Су қорларын тұтыну және су тарту / GRI 303-1 /

Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану – бүкіл адамзаттың, сондай-ақ компаниямыздың алдында тұрған маңызды және басым міндет. Су – тіршілік көзі және құнды өнеркәсіптік шикізат. Компанияның су ресурстарын пайдалануға өндірістік әсер ету қауіп-қатерін азайту бойынша жұмысымыздың нәтижелері төменде келтірілген.

Су қорларын тұтыну / GRI 303-5 /

2024 жылы Компанияның жалпы су тұтынуы 373 609 м3 құрады, оның 281 218 м3 – техникалық су, ал 92 391 м3 – ауыз су.

Сызба 26. КПО-ның су тұтынуы, 2022–2024 жж/ GRI 303-3, ТДМ 6.4.1 (C060401) /
Сызба 26. КПО-ның су тұтынуы, 2022–2024 жж

2024 жылы КПО техникалық суды 2023 жылмен салыстырғанда 6,9 %-ға аз тұтынды. Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған суды тұтыну көлемі 2023 жылмен салыстырғанда сәл көп болды, бұл ұңғымалық операциялардың ұлғаюына және жаңа объектілерді салуға байланысты.

2024 жылы өндірістік процестер мен техникалық қажеттіліктерге су тұтыну көлемі 196 488 м³ құрады. / GRI 303-5 /

Қоншыбай жырасы жерасты суларынан қоректенбейді, ол көктемгі қар еру мен жауын-шашындардан толып отырады. 2021 жылы аймақта байқалған ұзақ құрғақшылық кезеңі мен аз қарлы су тасқыны Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне әкелді. Осыған орай соңғы екі жыл ішінде Компания техникалық суды тұтынуды оңтайландыруға және тазартылған ағынды суларды, нөсерлі және еріген суларды қайта пайдалануды арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар, ұңғымаларда тәжірибелік-сүзу зерттеулерін жүргізгеннен кейін өндірілген сулар техникалық мақсаттарда қайта пайдалану үшін өндірістік объектілерге жіберілді.

2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың наурызына дейін су қоймасына зиян келтірмеу мақсатында техникалық қажеттіліктер үшін б. Кончубайдан су алу жүзеге асырылған жоқ.

2024 жылы көктемгі қар ерген кезде Қоншыбай жырасындағы судың деңгейі жобалық деңгейіне дейін жетті, бұл КПО объектілерінің өндірістік қажеттіліктері үшін технологиялық суға деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік берді. / GRI 303-1, ТДМ 6.4 /

КПО-ның сумен қамтамасыз ету көздері / GRI 303-5 /

2024 жылға дейін КПО-ның өндірістік қажеттіліктерін сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасы болды. КПО шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне Жарсуат су тоғанындағы суды пайдаланды. Мұнай айдау станциясының (бұдан әрі – МАС) орналасқан елді мекендегі шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктерді сумен қамтамасыз ету көздері болып табылады: Үлкен Шаған елді мекені Серебряков су орны арқылы сумен қамтамасыз етіледі, ал Атырау қ. МАС терминал – Қиғаш су орны арқылы қамтамасыз етіледі.

Cу ресурстары институтының Aqueduct Water Risk Atlas көзіне сәйкес ҚМГКК кен орны су тапшылығы жоқ аймақта орналасқан https://www.wri.org.

Қажет болған жағдайда, 2025 жылы ҚМГКК-ді техникалық сумен қамтамасыз ету үшін балама су көздерін (Юра және Ақшағыл) пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Ағымдағы жылы су алу нысанын пайдалануға енгізбестен бұрын жер асты суларын өндіруге арналған рұқсаттамалық құжаттаманы рәсімдеу жоспарлануда.

Техникалық сападағы су Қоншыбай сайындағы № 1 су қоймасынан алынып, Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы берген № KZ43VTE00079540 Кас сериялы арнайы су пайдалану рұқсатына сәйкес пайдаланылады. Жайық – 2021 жылғы 19 қазанында берілген (жарамдылық мерзімі: 2025 жылдың 24 мамырына дейін).

