ӘЛЕУМЕТТІК ЫҚПАЛ
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА: Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА: Жұмыскерлер
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА: Жергілікті қауымдастықтар
Ескерту: қағидалар бөлімнің тиісті тарауларында толығырақ сипатталған.
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА:Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы |
Біз жұмыс көрсеткіштерді үздіксіз жетілдіруге қол жеткізу үшін еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін қолданамыз. Осы мақсатта біз мұндай мәселелерді қызметтің маңызды түрлері ретінде қарастыра отырып, стандарттарды белгілеп, үздіксіз жетілдіруге бағытталған мақсаттарды қойып, түрлі шараларды қолданамыз, сонымен қатар бағалау жүргізіп, жұмыс нәтижелері туралы сыртқы тараптарға есеп береміз. |
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ
Компаниядағы қауіпсіздік техникасына қатысты қауіп-қатерлерді және Компанияның әсерін азайту мақсатында бірқатар міндеттер қойдық. Оларды іске асыру нәтижелері төмендекөрсетілген.
Кесте 6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы міндеттеріміз / GRI 3-3 /
|
2024 жылға қойылған міндеттер |
Орындалу статусы |
2024 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2025 жылға қойылған міндеттер |
|---|---|---|---|
|
Орындалды |
2024 жылы қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық және мәдениет бойынша кіріспе сессияларды өткізу жалғастырылды. Жоспарланған 10 000 адамның орнына КПО мен мердігер ұйымдардың 12 609 жұмыскері қауіпсіздік мәдениетіне арналған кіріспе сессияларға қатысты; Шілде айында қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық және мәдениет (ҚКМ) бағдарламасының екінші кезеңі басталды, сертификатталған ҚКМ коучтары «Оқытушыны іс-әрекетте оқыту» сессияларын жүргізді, сондай-ақ жаңа коучтар даярланды, жалпы саны 102 коуч оқудан өтті. |
|
|
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникацияны жақсарту жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау. |
90 % орындалды |
2024 жылға жоспарланған іс-шаралар мен науқандар 90 % – ы сәтті жүзеге асырылды. |
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникацияны жақсарту жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын 90 %-ға орындау |
|
ISO 39001 стандарты бойынша екінші қадағалау аудитінен сәтті өту. |
Орындалды |
2024 жылы КПО осы стандарт бойынша екінші қадағалау аудитінен сәтті өтті. |
Жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесінің ISO 39001 стандарты бойынша қайта сертификаттау аудитінен сәтті өту |
|
ISO 45001 стандарты бойынша бірінші қадағалау аудитінен сәтті өту |
Орындалды |
2024 жылы КПО осы стандарт бойынша алғашқы қадағалау аудитінен сәтті өтті. |
«Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік» менеджмент жүйесінің ISO 45001 стандарты бойынша қадағалау аудитінен сәтті өту |
ЕҚ ЖӘНЕ ҚТ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕР / GRI 3-3, 403-2, 403-9, ТДМ 3.9, 8.8 /
Біз қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау саласындағы қызметімізді даму қарқынымызды бақылап, әлемде болып жатқан оқиғаларды ескере отырып жоспарлаймыз. Біз белгілі бір жұмыс көлемін орындау кезінде болған оқиғалардың жиілігін адам-сағат көрсеткіші негізіндеөлшейміз. Біздің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша көрсеткіштеріміз 2019–2024 жылдар аралығын қамтиды, алайда 2024 жылға баса назар аудара отырып ұсынылды.
3-кестеде еңбекке жарамсыздыққа әкелген жарақаттар жиілігі (ЕҚЖЖ)2 мен тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі (ТТЖЖ)3 көрсетілген.
