Жергілікті қамтуды дамыту
Қарашығанақ кен орнын игеру басталғаннан бері КПО компаниясы қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді тарту арқылы Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша белсенді жұмыс істеуде, бұл Қарашығанақ жобасы шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінде отандық өндірістің тауарлары, көрсетілетін қызметтері мен жұмыстарының импортын азайтуды және көлемін ұлғайтуды көздейді.
КПО 2001 жылдан бері тұрақты негізде Қарашығанақ жобасында жергілікті қамтуды дамытудың екі жылдық бағдарламасын әзірлеп, іске асырып келеді. Бағдарламаның 2020–2021 жылдарға арналған мақсаттары ҚР машина жасауды дамыту, индустриализациялау және цифрландыру бойынша мемлекеттік бастамаларымен және КПО-ның жергілікті қамту саласындағы корпоративтік саясатымен сәйкес келеді. Аталмыш Бағдарлама жергілікті қамтуды дамытуға қатысты мақсатты салаларды, сондай-ақ қызметтің тиімділігін қадағалау және бағалау үшін негізгі индикативтік көрсеткіштерді айқындайды.
КПО-ның жергілікті қамтуды дамытудағы бастамалары келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызды:
- 2021 жылы Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамту үлесі 68,6 % (564,3 млн. АҚШ долларына тең) құрады;
- 26,7 млн АҚШ доллары сомасына қазақстандық өндіріс тауарлары сатып алынды, бұл сатып алудың жалпы көлемінің 17,7 %-ын құрайды (оның ішінде жергілікті қамту үлесі СТ-КЗ10 сертификаты бойынша 8,6 %-ды құрайды).
Бұл біз үшін неге маңызды?
Компания Қазақстан Республикасының қазақстандық жеткізушілерді дамытудағы бастамаларын толығымен қолдайды және Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру үшін жергілікті өндірушілерді көбірек тартудың маңыздылығын түсінеді. Осы мақсатта КПО жергілікті қамтуды дамыту бойынша түрлі бастамаларды жүзеге асырады; КПО қызметіне отандық компаниялардың қатысуын жеңілдету үшін сатып алу үрдісіне тетіктер енгізілді. Алайда, Компанияның өзі үшін де, Қазақстан Республикасы жағынан Уәкілетті орган үшін де, жергілікті өндірушілер үшін де жергілікті өндірілетін тауарлардың сапасына, сондай-ақ шикізат нарығының шектеулі болуына байланысты өзіндік құнының қымбаттауына, салық салу және халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау жүйесіне байланысты қауіп-қатерлер
27-сызба. КПО сатып алуларының жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі, 2014–2021 жж.
1997 жылы ӨБТК-қа қол қойған сәттен бастап 2021 жылдың соңына қарай Қарашығанақтағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың жиынтық үлесі 8,85 млрд АҚШ долларынан асты.
Компания Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жалпы көрсеткіштердің тұрақты өсуіне 2014 жылдан бастап белсенді түрде жүзеге асырылып келе жатқан өндірісті жергіліктендіру шаралары есебінен қол жеткізіліп отыр.
2021 жылы Қазақстанда Қарашығанақ жобасының қажеттіліктері үшін сепараторлар, трансформаторлар, қосалқы станциялар (электрлік/ БӨА,) жылу алмастырғыштар, жарықтандыру жабдықтары, қашықтықтан телеметриялық блоктар, кеңсе жиһаздары, тығыздағыштар, химикаттар, бекіткіштер, электр жылыту жүйелері, кеңсе контейнері, ауаны баптау және жылыту жүйесі, F22 фланецтері, жеке газ детекторлары, 10 дюймдік ішкі газ құбырлары, қол құралдары, төмен вольтты электр кабельдері, электр жабдығына қосалқы бөлшектер, клапандар, фильтрлі «өзін-өзі құтқарғыштар», қорғаныс маскалары, қорғаныс каскалары және қауіпсіздік аяқ киімдері сияқты тауарларды өндіруге жалпы сомасы 59,7 миллион АҚШ долларын құрайтын 50 келісімшартқа қол қойылды.