Тазартылған шаруашылық-тұрмыстық және жаңбыр, еріген сарқынды сулар олардың сапасы сәйкес келген жағдайда, техникалық мақсаттарда екінші рет пайдаланылады.

2024 жылы Компания объектілерінің шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне ауыз суы пайдаланылды. Ерекшелік ретінде, сумен жабдықтаудың баламалы көздерінің болмауына байланысты, Үлкен Шаған МАС-да ауыз су өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы резервуарларды толтыру үшін техникалық мақсатта пайдаланылады.

КНГКМ нысандары үшін ауыз суды пайдалану бойынша кәсіпорын «Аксайгазпромэнерго» АҚ-мен жасалған шартқа сәйкес екінші деңгейлі тұтынушы болып табылады. Ауыз су Жарсуат су алғышынан жеткізіледі. 38-кестеде КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері көрсетілген.

Кесте 38. 2022–2024 жж. КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері, м3 / GRI 303-3, 303-5, ТДМ 6.4.1 (C060401) /

Су көздері

Объект

Су сапасы

2024

2023

2022

1

Жарсуат су тоғаны (тұрмыстық қажеттіліктер)

ҚМГКК

жер асты, ауыз су

91 119

90 257

82 404

2

Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасы

ҚМГКК

жер үсті, техникалық су

277 606

206 140

14 130

3

Ақшағыл су қабатының жер асты суы, ұңғыма №W-4, W-9

ҚМГКК

жерасты, техникалық су

4 967

4

№ 2 су қоймасынан алынған техникалық сапалы су

ҚМГКК

жер үсті, техникалық су

50 920

172 450

5

Сынақтан кейін ұңғымалардан нөсерлі ағындар мен жер асты суларын КМГКК-ның техникалық қажеттіліктеріне қайталама пайдалану

ҚМГКК

екінші рет пайдалану

12 181

10 445

30 816

6

Серебряков су тоғаны

Үлкен Шаған МАС

жер асты, ауыз су

1 272

1 624

1 726

тұрмыстық қажеттіліктерге

 

 

548

645

670

өндірістік қажеттіліктерге

 

 

724

979

1 056

7

Қиғаш су тоғаны

Атырау МАС-ы

жер үсті, техникалық су

3 612

4 797

2 517

тұрмыстық қажеттіліктерге

 

 

864

776

749

өндірістік қажеттіліктерге

 

 

2 748

4 021

1 768

Ескерту: суды тұтыну көлемі есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі, олардың деректері есепке алу журналдарына енгізіледі, содан кейін КПО тұтынатын суды есепке алу дерекқорына енгізіледі.

ТАЗАРТЫЛҒАН АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТӨГУ / GRI 303-2, 303-4, ТДМ 6.3 /

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық, өндірістікнөсерлік және нөсерлік ағынды сулар үшін үшін КПО арнайы салынған жасанды құрылыстарды пайдаланады. Бұл құрылыстар топырақ және жер асты суларына ластаушы заттардың жайылуын болдырмайды, сонымен қатар техникалық қажеттіліктерге қайта пайдалану үшін тазартылған ағындыларды жинауға, осы арқылы жаңа судың шығынын төмендетуге мүмкіндік береді. Сарқынды суларды жинауға арналған құрылымдардың түрлері 39-кестеде келтірілген.

Кесте 39. КПО-ның түрі бойынша сарқынды суларды жинау құрылыстары

Сарқынды сулар түрлері

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулар

Өндірістік-нөсерлік сарқынды сулар

Еріген және жаңбырдың сарқынды сулары

Құрылыстар мен орналасқан жері

  • ӘҚК-дегі № 1, 2-су жинақтауыш тоғандар,
  • Үлкен Шаған МАС мен Атырау МАС-дағы буландырғыш тоғандар
  • ҚӨК тұнба тоғаны,
  • ГКДҚ-2 тұнба тоғаны;
  • ГКДҚ-3 жиналмалы бассейндері (2 объект)
  • ҚӨК суландыру лагунасы (2 объект),
  • ӘҚК суландыру лагунасы,
  • ГКДҚ-2 суландыру лагунасы,
  • Эко орталықтың су жинақтауыш тоғандары (2 объект)

