Жергілікті қамтуды дамыту / GRI 203-2, ТДМ 8.1, 8.3, 9.2, 9.3, 17.7, 17.17 /

Қарашығанақ кен орнын игеру басталғаннан бері КПО компаниясы қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді тарту арқылы Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамту үлесін арттыру бағытында белсенді жұмыс істеуде, бұл отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің (ТЖҚ) үлесін ұлғайту және импорт көлемін азайту арқылы жоба үшін сатып алынатын жалпы ТЖҚ көлеміндегі жергілікті өндірістің үлесін арттыруды көздейді.

Карашығанақ жобасы аясындағы 2024–2029 жылдарға арналған КПО-ның тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы 2024 жылдың желтоқсанында ББК 14/2024 қарарымен әзірленіп, бекітілді. Бағдарлама мақсаты ҚР мемлекетінің машина жасау, индустрияландыру мен цифрландыру бағытындағы бастамаларымен және КПО-ның жергілікті қамту саласындағы корпоративтік саясатына сәйкес келеді. Бұл бағдарлама жергілікті қамтуды дамытуға қатысты мақсаттар мен міндеттерді, сонымен қатар қызметті тиімді бақылауға мен бағалауға арналған негізгі көрсеткіштерді айқындайды. / GRI 2-29, 3-3 /

2024 жылы КПО-ның жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған бастамаларының арқасында келесі нәтижелерге қол жеткізілді: / GRI 204-1 /

  • Қарашығанақ жобасындағы тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетудегі жергілікті қамтудың үлесі 2024 жылы 65,00 % құрады (679,7 млн АҚШ долларына тең), бұл жоспарланған 62 %-дан 2 %-ға жоғары.
  • 88,3 млн АҚШ долларына қазақстандық өнімдер сатып алынды, бұл барлық сатып алынған көлемнің 42,3 %-ын құрайды (оның ішінде жергілікті қамту үлесі «CT-KZ13 сертификаты бойынша 18,2 % құрайды).

13 Тауардың Қазақстан аумағында өндірілгенін немесе қайта өңделгенін растайтын сертификат. Бұл сертификат Қазақстан аумағындағы пайдалануға арналған, мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың немесе мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде.

Сызба 30. КПО сатып алуларының жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі, 2014–2024 жылдар/ GRI 204-1 /
Сызба 30. КПО сатып алуларының жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі, 2014–2024 жылдар

1997 жылы ӨБТК-ге қол қойылған сәттен бастап 2024 жылдың соңына дейін Қарашығанақ жобасы аясында тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың жиынтық үлесі 10,80 млрд АҚШ долларынан асты. / GRI 204-1 /

Компания Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыруға ерекше көңіл бөледі.

2024 жылы Қазақстанда Қарашығанақ жобасының қажеттіліктері үшін Қазақстан Республикасында келесі тауар түрлерін өндіруге 33 миллион АҚШ долларынан астам сомаға құрайтын 9 келісімшартқа қол қойылды: электр жабдықтары (электр тарату қалқаны), клапандар, контейнерлер, жылу алмастырғыштар, стандартты емес өнімдер, тығыздағыштар (қосалқы бөлшектер), өлшеу құралдары, жеке қорғану құралдары, бетон тақталар және т.б.

Компания Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыруға ерекше көңіл бөледі.

«Қазақстандық тендерлер» өткізу жергілікті өндірушілер мен жабдықтаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. 2024 жылы КПО жалпы сомасы 36,9 млн АҚШ долларын құрайтын 10 «Қазақстандық тендерді» тек жергілікті компаниялар арасында өткізді. Нәтижесінде КПО жалпы сомасы 340 мың АҚШ долларын құрайтын бір келісімшарт жасасты. Басқа «Қазақстандық тендерлер» бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кесте 51. 2021–2024 жылдары КПО өткізген «Қазақстандық тендерлер».

Кезең

Өткізілген тендерлер

Жасалған келісімшарттар

Тендерлер саны

Өтінім сомасы, млн АҚШ доллары

Саны

Келісімшарттың жалпы сомасы, млн АҚШ

2021

12

50,2

11

22,2

2022

10

383,8

7

65,4

2023

7

60,5

2

8,2

2024

10

36,9

1

0,34

КПО орналасқан аймағы – Батыс Қазақстан облысында (БҚО) жергілікті жеткізушілердің тұрақты дамуын нығайту шеңберінде,2024 жылдың нәтижесі бойынша КПО БҚО кәсіпорындарына тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсеткені үшін 539,84 млн АҚШ доллары көлемінде төлем жасады, оның ішінде жергілікті қамту үлесі 377,26 млн АҚШ долларын немесе 69,88 % құрады.

