КПО-ның даму туралы есебі 2021

Ұйым құрылымы және басқару тәсілдері

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» Қазақстандық филиалы 1997 жылы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын (бұдан әрі – Қарашығанақ кен орны немесе ҚМГКК) пайдалануды өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес (әрі қарай – ӨБТК) жүзеге асыруға арналған бірлескен кәсіпорын ретінде құрылды.

КПО өз қызметінде төменде көрсетілген, өздерінің тиісті үлестес тұлғаларымен ұсынылған бес халықаралық мұнай-газ компанияларының (бұдан әрі – Мердігер немесе бас компаниялар) тәжірибесін жинақтаған:

Сауатты құрылған басқару жүйесі – кәсіпорынның табысты дамуының кепілі. КПО компаниясында қауіп-қатерлерді басқаруды, ішкі бақылауды және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз етуді қамтитын кешенді және үйлесімді басқару жүйесі жұмыс істейді. Кешенді басқару тәсілінің негізгі міндеті жоғары басшылық бекіткен стратегияларды және алға қойған міндеттер мен нұсқауларды жүйелі және тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін сауатты шешімдер қабылдау және бақылау тетіктерін енгізу болып табылады.

ҰЙЫМ ҚҰРЫЛЫМЫ

КПО ұйымдық құрылымы Қазақстан Республикасының (ҚР атынан «PSA» ЖШС өкілдік етеді) және бас компаниялар қойған бизнес-міндеттер мен талаптарға қол жеткізу үшін сыртқы экономикалық жағдайларға үздіксіз бейімделіп отыру қажеттігін ескеріп жасалған. ӨБТК-де белгіленген мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру үшін Agip Karachaganak B. V. және BG Karachaganak Limited компаниялары бірлесіп оператор болатын модель қабылданды («Эни Спа» және «Шелл» компанияларының тиісті филиалдары; «Шелл» компаниясы «БиДжи Груптың» 100 %-ін ресми түрде сатып алды).

КПО-ның екі негізгі басқарушы органы – Басқару жөніндегі бірлескен комитет (ББК) және Өнімді өткізу бойынша бірлескен комитет (ӨБК). ӨБТК ережелеріне сәйкес комитеттердің құрамына бес мердігер компанияның әрқайсысынан бір өкілден және өкілетті органның өкілдері кіреді. ББК отырыстарында өкілетті орган бір дауысқа, ал мердігер компаниялар жиынтық бір дауысқа ие болады. Шешім қабылдау үшін барлық тараптардың бірауыздан пікірі қажет. Өнімді өткізу бойынша бірлескен комитеттің де жұмысы осындай қағидаларға негізделген.

Жоғарыда айтылғандарға қосымша, Бірлескен қызмет туралы келісімнің (Бас компаниялар арасындағы) және Бірлесіп басқару туралы келісімнің («Эни» және «Шелл» операторлары арасындағы) шарттарын орындау мақсатында Мердігер мен Оператор деңгейінде кәсіпорында белгілі бір мәселелермен айналысатын шағын комитеттер жүйесі құрылды. Толық басқару құрылымы графикалық түрде 6-суретте көрсетілген. Комитеттер мен шағын комитеттердің қызметтері 2018 жылғы Тұрақты даму туралы есепте толық сипатталған (33-34 бет).

Мердігер мен оператор деңгейіндегі әртүрлі шағын комитеттер нақты өндірістік және корпоративтік мәселелер бойынша өздерінің кәсіби ұсынымдары мен құнды нұсқауларын береді. Әрбір шағын комитеттің тиісті Ережелерде көрсетілген өз мақсаттары мен міндеттері бар.

Тұрақты дамуға қатысты мәселелер, оның ішінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілер Операторлар Комитеті жанындағы тұрақты даму жөніндегі шағын комитеттің құзіретіне жатады. Оның жұмысына Оператор өкілдері де, КПО да қатысады. Оның негізгі мақсаты – кен орнының тікелей әсер ету аймағында орналасқан елді мекендердің тұрғындарына кен орнының әсеріне қатысты нақты мәселелер мен сұрақтар бойынша түсініктеме және кеңес беру.

Сонымен қатар тұрақты даму жөніндегі шағын комитет бұрынғы Березовка және Бестау ауылдарының тұрғындарының көшірілгеннен кейінгі өмір сүру жағдайларын мониторингтеу мәселелерін қарайды, сондай-ақ Бөрлі ауданының, оның ішінде Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен өзара әрекеттестік, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс, тұрақты даму бойынша есептілік мәселелерімен айналысады.