«Қазақстандық тендерлерді» өткізу жергілікті өндірушілер мен жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. 2021 жылы КПО жалпы сомасы 50,4 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 қазақстандық тендерді тек қана жергілікті компаниялар арасында өткізді. Нәтижесінде, КПО жалпы сомасы 1,6 млн. АҚШ долларын құрайтын бір келісімшарт жасады. Қалған келісімшарттар бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда.
КПО өзі орналасқан аймақ– Батыс Қазақстан облысы (БҚО) тауар өндірушілердің тұрақты дамуын нығайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. КПО БҚО кәсіпорындарын, соның ішінде машина жасау секторының кәсіпорындарын тұрақты түрде нарықты зерттеуге және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу тендерлеріне, сондай-ақ жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру мақсатында компания өткізетін түрлі іс-шараларға қатысуға шақырады.
Жасасқан келісімшарттардың нәтижелері бойынша 2021 жылы КПО Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындарына тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу үшін 269,2 млн. АҚШ долларын төледі, мұндағы жергілікті қамту үлесі 201,3 млн. АҚШ долларын немесе 74,8 %-ды құрады.
«Қазақстандық тендерлерді» өткізу жергілікті өндірушілер мен жеткізушілердің бәсекеге қабілет-тілігін арттыруға септігін тигізеді.
Жергілікті жеткізушілердің әлеуетін дамыту
Бәсекеге қабілетті жергілікті жеткізушілерді тарту мүмкіндігі жергіліктендіруге бағытталған бастамаларды сәтті жүзеге асыруда шешуші фактор болып табылады.
2020 жылы іске қосылған КПО жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы аясында 2021 жылы «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ мен «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ «ASME» және «API» халықаралық стандарттары бойынша сертификаттау жоспарланған болатын. Бұл ретте, қойылған міндеттерге қол жеткізілмеді, өйткені кәсіпорынды сертификаттауға дайындауда консультациялық қызметтер көрсету үшін КПО тарапынан тартылған мердігер келісімшарт жұмыстарының көлемі бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. 2022 жылға арналған сертификаттау бағдарламасы бюджеттің болмауына байланысты тоқтатылды.
КПО және «Дүниежүзілік банк» пен ҚР Үкіметі жергілікті компанияларды дамыту мәселелері бойынша кеңесші ретінде бекіткен «Euroconsultants S.A.» компаниясының ынтымақтастығының нәтижесінде, 17 қазақстандық компания ISO 14001, 18001, 9001, 45001 стандарттары бойынша сертификаттаудан өтті.
Жергілікті қамту мәселелері бойынша өзара әрекеттесу
Жергілікті өндірісті дамытуға инвестиция тарту мақсатында КПО халықаралық сауда өкілдіктерімен бірлескен жұмысын жалғастырды. Өзара әрекеттесудің мақсаты, біріккен кәсіпорындар ашу үшін және қазақстандық компанияларға технологияны табыстауға жәрдемдесу үшін халықаралық компаниялармен қарым-қатынас орнату болып табылады.
2021 жылдың маусымында КПО ITALY-KAZAKHSTAN BUSINESS FORUM халықаралық форумына қатысты, онда халықаралық компанияларды жаңартылатын және «жасыл энергия» саласына тарту, агробизнес пен машина жасауды дамыту, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мәселелерін талқыланды.
2021 жылғы 5 тамызда КПО Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және «PSA» ЖШС өкілетті органының қолдауымен және қатысуымен жергілікті қамтуды дамыту бойынша онлайн-форум өткізді. Форумның мақсаты қазақстандық компанияларды Қарашығанақты кеңейту жобасымен (1А кезеңі (5ГАК), жергілікті қамту жөніндегі стратегиямен, сондай-ақ жобалау, сатып алу және құрылыс жүргізу (ЖСҚ) жөніндегі жұмыс көлемімен, ТЖҚ-дағы әлеуетті мүмкіндіктермен және жергілікті компаниялар үшін талаптармен таныстыру болды.
