ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ

icon 3
icon 8
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:

Еңбекті қорғау

Біз жұмыс көрсеткіштерді үздіксіз жетілдіруге қол жеткізу үшін еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін қолданамыз.

 

9-сурет. КПО денсаулық сақтау бөлімі қызметінің негізгі қағидаттары
9-сурет. КПО денсаулық сақтау бөлімі қызметінің негізгі қағидаттары

Төменде кәсіби денсаулыққа әсер ететін белгілі бір қауіп-қатерлер мен өндірістік факторларды барынша азайту мақсатында қойылған міндеттердің орындалу нәтижелері берілген.

Кесте 14. Денсаулық сақтау саласындағы міндеттеріміз / GRI 3-3, 414-2, ТДМ 3.4, 3.5, 3.8, 3.9, 8.8 /
icon 3
icon 8

2024 жылға қойылған міндеттер

Орындалу статусы

2024 жылғы жүзеге асырылған шаралар

2025 жылға қойылған міндеттер

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

ҚКЖ-1 кеңейтілуіне байланысты осы жобадағы мердігер ұйымның медициналық пункттеріне аудит жүргізу

Аяқталды

Аудит жүргізілді, тиісті ұсынымдар мен іс-шаралар ұсынылып, орындалды.

БС медициналық пункттеріне аудит жүргізу

Алғашқы көмек көрсетуге оқытылған тұлғаларға АСД-ны қолдану бойынша қайта нұсқама өткізу

Аяқталды

КПО-да алғашқы көмек көрсетуге оқытылған тұлғалардың жалпы санының 85 %-ы АСД-ны пайдалану бойынша қайта нұсқамадан өтті.

 

Медициналық сақтандырудың жаңа бағдарламасына көшуді ұйымдастыру, тұрақты коммуникацияны қамтамасыз ету және жұмыстағы іркілістерді барынша азайту

Аяқталды

Көшу сәтті жүзеге асырылды.

Медициналық сақтандыру қызметтерінің сапалы көрсетілуін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін кері байланысты жинау және оны пайдалану

Жұмыскерлер қатарындағы тұлғалардың жеткілікті санын алғашқы көмек көрсетуге оқыту және алғашқы көмек қобдишалары мен АСД-ның жеткілікті санын қамтамасыз ету арқылы алғашқы көмек көрсету деңгейін (1-деңгей) арттыру

Жүзеге асырылуда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 «Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту туралы» бұйрығы негізінде қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін компанияның барлық жұмыскерлері алғашқы көмек көрсету бойынша оқытуды бастады.

Қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін компанияның барлық жұмыскерлерін алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйрету

Дәрігерлік медициналық көмекті цифрландыру бойынша бағалау жүргізіп, жоспар дайындау (2-деңгей)

Жүзеге асырылуда

Өтінім КПО АТ бөліміне жолданды.

Дәрігерлік медициналық көмекті цифрландыру бойынша (2-деңгей) бюджет алу

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Мердігер ұйымдардың санитарлық-тұрмыстық жағдайлар мен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ салаларындағы аудиттеріне қатысуды жалғастыру.

Жүзеге асырылуда

Санитарлық зертхананың жұмыскерлері 11 аудитке қатысты.

Мердігер ұйымдардың санитарлық-тұрмыстық жағдайлар мен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ салаларындағы аудиттеріне қатысуды жалғастыру.

Компанияның да, мердігер ұйымдардың да қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару ережелерін қолдануын қамтамасыз ету үшін сол ережелерді одан әрі енгізуді жалғастыру

Жүзеге асырылуда

Қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару процедурасын енгізу жұмыстары жалғасты.

Бизнес-серіктестердің жұмыскерлері арасында қауіптер мен оларды бақылау шаралары туралы хабардарлықты арттыру мақсатында инструкторларды оқыту бойынша қосымша семинарлар мен сабақтар өткізу.

