КПО-ның даму туралы есебі 2021

Қауіпсіздік техникасы

Қауіпсіздік техникасы мен Компанияның әсері бойынша қауіп-қатерлерді барынша азайту мақсатында біз бірқатар міндеттерді белгіледік. Олардың нәтижелері келесі кестеде берілген.

6-кесте. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы міндеттеріміз

2021 жылғы міндеттеріміз

Орындалуы

2021 жылғы міндеттерді жүзеге асыру үшін қабылданған іс-әрекеттер

2022 жылға қойылған міндеттер

Қаіуіпсіздік техникасы мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын жүргізуді жалғастыру

91 %-ке орындалды

Жоспарды іске асыру «Өмірлік маңызды ережелер» туралы хабардар болу деңгейін арттыруды (электрондық онлайн оқыту), сондай-ақ салдарды басқаруды, көшбасшылық пен тәлімгерлікті, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша біліктілікті бағалауды, жұмыс учаскелерінде басшылықтың болуын, процедураларды оңайлатуды қамтыды. Бағдарламаның атауы көшбасшылықты ерекше атап көрсету үшін өзгертілген.

Қауіпсіздік бойынша көшбасшылық және мәдениетті арттыру жоспарын жүргізуді жалғастыру

ҚӨК төменгі буын басшыларының ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы біліктілігін 10 элемент бойынша бағалауды аяқтау

100 %-ке орындалды

КПО төменгі буын басшыларының ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы біліктілігін бағалау аяқталды.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы 2021 жылға арналған коммуникациялар жоспарын орындау

97 %-ке

орындалды

Жоспарды іске асыру ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы хабардарлықты арттыруды, марапаттау механизмін, бағдарламалар мен науқандарды жүзеге асыруды, өзара әрекеттесу мен жұмыс кеңестерін өткізу механизмдерін қамтиды.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы 2022 жылға арналған коммуникациялар жоспарын орындау

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын жүзеге асыру бойынша шараларды орындау

90 %-ке орындалды

Жоспардың 22 шарасының 14-і орындалды, қалған 8-і 2022 жылы жалғасуда. Нақты деректер «Жол қауіпсіздігі» бөлімінде келтірілген.

ISO 39001 стандарты бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесін сертификаттаудан өту

 

Жаңа мақсат

 

Компаниядағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениеті деңгейіне бағалау жүргізу.

Бұл біз үшін неге маңызды?

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен нысан тұтастығын қамтамасыз ету – кез келген мұнай, газ және конденсат кен орнын игеру мен пайдаланудағы табыстың негізгі факторлары. Күкіртсутегі шығарындылары, ағып кетулер мен жол-көлік оқиғасы қауіп-қатерлерімен байланысты жұмыстар кезінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамсасыз ету – біздің компания үшін аса маңызды міндет. Әрбір қызметкер үйіне аман-есен оралу қажет және өндірісте ешқандай өнімнің ағып кетуіне жол берілмеу керек.

КПО тиімді ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениетін жүргізуге ұйым ішінде де, одан тыс та көп күш жұмсайды.

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕР

Біз қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау саласындағы қызметімізді ілгерілік динамикасы мен әлемдегі оқиғаларды ескеріп жоспарлаймыз. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау саласындағы жетістіктерімізді адам-сағаты ескерілген белгілі бір жұмыс көлемінің орындалу кезінде орын алған оқиғалардың жиілігімен өлшейміз. Төменде 2021 жылғысы айрықша көрсетіліп, 2016–2021 жылдардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша көрсеткіштері берілген.

1-сызбада еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (ЕҚЖЖЖ)2 және тіркелуі тиіс жарақаттар жиілігі (ТТЖЖ)3 көрсетілген.

1-сызба. ЕҚЖЖ мен ТТЖ жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2016–2021 жж.

Ескертпе: ЕҚЖЖЖ бен ТТЖЖ көрсеткіштерін есептеу үшін КПО-да келесі әдістер қолданылады:

2Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (ЕҚЖЖЖ) = еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелетін жарақаттар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар + адам қазасымен аяқталған жарақаттар) х 1 000 000 / адам сағат;

3 Тіркелуі тиіс жарақаттар жиілігі (ТТЖЖ) = есепке алынуы тиіс жарақаттар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар + медициналық көмек көрсетілген жағдайлар + жеңіл жұмысқа ауыстыруға әкелген жағдайлар) х 1 000 000 / адам-сағат.