6-сурет. Қарашығанақ жобасын басқарудың жоғары буындары (01.01.2022 күнгі деректерге сәйкес)

ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ

Мұнай-газ операциялары қызметкерлердің денсаулығына, қоршаған ортаға және өндірістік активтерге тиюі мүмкін әсерді ескере отырып, мұқият ұйымдастырылуы және жүргізілуі қажет. Міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарайтын жер қойнауын пайдаланушы ретінде КПО компаниясы кәсіпорын жұмысының барлық аспектілерін қамтитын бизнеске қатысты қауіп-қатерлерді басқаруға ерекше назар аударады. Оларға басқа да қауіп-қатерлермен қатар келесілер кіреді:

  • білікті жергілікті кадрларды жұмысқа тартуға және оларды компанияда сақтап қалуға байланысты қиындықтар;
  • қызметкерлердің өндірістегі қауіпсіздігі: ауаға күкіртсутектің шығып кету қаупі;
  • саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың жоғалу қаупі;
  • жол-көлік оқиғалары: көлікті басқара алмай қалу;
  • қызметкерлеріміздің, сондай-ақ мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің қызметкерлерінің этикалық нормаларды сақтамауы;
  • қоршаған ортаны ластау қаупі: түрлі заттардың төгіліп қалу, қалдықтардың түзілу және атмосфераға түрлі өнімдердің шығып кетуіне қатысты қауіп-қатер, шығарындыларға рұқсаттың қайтарылуы;
  • мұнай өндіруде көміртегі ізін азайту бойынша мақсатты көрсеткішке жете алмау қаупі (климатқа қатысты қауіп-қатер);
  • өндіріс тұтастығына қатысты қауіп-қатер;
  • нақты ұзақ мерзімді стратегияның жоқтығы;
  • мұнай-газ өнімдерін өткізу мүмкіндігін жоғалту қаупі;
  • ауыр кибер шабуылдарға ұшырау қаупі.

Жоғарыда көрсетілген қауіп-қатерлердің жағымсыз әсерін төмендету үшін КПО жан-жақты жүйелі жұмыс жүргізіп, үздіксіз бағалау өткізеді. Бұл жердегі мақсат – оңтайлы бизнес-стратегияны әзірлеу және өзгерістерді басқару.

2021 жылы КПО қызметке және технологиялық қауіпсіздікке қатысты қауіп-қатерлерді тиімді анықтау, бағалау және басқару үшін қауіп-қатерлерді басқарудың жаңа біріктірілген моделін енгізді. Қауіп-қатерлерді басқарудың біріктірілген жүйесінің процедурасы және қауіп-қатерлерді басқару жүйесі процестің өзін анықтайды және сипаттайды, сонымен қатар бүкіл Компания бойынша қызметтер мен міндеттер қалай бөлінетінін де көрсетеді. Сондай-ақ, аталмыш жүйе бизнес-мақсаттар мен міндеттерді ұйымның әр деңгейіндегі қызметке қатысты қауіп-қатерлерге сәйкестендіруге бағытталған.

Корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі директорат қауіп-қатерлерді басқарудың біріктірілген жүйесін енгізуге, қолдауға, бақылауға және үнемі жетілдіруге жауап береді. Атап айтқанда, қауіп-қатерлер моделі қолданылып, қызметке қатысты негізгі қауіп-қатерлер «қауіп-қатерлердің корпоративтік тізіліміне» енгізіліп жинақталады. Бұл тізілім әлеуетті қауіп-қатерлер тізбесін, сондай-ақ тиісті алдын алу және түзету іс-қимылдарын қамтиды. Бұл процесс қауіп-қатерлердің біріктірілген басқару процедурасымен реттеледі. Барлық қызметке қатысты қауіп-қатерлер корпоративтік тізілім түрінде КПО жоғары басшылығының қатысуымен өткізілетін Қауіп-қатерлерді басқару жөніндегі комитетімен қарастырылуға ұсынылады.

Екінші жағынан, өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты негізгі қауіп-қатерлер «Тосқауылдар моделі» бағдарламасының көмегімен тізілімге енгізілген, бұл бағдарламада аталған қауіп-қатерлердің толық сипаттамасы берілген. Бұл қауіп-қатерлер еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндіріс тұтастығы директоратымен бақыланады және қауіп-қатерлерді басқару жүйесі арқылы реттеледі.

Қауіп-қатерлерді басқару үдерісіне оларды бақылау және талдау да кіреді, олар өз кезегінде қауіп-қатерлерді басқару құралы арқылы жүзеге асырылуы керек ұдайы тексеру мен қайта бағалауды қамтиды. Бұл құрал қауіп-қатерлерді басқарудың біріктірілген тәсіліне қатысты ұсынылған және тексерілген барлық толық ақпаратты қамтиды.

