КПО-ның даму туралы есебі 2021

Мемлекетке жасалған төлемдер

Uchet.kz деректері негізінде, КПО компаниясы тізімге енген (Grant Thornton компаниясы жасаған) 50 ірі компанияның ішінде екінші ірі салық төлеуші болып танылды, оның үлесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінің едәуір бөлігі тиесілі.

КПО салық режимі Өнімді бөлу туралы келісіммен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасымен реттеледі.

Салықтар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік инфрақұрылым және басқа да қызмет салаларын қаржыландыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасы үшін маңызды табыс көзі болып табылады.

Салықтар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік инфрақұрылым және басқа да қызмет салаларын қаржыландыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасы үшін маңызды табыс көзі болып табылады.

КПО компаниясы мүмкіндігінше өзара құрмет пен ашықтық негізінде, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында бизнес пен әлеуметтік саланы дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында салық органдарымен ашық диалог пен ынтымақтастық қатынастарын құруға ұмтылады. Салықтық жеңілдіктер қолданылған және салық төлеуден босатылған жағдайларда КПО олардың ашықтығын және заңнамалық, нормативтік шектерге сәйкестігін қамтамасыз етуге ұмтылады.

Іс жүзінде КПО салық стратегиясы салықтарды дұрыс есептеу, қосарланған салық салу тәуекелін азайту және салық органдарымен кез келген даулардың алдын алу болып табылады. Осыған байланысты, компанияның негізгі қағидаты салық міндеттемелерін уақтылы төлеу және тиісті органдарға заң бойынша талап етілетін немесе тиесілі салықтарды дұрыс анықтау үшін қажетті барлық ақпаратты уақтылы беру болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда салықтық тексерулерді жоспарлау мен ұйымдастыруда тәуекелдерді басқару жүйелері (ТБЖ) қолданылады, тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері әзірленген және бекітілген. Бұл жүйе мемлекетке залал келтіруі мүмкін салық төлеушінің салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығын бағалау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені болып табылады. ТБЖ тәуекелді анықтау және оның алдын алу мақсатында салық қызметі органдары қолданатын шараларды да қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде салықтық бақылау нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады. Мәселен, 2022 жылдың басындағы жағдай бойынша салық органдарының бағалауына сәйкес КПО-ға төмен тәуекел дәрежесі берілді.

КПО салық салу саласындағы ҚР заңнамасының нормаларын қатаң сақтайды, сондай-ақ мұнай-газ және тау-кен секторларында табыстар мен есеп берушіліктің айқындығын көрсетуге ықпал ететін Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының (ӨСАБ) жалпы әлемдік стандартына сәйкес өзінің салықтық құқықтық қатынастарын іске асырады.

ӨНДІРУШІ САЛАЛАРДЫҢ АШЫҚТЫҒЫ БАСТАМАСЫ

КПО Қазақстан Республикасы (ҚР) табиғи ресурстарын басқарудағы табыстардың және құн жасаудың толық тізбегінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) қолдайды.

2021 жылы КПО салық және төлемдер түрінде ҚР бюджетіне ӨСАБ толтыру талаптарына сәйкес 1,6 млрд АҚШ долларын төлеген (SAP ішкі бухгалтерлік есеп жүйесінің бағамы бойынша). Бұл деректер ҚР Өндіруші салаларының ашықтығы бастамасы бойынша 2021 жылғы 17-ұлттық есебінде көрсетілген.

КПО өз салық міндеттемелері бойынша ӨСАБ есептерін ҚР құзіретті органдарына 2014 жылдан бері өздігінен ұсынып келеді.

6-кестеде КПО-ның 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңдегі төлемдері туралы деректер берілген.

КПО Компаниясының ҚР мемлекеттік бюджетіне төлеген салықтары жөніндегі мәліметтер http://egsu.energo.gov.kz сілтемесі бойынша «ҚР мұнай-газ және тау-кен өндіру секторларының төлеушілердің салықтық және салықсыз төлемдер/түсулер бойынша қорытынды есептеме» бөлімінде баршаға қолжетімді түрде жарияланған.

5-кесте. КПО төлеген салықтар мен міндетті төлемдер, 2014–2021 жж. (АҚШ долл.)

2014

2015

2016

2017*

2018

2019

2020**

2021

2,1 млрд

1,2 млрд

0,369 млрд

0,746 млрд

1,9 млрд

1,6 млрд

0,971 млрд

1,6 млрд

Ескерту:

* 2017 жылғы Тұрақты даму туралы есепте жарияланған 897 млн сомадағы алшақтық төлеуші мен алушының деректерін салыстырып тексеруден кейінгі кезеңде қайтару сомасының көрсетілуімен түсіндіріледі.

** 2020 жылдан бастап қазақстандық теңгеден АҚШ долларына айырбастау кезінде КПО есепті кезең соңындағы ҚР ҰБ бағамы бойынша емес, SAP бухгалтерлік есептің ішкі жүйесіне сәйкес төлем сәтіндегі бағам бойынша есептеуді орындайды.

КПО Қазақстан Республикасы (ҚР) табиғи ресурстарын басқарудағы табыстардың және құн жасаудың толық тізбегінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) қолдайды.

2021 жылы КПО салық және төлемдер түрінде ҚР бюджетіне ӨСАБ толтыру талаптарына сәйкес

1,6млрд АҚШ долларын