2024 жылы КПО-да тіркелуге тиіс жарақаттар саны аздап өсті, 2023 жылы 14-тен 2024 жылы 15-ке дейін өсті. Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар саны да артты: 2023 жылғы екіжағдайдан 2024 жылы жеті жағдайға дейін өсті. 2024 жылы КПО-дағы ЕҚЖЖ 0,18 (2023 жылы 0,05 болған) болса, ал ТТЖЖ 0,39 (2023 жылы 0,37 болған) құрады.
Болашақта мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу мақсатында КПО-да әрбір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса, біз мердігерлермен және басқа да мүдделі тараптармен оқиғалардан алынған сабақтар туралы ақпарат.
Cызба 3. ЕҚЖ және ТТЖ жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2019–2024 жылдар/ GRI 403-9 /
Ескертпе: КПО-дағы ЕҚЖ және ТТЖ жиілігін есептеу үшін келесі әдіс қолданылады:
2 Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (ЕҚЖЖ) = еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар + өлімге әкелген оқиғалар) x 1 000 000 / адам-сағат саны;
3 Тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі = тіркелуге тиіс жарақаттар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар + медициналық емделуге әкелген оқиғалар + жеңіл жұмысқа ауыстыруға әкелген оқиғалар) x 1 000 000/адам-сағат саны).
7-кестеде КПО-ның ЕҚЖЖ бойынша көрсеткіштері мердігер ұйымдардың соңғы төрт жылдағы ЕҚЖЖ көрсеткіштерімен салыстырып көрсетілген. КПО және мердігер ұйымдардың деректері бөлек көрсетілген. Жиынтық көрсеткішті алу үшін деректерді қосып, жиынтық мәнін шығарудың орнына есептеу формуласын қолдану керек.
Кесте 7. Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2021– 2024 жылдар / GRI 403-9 /
|
Тиімділік көрсеткіштері |
2024 |
2023 |
2022 |
2021 |
|---|---|---|---|---|
|
Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (КПО) |
0,00 |
0,00 |
0,00 |
0,14 |
|
Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (мердігер ұйымдар) |
0,22 |
0,06 |
0,27 |
0,00 |
8-кестеде КПО-ның ТТЖЖ бойынша көрсеткіштері мердігер ұйымдардың ТТЖЖ көрсеткіштерімен салыстырып көрсетілген.
Кесте 8. Тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2021–2024 жылдар / GRI 403-9 /
|
Көрсеткіштер |
2024 |
2023 |
2022 |
2021 |
|---|---|---|---|---|
|
Тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі (КПО) |
0,44 |
0,45 |
0,00 |
0,14 |
|
Тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі (мердігер ұйымдар) |
0,38 |
0,35 |
0,50 |
0,08 |
КПО жұмыс істеуге қауіпсіз жағдай жасауға ұмтылады. Осыған қарамастан, 2024 жылы компанияда он бес оқиға орын алып, онда КПО мен мердігер ұйымдардың жұмыскерлері түрлі жарақаттар алды.
Кесте 9. 2024 жылы орын алған оқиғалар (тіркелуге тиіс жарақаттар) / GRI 403-9 /
|
Жарақат түрі |
Сипаттамасы |
Саны |
|---|---|---|
|
Еңбек ету қабілетінен уақытша айырылуға әкелген жағдайлар |
Құлау нәтижесінде алынған аяқ жарақаты |
2 |
|
Құрғақ газды тығыздағышты босату нәтижесінде (қолға соғылу) алынған қол жарақаты |
1 |
|
|
Биіктіктен құлау нәтижесінде алынған қабырға жарақаты (сыну) |
1 |
|
|
Қысым астындағы су ағынынан алынған аяқ жарақаты |
1 |
|
|
Тепе-теңдікті жоғалту және құлау нәтижесінде алынған бас жарақаты |
1 |
|
|
Жердің опырылуы нәтижесінде алынған аяқ жарақаты |
1 |
|
|
Тіркелуге тиіс жарақаттар (яғни жұмыскер медициналық емдеу алғаннан кейін жұмысын жалғастыра алды немесе жеңіл жұмысқа ауыстырылды) |
Өрт сөндіру шлангісінің соғуы салдарынан алынған аяқ жарақаты |
1 |
|
Аяқты қайырып алу салдарынан алынған табан жарақаты (сыну) |
1 |
|
|
Сүріну нәтижесінде алынған аяқтың бас бармағының жарақаты |
1 |
|
|
Сүрінудің нәтижесінде алынған қол жарақаты (кесіп алу) |
1 |
|
|
Баспен құбырға соғылу салдарынан қас пен бет сүйегі аймағының жарақаты (көгеруі) |
1 |
|
|
Құлау кезінде платформаның тірегіне соғылу салдарынан болған бас жарақаты |
1 |
|
|
Сүрініп, шыны есікке құлау нәтижесінде алынған бас және қол жарақаты |
1 |
|
|
Тышқанның тістеуі нәтижесінде алынған саусақ жарақаты |
1 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
|
15 |
2024 жылы бірде-бір айтарлықтай ЖКО тіркелген жоқ.