2021 жылғы КПОдағы ТТЖЖ жиілігі

0,09

2021 жылғы КПО-дағы ЕҚЖЖЖ жиілігі

0,03

2021 жылы КПО-да есепке алынатын жарақаттар саны екі есе азайды. Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақат саны да азайды (2020 жылдағы екеуден 2021 жылда бір жарақатқа дейін). 2021 жылы КПО-да ЕҚЖЖЖ 0,03-ті (2020 жылғы 0,06-мен салыстырғанда), ал ТТЖЖ 0,09-ды (2020 жылғы 0,18-мен салыстырғанда) құрады. Жарақаттар санының азаюы негізінен қауіпсіздік бойынша көшбасшылық және мәдениетті арттыру жоспары мен ЕҚ, ТҚ және ҚОҚ саласындағы коммуникацияларды жақсарту жоспарының бірқатар шараларын дәйекті түрде орындаумен, сондай-ақ ЕҚ, ТҚ және ҚОҚ саласындағы төменгі буын басшыларының біліктілігін бағалаудың аяқталуымен байланысты.

КПО оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін олардың барлығын тексереді. Бұдан басқа, біз өзіміздің мердігер ұйымдармен және басқа да мүдделі тараптармен оқиғалардан алынған сабақтар бойынша ақпаратпен алмасамыз, сондай-ақ, қауіпсіздік техникасын жақсарту мақсатында басқа компаниялардың тәжірибесін де қарастырамыз.

7-кестеде КПО мен мердігер ұйымдардың соңғы үш жылдық ЕҚЖЖЖ жиіліктері салыстырылып берілген. КПО мен мердігер ұйымдардың мәліметтері жеке-жеке берілген. Жиынтық көрсеткішті алу үшін мәліметтерді жинақтаудың орнына, есептеу формуласын қолдану қажет.

7-кесте. Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2019 – 2021 жж.

Көрсеткіштер

2021

2020

2019

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (КПО)

0,14

0,00

0,13

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (мердігер ұйымдар)

0,00

0,07

0,04

8-кестеде КПО мен мердігер ұйымдардың тіркелетін жарақаттар жиіліктері салыстырылып берілген.

8-кесте. Тіркелуі тиіс жарақаттар жиілігі: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2019 – 2021 жж.

Көрсеткіштер

2021

2020

2019

Тіркелуі тиіс жарақаттар жиілігі (КПО)

0,14

0,00

0,13

Тіркелуі тиіс жарақаттар жиілігі (мердігер ұйымдар)

0,08

0,22

0,33

Ескертпе: Алғашқы медициналық көмек көрсетілген оқиғалар өндірістік жарақат есебіне қосылмайды.

КПО қауіпсіз жұмыс ортасын құруға ұмтылады. Алайда 2021 жылы Компанияда КПО және мердігер ұйымдар қызметкерлерінің әртүрлі жарақат алуына әкелген 3 оқиға орын алды.

9-кесте. 2021 жылы орын алған оқиғалар

Жарақат түрі

Сипаты

Саны

Еңбек ету қабілетін уақытша жоғалту жағдайы

Каустикалық сода ерітіндісінің шығып кетуі нәтижесінде көз зақымдануы (химиялық күйік)

1

Тіркелетін жарақат жағдайы, қызметкерлер жарақаттан кейін медициналық ем алған соң жұмыстарын жалғастырды немесе жеңіл жұмысқа ауыстырылды

Өткір затпен білекті жарақаттау (кесіп алу)

1

Тайып кету және құлау салдарынан қол жарақаты

1

БАРЛЫҒЫ

3

2021 жылы бір де бір айтарлықтай жол-көлік оқиғасы тіркелмеді. 2021 жылы жол-көлік оқиғаларының жиілігі (ЖКОЖ) 1 млн шақырым жүріп өткен жолға шаққанда нөлге тең болып сақталды (2020 жылдағыдай). Жол-көлік оқиғаларының нөлдік көрсеткіші жол қауіпсіздігін жақсарту жоспарының аясында орындалған бірқатар іс-шараларды орындаумен, жүргізу дағдыларын бағалаумен және «Жол қауіпсіздігі» бөлімінде сипатталған басқа да жетістіктермен байланысты болды.