  • Легионеллез ауруының қаупін азайту бойынша жоспардың орындалуын тексеру;
  • Инфрақұрылымды басқару персоналы үшін легионеллез ауруына қатысты хабардарлықты арттыру бойынша қосымша оқыту сабақтарын өткізу

Аяқталды

Оқыту сабақтары жүргізілді

Легионеллез ауруына қарсы іс-шаралар процедурасын жүзеге асыруды жалғастыру.

Жұмыс орындарын аттестаттау шеңберінде анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру

Жүзеге асырылуда

Кейбір іс-шаралар орындалды, ал басқалары орындау мерзімінің ұзақтығына байланысты жүзеге асырылу сатысында.

Жұмыс орындарын аттестаттау шеңберінде сәйкессіздіктерді жоюға бағытталған қалған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

  • Жұмыскерлерге және мердігер ұйымдарға таралатын КПО-ның алкогольге қарсы процедураларының түпкілікті нұсқасын дайындау.
  • Осыған байланысты құқықтық және кадрлық аспектілерді бағалау және пысықтау;
  • Мердігер ұйымдардың жұмыскерлерін жолдау тәртібі мен жұмыскерлерге консультациялар жүргізу тәртібін белгілеу.

Аяқталды

КПО-да алкогольді тұтынуға тыйым салу саясаты әзірленіп, енгізілді.

Алкогольді тұтынуға тыйым салу саясатын енгізуді КПО шеңберінде жалғастыру.

«Сұратым бойынша» радиологиялық тексеру қызметтерін көрсету.

Жүзеге асырылуда

Ұңғымалық СКҚ бойынша радиологиялық зерттеулер ұңғымалық операциялар бөлімінен келіп түскен сұратымдарға сәйкес жүргізілді.

 

Қатер факторлары мен санитарлық сәйкестікке негізделген мониторинг жоспары: денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін факторларды азайта отырып, санитарлық қатер деңгейі жоғары учаскелерге басымдық беру.

Жүзеге асырылуда

Денсаулыққа зиянды факторлардың тізілімі жаңартылды.

 

Денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерді бағалау жұмысын жетілдіру жөніндегі жаңартылған жоспар негізінде алты қауіп-қатерлерді бағалау жұмыстарын жүргізу.

Аяқталды

Денсаулыққа қатысты бес қатерлерді бағалау жұмыстары жүргізілді.

Денсаулыққа төніп тұрған қауіп-қатерді бағалау жұмысы ҚКЖ-1 объектісі әлі пайдалануға берілмегендіктен, 2025 жылға ауыстырылды.

Жоспарға сәйкес денсаулыққа төніп тұрған қауіп-қатерлерді бағалау жұмыстарын жүргізу

КПО жобаларына немесе қызметіне тартылған бизнес-серіктестерге (мердігер ұйымдарға) жұмысқа жарамдылықты айқындау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру.

Аяқталды

Жоспар жүзеге асырылды; бизнес-серіктестердің жұмыскерлерінің 99,5 %-ында жұмысқа жарамдылығын растайтын жарамды анықтамалар болды.

Тұрақты сәйкестікке іріктеп тексерулер жүргізу

НАСИХАТТАУ

Сабақтар өткізетін, қатысуға ниет білдірген жаңадан бастаушыларға оқыту жүргізетін жүргізушілерге (фасилитаторларға) қолдау көрсетуді жалғастыру

Жүзеге асырылуда

Жалпы белсенділік төмендегенімен, жүргізушілер сабақ өткізуді жалғастырды.

Қатысуға ниет білдірген жұмыскерлерге оқытуды және жүргізушілерге қолдау көрсетуді жалғастыру.

Жұмыскерлердің психикалық денсаулығына қолдау көрсетудің баламалы жолдарын қарастыру

Жүзеге асырылуда

КПО жұмыскерлеріне арналған қолдау көрсету бағдарламасына өтінім ресімделу сатысында.