1 млн км қашықтыққа есептегендегі жол-көлік оқиғаларының жиілігі (ЖКОЖ4) 2024 жылы КПО мен мердігер ұйымдарда 0,00 (2023 жылы – 0,02) құрады. КПО көлік құралдары жүріп өткен қашықтық 2023 жылы 41,8 млн км-ға тең болған болса, ал 2024 жылы 56,7 млн км-ді құрады. / GRI 403-9 /
Жүріп өткен жол көлемінің артуы негізінен Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) ұсынымдарына сәйкес келтіру мақсатында КПО-ның есептілік шекті параметрлерінің қайта қаралуына байланысты болды. 2024 жылғы мамыр айынан бастап, КПО статистикасында КПО-мен жасалған келісімшарттар шеңберінде жұмыстарды орындау үшін жүзеге асырылған сапарлар кезінде, кен орнында және оның аумағынан тыс жерде мердігер ұйымдарға (бастапқы және қосалқы логистика) және КПО-ға тиесілі көлік құралдарымен жүріп өткен жалпы қашықтық есепке алынады.
2020–2024 жылдар аралығындағы КПО және мердігерлік ұйымдарда өліммен аяқталған оқиғалардың жиілігі нөлге тең болып қалады5. / GRI 403-9 /
2024 жылы КПО мен мердігер ұйымдардың жұмыскерлері 38 129 473 адам-сағат жұмыс істеді: оның 18 % (6 827 029 адам-сағат) КПО жұмыскерлеріне тиесілі, ал 82 %-н (31 302 444 адам-сағат) мердігер ұйымдардың жұмыскерлері атқарды.
4 КПО-да қолданылатын ЖКОЖ есептеу әдісі: ЖКО жиілігі = ЖКО саны (елеулі) x 1 000 000 / жүріп өткен км саны.
5 КПО қолданатын өліммен аяқталған оқиғалардың жиілігін есептеу әдісі: Өліммен аяқталған оқиғалардың жиілігі (бір миллион жұмыс істеген адам сағатына) = өліммен аяқталған оқиғалардың саны × 1 000 000 / жұмыс істеген адам-сағаты
Кесте 10. Жұмыс істелген адам-сағаттар саны: КПО және мердігер ұйымдар, 2021–2024 жж. / GRI 403-9 /
|
Көрсеткіштер |
2024 |
2023 |
2022 |
2021 |
|---|---|---|---|---|
|
Жұмыс істелген адам-сағат саны (КПО) |
6 827 029 |
6 652 986 |
6 629 709 |
6 924 081 |
|
Жұмыс істелген адам-сағат саны (мердігер ұйымдар) |
31 302 444 |
31 170 717 |
25 885 889 |
25 340 974 |
|
Барлығы |
38 129 473 |
37 823 703 |
32 515 598 |
32 265 055 |
2024 жылы КПО-да 2023 жылғы 0 көрсеткішпен салыстырғанда 9 ықтимал қауіпті оқиға (ЫҚО) тіркелді.