Көмірсутекті шикізатпен бірге өндірілетін ілеспе-қабат сулар мен өндірістік ағынды сулар тазартылып, өнеркәсіптік ағындарды жер астында көмудің № 1 және № 2 полигондарының тереңде орналасқан жерасты деңгей жиектеріне айдалады. Өнеркәсіптік сарқындарды көму оларды тазарту кезінде тұзды қалдықтардың жер бетінде пайда болуын болдырмайтын сарқындарды өңдеудің әлемдік тәжірибесі. Деңгей жиектердің берік оқшаулануы және сарқындарды кері айдауға өте қолайлы болып табылатын жер қыртысының қасиеттері сарқындардың жоғарғы деңгей жиектерге кетуін болдырмайды.

2019 жылы Компания ГКДҚ-3-гі бумен тазарту колоннаның нұсқасына балама жер асты қабаттарына айдалатын Сарқынды суларды тазарту нұсқаларының бірыңғай тұжырымдамасын жасады. Оңтайлы шешімді таңдау үшін ең қолайлы деп санаудың екі балама нұсқасы ұсынылды:

  1. Сарқынды суларды ГКДҚ-3-тен ГКДҚ-2-ге дейін, ГКДҚ-2-гі өндірістік суды тазарту жүйесін қолдана отырып бұру (қолданыстағы H2S бумен тазарту колоннасы);
  2. ГКДҚ-3-тен ҚӨК-не дейін салынған қолданыстағы 14 дюймдік конденсат құбыр жолына дейін сарқынды суларды бұру.

Ресурстарды оңтайландыруға және ҚР талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуге байланысты, Компания ГКДҚ-3 объектісінде бумен тазарту колоннасын орнату жобасын әзірлеуді тоқтатты және 2020 жылдан бастап бірыңғай тұжырымдама бойынша есепте айқындалған ГКДҚ-3 сарқынды суларын тазартудың екінші балама нұсқасы бойынша жұмыс жобасын әзірлеуді жалғастырды.

2020 жылы «ГКДҚ-3» жобасы іске асырылды. ҚМГКК техникалық су құбырына секция аралық қосынды орнату» жобасы– бұл айдауға жіберілетін ағынды сулардағы сутек сульфиді (H₂S) концентрациясын төмендетуге бағытталған шара, оның шеңберінде ГКДҚ-3-тен техникалық суды ҚӨК дейін қолданыстағы конденсат құбырлары арқылы қайта бағыттау қарастырылған. Бұл жоба ГКДҚ-3-те өндірілген суды қайта бағыттауға арналған көпірді орнатуды қамтиды. Қазіргі уақытта ГКДҚ-3-те өндірілген су ҚӨК-не, № 1 Полигонның РП-1 және РП-3 ұңғымаларына ГКДҚ-2 мен ГКДҚ-3-ке тұрақсыз конденсатты тасымалдайтын қолданыстағы конденсат құбырлары арқылы жеткізіледі. Су бөлініп, одан әрі ҚӨК-не қолданыстағы өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту жүйесіне жіберіледі.

Ағынды сулардың төгінді көлемі мен шығарылатын ластаушы заттардың мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес компанияның жобалық құжаттамасында есептеліп, негізделеді және арнайы рұқсаттармен реттеледі. КПО-ның шаруашылық және өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болатын сарқынды сулар табиғи су қоймаларына төгілмейді.

Көмірсутек шикізатын өндіру кезінде бөлінген өндірілген су жер асты сулы қабаттарына (полигондарға) айдалады. 2024 жылы бұл көлем 712 600,45 м3 құрады. / GRI 303-3, 303-4 / Өндірілген судың бұл көлеміне өндірілген су, сондай-ақ газды тазалау/кептіру кезінде түзілетін су және каустикті бейтараптандырудан алынған су кіреді. Шикі мұнайды тұзсыздандыру және кері осмос үдерісі үшін Қоншыбай жырасынан алынған су да полигондарға айдалады; 2024 жылы бұл көлем жалпы айдаудың 17,68 % құрады.

40-ші кестеде 2022–2024 жылдарға арналған ағынды су түрлері мен қабылдаушы объектілер бойынша КПО төгінділерінің көлемі көрсетілген.