Жұмыскерлердің психикалық денсаулығына қолдау көрсетудің баламалы жолдары бойынша ресімделген өтінім шеңберінде жұмысты жалғастыру.

2024 жылға арналған денсаулық сақтауды насихаттау жоспарын іске асыру, соның ішінде:

  • Кардиоқауіптердің алдын алу жөніндегі кампания – биометриялық тексеру;
  • Дұрыс тамақтану бағдарламасы – салауатты тамақтану.

Аяқталды

Биометриялық бағалау да, тамақтану бағдарламасы да үлкен жетістікке жетті.

Биометриялық тексеру бағдарламаларын жалғастыру.

ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ / GRI 3-3, 403-3 /

Жедел және шұғыл көмек көрсету секторы Қарашығанақ кен орнында және Ақсай қаласындағы кеңселерде тәулік бойы шұғыл медициналық әрекет етуді қамтамасыз етеді. Шұғыл шақыртулардан бөлек, бес медициналық пункттің дәрігерлері мен фельдшерлері амбулаториялық көмек көрсетеді, ауысым алдындағы, рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексерулер жүргізеді, өнеркәсіптік объектілерде денсаулықты сақтау бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізеді, сондай-ақ шұғыл әрекет ету үдерісіне тартылған персоналмен тұрақты түрде оқу-жаттығулар мен практикалық сабақтар ұйымдастырады.

Кесте 15. 2022– 2024 жж. медициналық көмек көрсету нәтижелері

Медициналық көмек көрсету көрсеткіштері

2024 ж.

2023 ж.

2022 ж.

Медициналық пункттерге жүгінген пациенттер саны

1 666

1 814

2 092

Шұғыл шақырулар саны

101

102

121

Медициналық мекемелерге жеткізілген пациенттер саны

53

83

105

Өткізілген практикалық сабақтар мен жаттығулардың саны

372

311

276

Алғашқы көмек көрсетуге оқытылған жұмыскерлер саны

394

364

330

Ауысым алдындағы медициналық куәландыру (жүргізушілер/операторлар/электриктер)

2024 ж.

2023 ж.

2022 ж.

Куәландыру

176 471

178 923

148 594

Еңбекке жарамсыз болып анықталған жағдайлар саны

160

162

191

Кездейсоқ алкотестілеу саны SDG 3.5

4 163

1 105

1 688

Кездейсоқ алкотестілеудің оң нәтижелер саны

0

1

0

Ақсай қаласындағы ОАА шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесін жаңғырту жобасы / GRI 3-3, 203-1, ТДМ 3.8, 9.1, 9.4 /

2020 жылы қаңтарда басталған Ақсай қаласындағы ОАА-ны жаңғыртуға арналған бес жылдық жоба аурухананың шұғыл медициналық көмек пен қарқынды терапия көрсету мүмкіндіктерін айтарлықтай арттыруға ықпал етті. Қол жеткізілген нәтижелердің айқын дәлелі – ОАА-ның негізгі тиімділік көрсеткіштерінің жақсаруы.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету және қарқынды терапия саласында қол жеткізілген елеулі жетістіктерді ескере отырып, сондай-ақ БҚО әкімдігі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Ақсай қаласының орталық аудандық ауруханасының өтініштеріне сәйкес, 2023 жылы жоба уақытша тоқтатылып, күш-жігер мүдделі тараптар үшін аса маңызды болып саналатын акушерлік, гинекология, педиатрия және неонатология салаларындағы қызметтердің сапасын арттыруға бағытталды.

