Нормативтік-құқықтық сәйкестік / GRI 2-24 /
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл / GRI 205-1, 205-3 /
КПО сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөледі. КПО-да әзірленген парақорлыққа, сыбайлас жемқорлыққа және ақшаны жылыстатуға қарсы әрекет ету жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Тәртіп кодексі мен Іскерлік қағидаттарға негізделген, ол парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа тиым салатын ұлттық және халықаралық заңнаманы сақтау бойынша талаптарды белгілейді. Барлық персонал, соның ішінде құрушы компаниялардың іссапарға жіберілген жұмыскерлері, штаттағы қызметкерлер мен жіберуші тараптардың (кадрлар агенттіктерінің) жұмыскерлері осы Нұсқаулықты басшылыққа алуға міндетті. / GRI 2-24 (a-ii, a-iii) / Нұсқаулық сыйлықтар мен қонақжайлылық белгілерімен байланысты жұмыс процестерін анықтап, персоналға сыбайлас жемқорлыққа қатысты ықтимал қауіп-қатерлерді бағалауға көмектеседі. Келесілерге ерекше назар аударылады:
- Келісімшарттар жасасу,
- Сыйлықтар мен қонақжайлылық белгілері,
- Әлеуметтік инвестицияларды қаржыландыру,
- Мемлекеттік органдармен әрекеттесу,
- Мүдделер қақтығысы.
КПО-ның бас директоры, директорлары мен басқарушылары тиісті директораттарда/басқармаларда нормативтік-құқықтық сәйкестік бойынша негізгі құқықтық және этикалық қауіп-қатерлерді анықтайды, бағалайды және қадағалайды. / GRI 2-24 (a-i) /
«Тәртіп кодексі, нормативтікқұқықтық сәйкестік жөніндегі саясаттар мен процедуралардың талаптарының елеулі бұзылу қаупін» бағалау процесіне КПО-ның бүкіл қызметін сыбайлас жемқорлыққа қатысты қауіп-қатерлердің бар-жоғы тұрғысынан бағалау кіреді.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қауіп-қатерлерді азайту мақсатында келесі ережелер мен процестер енгізілген:
- Контрагентпен келісімшарт немесе кез келген заңды күші бар келісім жасау алдында кешенді тексеріс жүргізіледі. (Контрагенттердің этикалық сәйкестігін тексеру).
- Парақорлыққа және кез келген ресми рәсімдерді оңайлатуға төленетін төлемақылар беруге (соның ішінде пара алу, пара беру, параға коммерциялық сатып алу, пара алу не беруде/параға коммерциялық сатып алуда делдалдық) тиым салынады.
- Қайырымдылық және демеушілік сияқты бизнес-процестер үшін қатаң ережелер мен шектеулер белгіленді, шығындар міндетті түрде есепке алынады және процеске қатысушылардың барлығы алдын ала тексеруден өтеді.
- Саяси партияларға, саяси ұйымдарға немесе олардың өкілдеріне компания қаражаты есебінен қандай да болса төлемдер (тікелей немесе жанама) жасауға тиым салынған. / GRI 415-1 /
- Сыйлықтар алу/беру және қонақжайлылық белгілерін қабылдау/көрсетудің негізгі ережелері, шекті сомалары, мақұлдау және бекіту деңгейлері белгіленген, тиісті тізілім жүргізіледі.
- Мүдделер қақтығысы туралы хабарлау (іс жүзіндегі, ықтимал және болжалды) қағидаттары мен ережелері, жұмысқа қабылдауға қатысты ерекше шарттар белгіленген. Барлық мүдделер қақтығысы оқиғалары тиісті тізілімге енгізіледі, жауапты бөлімшелер оларды реттеу бойынша шаралар қабылдайды. (Мүдделер қайшылығы)
- Жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар туралы мерзімді оқытулар мен тексерулер жүргізіледі (Нормативтік-құқықтық сәйкестік талаптарын сақтау бойынша оқытуд). / GRI 2-24 (a-iv) /
- Компанияның ішкі құжаттарының ережелерін және қолданыстағы заңнаманы бұзу туралы хабарлау процестері реттелді, Компанияның ішкі ережелерін бұзу жағдайларын тергеу және сол ережелерді бұзу үшін жауапқа тарту тәртібі анықталды.