2020 жылғы 37,9 млн км салыстырғанда 2021 жылы КПО көлік құралдарының жүріп өткен жолы 40,2 млн км құрады.

10-кесте. Жол-көлік оқиғаларының жиілігі: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2019 –2021 жж.

Тиімділік көрсеткіші

2021

2020

2019

Жол-көлік оқиғаларының жиілігі (КПО)

0,00

0,00

0,00

Жол-көлік оқиғаларының жиілігі (мердігер ұйымдар)

0,00

0,00

0,03

11-кесте. Адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2019–2021 жж.

Тиімділік көрсеткіші

2021

2020

2019

Адам қазасымен аяқталған оқиғалар жиілігі (КПО)

0,00

0,00

0,00

Адам қазасымен аяқталған оқиғалар жиілігі (мердігер ұйымдар)

0,00

0,00

0,00

2-сызба. Ірі жол-көлік оқиғаларының жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2019–2021 жж.
Ескертпе: КПО-да қолданылатын ЖКОЖ есептеу әдісі: жолкөлік оқиғаларының жиілігі = ірі жол-көлік оқиғаларының саны x 1 000 000 / км жүріп өткен жол
3-сызба. Адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2019–2021 жж.
Ескертпе: КПО-да қолданылатын адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігін есептеу әдісі: адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі (жасалған бір миллион адам-сағатқа шаққанда ) = адам қазасымен аяқталған оқиғалардың саны x 1 000 000 / жасалған адам-сағат.

2021 жылы КПО және мердігер ұйымдардың қызметкерлері 32 265 055 адам-сағат жұмыс жасады: олардың 21 %-ы (6 924 081 адам-сағат) КПО қызметкерлері, ал 79 %-ын (25 340 974 адам-сағат) мердігер ұйымдар қызметкерлері жасады.

12-кесте. Жасалған адам-сағат саны: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2019–2021 жж.

Көрсеткіштер

2021

2020

2019

Жасалған адам-сағат (КПО)

6 924 081

7 269 825

7 829 313

Жасалған адам-сағат (мердігер ұйымдар)

25 340 974

26 955 757

27 339 092

Барлығы

32 265 055

34 225 582

35 168 405

2021 жылы КПО-да тек бір ықтимал қауіпті оқиға тіркелді: технологиялық процеске байланысты мүлікке зиян келтіру оқиғасы.

13-кесте. Ықтимал қауіпті оқиғалардың саны*: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2019–2021 жж.

Көрсеткіштер

2021

2020

2019

Ықтимал қауіпті оқиғалар саны (КПО)

0

1

3

Ықтимал қауіпті оқиғалар саны (мердігер ұйымдар)

1

1

8

Барлығы

1

2

11

* Ықтимал қауіпті оқиға (ЫҚО) – бір немесе бірнеше адам өліміне әкелуі мүмкін оқиға немесе ықтимал қауіпті жағдай.

2021 жылы 64 ықтимал қауіпті жағдай тіркелді (бұдан әрі – ЫҚЖ): оның ішінде 39 жағдай (61 %) оқиғаларды хабарлау процедурасы бойынша, 25 жағдай (39 %) ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталарының көмегімен анықталды. КПО әрбір ЫҚЖ және оқиғаға мұқият тергеу жүргізеді, тікелей және негізгі себептері анықталып, кемшіліктерді түзетуге және алдағы уақытта оқиғалардың қайталанбауына ұсыныстар жасалады.

14-кесте. Ықтимал қауіпті жағдайлар саны*: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2019–2021 жж.

Көрсеткіштер

2021

2020

2019

Ықтимал қауіпті жағдайлар саны (КПО)

21

27

47

Ықтимал қауіпті жағдайлар саны (мердігер ұйымдар)

43

46

64

Барлығы

64

73

111

* Ықтимал қауіпті жағдай (ЫҚЖ) – есепке алынуы тиіс жарақаттануға, мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтіруге немесе технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғаға әкелуі мүмкін, алайда түрлі жағдайларға байланысты орын алмаған, кез келген жоспарланбаған және бақыланбайтын оқиға немесе оқиғалар тізбегі.