Ақсай қаласының орталық аудандық ауруханасын жаңғырту жобасын бекітілген бюджет аясында және белгіленген мерзімде жүзеге асыру мақсатында жобаны 2024 жылы қайта бастауғадайындық жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылдың маусымында жоба акушерлік, педиатрия және неонатология қызметтерінің сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, қайта жанданды. Алты ай бойы мердігер ұйым — University Medical Centre (UMC) қорының кәсіби медициналық қызметкерлері Ақсай қаласының орталық аудандық ауруханасында жұмыс істеп, ОАА медицина персоналына жұмыс орнында практикалық оқыту жүргізді, семинарлар мен дәрістер ұйымдастырды. Жоба аясында Ақсай қалалық ОАА-ның негізгі дәрігерлері мен тәжірибелі мамандары Астана қаласындағы медициналық холдингте оқытудан өтті. 2024 жылдың желтоқсанында жоба белгіленген мерзімдер мен жоспарларға сәйкес сәтті аяқталды.

Жұмыскерлердің ауруға шалдығуын бақылау / GRI 403-3, 403-6, ТДМ 3.4, 3.5, 3.8 /

Медициналық сақтандыру

КПО жұмыскерлеріне және олардың отбасыларына Қазақстан Республикасындағы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қолжетімді медициналық қызметтерге қосымша медициналық қызметтерді қамтитын медициналық сақтандыру ұсынылады.

2024 жылы жаңа медициналық сақтандыру бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама екі қызмет көрсетуші арасындағы тұтынушылар үшін бәсекелестік арқылы қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Бастапқы қиындықтарға қарамастан, көшу үдерісі сәтті өтті.

Жаңа бағдарлама басталған сәтте сақтандырылған жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің саны 9 382 адамды құрады.

Уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша жұмыскердің жұмыста болмауын қадағалау / GRI 403–3, 403–10 /

2024 жылы ауруға байланысты жұмыста болмау көрсеткіші COVID-19 пандемиясының шарықтау шегінен кейін төмендей берді.

5-сызба. КПО персоналының уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ресімдеуге байланысты жұмыс орнында болмау көрсеткіші, 2020–2023 жж
5-сызба. КПО персоналының уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ресімдеуге байланысты жұмыс орнында болмау көрсеткіші, 2020–2023 жж

Ескерту: КПО-да жұмыс орнында болмау көрсеткішін есептеу үшін келесі әдіс қолданылады: 

  • Жұмыс орнында болмау көрсеткіші = жұмыс орнында болмау (ауруына байланысты) салдарынан жоғалған күндердің нақты саны х 100 / жұмыскерлердің жалпы саны. Басқа себептер бойынша жұмыс орнында болмаған күндер туралы ақпарат жоқ.
  • КПО-да жұмыс орнында болмау көрсеткіші жұмыскерлердің саны негізінде (адам-сағат емес) есептеу әдістемесі қабылданған, өйткені бұл әдістеме реттеуші органдардың талабы болып табылады.

Кәсіптік аурулар / GRI 403-2, 403-3, 403-10 /

Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өндірістік орта жөніндегі 1981 жылғы Конвенцияға 2002 жылғы Хаттамаға (№ 155) сәйкес, «Кәсіптік ауру» термині еңбек қызметіне байланысты туындайтын зиянды және (немесе) қауіпті факторлардың әсерінен пайда болатын кез келген ауруды қамтиды.

«Кәсіптік ауру» көрсеткіші ұйымдағы денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерді басқару жүйесінің жағдайын айқындайтын негізгі көрсеткіш болып табылады.

Озық тәжірибе қатерлердің алдын алуға және жұмыс орнындағы әл-ауқатты қолдауға бағытталған мәдениетті дамытуды, сондай-ақ қатерлерді бағалау мен басқаруды және денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала бақылауды қамтиды.

Кәсіптік аурулар деңгейін төмендетудің тағы бір тәсілі – жұмыс орнында денсаулықты сақтау бойынша ағартушылық іс-шараларды жүзеге асыру.

2024 жылы КПО жұмыскерлері арасында кәсіптік ауру жағдайлары тіркелген жоқ.

