ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
КПО Компаниясы Қарашығанақ мұнай, газ және конденсат кен орнын қоршаған ортаға ең аз әсермен игеруді көздейді. Біз өндірістік қызметімізді тұрақты даму қағидалары негізінде және ҚОҚ саласындағы жоғары стандарттарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық кодексінде бекітілген қолайлы қоршаған ортаға әркімнің құқығы қағидатын сақтай отырып жүргіземіз.
Компанияның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатының негізгі экологиялық міндеттемелері келесі маңызды міндеттерді қамтиды:
- қоршаған орта ластануының алдын алу,
- парниктік газдар шығарындыларын азайту,
- биотүрлілікті және экожүйелерді сақтау,
- табиғи ресурстарды қорғау,
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштерді үздіксіз жақсарту.
ҚОҚ саласындағы міндеттер аясында Компания заманауи әдістемелер мен озық әлемдік деңгейдегі қолжетімді технологияларды қолданады.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген ҚР жаңа Экологиялық Кодексі көптеген өзгерістер енгізді, өзгерістердің қатарына қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың жаңа тәсілдері, нысан операторының қоршаған ортаға әсер етуге кешенді рұқсат алуы, эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерін енгізу, ең үздік қолжетімді техникаға көшкен жағдайда эмиссия үшін төлемнен босату, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және басқа да бастамалар бар. 2022 жылы КПО өзінің табиғатты қорғау қызметіне жаңа Экологиялық кодекстің талаптарын енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады.
Жаңа Экологиялық кодекске сәйкес Қарашығанақ кен орнының операторы ретінде КПО кен орнының аумағындағы жұмыстарға тартылатын мердігерлердің эмиссиялары үшін экологиялық жауапкешілікті өз мойнына алады. 2021 жылы Компания 2021 жылдың соңында алынған қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсатына қосу үшін мердігерлердің эмиссияларын есепке алу бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, Компания эмиссиялары қоршаған ортаға әсер етуге жалпы экологиялық рұқсатқа енгізілген мердігерлік ұйымдардың экологиялық бақылау бойынша жұмыс процестерін қарап тексеруде.
Бұл біз үшін неге маңызды?
Компания өндірістік қызметі барысында қоршаған ортаға елеулі әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін мынадай экологиялық аспектілерді сәйкестендірді:
- Атмосфераға ЛЗ және парниктік газдар шығарындылары;
- Газдың, конденсаттың, көмірсутектердің және химиялық заттардың шығып кетуі;
- Өнеркәсіптік сарқынды суларды қалыптастыру және көму;
- Қалдықтардың түзілуі және оларды өңдеу;
- Заңсыз төгілген қоқыстардың пайда болуы, қоршаған ортаға рұқсатсыз қалдықтарды орналастыру;
- Шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды тазарту және ағызу;
- Табиғи ресурстарды пайдалану (су, энергия, топырақ).
Компания әр аспект бойынша қауіп-қатер деңгейін азайту мақстатында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар жоспарын дайындайды.
Компания 2021 жылдың соңында алынған қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсатына қосу үшін мердігерлердің эмиссияларын есепке алу бойынша үлкен жұмыс жүргізді.
Көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптыққа көшу
Климаттың өзгеруі мәселесін шешу – бүгінгі күні бүкіл әлемнің алдында тұрған ең үлкен сын. ҚР жаңа экологиялық кодексі ел экономикасын көміртексіздендіру мен экологиялық «жасыл» дамуды ынталандыруға бағытталған.
Өз кезегінде КПО ел экономикасын көміртексіздендіруге өз үлесін қосуға тырысады. 2021 жылдың соңында КПО басшылығы «365 жобасын» құрғаны туралы жариялады, Аталмыш жоба бірқатар биік мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған үш бағытты қамтиды – әртараптандыру мен табысты ұлғайту, шығындарды азайту және «жасыл» бетбұрыс.
2021 жылдың қыркүйегінде КПО барлық бас компаниялардың қатысуымен «жасыл» бетбұрыс тақырыбында тікелей семинар өткізді. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша КПО-ның Қарашығанақ кен орнын көміртексіздендіру бойынша ұмтылысы айқындалды – 2037 жылға дейін 1 және 2 қамту аяларында көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптыққа қол жеткізіп, әлемдегі ең ірі, тиімді және тұрақты көмірсутектер мен энергия өндіруші болу. Бұдан басқа, КПО өзінің алдына 2023 жылдың соңына қарай көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі нақты стратегияны әзірлеп, парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі барлық аралық кезеңдерді айқындауды мақсат етіп қойды.
Парниктік газдар шығарындылар көлемін азайту
2037 жылға дейін көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптыққа (1 және 2 қамту аялары) қол жеткізу жөніндегі мақсатты қолдау мақсатында Компания ПГ шығарындыларын одан әрі азайту мүмкіндігін зерттеу бойынша ауқымды жұмысқа кірісті. 2021 жылы бірнеше нұсқаны зерттеу басталды, оның ішінде: пайдаланылған газдардан шығатын жылуды кәдеге жарату, СО2 тұту және сақтау, жаңартылатын энергияны жеткізу, көміртегі шығарындыларына квоталарды сатуға қатысу, энергия тиімділігін арттыру және басқалар. Жұмыс қазір жалғасуда және 2022 жылы жұмыстың аясын кеңейту жоспарда бар.
Климаттың өзгеруі мәселесін шешу – бүгінгі күні бүкіл әлемнің алдында тұрған ең үлкен сын.