Кесте 11. Ықтимал қауіпті оқиғалардың саны (ЫҚО): КПО және мердігер ұйымдар, 2021–2024 жж. / GRI 403-9 /
|
Көрсеткіштер |
2024 |
2023 |
2022 |
2021 |
|---|---|---|---|---|
|
ЫҚО саны (КПО) |
2 |
0 |
0 |
0 |
|
ЫҚО саны (мердігерлік ұйымдар |
7 |
0 |
7 |
1 |
|
Барлығы |
9 |
0 |
7 |
1 |
2024 жылы Компанияда 77 ықтимал қауіпті жағдай (әрі қарай – ЫҚЖ6 ) тіркелді: оның 58-і (75 %) оқиғалар туралы хабарлау процедурасы арқылы, 19-ы (25 %) ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталарының көмегімен анықталды. Әрбір ЫҚЖ үшін, әрбір оқиға бойынша КПО мұқият тергеу жүргізеді, олардың себептері анықталып,кемшіліктерді түзетуге және оқиғалардың қайталануын болдырмауға бағытталған ұсынымдар әзірленеді.
6 Ықтимал қауіпті жағдай (ЫҚЖ) – тіркелуге тиіс жарақаттарға, мүлікке, қоршаған ортаға зақымға немесе технологиялық қауіпсіздікке байланысты оқиғаға әкелу ықтималдығы болған кез-келген жоспарланбаған немесе басқарылмайтын оқиға немесе оқиғалар тізбегі, бірақ түрлі жағдайлардың арқасында мұндай оқиғалар орын алмаған.
Саладағы басқа ұйымдармен салыстыру / GRI 3-3 /
Жыл сайын біз қызметіміздің тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін (ТНК) Халықаралық мұнай-газ өндірушілер қауымдастығының (бұдан әрі – IOGP) есебінде ұсынылған оператор компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырамыз. IOGP қауымдастығы ЕҚ және ҚТ саласындағы тиімділік көрсеткіштерін жыл сайын www.iogp.org сайтында жариялап отырады.
2024 жылы КПО-да еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттардың саны артты (2023 жылы екі жарақат тіркелген болса, 2024 жылы – жеті). Егер 2024 жылғы КПО көрсеткіштерін саланың басқа компанияларымен салыстыратын болсақ, еңбек жарамсыздығына әкелген жарақаттар жиілігі бойынша КПО көрсеткіші IOGP-дің орташа мәнінен жоғары, алайда IOGP құрамындағы үздік 10 компанияның көрсеткіштерінен төмен. (4-сызбаны қараңыз).
Cызба 4. КПО көрсеткіштері мен IOGP көрсеткіштері, 2011–2024 жж.
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары / GRI 2-23, 3-3, 403-7, ТДМ 8.8 /
Жоспардың басты мақсаты – ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ басқару жүйесін оңтайландыру, қауіп-қатерлерді одан әрі бақылау, жұмыскерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу. Бұған «Мақсатты элементтерді» және Компанияның күнделікті өндірістік қызметінен тыс, айтарлықтай пайда алуға және жақсартуларға қол жеткізуге бағытталған бірқатар іс-шараларды қолдану арқылы қол жеткізіледі.
Аталмыш жоспар мен ТНК бір біріне сәйкес болуы,қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін 2024 жылы КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауда құрылымдық тәсілді қолданды.