Мүдделер қақтығысы / GRI 2-15 /
КПО-да мүдделер қақтығысы Тәртіп кодексімен, Парақорлыққа, сыбайлас жемқорлыққа және ақшаны жылыстатуға қарсы әрекет ету жөніндегі нұсқаулықпен және Мүдделер қақтығысын басқару жөніндегі нұсқаулықпен реттеледі. Нұсқаулықтардың соңғысы жұмысқа алумен айналысатын КПО менеджерлеріне, сонымен қатар Заң директоратына болжамды, ықтимал немесе іс жүзіндегі мүдделер қақтығысын басқаруда көмек ретінде әзірленді. Оператор комитеті осындай конфликттер қарау процесін реттеуді нормативтік-құқықтық сәйкестік саласында аудиттер өткізу арқылы бақылайды. КПО-ның басқа жұмыскерлерімен, мемлекеттік лауазымды тұлғалармен, мердігерлермен, жеткізушілермен, бәсекелес ұйымдар және бизнес серіктестермен туыстық байланыс болған жағдайда, Компания жұмыскерлерінде мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін. Мұндай оқиғалар Компания ішінде қаралып, реттеледі.
Нормативтік-құқықтық сәйкестік бөлімі барлық қызметкерлерге мүдделер қайшылығын декларациялау қажеттілігі туралы мерзімді еске салады. Жұмысқа қабылданбас бұрын әрбір үміткер КПО-да мүдделер қақтығысы бар-жоғын мәлімдейтін Декларацияны толтырады.
Мүдделер қақтығысы тақырыбының маңыздылығы және нормативтік-құқықтық талаптарды сақтау қажеттілігі Бас Директор мен Нормативтік-құқықтық сәйкестік бөлімінен корпоративтік пошта арқылы барлық қызметкерлерге үнемі хабарланады.
Нормативтік-құқықтық сәйкестік талаптарын сақтау бойынша оқыту / GRI 205-2 /
КПО-ның барлық қызметкерлері нормативтік-құқықтық талаптарды сақтау мәселелері бойынша жүйелі оқытудан өтеді. 2024 жылы Нормативтік-құқықтық сәйкестік бөлімі комплаенс саласында құқықбұзушылықтар жасау қаупі жоғары санаттағы қызметкерлер үшін «Сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы әрекет» курсы бойынша 24 сессия өткізді. Осы курсқа КПО директорлар комитетін қосқанда, 332 жұмыскер қатысты.
Сонымен қатар, Нормативтік-құқықтық сәйкестік бөлімі тиісті қызметкерлер үшін сауда заңнамасын сақтау бойынша жеке оқыту сессиясын өткізді. Барлығы 16 сабақ өткізіліп, оларға 274 жұмыскер қатысты.
Бұдан басқа, Компанияның әрбір жұмыскері жыл сайын Іскерлік қағидаттармен, Тәртіп кодексімен, Парақорлыққа, сыбайлас жемқорлыққа және ақшаны жылыстатуға қарсы әрекет ету жөніндегі нұсқаулықпен танысқандығын растауы және Заңнама мен этикалық құндылықтарға сәйкестік туралы мәлімдемеге қол қоюы қажет. 2024 жылдың қорытындысы бойынша штаттық қызметкерлер мен ана компаниялардың командировкадағы қызметкерлері де қоса, барлық қызметкерлердің 91 % заңнамаға және этикалық құндылықтарға сәйкестік туралы Жылдық Мәлімдемеге қол қойды.
Кез келген жұмыскер нормативтік-құқықтық сәйкестік жөніндегі барлық саясаттар мен процедураларды КПО-ның Интранет желісінен тауып қарай алады. Барлық мүдделі тараптар Іскерлік қағидалар мен Тәртіп кодексін КПО-ның сайтынан таба алады.