Сонымен қатар, КПО жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру мақсатында БҚО кәсіпорындарын, соның ішінде машина жасау секторының өкілдерін, нарықты зерттеу жұмыстарына және тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тендерлеріне, сондай-ақ Компания өткізетін түрлі іс-шараларға қатысуға тұрақты түрде шақырып тұрады. Төменде 2024 жылғы нәтижелер келтірілген.

Кесте 52. БҚО-ға тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу бойынша КПО жергілікті қамту үлесі, 2024 ж.

Сипаттамасы

Келісімдер саны

Мердігерлер саны

Шығындар, млн. АҚШ

Жергілікті қамту үлесі, %

Жергілікті қамту үлесі, млн. АҚШ

Тауарлар

92

47

55,04

10,35 %

5,70

Жұмыстар

39

24

309,97

65,66 %

203,52

Қызметтер

196

105

174,83

96,12 %

168,04

БАРЛЫҒЫ

327

176

539,84

69,88 %

377,26

Ұзақ мерзімді бастамалар / GRI 2-28 /

КПО компаниясы Қазақстандағы мұнай-газ саласына арналған тауарлар өндірісін дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған Халықаралық орталығымен (IMBС) белсенді ынтымақтасады. Бұл тұрғыда IMBC ірі мұнай-газ Операторлары мен Қазақстан Республикасының машина жасау саласының кәсіпорындары арасындағы байланыстырушысы ретінде әрекет етеді.

IMBC-тің негізгі міндеті Қазақстандағы мұнай-газ саласына арналған тауарлар өндірісінің тұрақты дамуына жәрдемдесу және Операторлардың сатып алу үдерісіндегі жергілікті қамту деңгейін арттыру болып табылады.

IMBC негізгі қызметі – отандық өндірушілерге талдау жүргізу, болжау, шешімдер ұсыну және техникалық қолдау көрсету. Осыған байланысты, отандық компаниялардың әлеуетін арттыру мақсатында IMBC дамыту жоспарларын әзірлейді. Бұдан бөлек, IMBC Қазақстанда мұнай-газ жабдықтарын өндіруді жергіліктендіруге қызығушылық танытқан Операторлар мен инвесторлар арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Мұндай инвестициялық жобаларды қолдау үшін орталық түрлі қаржы институттарымен және мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді. Инвесторлармен бірлесе отырып, IMBC жергіліктендіру жоспарларын әзірлеп, оларды қарастыру үшін Операторларға ұсынады. Бұл өз кезегінде алдыңғы қатарлы халықаралық мұнай-газ жабдығын өндірушілерден технологияларды тартуға жол ашады.

2021 жылдан бастап, үш жыл ішінде IMBC A, B, C тауар топтары бойынша отандық өндірушілермен бірлесіп, олардың өндірістік әлеуетін дамыту бағытында жұмысын жалғастырып келеді. Атап айтқанда: клапандар, электр құрылғылары мен аспаптар, құбыр арматуралары, сорғылар мен тығыздағыштар, желдету және технологиялық сүзу жүйелері, оқшаулағыш материалдар, химиялық заттар, АСЖБ жабдықтары, ЖҚҚ және басқа да өнімдер бойынша. Қазіргі таңда IMBC 14 жергілікті өндірушімен әлеуетті дамыту жоспарлары (АДЖ) шеңберінде ынтымақтасуда. КПО жеткізушілерді алдын ала іріктеу және тендер өткізу барысында іске асырылған АДЖ нәтижелерін ескереді. Сонымен қатар, IMBC өз қызметін Қазақстан Республикасында жергіліктендіруге мүдделі компаниялармен келіссөздер жүргізуде және олардың қажеттіліктерін талдау мен болашақта ескерілуі үшін КПО компаниясына 23 инвестициялық шешім ұсынды.

2024 жылғы маусымда Операторлар D тауар тобына жататын келесі санаттарды айқындады: компрессорлар, жетектер, болат және металдан жасалған бұйымдар, шеберхана жабдықтары мен қол құралдары.

КПО компанияларды өз тендерлеріне белсенді қатысуға тартады. 2024 жылы IMBC-пен ынтымақтастық аясында 5 келісімшартқа қол қойылды, оның ішінде тарату және кабельдік жәшіктерге арналған сынама тапсырысы, клапандар, өлшеу құралдары, электр техникалық материалдар мен жарылысқа төзімді материалдарды қоса алғанда, бар жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша шарттар бар.

2024 жылы Операторлар IMBC-тің өкілеттіктерін кеңейтуге келісті. Жаңа өкілеттіктер құрамына жаңа мүшелерді қабылдауды көздейді, бұл IMBC қызметіне жалпы оң әсерін тигізеді.