Кесте 40. 2022–2024 жж ағынды сулардың санаты мен қабылдаушы объект көрсетілген төгінділердің және олардағы ластаушы заттардың (ЛЗ) жалпы көлемі, м3

Қабылдаушы объект

Ағынды су санаты

2024

2023

2022

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ саны, тонна

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ саны, тонна

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ саны, тонна

Су жинақтауыш тоғандар

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулар

20 603

10,024

27 484

15,20

42 412

29,44

Өндірістік ағындыларды жер астында көму полигондары

Өндірістік-нөсерлік ағынды сулар, технологиялық және ілеспе-қабат ағынды сулар

865 917

69 631

808 777

68 826

764 139

60 699

Үлкен Шаған және Атырау МАС-дағы жер рельефі

Еріген және нөсерлік ағынды сулар

3 450

0,996

4 501

2,33

3 168

1,81

Төгінділердің жалпы көлемі

889 970

69 642

840 762

68 843

809 719

60 730

Ескерту: суды төгу көлемі есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі, олардың деректері есепке алу журналдарына енгізіледі, содан кейін КПО тұтынатын суды есепке алу дерекқорына енгізіледі. Ластаушы заттардың төгілу мөлшері, төгу алдындағы ластаушы заттардың нақты концентрациясының төгінділердің нақты көлеміне көбейтіндісі ретінде есептеу әдісімен анықталады.

2024 жылы Компанияның ағынды суларды төгу көлемі, 2023 жылмен салыстырғанда 5,5 %-ға өсті. Оның ішінде 2024 жылы айдалған өнеркәсіптік ағынды сулардың көлемі, 2023 жылмен салыстырғанда 6,6 %-ға өсті. 2024 жылдағы өнеркәсіптік ағынды сулар көлемінің артуы, көмірсутек шикізатын өндіру кезіндегі ілеспе-қабат сулар көлемінің артуымен байланысты. Тазартылған шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулардың төгу көлемі, 2023 жылмен салыстырғанда 25 %-ға төмендеді, себебі А, В технологиялық желілерінің био тоғандарынан тазартылған шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды ӘҚК-гі № 1, № 2 су қоймаларына жіберу тоқтатылды.

2024 жылы ластаушы заттардың 69 642 тоннасы төгілді (2023 жылғы 68 843 тонналық көрсеткішпен салыстырғанда 1,1 %-ға артық). Бұл төгу көлемінің тек 0,01 тоннасы нормадан тыс болатын. ӘҚК № 2 жинақтаушы тоғандарына төгілетін тазартылған шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар бойынша белгіленген нормадан шамалы асып түсетін ластаушы заттардың төгінділері орын алды, атап айтқанда, нитритті азот мөлшері бойынша асып кету тіркелді. Компания ағынды сулардағы ластаушы заттардың бар-жоғын бақылайды. 2024 жылға арналған нормативті рұқсат етілген төгінділер жобасына сәйкес, төгінділердегі ластаушы заттардың құрамына келесілер кіреді: қалқымалы заттар, аммоний азоты, нитраттар, нитриттер, ОБТ 20, ОБТ 5, мұнай өнімдері, сульфаттар, хлоридтер, темір, АББЗ, фосфаттар, ОХТ, құрғақ қалдық, рН мәні, сульфидтер, күкіртсутек, метанол, мыс, мырыш, алюминий. Компания 2024 жылы пайда болған ластаушы заттардың шығарындылары үшін қажетті төлемдерді жүзеге асырды.

Жалпы алғанда, сарқындар тереңдегі нық оқшауланған жер асты деңгей жиектерге кері айдалатындықтан, бұл әрекет топырақ, өсімдіктер мен жануарлар әлемі сияқты қоршаған орта компоненттеріне әсер етпейді. Бұл деңгей жиектердегі сулар жоғары минералданған және шарушылық-ауыз су, бальнеологиялық және техникалық қажеттіліктер үшін, суару және мал шаруашылығы үшін қолданылмайды.