Жұмысқа жарамдылық / GRI 403–2, 403–3, 403–6 /

Жұмысқа жарамдылықты анықтауға арналған тексерулердің мақсаты – жұмыскердің белгілі бір лауазымдық міндеттерді тиімді орындауға физикалық және медициналық тұрғыдан жарамдылығын, сондай-ақ өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндірмей жұмыс істеу мүмкіндігін бағалау.

КПО-да Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік-құқықтық талаптарының сақталуы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ салалық стандарттар қолданылады (Мұнай және газ өндірушілердің халықаралық қауымдастығы (IOGP) / Қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі мұнай-газ өнеркәсібі өкілдерінің халықаралық қауымдастығы (IPIECA)).

2023 жылы келісімшарт иелері үшін бизнес-серіктестердің жұмысқа жарамдылықты айқындауға қатысты заңнамалық талаптарды сақтауын бақылауды күшейту мақсатында тиісті талаптардың сақталуын тексеру жоспары әзірленді. 2024 жылы жоспардың жүзеге асырылуы аяқталды.

Қолданыстағы келісімшарттардың жалпы саны

КПО кен орнындағы осы келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлердің жалпы саны

Жұмысқа жарамдылығын растайтын қолданыстағы анықтамалардың саны

Тексеруге сұратылған жұмысқа жарамдылық туралы анықтамалардың жалпы саны

Тексеруге алынған жұмысқа жарамдылық туралы анықтамалардың жалпы саны

175

15 986

15 909 (99,5 %)

1 330

1 326 (99,6 %)

ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІЛЕРДЕ ӨНДІРІСТІК БАҚЫЛАУ / GRI 403-3, ТДМ 3.9, 8.8 /

КПО объектілері мен қондырғыларында өнеркәсіптік гигиена және санитария саласында тұрақты бақылау жүргізіледі. Төменгі кестеде соңғы үш жылда өткізген мониторинг нәтижелері көрсетілген.

Кесте 16. Өндірістік факторларды бақылау, 2020–2024 жж.

Өндірістік факторлар

2024 ж.

2023 ж.

2022 ж.

Өлшеулер саны

Сәйкессіздіктер саны

Өлшеулер саны

Сәйкессіздіктер саны

Өлшеулер саны

Сәйкессіздіктер саны

Шу

486

124

492

122

420

91

Діріл

84

29

84

29

75

16

Электромагниттік өрістер

3 988

6

3 964

63

3 968

27

Электростатикалық өрістер

2 505

0

2 419

0

2 342

0

Жарықтандыру

3 726

513

3 581

589

3 045

27

Микроклимат

7 044

668

6 474

790

6 258

575

Жұмыс аймағының ауасы

13 035

0

12 612

0

13 965

0

Барлығы

30 868

1 340

29 626

1 593

30 073

736

Сәйкессіздіктер туралы ақпарат тиісті объект басшылығына жеткізіледі, анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар әзірленеді және олардың орындалу статусы Synergi жүйесі арқылы бақыланады.

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ / GRI 3-3, 403-6, ТДМ 3.4, 3.8 /

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының күнтізбесінде және жұмыскерлерді қолдау бағдарламасында белгіленген әдеттегі іс-шаралардан бөлек, 2024 жылғы денсаулықты нығайту бағдарламасы биометриялық тексеру бағдарламасы мен тамақтану бағдарламасын қамтыды.

Кесте 17. 2024 жылға арналған денсаулықты нығайту бағдарламалар нәтижелері

Бағдарламаның атауы

Сипаттамасы

Нәтиже

Сау жүрек (биометриялық тексеру)

Бір жыл бұрын іске асырылған жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупінің алдын алу жөніндегі табысты бағдарламаның жалғасы ретінде 2024 жылы биометриялық зерттеулер жүргізу бағдарламасы жүзеге асырылды.

