесінің өнімділігін жетілдіруге бағытталған.

Қарашығанақты кеңейту жобасы

КПО Қарашығанақты кеңейту жобасының (ҚКЖ-1) бірінші кезеңін іске асыру есебінен кен орнын одан әрі игеру бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. ҚКЖ-1 газды кері айдау көлемін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл қабат қысымын сақтауға және кен орнында сұйық көмірсутектер өндірудің шарықтау кезеңін ұзартуға септігін тигізеді. ҚКЖ--1 бірыңғай интеграцияланған команда арқылы басқарылады, алайда ол параллель түрде іске асырылатын екі жобаға бөлінген:

  • ҚКЖ-1А жобасы 2020 жылдың желтоқсанында мақұлданған, ол құрамында 5-ші газды кері айдау компрессоры (5-ші ГКК), кіріс сепараторы мен кіріс қондырғылары, газды жинау және кері айдау желісін кеңейту, сондай-ақ ілеспе инфрақұрылым қарастырылған. ҚКЖ-1А жобасы шеңберінде Қарашығанақ өңдеу кешенінде (ҚӨК) ҚГӨША жобасы аясында орнатылған қолжетімді газды құрғату қуаттары, сондай-ақ 6-шы ішкі өндірістік құбыр желісінің және кері айдау ұңғымаларының қолжетімді өткізу қабілеті пайдаланылады. Бұл жалпы газ айдау көлемін арттыру үшін қолданыстағы жүйелерге, инфрақұрылымға және нысандарға интеграциялау арқылы жүзеге асырылады. Мұндай интеграция тәсілі синергетикалық әсер қалыптастырып, күрделі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Газды алғашқы айдау жоспарланған мерзімнен бір ай бұрын – 2024 жылы шілдеде жүзеге асырылып, нысандар пайдалануға берілді. Өндірістік директоратқа ресми түрде тапсыру 2025 жылдың басында күтілуде.
  • ҚКЖ-1Б жобасы 2022 жылдың қараша айында мақұлданған және оның құрамына 6-шы газды кері айдау компрессоры (6-шы ГКК), газды құрғату қондырғысы, газды жинау желісін кеңейту, газ айдау желісін кеңейту және ілеспе инфрақұрылым кіреді. ҚКЖ-1Б жобасы ҚКЖ-1А жобасымен барынша синергияны пайдалана отырып, күрделі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. ҚКЖ-1Б құрылысы белсенді түрде жүргізілуде: негізгі жалпы құрылыс жұмыстары мен іргетас жұмыстары аяқталды, металл құрылымдар мен құбыр жолдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ұзақ өндірістік циклі бар жабдықтар бойынша жұмыстар да белсенді түрде жүргізілуде: газтурбиналық компрессор іргетасқа орнатылды, газды құрғату колоннасы монтаждалды, ал Drizo қондырғысы құрастырылып, жөнелтуге дайын. Газды алғашқы айдау 2026 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған, алайда жоба бойынша жұмыстар жоспардан ілгері жүргізілуде.

Жергілікті қамтуды дамытуға деген КПО-ның берік ұстанымы – оның өндірістік қызметінің негіз қалаушы бағыты болып табылады. Компания жергілікті қауымдастықтарды қолдауға және өңір экономикасын дамытуға ерекше көңіл бөледі. ҚКЖ-1А жобасы бойынша жергілікті қамту деңгейі жалпы алғанда 54 %-ды құрады, бұл күтілген көрсеткіштен едәуір жоғары болды. Атап айтқанда, жеткізілетін тауарлардағы жергілікті қамтудың жоғары деңгейі КПО-ның Қазақстанның мұнай-газ саласындағы отандық өндірушілерін дамытуға деген ұмтылысын айқын көрсетеді. Бұдан бөлек, құрылыс кезеңінде жоба жергілікті халық үшін шамамен жеті мың жұмыс орнын ашты және пайдалану кезеңінде де өңірде жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді жалғастырады. ҚКЖ-1Б жобасы аясында да жергілікті қамтуды басым дамыту жалғасын табады.

