Қауіпсіздік
Компания қызметінің нәтижесінде туындайтын қауіп-қатерлер мен жағымсыз әсерді барынша азайту мақсатында біз бірқатар міндеттерді белгіледік, оларды іске асыру нәтижелері төменде ұсынылған.
2021 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2021 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2022 жылға қойылған міндеттер |
КПО экспорттық құбыржолдарына заңсыз қосылу жағдайларын болдырмау |
Орындалды |
Экспорттық құбыржолдарды жүйелі бақылау мобильді патрульдер күшімен және «Sintela» бақылау және хабарлау жүйесімен жүргізілді. |
КПО экспорттық құбыржолдарына заңсыз қосылу жағдайларын болдырмау |
Заңсыз әрекеттердің алдын алу мен оқиғалар деңгейін төмендету бойынша бірқатар шараларды жүргізу |
Орындалды |
Жыл бойы реттеуші ережелер жаңартылды, оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді. |
Алып өтуге тыйым салынған заттарды болдырмау және қызметкерлердің физикалық жағдайын қадағалау мақсатында ГКДҚ-2, ГКДҚ-3 және ҚӨК нысандарындағы «қызыл аймақтардың» бақылау-өткізу пункттерінде металл детекторлық сканерлер мен тыныс алу ортасын бақылау автоматты жүйелерін орнату |
Күзет қызметкерлерін қауіпсіздіктің және адам құқықтарының ерікті қағидаларына (ҚжАҚЕҚ) оқытуды жалғастыру |
Орындалды |
2021 жылдың соңында күзет ұйымдарының қызметкерінің 100 % аталмыш оқудан өтіп шықты. 2016 жылдан бері ҚжАҚЕҚ оқыту туралы ереже қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін көрсету бойынша жаңа келісімшарттар талаптарына енгізілген. |
Күзет қызметкерлерінің қауіпсіздіктің және адам құқықтарының ерікті қағидалары (ҚжАҚЕҚ) бойынша білімдерін жаңартуды жалғастыру және жаңадан қабылданатын қызметкерлерді оқыту |
Электронды қауіпсіздік жүйесін сатып алу және оны Компания нысандарында орнатуға кірісу Үлкен Шаған МАС-дағы ықтимал қауіпсіздік қызметін көрсетушіні анықтау. |
Жартылай орындалды |
Сатып алуға белгіленген жабдықтардың бағаларының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік жүйелерінің аяқталған жобасы негізінде бюджетті қайта бағалау туралы шешім қабылданды. Үлкен Шаған МАС-да қауіпсіздік жүйелерін жобалау қызметтерін ұсыну бойынша тендер үдерісі сәтті өтті |
ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3 және мұнайды бастапқы өндеу станциясы (МБӨС) нысандарына қауіпсіздік жүйелерін жеткізуші мен орнатушыны анықтау жөніндегі тендер үдерісін аяқтау. Жобаны нақты іске асыруға кірісу. |
|
Жаңа міндет |
|
Қауіпсіздікті басқару жүйесінің жобасы шеңберінде келесі нысандар бойынша жұмыс көлемді анықтау: Үлкен Шаған МАС, Пилот қалашығы, және қалдықтарды кәдеге жарату орталығы |
Бірнеше әртүрлі және қолданыстағы электронды бейдждерді/сертификаттарды біріктіру |
Орындалды |
Түрлі карталарды біріктіру бойынша пилоттық жоба сәтті өткізілді. |
Қарапайым электронды карталарды электронды чипі бар карталарға ауыстыруды жалғастыру; Жобаны одан әрі іске асыру үшін электронды тіркеуіштердің қажетті санын анықтау және сатып алу. |
Бұл біз үшін неге маңызды?
КПО өндірістегі нысандардың тұтастығын сақтай отырып және Қарашығанақ кен орнындағы мердігер ұйымдардың қызметкерлерін қоса алғанда, барлық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақсыздыққа әсер ететін кез келген ықтимал қауіп-қатерлерді азайту үшін барынша күш салады.
ҚжАҚЕҚ оқытумен қамту
КПО экспорттық құбырларына бөтен тараптардың заңсыз қосылуы
2021 жылғы КПО қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндірістік қатынастар бөлімі қызметінің қорытындысы бойынша 992 бұзушылық анықталып, құқық қорғау органдарына жолданған 4 өтінішпен қоса 17 ішкі қызметтік тексеру жүргізілді.
2021 жылы Компания 40 млн. астам теңгені құрайтын КПО және мердігер ұйымдар активтерін рұқсатсыз шығару/алып кету фактілерін анықтап, оларды болдырмады.
Экспорттық құбыржолдарда кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін көрсететін күзет ұйымының қызметкерлері БҚО құқық қорғау органдарына ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен тұлғаларды ұстауға көмектесті.
«Sintela» қауіпсіздік жүйесінің жаңа бағдарламалық жасақтамасын қолдану жалпы бақылау сапасын едәуір жақсартты, соның ішінде қатерлер нақтырақ таныла бастады және патрульдеу сапасы жақсарды.
2022 жылдың қаңтарында форс-мажор күш жағдайлары мен төтенше жағдай кезеңінде компания өндірістік нысандардың қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша төмендегідей шаралар кешенін іске асырды:
- КПО және мердігер ұйымдардың қызметкерлерін Ақсай қаласы мен КПО нысандары арасында қауіпсіз тасымалдау ұйымдастырылды;
- күзет бекеттерінде және БӨП күзет қызметкерлерінің санын арттыру, бақылау-өткізу тәртібін күшейту, кірме жолдарды уақытша бұғаттау/жабу, мобилді патрульдерді қайта топтастыру, жедел әрекет ету топтарын жұмылдыру сияқты нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қосымша шаралары қабылданды;
- құқық қорғау және билік органдарымен тығыз өзара әрекеттесу арқылы қоғамдық тәртіпті тұрақсыздандыруға жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешені орындалды.
8-сызба. 2021 жылғы бұзушылық фактілері
2021 жылы Компания 40 млн. астам теңгені құрайтын КПО және мердігер ұйымдар активтерін рұқсатсыз шығару/ алып кету фактілерін анықтап, оларды болдырмады.