КПО-ның даму туралы есебі 2021

Биотүрлілікті сақтау

Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны (ҚМГКК) 280 шаршы километрден астам аумақты алып жатыр. КПО өндірістік қызметін басқа табиғат пайдаланушылармен бірге бірыңғай аумақта жүзеге асырады, сонымен қатар КПО қызметін тікелей кен орнының өндірістік нысандары, құбырлары мен жолдарының астындағы аумақтарда ғана жүзеге асырады.

КПО өнеркәсіптік нысандарынан басқа ҚМГКК аумағында КПО өндіретін шикізаттың бір бөлігін қайта өңдеу («Конденсат» АҚ) және кен орындарына қызмет көрсету кәсіпорындары, сондай-ақ инфрақұрылым нысандары орналасқан. КПО және үшінші тараптардың нысандарынан басқа, ҚМГКК аумағында бұрын пайдаланылған ауылшаруашылық алқаптары мен жер телімдері бар. 1956 жылға дейін бұл аудан жайылым және шабындық жерлері болды. Бұл аумақ жайылым ретінде пайдаланылған Қоншыбай және Калминовка жыраларының жайылмалары мен беткейлерін қоспағанда, 1957 жылдан бастап дәнді дақылдарды өсіру үшін пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытқа дейін ҚМГКК СҚА аумағында мемлекеттік босалқы жерлер (МБЖ) басым. Алайда жердің бір бөлігі шаруа қожалықтары үшін пайдаланылады.

Осылайша, жоғарыда аталған факторлар қызметтің ықтимал теріс әсерлері үшін жауапкершілікті анықтауда және бөлуде белгілі бір қиындықтар туғызады, сондай-ақ КПО компаниясының қоршаған орта мен биотүрлілікті қалпына келтіру бойынша іс жүзінде іс-шаралар жүргізу мүмкіндігіне шектеулер қояды. Соған қарамастан, кен орны аумағындағы биотүрлілікке әсер етуді азайту мақсатын ұстана отырып, КПО 2012 жылдан бастап биотүрлілікті сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (БСШЖ) әзірлеуде және жүзеге асыруда.

БСШЖ «Мұнай-газ саласы үшін БСШЖ жасау жөніндегі нұсқаулық» IPIECA/OGP құжатына сәйкес, сондай-ақ ESHIA 1.3.1.47 стандартына (№ 1.3.1.47 HSE-IMS құжаты) сәйкес әзірленеді, оған сәйкес мұнай-газ кен орындарын игеру кезінде өндірістік қызметтің биотүрлілік жағдайына және экожүйелік қызметтерге әлеуетті әсерін ескеру қажет. БСШЖ әзірлеу биотүрлілік пен экожүйелік қызметтерге байланысты бизнес-тәуекелдерді олардың алдын алу үшін және мүмкін болған жерде артықшылыққа айналдыру үшін анықтауды көздейді.

2021 жылдың соңында БСШЖ шеңберіндегі мониторинг нәтижесінде алынған деректер мыналарды көрсетеді:

  1. Топырақ-өсімдік жамылғысының жағдайы мен ластаушы заттар шығарындыларының өзара байланысы анықталған жоқ.
  2. Бақылаулар көрсеткендей, фаунаның көптеген түрлері тұрақты сипаттағы физикалық факторларға бейімделеді (үздіксіз бірсарынды шу, көлік қозғалысы). Мысалы, құндыздар, сарышұнақтар, құстар колонияларының қонысы қарқынды қозғалысы бар орталық жолдарға жақын немесе жұмыс істейтін қондырғыларға жақын жерлерде байқалады.
  3. КПО қызметінің табиғи экожүйелерге әсер етуінің негізгі факторы құрылыс нәтижесіндегі механикалық әсер ету болып табылады. Бұзылған учаскелер жергілікті аудандық немесе желілік сипатқа ие.

Бұл біз үшін неге маңызды?

ҚМГКК аумағындағы биоалуантүрліліктің күйін бағалау шеңберінде қауіп-қатерлер мен әсерлерге кешенді айқындау жүргізіледі. Мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша кез-келген қызмет өнеркәсіптік нысандар орналасқан және құбыр жолдары өтетін жерлерде қоршаған ортаға келтірілмей қоймайтын келеңсіз әсерлермен байланысты екені даусыз.

Биотүрлілікті сақтау шаралар жоспары (БСШЖ) шеңберінде ҚМГКК аумағының биотүрлілігінің жай-күйіне төмендегі негізгі факторлардың әсерін бағалау жүргізіледі:

  1. Ластаушы заттардың шығарындылары;
  2. Физикалық әсер (шу, жарық, діріл);
  3. ҚМГКК аумағында мал жаю;
  4. Механикалық әсер (құрылыс, карьерлер, жолдар және т.б.).
  5. СҚА аумағының басым бөлігінде жылқылар мен ірі қара малды бірқалыпты жаю тіркелген, бұл жалпы алғанда оң әсерін тигізеді. Алайда, мал жаюдың теріс салдары да болуы ықтимал: қарқынды жайылым табиғи топырақ пен өсімдік жамылғысының толық жойылуына дейін түрлердің алуантүрлілігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. СҚА ішінде орналасқан өндірістік нысандардан шалғай орналасқан мониторингтік алаңдарда жайылымдық жүктеменің ұлғаю тренді байқалады.

