Өндіріс тұтастығы / GRI 3-3, 403-2, 403-7, ТДМ 3.9, 8.8 /

КПО өзінің өндірістік қызметіне әсер етуі мүмкін қауіптерді қадағалап, тосқауылдарды басқару жүйесін пайдалана отырып, объектінің тұтастығына төнетін қатерлердің ықтималдылығын азайтуға бағытталған жұмыстарды атқарады. Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі өндірістік объектілердің персоналымен бірге салдарларды жұмсарту бойынша шаралар қабылдау және ірі апаттардың алдын алу үшін осы тосқауылдарды бастапқы қалпына дейін келтіру жоспарларын әзірлеу мақсатында қауіпсіздік тосқауылдарының осал жерлерін анықтау үшін үздіксіз бақылау жүргізеді.

Өндіріс нысандарының тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары – Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін КПО, мердігер мен қосалқы мердігер жұмыскерлері арасында ірі апат қауіптерінің алдын алуға және өндіріс тұтастығы мен технологиялық қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыру жөніндегі шаралар кешенін білдіреді.

Өндіріс тұтастығын басқару жүйесі төмендегі басты процестерді қамтиды:

  • Тосқауылдарды басқару – құрылымдалған процесті қолдану және тосқауылдар моделі бағдарламалық жасақтамасы арқылы;
  • Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету көрсеткіштерін талдау – тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін пайдалану арқылы;
  • Қолданыстағы объекттерді модификациялауға арналған өзгерістерді басқару жүйесі – өзгерістерді басқару дерекқорын пайдалану арқылы;
  • Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету – талдау, аудит, тексеру мен бағалау жүргізу арқылы;
  • Өндіріс тұтастығы мәдениетін арттыруға бағытталған бастамалар – механикалық ажырату процедурасы, технологиялық қауіпсіздік негіздері мен тосқауылдар моделі процесі бойынша электрондық оқыту модульдерін әзірлеу арқылы. / GRI 2-25 /

2024 жылы Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі өндірістік объектілердегі/құрылыстардағы тосқауылдар моделінің бағдарламалық қамтамасыз етуін тосқауылдар моделін иелену және оны басқа бағдарламалық қосымшалармен интеграциялау шеңберінде одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс атқарды. Жоғарыда аталған тармақтарды орындау мақсатында Жиынтық қауіп-қатерді бағалау әдістемесі әзірленіп, енгізілді. Өндірістік объектілердің өкілдерімен бірлесіп тосқауылдар моделін қарастыру бойынша ай сайынғы отырыстар өтті. Жаңа жұмыскерлерді оқыту жалғасты.

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етумен байланысты қатерлер деңгейін төмендету мақсатында 2024 жылға арналған бірқатар міндеттер айқындалды. Олардың нәтижелері төмендегі кестеде келтірілген.

Кесте 4. Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету саласындағы міндеттер / GRI 3-3, 403-2, 403-7 /
icon 3
icon 8
icon 11

2024 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2024 жылғы жүзеге асырылған шаралар

2025 жылға қойылған міндеттер

  • Объектілердің тұтастығы бойынша қосымша деректермен қатерлерге жиынтық бағалау жүргізудің II кезеңін оңтайландыру және енгізу;

Орындалды

  • Объектілер тұтастығы бойынша қосымша деректермен қатерлерге жиынтық бағалау объектілер өкілдерімен өтетін тосқауылдар моделіне қатысты ай сайынғы шолу жиналыстарына енгізілді.
  • Объектілердің тұтастығы бойынша қосымша деректермен қатерлерге жиынтық бағалау жүргізудің III кезеңін жетілдіру және енгізу;
  • Объектінің тосқауылдар моделі бойынша үйлестірушілерінің жауапкершілігін арттыру;

Орындалуда

  • 2024 жылғы кестеге сәйкес объектілердегі тосқауылдар моделіне қатысты ай сайынғы шолу жиналыстары өтті;
  • Объектінің белсенді қатысуымен салдарды азайту шараларының тиімділігін тексеру және қалпына келтіру жоспарын іске асыру жұмыстары жалғасты.
  • 2025 жылғы кестеге сәйкес объектілердегі тосқауылдар моделіне қатысты ай сайынғы шолу жиналыстарын өткізу
  • Тосқауылдар моделі бойынша электрондық оқытуды аяқтау және оның 100 % өтуін қамтамасыз ету (қажет болған жағдайда, жаңадан келген жұмыскерлерге ғана арналған);

Орындалды

  • Барлық қазіргі пайдаланушылар оқытудан өтті.

