Төтенше жағдайларды басқару / GRI 3-3, ТДМ 3.9 /

КПО компаниясында оқыс оқиға, апат немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда, бірінші кезектегі іс-шараларды жүргізу, ТЖ ауқымын бағалау, ТЖ оқшаулау және жою, сондай-ақ салдарын жою жөніндегі әрекеттерді жоспарлау және іске асыру үшін қажетті сенімді үш деңгейлі апаттық әрекет ету жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе графикалық түрде 6-суретте көрсетілген.

6-сурет. КПО апаттық әрекет ету жүйесі/ GRI 3-3, 403-5 /
6-сурет. КПО апаттық әрекет ету жүйесі

2024 жылы КПО бекітілген кестеге сәйкес апаттық басқару штабтарын дайындау жұмыстарын жалғастырды.

2024 жылы келесі КПО азаматтық қорғаныс құралымдарының қатысуымен апта сайын теориялық және практикалық оқу-жаттығулар өткізілді:

  • өрт сөндіру қызметі;
  • газдан құтқару қызметі;
  • ерікті апаттық-құтқару құралымдары;
  • медициналық құралымдар.

Оқу-жаттығу полигонында КПО азаматтық қорғаныс құралымдарының қатысуымен барлығы 52 жаттығу өткізілді.

Бұдан басқа 2024 жылы КПО ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес электрондық оқыту жүйесі базасында азаматтық қорғау бойынша персоналды оқытуды жалғастырды.

I деңгейдегі күштер мен құралдарды дайындау шеңберінде, 2024 жылы Компанияның барлық қауіпті өндірістік объектілерінде ай сайын объектінің Апаттық басқару штабының, апаттық-құтқару қызметтерінің және КПО мен мердігер ұйымдар персоналының қатысуымен апатқа қарсы әрекет ету жаттығулары өтті.

2024 жылы I деңгейдегі Апаттық басқару штабтарының және апаттық-құтқару құрылымдарының әрекеттерін пысықтау үшін КПО объектілерінде 113 оқу-жаттығу өткізілді (2023 жылы 113).

2024 жылы Компанияда барлығы 13 жаттығу дабылы өткізілді, олардың жетеуі 2-деңгейлі Апаттық басқару тобының (АБТ) қатысуымен жүзеге асырылды.

2024 жылы фильтрлі құтқарғышты кию бойынша практикалық дағдыларды пысықтауға арналған келесі оқу-жаттығу сабақтары өткізілді:

  • AVON NH-15 – 7 оқу-жаттығуы өткізіліп, 392 адам оқудан өтті.
  • ЭТАА – 95 оқу-жаттығуы өткізіліп, 1 039 адам оқудан өтті.

 

2-сызба. 2022–2024 жылдары өткізілген апатқа қарсы әрекет ету бойынша жаттығу дабылдары мен оқужаттығулар.
2-сызба. 2022–2024 жылдары өткізілген апатқа қарсы әрекет ету бойынша жаттығу дабылдары мен оқужаттығулар.

ПО су тасқыны, өрт қаупі жоғары және қысқы кезеңдерде жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып, қолдау көрсетуде.

2024 жылы КПО апаттық-құтқару қызметтері мен құралымдарының өкілдері ауыл шаруашылығы объектілері мен шаруашылық құрылыстарының дала өрттерін сөндіруге және орман белдеулерінің өрттерін сөндіруге көмек көрсету мақсатында елді мекендерге 14 рет шықты.

КПО су тасқыны, өрт қаупі жоғары және қысқы кезеңдерде жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып, қолдау көрсетуде.

ІІ және ІІІ деңгейдегі штаб мүшелері дайындық деңгейін сақтауға мүмкіндік берген келесі оқу-жаттығуларға қатысты: / GRI 3-3 /

Кесте 5. 2024 ж. өткізілген II және III деңгейлі оқу-жаттығулар

Оқу-жаттығу түрі

Күні

Мақсаты

Қатысушылар

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу

2024 жылы 3 қыркүйек

«Жайық өзені мен ҚАТЖ құбырының қиылысында мұнай төгілуін жою бойынша күштер мен құралдардың іс-әрекеттері».

Оқу-жаттығу барысында мұнайды ұстап қалуға және су бетінде мұнай өнімдерін жинауға арналған жабдықты жеткізу және жұмылдыру жөніндегі апаттық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары, сондай-ақ экспорттық ҚАТЖ құбырының желілік бөлігінде мұнай өнімдерінің төгілуі туындаған жағдайда АБШ пен АБТ-ның бірінші кезектегі іс-қимылдары пысықталды.

