Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Компания активтерінің қорғалу деңгейінің қатерлерін азайту төменде көрсетілген нақты қойылған міндеттерді, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

24-кесте. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндеттеріміз / GRI 3-3 /

2024 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2024 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2025 жылға қойылған міндеттер

Құбырларға заңсыз қосылуларға жол бермеу мақсатында экспорттық құбыржолдарда таратылған оптикалық сенсорлар жүйесінің жабдықтарын жоспарлы түрде жаңартуды жалғастыру.

Орындалды

Жабдық сатып алынды.

Құбырларға заңсыз қосылуларға жол бермеу мақсатында экспорттық құбыржолдарда таратылған оптикалық сенсорлар жүйесінің жабдықтарын жоспарлы түрде жаңартуды жалғастыру.

Күзет қызметкерлерінің қауіпсіздік және адам құқықтарының ерікті қағидалары (ҚжАҚЕҚ) бойынша білімдерін жаңартуды жалғастыру және жаңадан қабылданатын қызметкерлерді оқыту

Орындалды

2024 жылдың соңында күзет ұйымдары қызметкерлерінің 100 %-ы аталмыш оқудан өтіп шықты. / GRI 410-1 /

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету келісімшарттарының 100 %-ы ҚжАҚЕҚ оқыту туралы ережелерінен тұрады.

Күзет қызметкерлерінің қауіпсіздік және адам құқықтарының ерікті қағидалары (ҚжАҚЕҚ) бойынша білімдерін жаңартуды жалғастыру және жаңадан қабылданатын қызметкерлерді оқыту

Мониторинг арқылы КПО директораттарымен/бөлімдерімен өзара әрекеттесіп, ҚБЖ (қауіпсіздікті басқару жүйесі) жобасын іске асыруды жалғастыру.

Орындалуда

PED бөлімінің қолдауымен ҚБЖ-preFEED құжаттама пакеті шығарылды.

PreFEED негізінде ҚБЖ жобасын іске асыру үшін жобалау, сатып алу және құрылыс жұмыстарына тендер өткізу.

  • Үлкен Шаған МАС объектісінде ҚБЖ салуға және материалдар сатып алуға тендер өткізу.
  • Пилот қалашығындағы ҚБЖ жоспарлау жұмыстарын аяқтау. Жобаға оң сараптамалық қорытынды алу.

Орындалуда

Үлкен Шаған МАС объектісінде ҚБЖ құрылысына тендерді бастау.

Пилот қалашығындағы ҚБЖ жобалары.

Үлкен Шаған МАС объектісінде ҚБЖ құрылысына тендерді аяқтау.

Пилот қалашығындағы ҚБЖ жоспарлау жұмыстарын аяқтау.

Кіріп-шығуды бақылау мен есептілік секторының бизнес процестерін цифрландыру жұмыстарын және тауарлық-материалдық құндылықтарды сыртқа шығаруды есепке алуды цифрландыру жұмыстарын жалғастыру.

Орындалуда

ЭЦҚ (PAS жүйесінде) пайдалана отырып, КПО қызметкерлері мен келушілердің жеке бейджге өтінім беру процесін автоматтандыру.

Келу туралы автоматты хабарлама жібере отырып, келушілерді тіркеудің электрондық жүйесін енгізу.

ЭЦҚ пайдалана отырып, БС қызметкерлерінің жеке бейдждер алуға өтінім беру процесін автоматтандыру.

АТТ бөлімінде ТМҚ әкетуді есепке алуды цифрландыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндірістік қатынастар бөлімі 2024 жылдың қорытындысы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 1671 бұзушылықты тіркеді, оның 86 %-ы күкіртсутекке байланысты апат болған жағдайда адамдарды қорғау стратегиясына қатысты болса, қалғандары тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау ережелеріне, КПО-да алкогольдік, есірткілік, психотроптық және уытқұмарлық заттарды (олардың баламаларын) қолдануға тиым салу туралы ережесіне және кен орны периметрі шекарасын бұзуға байланысты. Бұзушылықтардың біраз бөлігі күкіртсутектен қорғау стратегиясын сақтамайтын тұлғаларды кен орнына кіргізбеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде анықталды.

Құқық қорғау органдарына жіберілген 15 өтінішті қоса алғанда, 32 ішкі қызметтік тергеу жүргізілді.

2024 жылы Компания жалпы құны 220 млн. астам теңгені құрайтын КПО мен мердігер ұйымдардың активтерін рұқсатсыз шығару/тасымалдау фактілерін анықтап, алдын алды.

«Sintela» қауіпсіздік жүйесінің жаңа бағдарламалық жасақтамасын таратылған оптикалық сенсорлар жүйесіне енгізу жалпы бақылау сапасын едәуір жақсартты, соның ішінде қатерлерді нақты тану және патрульдеу сапасының жақсаруы.