Кесте 13. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары өзара байланысты бағыттардан тұрады:
|
ДЕҢГЕЙ I (негізгі): |
Жарақат алу бойынша нөлдік көрсеткіші және өндірістердің тұтастығын қамтамасыз ету |
|
ДЕҢГЕЙ II (қосалқы): |
Персонал денсаулығын сақтау Персонал қауіпсіздік техникасы Объектілердің тұтастығы және өндіріс қауіпсіздігі Жол қауіпсіздігі Қоршаған ортаны қорғау |
|
ДЕҢГЕЙ III (қол жеткізу жолдары): |
Стратегия мен мақсатты элементтер |
Компания мүдделі тараптармен бірлесіп, жоспарларды іске асыру және қауіпсіздік барьерлерін нығайту бойынша жұмыс істейді. Жоспардың міндеттерін шешу үшін неғұрлым егжей-тегжейлі қосалқы жоспарлар қолданылады.
Келесі параграфтарда біз ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы көшбасшылық дағдыларды дамыту және мәдениетті нығайту бойынша 2024 жылы орындалған іс-шараларды, сондай-ақ жол қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі жоспардың іс-шараларын сипаттаймыз. Қоршаған ортаны қорғау, өндірістің тұтастығы, тәуекелдерді басқару және денсаулықты қорғау туралы ақпарат есептің тиісті тарауларында берілген.
ҚТ саласындағы көшбасшылық және мәдениет / GRI 3-3, 2-23, 2-29, 403-5, ТДМ 8.8 /
2024 жылы КПО «Қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық және мәдениет» бағдарламасы аясында кіріспе сессияларды өткізуді жалғастырды. Жоспарланған 10 000 адамның орнына қауіпсіздік мәдениетіне арналған кіріспе сессияларға КПО мен мердігер ұйымдардың 12 609 жұмыскері қатысты.
Шілде айында қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық және мәдениет (ҚКМ) бағдарламасының екінші кезеңі басталды, сертификатталған ҚКМ коучтары «Оқытушыны іс-әрекетте оқыту» сессияларын жүргізді, сондай-ақ жаңа коучтар даярланды. Барлығы 102 коуч оқытылды.
«Қауіпсіздік саласындағы іс-әрекеттегі көшбасшылық және мәдениет» бағдарламасы аясында КПО мен мердігер ұйымдардың басшылық құрамына және өндірістік алаңдағы жұмысшыларға арналған сессиялар басталды. Бұл сессиялар барысында қатысушылар өндірістік учаскелерде жұмысты орындау кезінде қолдануға болатын нақты дағдыларды меңгереді.
- КПО және мердігер ұйымдардың супервайзерлері үшін «Қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық және мәдениет» бағдарламасының екінші кезеңі аясында 135 сессия өтті, бұл сессияларға барлығы 1 479 жұмыскер қатысты.
- Өндірістік алаңдағы жұмыскерлер үшін 75 сессия өткізілді, бұл сессияларға 950 жұмыскер қатысты.
Осы бағдарламаны үйлестіру және іске асыру мақсатында жобаны басқару кеңсесінің жиналыстары ай сайын өткізіліп отырды.
Прогресті талқылау, тәжірибе алмасу, туындайтын мәселелерді шешу, қауіпсіздік саласындағы мақсаттарды келісу және белсенді қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруды үнемі жетілдіру мақсатында коучтарға арналған тұрақты жиналыстар мен екі форум өтті.
«Қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық және мәдениет» бағдарламасының жетекші коучтары іріктеліп, оқытылды. Жетекші коучтар бағдарламаға стратегиялық жетекшілік етуді, тәлімгерлікті, сондай-ақ ҚКМ бағдарламасының жүйелілігі мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етеді.
2024 жылдың қаңтар және тамыз айларында КПО-ның, сондай-ақ КПО компаниясы үшін қатер деңгейі орташа және жоғары жұмыстарды орындайтын мердігер ұйымдардың жоғары басшылығына арналған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша семинарлар өткізілді.
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру құралдары / GRI 2-29, 3-3 /
Компанияның негізгі міндеті – қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету. / GRI 2-23 /
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ қызметтерінің бірлескен жұмысының арқасында 2024 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникацияны жақсарту жөніндегі барлық жоспарланған іс-шаралар мен науқандар 100 % орындалды.