 

  • Тосқауылдар моделінің ақпараттық панелін RiskPoynt деректер базасымен біріктіру (Цифрландыру және үздіксіз жетілдіру).

Орындалды

  • Тосқауылдар моделінің ақпараттық панелі RiskPoynt деректер базасымен біріктірілді.

 

  • RiskPoynt деректер базасының функционалын одан әрі кеңейту.

Орындалды

  • RiskPoynt деректер базасында жұмыскерлердің қауіпсіздігі үшін маңызды өтінімдер бойынша хабарландыру жасалды.

 

  • Технологиялық процестің қауіпсіздік негіздерінің жүзеге асырылуына талдау жүргізу.

Орындалды

  • Қатысушыларға арналған сауалнамалар шығарылды.
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталарына талдау жүргізілді;

 

  • ТПҚН бойынша КПО мен мердігер ұйымдардың жаңадан келген жұмыскерлеріне арналған таныстыру сессияларын өткізуді жалғастыру;

Орындалды

  • Объект тұтастығын қамтамасыз ету жоспарына сәйкес таныстыру сессиялары өтті.

 

  • Объектілердегі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімдерінің персоналын ТПҚН-ды объектіде өз бетінше енгізу бойынша оқыту.

Орындалуда

  • Объект тұтастығын қамтамасыз ету жоспарына сәйкес объектілердегі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімдерінің персоналы ТПҚН-ды объектіде өз бетінше енгізу бойынша оқытудан өтті.
  • Өндірістік объектілерде ТПҚН бойынша нұсқаушылар санын арттыру.
  • Байқаулар мен көтермелеулерді қоса отырып, ТПҚН мәдениетін ілгерілетуді жалғастыру.

Орындалды

  • ТПҚН ережелері бойынша викториналар өтті.

 

Алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы / GRI 403-2 /

КПО талаптарына сәйкес, технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалар (ТҚО) мен алғашқы қорғаныс қабаты тұтастығының бұзылуына (АҚҚТБ) әкелген оқиғалар алдымен анықталып, талданып, тиісті санаттарға бөлінді, сондай-ақ олардың қайталануына жол бермеу мақсатында түзету шаралары жүргізілді. / GRI 2-25 /

2024 жылғы технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалар (ТҚО) саны 2023 жылмен салыстырғанда көбейді. 1-деңгей: 3 ТҚО, 2-деңгей: 1 ТҚО және 3-деңгей: 22 ТҚО, 2024 ж. жалпы 26 ТҚО орын алды.

2024 ж. 1-деңгейлі 3 ТҚО орын алды:

  • ГКДҚ-2 объектісінде мердігер ұйымның жұмыскерлері құрғақ газды тығыздауыштың соққысынан қолдарынан жарақат алды. Екі жұмыскер де ГКДҚ-2 медициналық пунктіне жүгініп, оларға алғашқы көмек көрсетілді. Одан кейін бір жұмыскер рентген және медициналық тексеруден өту үшін Ақсай қаласындағы ауруханаға жіберілді. Екінші жұмыскер өзінің еңбек міндеттерін орындауға оралды.
  • ҰПӨБ ұңғымасының шлейфінде газ және конденсат шығуы орын алды. Мердігер ұйым ақаулы учаскені ауыстыруға байланысты құбыржолды жөндеуге дайындық жұмыстарын орындап жатты. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.
  • Газдың ағуы ҚӨК объектісіндегі қысым сақтандырғыш клапаны желісінде анықталды. Газ анықтау детекторларының іске қосылуы, зауыттың тоқтатылуы және персоналды эвакуациялау орын алған жоқ. Тұзсыздандырғыш қондырғы тоқтатылып, оқшауланды және қысым түсірілді.

Бір 2-деңгейлі ТҚО ГКДҚ-3-те орын алды. H₂S датчиктерінің іске қосылуы нәтижесінде жалпы газ дабыл жүйесі іске қосылды. ГКДҚ-3 персоналы жиналу орындарына эвакуацияланды. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

КПО технологиялық қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғалар бойынша тергеу жүргізіп, негізгі себептерді талдап, іс-қимыл жоспарын әзірлейді. / GRI 2-25 /

Cызба 1. Өндірістік объектілер бойынша технологиялық жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылу жағдайлары, 2022–2024 жж./ OG13 /
Cызба 1. Өндірістік объектілер бойынша технологиялық жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылу жағдайлары, 2022–2024 жж.
Ескертпе: Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалар (1/2/3 дәрежелі) анықтамасымен танысу үшін «Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы ұйымының (IOGP)» №456 стандартымен танысып шығыңыз.