2021 жылғы 23 тамызда арнайы БҚО өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері үшін Қарашығанақты кеңейту жобасы (1А кезеңі (5ГАК) бойынша онлайн-семинар өткізілді, бұл іс-шараның негізгі мақсаты отандық тауар өндірушілерді осы жобаға қатысу мүмкіндіктерімен таныстыру және БҚО-ның ЖСҚ мердігері мен компаниялары арасында жеке кездесулер өткізу. Семинар қорытындысы бойынша БҚО кәсіпорындарының өндірістік әлеуетімен танысу мақсатында ЖСҚ жөніндегі мердігерімен кездесу ұйымдастырылды.
2021 жылғы 22-24 қыркүйек аралығында КПО Қазақстан өндірушілерінің IX форумына және «Қазақстан машина жасау жәрмеңкесі 2021» І Халықаралық мамандандырылған машина жасау және металл өңдеу көрмесіне қатысты. Аталмыш форум машина жасау кәсіпорындарының ҚР мемлекеттік органдарымен және ірі жер қойнауын пайдаланушылармен диалогын ұйымдастыруды көздеді.
2021 жылғы 5 тамызда КПО Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен және қатысуымен жергілікті қамтуды дамыту бойынша онлайн-форум өткізді.
Ұзақ мерзімді басымдықтар
2020 жылдың қараша айында қол қойылған Келісім шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, Қазақстан машина жасаушыларының одағы және үш ірі оператор КПО, «Теңізшевройл» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» арасында 2021 жылы мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы (IMBC) құрылып, өз жұмысын бастады. Халықаралық орталық мүдделі министрліктермен, «PSA» ЖШС уәкілетті органымен, отандық мұнай-газ машина жасауды дамытумен айналысатын мұнай және машина жасау бірлестіктерімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, үш оператордың атынан қызмет атқаратын болады.
Бұл орталықтың негізгі міндеті үш оператордың (ТШО, НКОК және КПО) сұранысын талдау және операторлардың талаптарына сәйкес осы тауарларды жеткізе алатын жұмыс істеп тұрған өндірушілердің жергілікті нарығын зерттеу арқылы сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайту болып табылады. Сондай-ақ, орталықтың қызметі жергілікті тауар өндірушілердің өндірістік қуаттарын кеңейтуге және қажет болған жағдайда олардың әлеуетін дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Сонымен қатар, олардың өндірісін Қазақстан Республикасында оқшаулауда, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құруға және технологиялар мен ноу-хау трансфертін жеңілдету арқылы инвестиция тартуда шетелдік компаниялармен тығыз ынтымақтастық күтілуде.
2021 жыл ішінде IABC мүшелері (ТШО, НКОК және КПО) жылдық жұмыс бағдарламасы мен бюджетін, саясаттары мен рәсімдерін бекітті. Сондай-ақ олар ұзақ мерзімді негізде сұранысқа ие және өндірісі оқшаулануға жататын тауарлар санаттары туралы ақпарат берді.
Бұрын қол қойылған жергіліктендіруге қатысты өзара түсіністік туралы меморандум аясында, КПО 2020 жылы бірегей жабдықтарды өндірушілерімен бірге жол карталарын жасау жөніндегі жұмыстарын жалғастырды. Ел аумағында шығарылуы ықтимал тауарлар мен қосалқы бөлшектер санаттары, жүзеге асыру мерзімі және ҚР-да шығарылатын есепті көлемдері анықталды. 2021 жылдың соңында «Бейкер Хьюз», «Ханивелл», «энВент», «Стюарт Бучанан» және «Джон Крейн» компанияларымен бес жол картасына, сондай-ақ өндірісті жергіліктендіруге арналған екі келісімшартқа қол қойылды.