АҚҚ және БҚО ТЖД-мен бірлескен КПО құралымдары

«IRBIS» кешенді оқу-жаттығуы

11 қазан 2024 ж.

«Орташа қысымды күкіртті газды құрғату және шық нүктесін бақылау қондырғысында улы флюидтің бөлінуімен газдың ағып шығуының салдарынан тұтану мен өрттің орын алуы».

Оқу-жаттығудың мақсаты:

  • Барлық деңгейдегі ресурстарды тарта отырып, ірі төтенше жағдайға ден қою кезінде КПО рәсімдерін, жоспарлары мен құралдарын пысықтау.
  • КПО ресурстары мен жабдықтарының ұзақ мерзімді салдарға әкелген ТЖ-ға дайындық деңгейін анықтау, соның ішінде көптеген зардап шеккендер, қоршаған ортаға зиян, өндірістік объектілерге әсер, материалдық залал, өндірісті тоқтату және беделге зиян келтіру.
  • Ішкі және сыртқы хабарлау және коммуникация процесін пысықтау.

КПО АӘ I, II, III-деңгейлі штабтардың персоналы, PARIS тобы

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу

2024 жылы 6 желтоқсан

«Жол-көлік оқиғасы»

Көп адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасы жағдайында КПО-ның апаттық ден қою қызметтері мен құрылымдарының (АБО, КПО АҚҚ, ӨАҚБ, ӨҚБ, МҚ) дайындық деңгейін тексеру мақсатында зардап шеккендерді сұрыптау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

АҚҚ және КПО ӨҚБ құрылымдары

ТЖ мәселелері бойынша жергілікті халықпен өзара әрекеттесу / GRI 2-23, 2-29, 3-3 /

КПО елді мекен тұрғындарына ҚМГКК және ҚАТЖ экспорттық құбыр желісі аумақтарында ТЖ туындаған кезде әрекет ету тәртібі туралы елді мекендердің тұрғындарын хабардар ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Өрт қаупі жоғары кезеңде өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар бойынша да осындай түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылы бекітілген жоспарға сәйкес, ҚМГКК аумағы бойынша орналасқан 94 адамды қамтыған елді мекен тұрғындарымен келесі тақырыптарда 11 кездесу өткізілді: орталық мониторинг станциясының рөлі, апаттық құлақтандыру станциясы және олардың мақсаты, өрт қаупі бар кезеңде ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізудегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

Кен орны аумағынан төнетін қауіп жағдайында елді мекен тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастыру кезінде ауылдық округтер әкімдіктері мен жауапты тұлғалардың бірлескен іс-қимылдарын пысықтау мақсатында 6 практикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығулар барысында бірыңғай «Баршаның назарына!» дабыл сигналы мен апаттық хабарлау станциясының (АХС) жабдықтары қолданылып, Апаттық байланыс орталығы диспетчерімен өзара әрекет ету мәселелері де пысықталды. Практикалық оқу-жаттығуларға 66 адам қатысты.

Елді мекендердегі апаттық құлақтандыру станцияларының әрдайым әзір болуын қамтамасыз ету үшін 2024 жыл ішінде КПО апаттық әрекет ету бөлімінің халықты қорғау жөніндегі мамандары бизнес серіктестердің өкілдерімен бірлесіп, апаттық құлақтандыру дабылдары мен дауыс зорайтқыш жүйелерін ай сайын тексеруден өткізіп, жабдыққа техникалық қызмет көрсетті. Аталмыш апаттық құлақтандыру станциялары кен орны аймағында орналасқан сегіз елді мекенде орнатылған.

Біз үшін бұл неге маңызды?
/ GRI 3-3 /

Апаттық әрекет ету және дағдарыс жағдайларын басқару КПО-ның басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады, өйткені апаттық жағдай ушыққан жағдайда, КПО және мердігер ұйымдардың жұмыскерлері, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары қауіпті және зиянды факторлардың ықтимал әсер ету аймағында қалуы мүмкін.

Төтенше жағдайларға дайын болу және әрекет ету ықтимал қалыптан тыс жағдайлар мен апаттарды анықтауды, сондай-ақ осындай апаттар салдарының адамдарға, қоршаған ортаға, Компания активтері мен беделіне әсерін барынша азайту үшін ұйымдық құрылым мен ресурстарды қалыптастыруды болжайды. Бұл ресурстар Бөрлі ауданының мемлекеттік апаттық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарына қоныстану және ауыл шаруашылығы жерлеріндегі өрттермен, сондай-ақ су тасқыны салдарымен күресте қолдау көрсету үшін де пайдаланылады.

Клышев Меирлан Өндіріс директоратының ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімінің басшысы