2024 жылы Компания технологиялық жабдықтың тұтастығын қамтамасыз ету мен қатерлерді азайту шараларын қоса алғанда, негізгі қатерлер мен тосқауылдарды жоюға бағытталған бірқатар іс-шара жүргізді. / GRI 2-25 / Оның ішінде технологиялық жабдықтың қорғаныш қабатының тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған жөндеу жұмыстары мен кейбір жабдықты ауыстыру жүзеге асырылды. Тосқауылдар моделіне байланысты 20 қатер жойылды – оның ішінде 1 жоғары деңгейдегі қатер, 13 орташа деңгейдегі қатер және 6 қатер жабылды. Аталған жұмыстар тосқауылдар моделі жүйесіндегі барлық қатер жазбаларының салдарын азайтуға бағытталған тиімді шаралармен және қалпына келтіру жоспарларымен қамтамасыз етілуіне бағытталды. Өндірістегі персоналға тосқауылдар моделі қосымшасын пайдалану бойынша оқыту және тәлімгерлік жұмыс жалғасуда.

2025 жылы тосқауылдарды басқару процесі бойынша келесі негізгі іс-шараларды өткізу жоспарлануда:

  • 2025 жылға жоспарланған кестеге сәйкес үйлестірушілермен бірге объектілердегі тосқауылдар моделі бойынша алдын ала жиналыстарын және тосқауылдар моделі бойынша ай сайынғы жиналыстарды өткізуді жалғастыру.
  • Салдарды азайту шараларының тиімділігін тексеруді және қалпына келтіру жоспарын іске асыруды жалғастыру.
  • Тосқауылдар моделін алдағы жаңа жобалармен біріктіру процесін қолдау;
  • Персоналды оқытуды және олардың хабардарлығын арттыруды жалғастыру; лауазымын ауыстырған жаңа жұмыскерлер немесе мамандар үшін тосқауылдар моделі бойынша таныстыру семинарларын өткізуді, сондай-ақ аталмыш тақырып бойынша электрондық оқытуды ұйымдастыру.
  • Объектілердегі тосқауылдар моделі бойынша қатерлерді жабуға және объектілерде тосқауылдар моделі бойынша жаңа қатерлерді есепке алуға жәрдемдесу.
  • Тосқауылдарды басқару процесін күшейту. Негізгі процестердің сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар барысында анықталған тосқауылдар моделі бойынша қатерлер мен пайдалану тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды процестерімен байланысты қатерлерді интеграциялау.
  • Объектілердегі персоналды тосқауылдар моделінің ақпараттық панельдері мен объектілердің тұтастығын/технологиялық процестің қауіпсіздігін бақылау тақталарын пайдалануға үгіттеу, ынталандыру және оқыту.

Өнімнің төгілуі / GRI 306-3 (2016) /

2024 жылы Қарашығанақ кен орны аумағында өнімнің айтарлықтай төгілу1 жағдайлары тіркелген жоқ.

1 КПО оқиғалар жіктеліміне сәйкес, «өнімнің елеулі төгілуі» анықтамасы көмірсутектердің/химиялық реагенттердің топыраққа/су бетіне 1 000 литрден асатын көлемде төгілуі салдарынан туындаған қоршаған ортаны ластаумен байланысты оқиғаға қатысты қолданылады.

Біз үшін бұл неге маңызды?
/ GRI 3-3 /

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімінің басты мақсаты – ірі апаттардың алдын алу және жұмыскерлерге, қоршаған ортаға, өндірістік объектілерге төнуі мүмкін, сондай-ақ Компания беделіне нұқсан келтіруі мүмкін қатерлерді азайту. Бұл міндеттердің орындалуына сауатты жобалау, құрылыс, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ықпал етеді.

Объект тұтастығы технологиялық процестерді жүзеге асыратын конструктивті берік және механикалық жарамды объектілер болған кезде ғана қамтамасыз етіледі. Ауқымды оқиғаның туындау қатерін іс жүзінде ең төменгі орынды деңгейге дейін төмендету мақсатында жабдыққа, персоналға және процестерге қатысты тосқауылдар айқындалады.

Норберт Жалле Қауіпсіздік техникасы, қоршаға ортаны қорғау және өндіріс тұтастығы жөніндегі директор