Күн сайын экран бетіне шығатын хабарламалар және өзекті тақырыптар бойынша үнемі шығарылып тұратын «ҚТ бойынша қысқаша ақпарат» арқылы жұмыскерлерді жедел ақпараттандыру және хабардарлығын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілді. Жыл бойы әртүрлі тақырыпта 18 «ҚТ бойынша қысқаша ақпарат» дайындалды, мысалы, сүйенішті пайдалану, ықтимал қауіпті жағдайлар туралы хабарлаудың маңыздылығы, қауіпті жүргізуге жол бермеу және т.б.
2024 жылы 30 сәуірде КПО 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы ең үздік көрсеткіштері үшін КПО бөлімдері мен мердігер ұйымдар жұмыскерлері арасында жыл сайынғы марапаттау рәсімін өткізді.
«КПО өндірістік бөлімдері мен жобалары арасында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша жылдың үздік көрсеткіші» номинациясы бойынша бас жүлдені Жалпы жобалау және ҚӨК бөлімдер топтары иеленді. Ал «КПО өндірістік емес бөлімдері арасында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша жылдың үздік көрсеткіші» номинациясы бойынша жеңімпаз Қаржы есебі және есеп беру бөлімі болды. Мердігер ұйымдар арасында өндірістік бөлімдер бойынша үздік көрсеткіштер үшін жеңімпаз атанған – «Ақбарыс» компаниясы, ал өндірістік емес бөлімдер арасында – «Лигабуе» компаниясы болды. Сонымен қатар, ықтимал қауіптер мен қауіпті іс-әрекет туралы хабарлағаны және араласқаны үшін жеке марапаттардың жеңімпаздарына ақшалай сыйақы берілді. Бұған қоса, қауіпсіздік техникасын жақсартуға ерекше үлес қосқан және негізгі жұмысына қосымша еңбекті қорғау саласындағы түрлі бастамалар мен науқандарды іске асыруға жәрдем көрсеткен жұмыскерлер де көтермелеу ақшалай марапаттарға ие болды.
4 қыркүйектен бастап КПО кеңселері мен өндірістік объектілерінде ауыр жарақаттарға алып келген соңғы оқиғаларды талқылау және олардың қайталануын болдырмау мақсатында «Қауіпсіздік күні» жиналыстары өткізіле бастады. Жиналыстар «Жұмысты бастар алдында» ұранымен ашық диалог форматында өтті. Бұл кез келген жұмысты бастамас бұрын тексеруге, қайта тексеруге және барлық қауіпсіздік шараларының қабылданғанына көз жеткізуге уақыт бөлудің маңыздылығын атап көрсетті. Жиналысқа КПО мен мердігер ұйымдардың 9 000-нан астам жұмыскері қатысты.
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша жыл сайынғы форум көптеген жылдар бойы коммуникациялық процестің ажырамас құралы болып келді. 2024 жылы аталған форум «Қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық және мәдениеті» бағдарламасымен біріктіріліп, 3 желтоқсанда ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жөніндегі Саммит өтті. Саммитке КПО мен мердігер ұйымдардың жоғары басшылығы, объектілер басшылары, жоба менеджерлері, учаске бастықтары, сондай-ақ ҚКМ бағдарламасының коучтары қатысты.
Іс-шара «Бірге – қауіпсіз» ұранымен өтіп, қауіпсіздік мәдениетін түбегейлі жақсарту тек бірлесіп әрекет еткенде мүмкін болатынына ерекше назар аударылды. Саммит барысында келесі негізгі тақырыптар талқыланды:
- ҚКМ бағдарламасы бойынша сессиялар мен сауалнамалар жүргізу барысында анықталған проблемалық аспектілер;
- мердігер ұйымдармен ҚКМ бағдарламасын іске асыру бойынша тәжірибемен алмасу;
- денсаулыққа төнетін қауіп-қатер факторлары және КПО мен мердігер ұйымдарда салауатты өмір салтын насихаттау;
- жол қозғалысы қауіпсіздігі – реактивті тәсілден проактивті тәсілге көшу.