Контрагенттердің этикалық сәйкестігін тексеру / GRI 2-23, 205-1, 205-2, 414-1 /
КПО корпоративтік басқаруда, соның ішінде этикалық және нормативтік сәйкестікті қамтамасыз етуде ең жоғары стандарттарға қол жеткізіп, сол деңгейді сақтауға ұмтылады. КПО-ның жетістігі біздің бизнестегі тұрақты табысқа жетуімізде маңызы зор және осы міндеттемені бөлісетін Компанияның серіктестерімен байланысты.
КПО әрбір әлеуетті бизнес-серіктестің қауіп-қатерлерін анықтау және қатерлі жағдайларды реттеу бойынша қажетті шараларды белгілеу мақсатында өз жеткізушілерінің этикалық сенімділігін бағалауды жүзеге асырады. / GRI 2-24 /
Әрбір ықтимал бизнес серіктеске меншік түрі және иесі, басшылығы және шаруашылық және коммерциялық қызметі, соның ішінде оның этикалық іскерлік қағидаттары туралы ақпарат пен растайтын құжаттарды жіберуді сұрайтын сауалнама жіберіледі. Тексеру шеңберінде КПО серіктестер берген мәліметтерді растау үшін және іскерлік тәжірибесі мен нарықтағы беделі туралы пікірлерді тексеру мақсатында ашық көздерден алынған ақпаратты да пайдаланады. Ол үшін КПО халықаралық деректер қорын, Қазақстанның заңды тұлғалары туралы деректер базасын және салық және сот деректерін қоса алғанда, ашық ұлттық деректер қорларын пайдаланады, сонымен қатар тәуелсіз халықаралық эксперттерді тартады. Содан кейін, компанияның бизнес серіктес болуға лайықтығын анықтау мақсатында қауіп-қатерлерді бағалау жұмыстары жүргізіледі. Қажет болған жағдайларда, қалдық қауіп-қатерлерді азайту үшін тиісті шаралар қолданылады. / GRI 2-24, 2-25 /
Сонымен қатар, КПО өзінің бизнес серіктестерінен компаниямен келісімшарт жасасқандағы стандартты үлгінің бір бөлігі болып табылатын міндеттемелерді орындау арқылы жемқорлыққа және парақорлыққа қарсы қолданыстағы Қазақстандық және халықаралық заңдарға сәйкес жұмыс істеуді талап етеді.
Барлық бизнес серіктестер өткен күнтізбелік жыл ішінде КПО-ның әрбір келісімшартының 25-бабы «Этика және іскерлік тәжірибесінде» көрсетілген мәлімдемелерге, кепілдіктерге және міндеттемелерге сәйкес қызмет еткендігін растайтын Жыл сайынғы сәйкестік бойынша сертификатты толтыру қажет. / GRI 2-24 /
Осы шаралардың барлығы серіктестерімізге КПО-ның бизнес жүргізуде жоғары этикалық стандарттарды ғана ұстанатынын көрсететініне сенімдіміз. КПО өзінің бизнес серіктестерімен тығыз жұмыс істейді және жемқорлық пен парақорлықты болдырмау мақсатында олармен бірге қолданыстағы барлық заңнамаларды сақтауы керек.
Жедел желі және сәйкестіктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша басқа да шаралар / GRI 2-25, 2-26, 3-3 ТДМ 16.10 /
Компанияның нормативтік құқықтық сәйкестік бағдарламасын іске асыру мақсатында КПО-да тегін, анонимдік және құпия Жедел желісі жұмыс істейді.
Жедел желі КПО қызметкерлері, жеткізушілері және мүдделі тараптары үшін әділ және қауіпсіз жұмыс ортасын құрудағы маңызды құрал болып табылады. Жедел желі арқылы жұмыскерлер мен үшінші тұлғалар (мердігерлер, жеткізушілер және кез келген басқа мүдделі тараптар) дискриминация, жыныстық қысым, мүдделер қақтығысы, құқыққа қайшы қаржылық әрекеттер немесе пара алу сияқты заңды және этикалық бұзушылықтарды қамтитын ықтимал жағдайлар туралы хабарлай алады. Мәлімдемені телефонмен немесе онлайн нысанды толтыру арқылы жолдауға болады. Келіп түскен мәлімдемелерді олардың құпиялығы мен анонимдігіне кепілдік беретін тәуелсіз компания өңдейді. Бұдан әрі мәлімдемелер олардың кәсіби қаралуын қамтамасыз ететін КПО-ның тиісті тұлғаларына беріледі. Сондай-ақ, Компания қызметкерлері нормативтік-құқықтық сәйкестік бөліміне, еңбек ресурстары бөліміне немесе өздерінің тікелей жетекшілеріне жүгіне алады.