САЛАНЫҢ БАСҚА ҰЙЫМДАРЫМЕН САЛЫСТЫРУ

КПО компанияның тиімділік негізгі көрсеткіштерін (ТНК) мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы (бұдан әрі IOGP) есебінде көрсетілген оператор компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырады. IOGP қауымдастығы ЕҚ және ҚТ саласындағы тиімділік көрсеткіштерін жыл сайын www.iogp.org сайтында жариялайды.

2021 жылы КПО-да еңбекке қабілеттілігін жоғалту жарақаттар саны азайды (2020 жылы екі жарақатпен салыстырғанда 2021 жылы бір жарақат орын алды). Егер КПО-ның көрсеткіштерін 2021 жылғы саланың басқа компаниялар көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, КПО-ның еңбек ету қабілетін жоғалту жарақаттар жиілігі IOGP жетекші 10 компаниясының көрсеткіштерінен және IOGP орташа статистикалық көрсеткіштерінен жоғары (4-сызбаны қараңыз).

4-сызба. IOGP мен КПО салыстырмалы көрсеткіштері, 2008–2021 жж.

2021 ЖЫЛҒЫ ЕҚ, ҚТ ЖӘНЕ ҚОҚ ЖАҚСАРТУ ЖОСПАРЫ

Жоспардың басты міндеті – ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында басқару жүйесін жақсарту, қауіп-қатерлер факторларын әрі қарай бақылау, қызметкерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу. Бұған елеулі пайда мен жақсартуларға бағытталған мақсатты элементтерді және Компанияның күнделікті өндірістік қызметінен тыс бірқатар іс-шараларды жүргізу арқылы қол жеткізіледі.

  • 2021 жылы КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауда жоспар мен тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (ТНК) келісімділігін қамтамасыз ету және қойылған міндеттерге жету үшін құрылымдық тәсілді қолданды.
  • Компанияның 2021 жылға арналған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жоспары өзара байланысты бағыттардан тұрады:
  • Бұл мәселелерді шешу үшін көмекші жоспарлар жасалған;
  • КПО-ның барлық мүдделі тараптары бірлескен мақсаттар мен көмекші жоспарларды мойындап, бөлісті;
  • Негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін Компания жоспарларды іске асыру және тосқауылдарды нығайту бойынша бірлескен жұмыс жүргізді.

Жоспар мониторингі I, II және III деңгейлердің міндеттеріне қатысты «бағдаршамдар» (жасыл, сары, қызыл) жүйесінің көмегімен жүргізілді.

Келесі параграфтарда біз қауіпсіздік бойынша көшбасшылық және мәдениетті арттыру жоспарының, сонымен қатар жол қауіпсіздігінің шараларын сипаттаймыз. Қоршаған ортаны қорғау, өндіріс тұтастығы, қауіп-қатерлерді басқару және денсаулық сақтау басқа бөлімдерде берілген.

I ДЕҢГЕЙ (негізгі):

Жарақаттар мен ағып кетулерсіз жұмыс жүргізу

II ДЕҢГЕЙ (қосымша):

Мінез-құлық модельдері мен көшбасшылық

Жеке денсаулық

Жеке қауіпсіздік

Өндіріс тұтастығы және технологиялық қауіпсіздік

Жол қозғалысы және инфрақұрылым қауіпсіздігі

Қоршаған ортаға әсерді барынша азайту

III ДЕҢГЕЙ (оған қалай жетуге болады):

Стратегия және мақсатты элементтер

КПО «АЛТЫН ЕРЕЖЕЛЕРІ» ЖӘНЕ «ӨМІРЛІК МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

КПО ЕҚ, ҚТ мен ҚОҚ саясаты шеңберінде қауіпсіздік мәдениетін арттыру және оқиғаларды азайту мақсатында КПО-да үш негізгі «Алтын ереже» (2017 ж. бастап) және 11 «Өмірлік маңызды ережелер» (2019 ж. бастап) белгіленген.

«Алтын ережелер» Компанияның қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау көзқарасын реттейді: заңнамалық нормаларды сақтауға, қауіп төнген жағдайда араласуға, өзара әрекеттесу кезінде әріптестерді құрметтеуге бағытталған.