Қарашығанақ газ өңдеу зауытының жобалары

КПО сұйытылған көмірсутек (мұнай) газы (СКГ) мен тауарлық газды монетизациялау арқылы Қарашығанақ кен орнынан экономикалық тиімділікті арттырудың келешегі зор бағытын айқындады. Бұл бағыт жаңа Қарашығанақ газ өңдеу зауытының (ҚГӨЗ) құрылысы және сұйық көмірсутектер өндірудің шарықтау кезеңін ұстауға бағытталған жобалар тобы – ҚГӨЗ-ге ілеспе жобалар арқылы іске асырылатын болады. Аталған екі санат бірлесіп «ҚГӨЗ жобалары» деп аталады.

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты (ҚГӨЗ) — Қарашығанақ өңдеу кешеніне (ҚӨК) жақын орналасқан жаңа автономды өндірістік нысан болып табылады. Ол құрамында күкіртті компоненттері (H₂S және CO₂) бар газды тазарту арқылы тауарлық құрғақ табиғи газ және СКГ (сұйытылған көмірсутек газы) өндіруге арналған. ҚГӨЗ құрамына жаңа газ өңдеу зауыты, жаңа құрылыстар мен қолданыстағы өндіріс учаскелерінде орналасқан біріктірілген нысандар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының негізгі теміржол желісімен жалғасқан теміржол инфрақұрылымы кіреді. ҚГӨЗ нысандары құрамында күкірті бар көмірсутектерді жинау және өңдеу жұмыстарын орындай отырып, құрғақ газ бен СКГ-ны (сұйытылған көмірсутек газын) бөлуді қамтамасыз етеді.

ҚГӨЗ-ге ілеспе жобалар келесі нысандарды / жұмыстарды қамтиды:

  • 2 және 3 объектілеріндегі алты жаңа ұңғыма
  • 2B кезеңіндегі перм қабатына бұрғыланған төрт ұңғыма
  • 7-шы ішкі құбыр желісі
  • Екі жаңа газды кері айдау ұңғымасы
  • Перм қабатындағы үш ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізу
  • 2+3 объектісіндегі бір ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізу
  • ҚМС-W және ҚМС-H нысандарында сығу сорғыларын орнату.

Қазіргі уақытта ҚГӨЗ жобалары тұжырымдаманы таңдау сатысында тұр және олардың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті барлық іс-шаралар атқарылуда.

КІРІСПЕ

КПО Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және ауданы 280 км2-ден астам аумақты алып жатқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының (бұдан әрі – ҚМГКК) операторы болып табылады. ҚМГКК – бірегей кен орны, ол күрт континенттік климатқа байланысты өндірудің қиындықтарымен түсіндіріледі. Қабаттың жоғарғы шекарасы шамамен 3500 м тереңдікте жатыр, ал өнімді қабаттың қалыңдығы шамамен 1600 м құрайды. Өндірілетін көмірсутекті шикізаттың құрамында 4,5 % дейін жоғарғы уытты, коррозиялық күкіртсутек (H2S) және көмірқышқыл газы (CO2) бар, олар белгілі бір жағдайларда жоғары коррозияға ұшырауы мүмкін. / GRI 2-1 /

Қарашығанақ кен орны бойынша мұнай-газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорларын қайта есептеу туралы соңғы есептердің деректеріне сәйкес (ҚР Қорлар жөніндегі мемлекеттік комитетімен 17.11.2017 ж. қабылданған), Қарашығанақ кен орнының қорлары 13,6 млрд баррель сұйық көмірсутектерге және 59,4 трлн текше фут газға бағаланады, 2024 жылғы жағдай бойынша сұйық көмірсутектердің шамамен 16,1 %, ал газдың 15,1 % өндірілді. / OG-1 /

Экономикалық тиімділікті барынша арттыру және қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында КПО озық технологияларға қомақты қаражат жұмсауда. 1997 жылы ӨБТК-ге қол қойылған сәттен бастап 31.12.2024 ж. дейін, Қарашығанақ кен орнын игеруге инвестициялардың жалпы көлемі 32,8 млрд АҚШ долларынан асты. 2024 жылдың аяғында КПО-да 4 080 адам жұмыс істеді.