2024 жылы нормативтік-құқықтық сәйкестік бөліміне тікелей де, ыстық желі арқылы да барлығы 113 өтініш түсті. / GRI 2-16 / Көпшілік өтініштер жұмыс ортасындағы қарым-қатынас мәселелеріне, мүдделер қайшылықтарына және келісім-шарттар мәселелеріне қатысты болды. 2024 жылы барлығы 123 тергеу жұмыстары аяқталды, оның ішінде 2023 жылғы өтініштерге қатысты тергеулер де бар. Зерттелген өтініштердің 41 % толық немесе жартылай негізді болып шықты. Тергеулер Нормативтік-құқықтық сәйкестіктің бұзылуы бойынша тергеу жүргізу процедурасына және/немесе өтініштің сипатына байланысты тәртіптік мәселелерді шешу жөніндегі ереженің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Келіп түскен барлық мәлімдемелер нормативтік-құқықтық сәйкестікке қатысты ереже бұзуларды тергеу тобымен тергеледі және, қажет болғанда, салдарларды басқару бойынша тиісті іс-шаралар қолданылады. 2024 жылы салдарларды басқару бойынша 70 шара ұсынылды, олардың ішінде 81 шара (2023 жылы тіркелген шарларды қоса алғанда) аяқталып, жабылды. Тергеудің сапасы «Мәлімдемелерді тіркеу журналын» үздіксіз жүргізу мен жаңарту арқылы қамтамасыз етіледі, бұл тергеулердің тиімділігін бағалауға және қызмет нәтижелері теріс болған жағдайда үрдістер мен алғашқы себептерді талдауға мүмкіндік береді.
Ең маңызды тергеулер мен салдарды басқару үдерістерін бақылау және оларға қатысты шешім қабылдау мақсатында Этика мәселелері бойынша кеңес құрылды. Салдарды басқару бойынша барлық шаралар КПО-ның қолданыстағы саясаттарына сәйкес қадағалауға және бақылауға жатады. Этика мәселелері бойынша кеңес талқылап, мақұлдағаннан және бекіткеннен кейін, салдарды басқару бойынша шаралар тиісті директораттарда/басқармаларда орындалу үшін міндетті болады. Барлық осындай шаралар арнайы журналдың («Шаралар тізілімі») көмегімен тіркеледі, қадағаланады және бақыланады.
2024 жылы қазанда, Компанияда «КПО этика күні» өткізілді, онда корпоративтік этикалық құндылықтар мен этика мәселелеріндегі көшбасшылық деңгейін арттыруға арналды. Бұл іс-шара 2023 жылы этикалық сипаттағы өзекті тақырыптар мен комплаенс мәселелерін талқылауға арналған платформа құру мақсатында енгізілген. Іс-шараға КПО-ның бірінші және екінші деңгейдегі басшылары, сондай-ақ Shell және ENI аналық компанияларының өкілдері мен сыртқы акционерлері қатысты.
2024 жылы Компания КПО-да корпоративтік этика мен комплаенс принциптері жылы Компания КПО-да корпоративтік этика мен комплаенс принциптері Компания КПО-да корпоративтік этика мен комплаенс қағидаттары бойынша хабардарлық пен қатысушылықты арттыруға бағытталған «Этикалық көшбасшылық» бағдарламасын іске қосты.
Монополияға қарсы күрес / GRI 206-1, 3-3 /
Монополияға қарсы заңдар кәсіпкерліктің еркіндігі мен бәсекелестіктің әділдігін қорғайды. Заңда жазылғандықтан ғана емес, бұларға өзіміз кәміл сенетіндігімізден осы қағидаларды сақтаудың КПО үшін маңызы зор.