Тазартылған ағындылар мен басқа суларды қайталама пайдалану / GRI 303-3 (2016), ТДМ 6.3 /

Табиғи техникалық су алуды қысқарту мақсатында КПО тазартылған тұрмыстық, өндірістік-нөсерлік ағынды және нөсерлік ағынды суларды ҚМГКК-ның техникалық қажеттіліктеріне, бұрғылау, бұрғылау ерітінділерін дайындау, орман екпелерін суару, жолдар мен салынып жатқан алаңдарда шаңды басу және өрт резервуарларын толтыру сияқты жұмыс түрлерін жүргізуге пайдаланады.

Компания объектілерінде ағынды суларды қайталама пайдалану 2023–2028 жылдарға белгіленген технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

2024 жылы Компания техникалық қажеттіліктерге тазартылған ағынды сулардың 32 234 м3 қайта пайдаланып, олардың негізгі көлемін бұрғылау ерітіндісін дайындау үшін жұмсады. 41-кестеде тазартылған сарқынды сулар мен суларды пайдаланумен қатысты жұмыс түрлері келтірген.

Кесте 41. 2022–2024 жылдарда тазартылған ағынды сулар мен жер асты суларын қайта пайдалану, м3

 

2024

2023

2022

Жалпы қайта пайдалану, соның ішінде:

32 234

56 467

75 452

ҚМГКК өндірістік объектілерінің техникалық қажеттіліктері

12 181

13 383

42 161

Бұрғылау қажеттіліктері мен бұрғылау ерітіндісін дайындауға

10 087

26 095

18 509

Суару, гидро тест және өрт резервуарларын толтыруға

2 323

1 996

10 376

Шаң басу және суару

7 643

14 993

4 406

Ескерту: қайта пайдаланылған су көлемін есепке алу бақылау талонын толтыра отырып, жанама әдіспен м3 (мотосағат, автоцистерна көлемі, рейстер саны, сорғылардың өнімділігі және т.б.) анықталады және деректер есепке алу журналына енгізіледі.

ӨНДІРІСТІК АҒЫН СУЛАРДЫ БАСҚАРУ / GRI 303-2 /

Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнының нысандарында – ҚӨК, ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3 – мұнай мен газ өндірудің технологиялық процестерімен байланысты өндірістік ағынды сулар түзіледі. Бұл ағындылар №1 және №2 өндірістік ағынды суларды жерасты көмілімдері полигонына терең орналасқан су көтергіш қабаттарға айдалады.

Ағынды сулардың төгінді көлемі мен шығарылатын ластаушы заттардың мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес компанияның жобалық құжаттамасында есептеліп, негізделеді және арнайы рұқсаттармен реттеледі.

Кесте 42. Ағынды суларды басқару бойынша міндеттер / GRI 3-3, ТДМ 6.3, 6.4 /
icon 6

2024 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2024 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2025 жылға қойылған міндеттер

  • Триас резервуарындағы перфорация аралықтарын ұлғайту үшін РП-7 айдау ұңғымасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Кейінге қалдырылды

РП-7 ҰКЖ орындалуы 2025 жылға жоспарланған. РП-7-нің ҰКЖ 2025 жылға қалдырылуының себебі – жабдықтың жеткізілуін күту.

2025 жылы РП-7 ұңғымасында КЖ жүргізу.

  • Жоба шешімдерін іске асырудың жобадан кейінгі талдауын жүргізу (Өндірістік ағынды суларды айдау жобасына № 3 қосымша).

Орындалды

Өндірістік ағынды суларды терең орналасқан су көтергіш горизонттарға айдау жобасына № 3 қосымша бойынша жобалық шешімдердің жүзеге асырылуына жобадан кейінгі талдау жүргізілді. Бұл талдау жобалық көрсеткіштерді түзету және ҚОӘБ (Қоршаған ортаға әсерді бағалау) бөлімін нақтылау бөлігінде жүзеге асырылды.

Жобадан кейінгі талдау бойынша қорытынды 2024 жылғы 26 маусымда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми экопорталында жарияланды.

  • Сынақ жұмыстарын және 115 м3/сағ дейін қабат суын өңдеу қабілетін сынау.