КПО келесі бірлескен іс-шараларға белсенді қатысады және негізгі рөл атқарады:

  • IMBC форумы – 2024 жылы 10 шілде, Атырау
  • Ашық есік күндері – 2024 жылы 10–12 шілде, Атырау (23 Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды)
  • IMBC семинары – А тауар тобы бойынша (Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ) – 2024 жылы 2 қазан, Атырау
  • IMBC семинары – B тауар тобы бойынша КПО қатысуымен – 2024 жылы 12 желтоқсан, Атырау

Түпнұсқа жабдықты жергіліктендіру (OEM) бастамасы 2019 жылы енгізгелі бері KПO 16 жергіліктендіру жол картасына қол қойып, жалпы құны 4 821,6 млн АҚШ долларынан асатын 68 келісімшарт жасасты. Нәтижесінде, 2024 жылы Қазақстан Республикасында өндірілген жоғары технологиялық OEM тауарларын жеткізу кезінде келісімшартпен міндеттелген жергілікті қамту үлесінен асып түсті:

  • Honeywell жеке газ талдағыш Жергіліктендіру деңгейі: 56,6 % (міндетті 15 % орнына)
  • Қашықтан басқарылатын телеметриялық блок. Жергіліктендіру деңгейі: 51,8 % (міндетті 15 % орнына)
  • Ұңғыма жабдығын басқару панелі Жергіліктендіру деңгейі: 30,9 % (міндетті 14 % орнына)

КПО жол карталарын жүзеге асыруын жалғастырады, оның аясында қосымша инвестициялар тарту көзделген.

Жергілікті қамту мәселелері бойынша өзара әрекеттесу / ТДМ 17.16, 17.17 /

KПO қызметінде жергілікті компаниялар маңызды рөл атқаратындықтан, жергілікті қамтуды дамыту тобы техникалық мәселелер бойынша сегіз вебинар сериясын онлайн форматта өткізуді бастамалады. Бұл бірлескен бастамалар KПО-ның техникалық мамандары, келісімшарт жұмыстары мен сатып алулар бөлімі, сондай-ақ ЕҚ, ТҚ және ҚОҚ бөлімдерінің қатысуымен жүзеге асырылып, Компания мен жергілікті жеткізушілер қауымдастығы арасындағы алшақтықты қысқартуға бағыттады.

Білім тарату алаңы ретінде маңызды рөл атқарған вебинарлар барысында Компанияның жергілікті қамтуды дамыту стратегиясының негізгі аспектілеріне, сатып алу рәсімдеріне және келесі тауар түрлеріне қойылатын техникалық талаптарға ерекше назар аударылды: химиялық заттар, клапандар, тиеу-түсіру және өртке қарсы жабдықтар, АСЖБ жүйелері, май сүзгілері, оқшаулағыш материалдар, құбыр өнімдері және электр жабдықтары.

Интерактивті таныстырылымдар мен қызықты «сұрақ-жауап» сессиялары форматында өткізілген вебинарлар жергілікті жеткізушілерге Компания тендерлеріне табысты қатысуға және жергілікті қамтуды дамыту бастамаларына елеулі үлес қосуға қажетті білім мен практикалық құралдарды алуға мүмкіндік берді.

Жыл бойы өткізілген бұл онлайн іс-шаралар өзара ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға, Компания мен жергілікті ұйымдар арасындағы қатынастарды нығайтуға және, соның нәтижесінде, Компанияның жергілікті қамту саласындағы өршіл мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етті. Вебинарларға жергілікті өндірушілер мен өндірісті Қазақстанда жергіліктендіруге қызығушылық білдірген немесе оны жүзеге асыруды жоспарлап отырған шетелдік компаниялардың 150-ден астам өкілі қатысты.

КПО әлеуметтік жобалар бөлімінің ұжымы
Біз үшін бұл неге маңызды?
/ GRI 3-3 /

Компания Қазақстан Республикасының отандық жеткізушілерді дамытуға бағытталған бастамаларын толығымен қолдайды және Қарашығанақ жобасын жүзеге асыруға жергілікті тауар өндірушілерді көбірек тартудың маңыздылығын түсінеді. Осы мақсатта КПО отандық компаниялардың қатысуын жеңілдету үшін сатып алу процесі механизмін енгізді. Алайда Компания үшін де, ҚР Өкілетті органы мен жергілікті өндірушілер үшін де Қазақстан Республикасындағы шикізат нарығы шектеулі болғандықтан Қазақстанда өндірілген тауарлардың сапасымен және де тауарлардың өзіндік құнының қымбаттауымен байланысты қатерлер бар, сонымен қатар салық салу жүйесі мен халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау талаптарының өзгеріп тұруына қатысты қатерлер бар.

Мухтар Манкеев КПО Бас директорының орынбасары