Медициналық бригадалар (дәрігер мен фельдшерлер) КПО-ның әртүрлі объектілеріне барып, жұмыскерлерге жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау мақсатында биометриялық тексеруден (бой, салмақ, артериялық қысым және липидтік профиль) өту және кейіннен кеңес алу мүмкіндігін ұсынды.

Бағдарламаға 775 жұмыскер қатысты (жұмыскерлердің жалпы санының >20 %). Қатысушылардың пікірінше, бағдарлама керемет жетістікке жетті.

Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтану әдеті – салауатты өмір салтының кепілі. Интерактивті оқыту курстарын өткізу үшін Қазақ ұлттық тағамтану академиясының еліміздегі тамақтану саласындағы жетекші сарапшыларының бірі шақырылды.

Оқудан кейін КПО жұмыскерлері арасында аспаздық байқау (ең үздік рецепт байқауы) өтті. Рецепттерді академияның сарапшы қазылар алқасы бағалады.

Оқытуға 100-ден астам жұмыскер қатысты.

30-дан астам рецепт ұсынылды, сондай-ақ қазылар алқасы таңдаған үздік рецепттерден құралған аспаздық кітап (рецепттер жинағы) жарық көрді.

Жұмыскерлерді қолдау бойынша бағдарлама

КПО-да 2020 жылы жұмыскерлерді қолдау бойынша бағдарлама енгізілді. Оның негізгі мақсаты – психикалық денсаулықты қолдау және КПО жұмыскерлеріне зиян келуінің алдын алу. Бағдарламаға соматикалық аурулармен күресу, өз-өзіне зиян келтірудің алдын алу, сондай-ақ мазасыздық, депрессия және үрей шабуылдары сияқты психикалық денсаулыққа әсер ететін факторлар салдарынан суицид қаупін азайту кіреді. Бағдарлама шеңберінде сырттан тартылған білікті психологтармен құпия кеңес алу мүмкіндігі ұсынылады. Кеңестер мультимедиялық құралдар арқылы, бейнебайланыс арқылы немесе тәулік бойы қолжетімді арнайы жедел желі арқылы бетпе-бет форматта өткізіледі. Сонымен қатар, бағдарлама аясында топтық сессиялар мен вебинарлар өткізілуі мүмкін.

2024 жылы түрлі байланыс арналары арқылы жалпы саны 587 жұмыскер көмекке жүгінді.

Жүзу турнирі
Біз үшін бұл неге маңызды?
/ GRI 3-3 /

Жұмысқа жарамдылық – бұл кең ұғым, ол жұмыскер мен оның лауазымдық міндеттерін қауіпсіз әрі кәсіби түрде орындау қабілеті арасындағы байланысты сипаттайды. Жұмысқа жарамдылықты анықтауға арналған тексерулердің мақсаты – жұмыскердің белгілі бір міндеттерді орындауына немесе нақты ортада жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін физикалық және психологиялық шектеулерді анықтау.

«Жарамсыз» немесе «шектеулермен жарамды» деп танылған жұмыскерлерге компания өзгертілген еңбек жағдайларын ұсынады немесе оларды балама жұмысқа ауыстырады. Осылайша, жұмыскер ықтимал қауіпті ортаның әсерінен қорғалады, алайда сонымен бірге жұмыс орнын сақтап қалады.

Сондай-ақ, жұмысқа жарамдылықты анықтауға қатысты Қазақстан Республикасының талаптарын құқықтық тұрғыда сақтау да маңызды болып табылады. Бұған жұмыс берушінің медициналық тексеруден өтуді ұйымдастыру және төлеу, еңбек жағдайларына сәйкес жұмыскерлерді санаттарға бөлу, мерзімді медициналық тексеруден уақтылы өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету, жұмыскерлердің денсаулығын жақсарту бойынша шаралар қабылдау, болжамды кәсіптік ауру туралы хабарлау және т.б. жатады.

Дина Мамбешова Жедел медициналық жәрдем фельдшері