КПО Тәртіп кодексі қызметкерлердің барлығы сақтауы тиіс заңға қайшы әрекеттерге, соның ішінде бағаны белгілеу, нарықты бөлісу, өндіріс көлемін шектеу, тендерге қатысуға өтінімдер тапсыру немесе тендерге қатысу кезіндегі келісу, бәсекелестікке қарсы әрекет ету және монополиялауға қарсы күреске қатысты ережелерді реттейді. КПО жұмыскерлеріне тіпті жеке түрде бәсекелестермен антимонополиялық заңдарды бұзу ретінде қабылдануы мүмкін мәселелерді талқылауға, әсіресе осындай мәселелер бойынша олармен келісімдерге келуге қатаң тыйым салынады.
2024 жылда КПО-да жосықсыз бәсекелестікке және монополияға қарсы заңнаманы бұзуға қатысты аяқталмаған немесе аяқталған сот қуынымдары болған жоқ.
Заңнама мен нормативтік актілерді сақтау / GRI 2-27 /
КПО өз қызметін іске асыратын мемлекеттерің қолданыстағы барлық заңдары мен нормативтік актілерін сақтайды.
КПО Директорлар кеңесінің барлық мүшелері мен Заң директораты нормативтік-құқықтық сәйкестік мәселелері ӨБТК және Бірлескен қызмет туралы келісімге, мұнай-газ компанияларының қызметін реттейтін барлық ҚР заңдарына/халықаралық заңнамаға, сонымен қатар нормативтік-құқықтық сәйкестікке қатысты процестерді реттейтін КПО-ның саясаттары мен процедураларына сай шешілуін қадағалайды.
2024 жылы өндірісте барлығы он бір (11) әкімшілік құқық бұзушылық ісі болды, оның ішінде, 4 (төрт) іс – БҚО бойынша «Экология департаменті» Мемлекеттік мекемесі және Атырау облысы бойынша «Экология департаменті» Мемлекеттік мекемесі; 5 (бес) іс – Бөрлі ауданы Полиция бөлімінің талаптамасы бойынша; 1 (бір) іс – БҚО бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Төтенше жағдайлар департаменті» Мемлекеттік мекемесі; 1 (бір) іс – БҚО бойынша «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» Мемлекеттік мекемесі.
11 әкімшілік құқық бұзушылық ісінің 10-ы 2024 жылға қатысты (1 іс 2023 жылдан ауыстырылған). Есепті кезеңде КПО-ға 970 019 394 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынды: КПО бір әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша 1 846 000 теңге мөлшеріндегі айыппұлды төледі; КПО-ның өтініштері бойынша 9 405 370 теңге мөлшеріндегі айыппұлдар жойылды; Қазіргі уақытта 958 768 024 теңге мөлшеріндегі айыппұлдар шағымдалуда.
/ GRI 3-3 /
КПО-да біз адамдарға деген құрметке негізделген құндылықтарға сүйене отырып жұмыс істейміз. Біз үшін бұл – адалдық, ізгілік және әділеттілік. Осы құндылықтарды қабылдап, оларды күнделікті жұмысымызда ұстану арқылы әрқайсымыз КПО беделін қорғауға және нығайтуға үлес қосамыз. Баршамызға ортақ құндылықтар – бұл біз орындайтын жұмыстың айнасы және олар КПО-ның Тәртіп кодексі мен Іскерлік қағидаттарының негізі болып табылады.
КПО іскерлік қағидаттары компания өз қызметін атқару барысында басшылыққа алатын ережелерді белгілейді және акционерлер, тапсырыс берушілер, жұмыскерлер, бизнес серіктестер мен қоғам алдындағы міндеттерімізді анықтайды. Тәртіп кодексінде КПО-ның барлық жұмыскерлері орындауға міндетті тәртіп ережелері және компанияның өз жұмыскерлері алдындағы міндеттері түсіндіріледі.
Бізді іс-әрекеттеріміз бойынша бағалайды. Жұмысымызды заңнамаға, КПО іскерлік қағидаттарына, Тәртіп кодексіне сүйеніп жүзеге асыратын болсақ, беделіміз арта түседі. Бизнес серіктестерімізге КПО іскерлік қағидаттарын немесе оларға парапар қағидаттарды міндетті түрде басшылыққа алуға кеңес береміз.