«Өмірлік маңызды ережелер» Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) қағидаларына негізделген және мұнай-газ өнеркәсібі ұйымдары арасындағы ЕҚ және ҚТ саласындағы әлемдік қағидаларды стандарттау шеңберінде, сондай-ақ білім, тәжірибе және алған сабақтармен алмасуды жақсарту мақсатында құрылған. Бұл ережелер қауіптілігі жоғары жұмыстардың 11 түрін қамтыған:

8-сурет. Қауіптілігі жоғары жұмыстардың 11 түрі

Бұл белгіленген ережелер барлық КПО қызметкерлеріне, мердігер ұйымдар мен қосалқы мердігер ұйымдарға қатысты және Компания қызмет істейтін барлық активтер мен өндірістік нысандарда қолданылады.

Қызметкерлердің «Өмірлік маңызды ережелер» туралы хабардарлығын одан әрі арттыру мақсатымен 2021 жылы «Өмірлік маңызды ережелерді» терең зерттеу науқаны басталды. Оны жете түсінуді қамтамасыз ету үшін науқанға оқу материалдарын әзірлеу және қызметкерлерді тестілеу (электрондық оқыту) кірді. Қызметкерлер нәтижелері келесідей:

  • 3 589 адам «Қорғаныс жүйелерін ажырату» электрондық курсынан сәтті өтті;
  • 3 571 адам «Қауіпті аймақ» электрондық курсынан сәтті өтті.

САЛДАРДЫ БАСҚАРУ

КПО-да «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы тәртіптік жауапкершілік және салдарды басқару моделі» жұмыс істейді. Ол оң немесе теріс салдары болуы мүмкін, және сол салдардың оң немесе теріс болуына байланысты тиісті марапаттауды немесе жазаны анықтап беруге көмектесетін қызметкердің тәртібін жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етеді.

2021 жылы Компания мен мердігер ұйымдардың қызметкерлерін осы модельмен таныстыру бойынша жұмыстар онлайн-кеңестер арқылы жалғастырылды. Қауіп-қатер деңгейі жоғары және орташа мердігер ұйымдар қызметкерлерінің 90 %-ы қамтылды. «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы тәртіптік жауапкершілік және салдарды басқару моделі» бойынша хабардарлықты арттыру сессияларын өткізу КПО басшылығы үшін, басшылар Компания бойынша «Салдарды басқару моделін» енгізуге ықпал ететіндей жалғастырылатын болады.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы көшбасшылық және мәдениет

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы көшбасшылық және мәдениет бағдарламасы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын ұдайы жақсарту үшін, сондай-ақ тікелей жұмыс жетекшілерінің дағдыларын дамыту және жетілдіру, қызметкерлерді жұмыс орындарында қауіпсіз жұмыс әдістерін қолдануға үйрету үшін әзірленген.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2021 жылы жалғастырылды. Ұңғыма операциялары бөлімінің, жобаларды жүзеге асыру директоратының және олардың мердігер ұйымдарының қызметкерлері үшін «Коучинг, қатысу және араласу» курстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ҚТ бойынша корпоративтік мәселелер бөлімінің қолдауымен KMG-Parker Drilling мердігер ұйымы өз қызметкерлері арасында мастерлер бригадасына арналған «Жұмысты тоқтат» оқыту бағдарламасын енгізді. Әлеуметтік жобалар бөлімі бастамасы бойынша ҚТ жөніндегі корпоративтік мәселелер бөлімі Орал қаласындағы әлеуметтік жобалар бөлімінің мердігер ұйымдары басшыларына коучинг, қатысу және араласу бойынша шағын таныстыру сессияларын өткізді.

Жұмыс орындарында басшылықтың болуы

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жалпы көрсеткіштерін және олардың жұмыс орындарында қызметкерлермен қолданылуын қадағалау мақсатында КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексерулер жүргізеді. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексерулер екі деңгейде өткізіледі: орта буын басшылардың және КПО директорлары / басқарушылары мен мердігер ұйымдардың қатысуымен жоғары басшылық тексерулері.

2021 жылы жоғары басшылықтың қатысуымен 127 ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тексеруі жүргізілді, жоспар бойынша оның саны 70 болған (жоспар 181 %-ке орындалды).

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ

Жол қауіпсіздігінің тұрақты көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін КПО жол қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды жалғастыруда. 2021 жылы Компания жоспар іс-шараларының 90 %-ын орындады.