2-ші тоқсан, 2025

  • Суды тазарту қондырғысын жеке режимде сынау рәсімі ҚӨК объекті бойынша дайындалып, бекітілді.
  • ҚӨК объектісінде төртінші құм сүзгісі пайдалануға берілгеннен кейін сынақ жүргізілетіні келісілді.
    • Құм сүзгісі 2024 жылғы 31 тамызда орнатылды.
    • Пайдалануға беру 2025 жылы жоспарланған.

ҚӨК технологиялық суын тазарту қондырғысын бөлінген режимде, жалпы айдау шығыны 115 м³/сағ дейінгі шекте іске қосып сынау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ бұл режимнің жалпы алғанда орындылығы мен тиімділігін растау.

  • Юра қабатының жер асты суларын геологиялық зерттеуге лицензия алу.
  • Жер асты суларына іздеу және бағалау жұмыстарын өткізу.
  • ҚМГКК аумағындағы жер асты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының нәтижелері бойынша тұжырымды геологиялық есепті дайындауды аяқтау.
  • Жер қойнауын зерттеу жөніндегі мемлекеттік комиссияда геологиялық есепті қорғау.

Орындалды

  • Жерасты қойнауын геологиялық зерделеу лицензиясы 2024 жылғы 22 қаңтарда алынды.
  • 2024 жылдың сәуір–мамыр айларында 33RR және 36J ұңғымаларында сынақ-сүзгілеу жұмыстары жүргізілді.
  • 2024 жылдың маусым–шілде айларында қорытынды геологиялық есеп жасалды.
  • 2024 жылғы 15 қазанда Жер қойнауын сараптау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Батыс Қазақстандық кіші комиссиясының отырысы өтті, онда ҚМГКК аумағындағы юра су көтергіш горизонты бойынша жер асты суларының тәулігіне 900 м³ көлеміндегі баланстық өндірістік қоры С1 санаты бойынша бекітілді.
  • Жер қойнауын геологиялық зерделеу нәтижелері бойынша мерзімдік есепті әзірлеу
  • Комгеоға мерзімдік есепті ұсыну
  • Юра қабатының ұңғымаларынан арнайы су пайдалануға рұқсат алу.

Орындалмады

Юра су көтергіш горизонтынан J1 және J2 ұңғымалары арқылы жер асты суларын өндіруге арналған арнайы су пайдалану рұқсатын алу жөніндегі өтінім ұңғымаларды бұрғылау аяқталғаннан кейін беріледі.

  • J1 және J2 ұңғымаларын 2025 жылы бұрғылау.
  • Арнайы су пайдалану рұқсатын алу.
  • Ақсай қаласының тазарту құрылыстарынан сумен қамтамасыз ету жобасы бойынша ақырғы инвестициялық шешімді қабылдау.

Орындалмады

ТИШ қабылданардың алдында қажет болатын жобаның тиімділігін бағалау семинарын өткізу үшін құжаттар топтамасы дайындалды. Ақсай қаласындағы КТҚ-ты (кәріз тазарту құрылғыларын) жаңғыртуға арналған республикалық бюджеттің бекітілуін күтуге байланысты алдағы жұмыстар уақытша тоқтатылды.

  • Ақсай қаласындағы КТҚ жаңғыртуға бюджет бөлінгені туралы әкімдік тарапынан растау хатын алу.
  • ТИШ қабылдаудың алдында қажет жобаның тиімділігін бағалау бойынша семинар өткізу.

№ 1 және № 2 полигондарында өндірістік ағынды суларды көму жұмыстары ҚМГКК өндірістік ағынды суларын терең орналасқан су көтергіш горизонттарға айдау жобасына № 3 қосымшада көрсетілген жобалық көрсеткіштерді түзету және ҚОӘБ бөлімі не сәйкес жүзеге асырылады. Аталған құжат 2022 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментімен келісілді, сондай-ақ Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитеті ҚОӘБ бөлімі бойынша оң қорытынды берді.

Өндірістік ағынды суларды айдау жобасына № 3 қосымша шеңберінде, 2-полигон бойынша өндірістік ағынды суларды айдау көлеміне қатысты жобалық көрсеткіш 2023 жылдан бастап полигонның пайдалану мерзімі аяқталатын 2037 жылға дейін жылына 1 100 мың м3-ке дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, айдау ұңғымалары қорын ұлғайту әлеуетін арттыру мақсатында мақсатты және перспективалық айдау интервалдарына қосымша перфорация жүргізу және қойнауды гидро жару шараларын жүзеге асыру көзделді.