«SLS OIL» және КПО компанияларының ҚКМ бағдарламасы бойынша жетекші коучтары КПО мен мердігер ұйымдардың жұмыскерлері арасында жүргізілген сессиялар мен анонимді сауалнамалар барысында анықталған бес проблемалық аспект туралы баяндап, қатысушылар көтерген мәселелерді ашық түрде талқылады.
2024 жылғы маусым айында КПО мен мердігер ұйымдардың жоғары басшылығының кездесуі өтті (оған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы қатер деңгейі жоғары және орташа 73 компания қатысты). Кездесудің мақсаты – көшбасшылық пен қауіпсіздік мәдениеті қағидатын атап көрсету, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы шарттық міндеттемелер мен талаптарды нығайту, сондай-ақ жұмыстарды орындау барысында туындайтын мәселелерді талқылау болды. Келесі маңызды тақырыптар қозғалды:
- Жоғары буын басшылары қауіпсіздік мәдениетін өзгертуге өкілетті және бұл олардың міндеті болып табылады, сондықтан қауіпсіздік саласындағы көшбасшылыққа басымдық беріледі;
- Қазіргі кезде әлемдегі күрделі жағдайлар (соның ішінде инфляция) көптеген компаниялардың қаржылық жағдайына әсер етуде. Алайда, шығындарды азайтуға бағытталған кез келген шешім қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына (ЖҚҚ, тұрмыстық жағдайлар және т.б.) әсер етпеуі керек.
- D қосымшасында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы келісімшартқа қойылатын ең төменгі талаптар көрсетілген және олар қатаң сақталуы тиіс.
Қауіпсіздік мәдениеті деңгейін арттыру мақсатында 2024 жылға арналған ҚТ бойынша жұмыскерлерге жыл сайынғы сыйақы тағайындау үшін міндетті белсенді көрсеткіштер мен міндеттер айқындалды:
- Қауіпсіздік техникасы (ҚТ) бойынша жаңа көрсеткіш – Проактивті іс-әрекет көрсеткіші (ПІК) енгізілді. ҚТ бойынша ПІК мәні кемінде 490 болуы тиіс (ҚТ бойынша ПІК критерийі = Қауіпті әрекеттер бойынша бақылаулар + Қауіпті жағдайлар бойынша бақылаулар + Жұмысты тоқтату құқығын пайдалану + Ықтимал қауіпті оқиғалар / бір миллион адам-сағат ≥ 490).
- Жыл соңына дейін жұмыскерлер «Өмірлік маңызды ережелер» бойынша – «Жүк көтеру жұмыстары» және «Қауіпті аймақ» тақырыптарында электрондық оқытудан өтіп, «ҚТ саласындағы көшбасшылық пен мәдениет бағдарламасы» бойынша тренингке қатысулары тиіс болды.
КПО ҚТ саласындағы ПІК бойынша жоспарлы көрсеткішке қол жеткізді (нысаналы көрсеткіш – 490, нақты – 566) және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша сыйақы электрондық оқытудан уақытында өткен және тренингке қатысқан КПО мен кадр агенттіктерінің жұмыскерлеріне төленді.
Жұмыс учаскелерінде басшылықтың болуы
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша жалпы көрсеткіштерді бақылау, басшылық пен жұмысшылар арасындағы жұмыс алаңындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету мақсатында КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексерулер жүргізеді: бұл тексерулерге КПО директорлары/басқарушылары, сондай-ақ мердігер ұйымдардың орта және жоғары буын басшылары қатысады.
2024 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексерулерге 0–1 деңгейдегі басшылықтың қатысуының жалпы саны 203-ті құрады (жоспарланғаны – 84, жоспардың орындалуы – 242 %), ал 2–3 деңгейдегі басшылықтың тексерулерге қатысуының жалпы саны 1 758-ді құрады (жоспарланғаны – 595, жоспардың орындалуы – 295 %).