Қауіп-қатерлерді басқару процесінің тиімділігін тексеру үшін келесі кезеңдер орындалады:

  • Жылына екі рет: Қауіп-қатерлер жөніндегі комитеттің отырыстарында қауіп-қатерлер туралы жиынтық есеп талқыланады, келісіледі және Мердігер Комитетіне жіберіледі.
  • Ұдайы: анықталған қауіп-қатерлерді жеңілдетуге арналған алдын алу шараларының уақтылы және тиімді орындалуын қамтамасыз ету және қауіп-қатерлерді кешенді басқару жөніндегі жетекші маманды уақтылы хабардар ету мақсатында қауіп-қатерлердің өршуі туралы ақпарат қауіп-қатердің иелері деңгейінде тұрақты түрде қайта қаралып, жаңартылып отырады.

Маңызды әлеуметтік, экологиялық және экономикалық тақырыптар бойынша негізгі қауіп-қатерлерді жеңілдету шаралары есептің тиісті тарауларында толығырақ сипатталған.

КПО БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Ірі көлемдегі инвестициялардың тұрақтылығын қамтамасыз ету тиісінше басқаруды қажет етеді және КПО сияқты күрделі ұйымда тиімді басқару, ішкі бақылау және сапаны қамтамасыз ету процестері айрықша маңызды.

ӨБТК-ге сәйкес КПО өз қызметінің барлық аспектілері бойынша жұмысты халықаралық стандарттарды басшылыққа ала отырып жүргізеді. Стандарттар КПО басқару жүйесінің негізін құрайтын бірқатар ережелер, процедуралар және тиісті ұтымды тәжірибелерге сүйеніп енгізіледі.

Тұрақты дамумен байланысты КПО-ның менеджмент жүйелері келесі кестеде келтірілген:

4-кесте. Тұрақты даму мәселелері бойынша басқару жүйелері

Тұрақты даму

Корпоративтік басқару

Өндірістік мәселелер

Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік тұтастық

Әлеуметтік салаға үлес қосу

Құқықтық және этикалық нормаларды сақтау

  • Тұрақты даму кодексі.
  • КПО корпоративтік басқару жүйесі бойынша нұсқаулық;
  • Корпоративтік басқару мәселелері бойынша менеджмент жүйесі.
  • Өндірісті басқару жүйесі бойынша нұсқаулық;
  • Маркетинг директоратын басқару жүйесі;
  • Қаржы директоратын басқару жүйесі;
  • Біліктілікті басқару жүйесі бойынша саясат.
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы саясат және ережелер;
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту бойынша жыл сайынғы жоспар;
  • Еңбекті қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша саясат;
  • Энергия саясаты және энергия менеджменті жүйесі бойынша нұсқаулық және «Жасыл ережелер»;
  • Қауіпсіздікті басқару жүйесі бойынша нұсқаулық;
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы менеджмент жүйесі бойынша нұсқаулық;
  • ЕҚ, ҚТ және өндіріс тұтастығы туралы ереже.
  • Жергілікті қамту саясаты;
  • Нұр-Султан қаласындағы кеңсенің және ББК хатшылығының басқару жүйесі;
  • КПО әлеуметтік қызметі саласындағы ереже мен стандарттар;
  • Демеушілік және қайырымдылық саласындағы саясат;
  • Еңбек ресурстарын басқару ережесі;
  • Әлеуметтік жобалар бөлімінің басқару жүйесі.
  • КПО тәртіп кодексі;
  • КПО бизнес қағидалары;
  • Парақорлыққа, сыбайлас жемқорлыққа және ақшаны жылыстатуға қарсы әрекет ету жөніндегі нұсқаулық;
  • Нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету бөлімінің басқару жүйесі.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы біріктірілген басқару жүйесі 

КПО компаниясы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелерін ISO 14001:2015 (Экологиялық басқару жүйесі), ISO 45001:2018 (Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік) және ISO 50001:2018 (Энергия тұтынуды басқару) халықаралық стандарттарына сәйкестігі сертификатталған біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде басқарады.

Қоршаған ортаға мейлінше аз әсер етіп, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үздіксіз жетілу мен адал қызмет Компания үшін айрықша маңызға ие. 2021 жылы КПО ISO халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігін растау үшін қайта сертификаттаудан өтті. Бұл процесті қолдау бағытында КПО мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері үлкен жұмыс атқаруда.

КПО-ның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы талаптары Компания ішінде де, одан тыс та кең таралған және Компанияның барлық келісімшарттарының арнайы қосымшасында көрсетілген.