2021 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы негізгі жетістіктер мен орындалған іс-шаралар келесілерді қамтиды:

  • Жүргізушілер жұмысын одан әрі жақсарту үшін озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келтірілген КПО-ның бірінші және екінші реттік логистика үшін көлік құралдары мониторингінің жаңа жүйесі (КҚМЖ) параметрлерін енгізу;
  • КПО және мердігерлік ұйымдардың 170-тен астам жүргізушілер біліктілігін ішінара түрде де, қауіп-қатерлерге бағдарланған тәсілді қолдана отырып та, КҚМЖ RAG есептері, көлік құралдарының түрі, жүк түрі, жүріп өткен шақырым жол негізінде бағалау;
  • Ең төмен көрсеткіштері бар 6 мердігер ұйымның жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігін тексеру;
  • Кен орны негізгі жолдарының шұңқырларын жөндеу, жол белгілерін ауыстыру және жол таңбаларын салу;
  • КПО және мердігер ұйымдар жүргізушілері үшін қыс мезгіліндегі жол қозғалысы қауіпсіздігі, жолдағы қауіп-қатерлер, оның ішінде жолдарда жануарларды қағып кету қаупі бойынша кезектен тыс жиналыстарды ұйымдастыру;

ISO 39001: Жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесі – стандарт талаптарына толық сәйкестікпен алдын ала сертификаттау сәтті өтті. 2022 жылы КПО осы стандарт бойынша сертификаттаудан өтуді жоспарлап отыр.

ЕҚ, ҚТ ЖӘНЕ ҚОҚ МӘДЕНИЕТІ

2021 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша барлық келесі қызметтерді қамтитын жаңа ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникациялар бойынша іс-шаралар жоспары енгізілді: Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндіріс тұтастығы басқармасы, өндірістік директораттың ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімі, жобаларды іске асыру директоратының құрылымындағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімі, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы барлық іс-шараларды, оның ішінде алдағы және ағымдағы шараларды, кездесулерді, жоспарларды үйлестіру үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі корпоративтік бөлім. Күш жұмылдырып, бірлесе жұмыс істеудің арқасында кесте бойынша жоспарланған іс-шаралардың 97 %-ы орындалды.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникациялар бойынша іс-шаралар жоспары аясында 2021 жылдың желтоқсан айында КПО жоғары басшылығының қатысуымен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша форум өткізілді. КПО жоғары басшылығы мен 54 мердігер ұйымның өкілдері гибридті түрде қатысты – қатысушылардың бір бөлігі форум өтетін жерде қатысса, екінші бөлігі онлайн режимінде қосылды. Форумның мақсаты ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ көрсеткіштерін бірлесіп қарастыру, тәжірибе алмасу және қауіпсіздік мәдениеті мен оның элементтері туралы, Қарашығанақ жобасының «Қауіпсіздік мәдениеті сатысының» қай деңгейінде тұрғаны және одан әрі дамыту үшін не істеуге болатыны туралы талқылау болды.

Өткен жылы «Оқиғалардан алынған сабақтар» жаңа дерекқоры іске қосылды, онда әрбір адам КПО ішкі оқиғалары бойынша да, сыртқы көздер оқиғалары бойынша да алынған сабақтардың мұрағатын, сондай-ақ түрлі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тақырыптарына пайдалы «Қауіпсіздік бойынша қысқаша ақпараттарды» таба алады. Жаңа дерекқорда кеңейтілген іздеу жүйесі бар, ол белгілі бір параметрлер бойынша нақты жағдайды табуға мүмкіндік береді (мысалы, «Өмірлік маңызды ережелер» немесе жарақат түрлері, шаралар және т.б.).

КПО COVID-19 вакцинациялау бағдарламасын насихаттау және өрлету мақсатында вакцинацияланған қызметкерлерге вакцинация тәжірибесімен бөлісу және мотивация беру ұсынылды. Барлық оқиғалар компьютер экрандарында «қалқыма хабарламалар» арқылы көрсетілді.

«Ақсай радиосымен» бірігіп, біз халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Ақсай қаласы балалары арасында жол қозғалысы қауіпсіздігіне назар аударту мақсатында суреттер байқауын өткіздік. Марапаттау радио эфирінде және Instagram әлеуметтік желісінде өтті. Бұдан бөлек, КПО қызметкерлері танып білу, әрі талқылау үшін «Қауіпсіздік үйден басталады» тақырыбына презентация ұсынды. Онда балалар күнделікті өмірде кездестіруі мүмкін қауіп-қатерлер және қауіпті әрекеттердің кері салдарын болдырмау жөнінде кеңестер берілген.