Жол қауіпсіздігі / GRI 3-3, 403-2 /
Жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша тұрақты көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатында КПО жол қауіпсіздігін (ЖҚ) жақсарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын іске асыруды жалғастыруда. 2024 жылы компания жоспардағы іс-шаралардың 95 %-н орындады.
2024 жылы ЖҚ бойынша жеткен негізгі жетістіктер/орындалған іс-шаралар:
- ISO 39001: Жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесі – 2қадағалау аудитінен сәтті өтуі (ешқандай сәйкессіздіктерсіз);
- Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша көрсеткіштері төмен 12 мердігер ұйымдағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігін тексеру;
- КПО мен мердігер ұйымдар персоналына арналған жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы хабардарлықты арттыру бойынша маусымдық кампаниялар жүргізу;
- Тәжірибе алмасу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар алу үшін жүргізушілермен шағын форумдар өткізу;
- Қыста көлік жүргізуге байланысты қауіптерге, соның ішінде жолда жануарлармен соқтығысу қаупіне қатысты жүргізушілерге арналған кезектен тыс жиналыс өткізу;
- КПО-ның апаттық әрекет ету және денсаулық сақтау бөлімдерінің қатысуымен апатты ЖКО бойынша оқу-жаттығу жұмыстары;
- Барлық негізгі логистика көлік құралдарына жолаушылар үшін ЖҚЕ туралы ақпаратпен QR-коды бар жапсырмаларды орнату;
- Қосалқы логистика құрамындағы барлық көлік құралдарына «Көлік жүргізуім қауіпсіз бе?» деген жазуы бар жапсырмаларды енгізу;
- «Жасыл», «Сары» және «Қызыл» жүргізуші санаттары бойынша КҚБЖ ұпайларын қайта қарау;
- ROSPA стандарты бойынша сертификатталған қауіпсіз жүргізу бойынша оқыту орталығының сыртқы сарапшыларын тарта отырып, КПО-ның қауіпсіз жүргізу тренингінің сапасын арттыру;
- КПО-ның жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесіне Оператор өкілдері тарапынан шолу жүргізу;
- Көлік қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында мердігер ұйымдардың қатысуымен іс-шаралар өткізілді, онда жүргізушілер алғашқы медициналық көмек көрсету және өрт сөндіргіштердің көмегімен өртті сөндіру дағдыларын көрсетті.
2024 жылы КПО мен жергілікті мемлекеттік органдар арасында Ақсай қаласында жол-көлік жарақаттануының алдын алу жөніндегі іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға қатысты меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен және халықпен өзара іс-қимыл шеңберінде КПО ЖҚ жақсарту мақсатында 2024 жылы келесі іс-шараларды өткізді/қатысты:
- Халықаралық балаларды қорғау күніне және халықаралық жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне арналған байқаулар өткізу және балаларға естелік сыйлықтар табыстау арқылы іс-шаралар ұйымдастыру;
- Ақсай қаласындағы ЖҚҚ тақырыбындағы билбордтарды жаңарту.
/ GRI 3-3 /
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндіріс тұтастығы – кез келген мұнай-газ және конденсат кен орнын игеру мен пайдаланудағы табыстың негізгі факторлары. Күкіртсутек шығарындылары, өнімнің ағып кетуі және ЖКО сияқты қауіп-қатерлерге байланысты өндірісте жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігі компания үшін басты міндет болып табылады. Компанияның және мердігер ұйымдардың әр жұмыскері үйіне аман-есен оралуы керек, ал өндірісте ағып кету жағдайлары мүлдем болмауы керек.
КПО ұйымда да, одан тыс жерлерде де тиімді ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениетін енгізіп сақтауға көп күш жұмсайды.