2024 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен «Жобадан кейінгі талдауды жүргізу қағидалары және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытындының нысаны» талаптарына сәйкес, өндірістік ағынды суларды терең орналасқан су көтергіш горизонттарға айдау жобасына № 3 қосымша аясында (жобалық көрсеткіштер мен ҚОӘБ бөлімін түзету бөлігінде) жобалық шешімдердің іске асырылуына жобадан кейінгі талдау жүргізілді және жобалық құжаттаманың авторы тарапынан қорытынды әзірленді. Аталған қорытынды Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны реттеу және бақылау комитетінің электрондық порталында орналастырылды.

Қарашығанақ кен орнындағы қабаттық және өнеркәсіптік ағынды суларды кәдеге жарату Компанияның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Қолданылған каустикті бейтараптандыру блогын жаңғырту жобасы бойынша жұмыстар 2022 жылдан бері жүргізіліп келеді. 2024 жылдың соңына қарай негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пайдалануға беру дайындығы 2025 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

2024 жылға жоспарланған РП-7 ұңғымасындағы Күрделі жөндеу жұмысы обалық шешімдерді іске асыру және ІІ Резервуардағы перфорация интервалдарын ұлғайту мақсатында көзделген болатын, алайда жабдықты жеткізу күтілуіне байланысты жұмыс 2025 жылға ауыстырылды.

Кесте 43. 2024 жылы өткізіліп жатқан өндірістік ағынды суларды басқару жобалары / GRI 303-2 /

Жоба

Бизнес-фактор

Ескерту

Пайдаланылған каустикті бейтараптандыру блогын жаңарту

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Жобаны іске асыру сілтіні залалсыздандыру процесін жақсартуға мүмкіндік береді. Процесті автоматтандыру қауіпті реагенттердің персоналға әсер ету қаупін төмендетеді. Жетілдірілген каустикті бейтараптандыру қондырғысының (ҚБҚ) жобасы кері осмос суын ішінара пайдалана алатынын ескеру маңызды, әйтпесе бұл су кәдеге жаратылатын еді.

Құмды және қорғаныш сүзгілерін модернизациялау

Өндіру деңгейін қолдау

Құмды және қорғаныс сүзгілерін жаңғырту ҚӨК-тің суды тазарту қуатын тәулігіне 115 м3 дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақсай қаласының кәріз және тазарту қондырғысынан технологиялық суды жеткізу

Өндіру деңгейін қолдау

Жобаны іске асыру техникалық суға арналған баламалы, ұзақ мерзімді әрі тұрақты су көзін алуға мүмкіндік береді. КПО Ақсай қаласындағы кәріз тазарту құрылғыларын әкімдік тарапынан жаңғыртудан кейін кен орны нысандарын техникалық сумен қамтамасыз ету тұжырымдамасына қатысты техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірледі. КПО жобасының іске асырылуы 2025 жылы Ақсай қаласындағы КОС-ты жаңғырту жобасына республикалық бюджеттен қаржы бөлінетіні туралы әкімдік тарапынан растау күтілуіне байланысты уақытша кейінге қалдырылды.

Біз үшін бұл неге маңызды?
/ GRI 3-3 /

Қауіпсіз су ресурстары мен санитарияға қол жеткізу адам құқықтарының бірі болып табылады.

Суды шамадан тыс және ұтымсыз тұтыну су ресурстарының сарқылуына және өндіріс пен шаруашылық қажеттіліктері үшін су тапшылығына, су экожүйелерінің нашарлауына және су объектілерінің табиғи көбею мен тазарту қабілетінің төмендеуіне қатысты әсерлерге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Компания міндеті – су қорларын сақтау мақсатында оларды тиімді пайдалану. КПО кәсіпорындағы ауыз суды пайдалануды су қорларын сақтау бойынша шаралар кешені арқылы реттейді және мүмкіндігінше тазартылған суды қайта пайдаланады.

Алмагуль Кайбалиева Су ресурстарын басқару жөніндегі аға маман