Жыл сайын КПО-да ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениетін арттыру мақсатында бірқатар бағдарламалар, тренингтер, бастамалар мен науқандар өткізіледі. Мұндай бастамалар кіріспе нұсқамаларды, мамандандырылған кәсіптік оқытуды, сондай-ақ «Көшбасшылық және қауіпсіздік техникасы бойынша мәдениет бағдарламасы», «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карточкасы», «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы ынталандыру бағдарламасы», «Денсаулыққа қауіп-қатерлерді бағалау», «Экологиялық мәдениетті дамыту және хабардарлық деңгейін арттыру» және т.б. бағдарламаларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

Бұдан басқа, КПО жыл сайын еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ішкі аудит бойынша өз жоспарын орындайды. Мысалы, 2021 жылы КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында 14 аудит жүргізді.

БИЗНЕС-ПРОЦЕСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ішкі бақылауды ұйымдастыру үшін KПO процестің екі түрін әзірледі: i) күрделі шығындар жұмсалатын жобалардың тиімділігін бағалау процесі және ii) ішкі аудит.

Сәйкестікті қамтамасыз ету процестеріне келетін болсақ, шешім қабылдау барысында тиісті негіздемені қамтамасыз ету үшін және сондай-ақ кәсіпорын үшін инвестиция құнын оңтайландыру мақсатында КПО-ның игеру бойынша барлық күрделі жобалары мүмкіндіктерді анықтаудан бастап пайдалану кезеңіне дейін бағаланып отырады. Инвестициялардың деңгейіне байланысты операциялардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін тиімділікті бағалау бойынша ішкі және сыртқы (бас компаниялардың қатысуымен) іс-шаралар жүзеге асырылады.

Екінші жақтан, жүйелі және жан-жақты тәсілді қолдану арқылы алға қойылған өндірістік межеге қол жеткізу мақсатында ішкі және тәуелсіз тексерулерді қамтамасыз етуге арналған ішкі аудит процесі бар. Мұндай тәсіл қауіп-қатерлерді басқару, бақылау және басқару процестерінің тиімділігін бағалауға және арттыруға көмектеседі.

КПО қызметтің барлық аспектілері бойынша – бизнес-процестердің тиімділігі және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы басқару жүйесі, заңнаманы, нормативтік актілерді және ішкі регламенттерді сақтау, қаржылық және басқару есептілігінің анықтығы сияқты бағыттар бойынша, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді түзетуге бағытталған кейінгі іс-шаралар бойынша жылдық жоспар әзірлейді.

Екіншіден, КПО бас компаниялары жыл сайын тиімділікті және қауіп-қатерлерді басқару, ішкі бақылау және басқару салаларындағы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге арналған қосымша сапа дәрежесін қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз аудит жүргізеді. Аудит нәтижелері КПО жоғары басшылығына және бас компанияларға Аудит бойынша шағын комитет шеңберінде хабарланады.

Үшіншіден, Компанияның бақылау жүйесінің тиімділігі және халықаралық стандарттарға сәйкестігі, сондай-ақ ҚР заңдарының сақталуы жоғарыда аталған шолу аудиттерін қоса алғанда, ISO стандарттарына сәйкестікті сақтаумен қамтамасыз етіледі.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Мұнай-газ операцияларын жүргізу кезінде қолданыстағы жергілікті және халықаралық заңдар мен ережелерді, оған қоса КПО БҰҰ-ның адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын және адам құқықтары саласындағы халықаралық еңбек ұйымының негізгі конвенцияларын сақтайды.

Адам құқықтары мәселелері әлеуметтік үлес, қауіпсіздік, адам ресурстары, сондай-ақ сатып алу тұрғысынан талаптардың сақталуын сипаттайтын Компанияның ішкі ережелерінде көрініс тапқан. Мұнымен қатар, КПО бизнес үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында өзінің сатып алу үдерістерін тиісінше тексеріп тұруға ұмтылады.

Өз қызметкерлерінің және жергілікті қоғамдастықтардың құқықтарын құрметтеу және қорғау мақсатын ұстана отырып, КПО сыртқы мүдделі тараптармен үнемі өзара әрекеттестікте болады және өзі жұмыс істейтін қауымдастықтардың жалпы өркендеуіне тікелей немесе жанама үлес қосуға ұмтылады.

КПО қазіргі заманғы құлдық пен балалар еңбегіне мүлдем қарсы болып, оларға төзбеушілік принципін ұстанады. Компанияның жеткізілім тізбегінде не қызметінің басқа салаларында болуы мүмкін осы және адам саудасына қатысты қауіп-қатерлерді анықтауға және жоюға ұмтылады.