Жалпы алғанда, штаттық режимде ҚМГКК пайдалану бойынша барлық қызметтер биотүрлілік үшін рұқсат етілген тәуекелдер шегінде жүргізіледі.

ҚМГКК-де БИОТҮРЛІЛІКТІ БАҚЫЛАУ

Қазіргі уақытта КПО компаниясы БСШЖ-ның 2021–2023 жылдарға жоспарланған іс-шаралар көлемін орындауда. Нақтырақ БСШЖ туралы kpo.kz сайтында Тұрақты даму/Қоршаған ортаны қорғау/Биотүрлілікті сақтау/БСШЖ бөлімінде айтылған.

2021 жылғы жұмыс көлемі ҚМГКК аумағындағы жануарлар әлемінің жағдайының динамикасын кешенді бағалауды қамтыды.

46-кесте. Биотүрлілікті сақтау саласындағы міндеттер

2021 жылға қойылған

міндеттер

Орындалуы

2021 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2022 жылға қойылған міндеттер

Негізгі және сирек кездесетін түрлерді қоса алғанда, жануарлар дүниесіне мониторинг жүргізу

Орындалды

Фауна мониторингі бойынша далалық зерттеулер 2021 жылдың 22 мамырынан 2 маусымына дейін және 4-14 қыркүйек аралығында жүргізілді

Негізгі және сирек кездесетін түрлерді қоса алғанда, өсімдіктерге мониторинг жүргізу

2021 жылғы фауна мониторингі

Қарашығанақ кен орны фаунасының мониторингі 2021 жылдың көктемгі және күзгі кезеңдерінде жүргізілді. Далалық зерттеулер омыртқалы жануарлардың тіршілік ету кезінде зерттеудің стандартты әдістерін қолдана отырып, 17 жаяу маршруттарда және 5 бақылау алаңында жүргізілді.

Зерттеулер барысында қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі, құстардың 106 түрі және сүтқоректілердің 19 түрі анықталды.

Қарашығанақ кен орнындағы жануарлар әлемінің (қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және жер үсті омыртқалы жануарлар) жағдайына 2021 жылы жүргізілген мониторинг нәтижелері, фауна өкілдерінің түрлік алуандығының саны мен деңгейіне талдау, ҚМГКК өнеркәсіптік нысандары тарапынан фауналық кешенге елеулі теріс әсерін анықтаған жоқ.

Негізгі түрлерді бақылау

Биотүрлілікті бағалау аясында КПО өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін бақылауға көп көңіл бөледі. Биотүрлілікті сақтау мәселелеріндегі қандай да бір түрдің басымдығы халықаралық және жергілікті заңнаманың басымдықтарымен, әсерлерге сезімталдығымен және төзімділігімен және Компания қызметінің қоршаған ортаға ықтимал теріс әсерінің маңыздылығымен айқындалады.

1990 жылдан 2021 жылға дейінгі зерттеу кезеңі ішінде қарастырылатын басты негізгі түрлер kpo.kz сайтында Тұрақты даму/Биотүрлілікті сақтау/ҚМГКК аумағында тіркелген флора мен фаунаның маңызды түрлері бөлімінде келтірілген.

Осы түрлердің барлығы ҚМГКК-нен тыс жерлерде де кездеседі. Айта кететін жайт, кен орнында осы түрлердің болуы, болмауы немесе олардың саны аумақтың экологиялық хал-ахуалының тікелей көрсеткіші емес. Жекелеген түрлердің таралуы жергілікті сондай-ақ жаһандық, (климаттың өзгеруі, шөлейттену және т.б.) КПО қызметіне еш қатысы жоқ себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, өндірістік қызметті ҚМГКК-нің және іргелес аумақтар биотүрлілігінің маңызды бөлігі болып табылатын жекелеген түрлердің популяциясына тікелей және жанама әсер етпейтіндей жоспарлау және ұйымдастыру қажет.

2021 жылы негізгі түрлердің санын бақылау аясында өзен құндызы (Castor fiber) түрінің саны мен мекендейтін жерлеріне мұқият зерттеу жүргізілді. 2021 жылдың көктемінде алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда құндыздар қоныстарының саны азайды.

Қысқаруына қарамастан, көктемгі кезеңде құндыздардың саны облыстың қоршаған аумағымен салыстырғанда анағұрлым жоғары болып қалуда. 2021 жылы көктемде де, күзде де құндыздарды бақылау кезінде көптеген су қоймаларында су деңгейі өте төмен болды, кейбір тоғандар кеуіп кетті, бұл құндыздардың тіршілік ету жағдайлары мен санына әсер етті. Көп бөлігі зерттеу аумағына кірмейтін Березовка өзеніндегі кең су қоймасына құндыздардың қоныс аудару ықтималдығы басым.

КПО ҚМГКК аумағында тіршілік ететін құндыз­дардың популяциясына бақылау жүргізуді жалғастырады.