КПО-ның даму туралы есебі 2021

Апаттық әрекет ету жүйесі

КПО компаниясында оқиға, апат немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда бірінші кезектегі іс-шараларды жүргізу, ТЖ ауқымын бағалау, ТЖ оқшаулау және жою, сондай-ақ салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарды жоспарлау және жүзеге асыру үшін қажетті сенімді үш деңгейлі апаттық әрекет ету жүйесі жұмыс істейді. Графикалық түрде жүйе 9 суретте көрсетілген.

9-сурет. КПО апаттық әрекет ету жүйесі

Бұл біз үшін неге маңызды?

Апаттық әрекет ету және дағдарысты жағдайларды басқару КПО компаниясын басқарудың негізгі элементі болып табылады, өйткені апаттық жағдай ушыққан жағдайда, КПО және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары қауіпті және зиянды факторлардың ықтимал әсер ету аймағында қалуы мүмкін.

Төтенше жағдайларға дайындық және оларға әрекет ету ықтимал штаттан тыс жағдайлар мен апаттарды анықтауды, сондай-ақ осындай апаттар салдарының адамдарға, қоршаған ортаға, Компания активтері мен беделіне әсерін барынша азайту үшін ұйымдық құрылым мен ресурстарды қалыптастыруды жобалайды. Бұл ресурстар Бөрлі ауданының мемлекеттік апаттық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарына қоныстану аумақтарындағы және ауыл шаруашылығы жерлеріндегі өрттермен, сондай-ақ су тасқыны салдарымен күресте қолдау көрсету үшін пайдаланылады.

2021 жылы КПО компаниясы апаттық басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды енгізді. Атап айтқанда, кен орнындағы және Ақсай қаласындағы II деңгейдегі апаттық басқару топтары штаб жұмысының тиімділігін арттыру үшін бірыңғай командаға біріктірілді, сондай-ақ:

  • қызметкерлер арасындағы байланыс жақсарды;
  • ақпаратты қайталамай шешім қабылдау уақыты қысқартылды;
  • функционалдық міндеттер бойынша еріктілердің жалпы резерві құрылды, бұл өз кезегінде ұзаққа созылған сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қосымша персоналды жұмылдыру мүмкіндігін қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, апаттық-үйлестіру орталықтарының технологиялық әлеуетін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылды. Ақсай қаласы мен кен орнындағы апатты басқару орталықтары арасында дөңгелек үстел форматында бейне байланыс жүйесі орнатылды. Осының арқасында штабтың жұмысын қатаң карантиндік шектеулер жағдайында жүзеге асыруға және қызметкерлердің бір бөлігін штаб жұмысына қашықтан қатыстыруға мүмкіндік туды.

I деңгейдегі күштер мен құралдарды дайындау шеңберінде, 2021 жылы Компанияның барлық қауіпті өндірістік нысандары ай сайын Апаттық басқару штабының (АБШ), апаттық-құтқару қызметтерінің және КПО мен мердігерлік ұйымдар персоналының қатысуымен апатқа қарсы жаттығулар өткізді.

2021 жылы бірінші деңгейдегі апаттық басқару штабтарының және апаттық-құтқару құрамаларының іс-қимылдарын пысықтау үшін КПО нысандарында 103 оқу-жаттығу сабақтары өткізілді (2020 жылы 80).

6-сызба. 2020–2021 жылдары өткізілген оқу-жаттығу сабақтары

ІІ және ІІІ деңгейдегі штаб мүшелері дайындық деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік берген келесі нақты мобилизациялар мен оқу-жаттығуларға қатысты:

18-кесте. 2021 ж. өткізілген II және III деңгейлі оқу-жаттығулары

Оқу-жаттығу түрлері

Өткізілген күні

Міндеттері

Қатысушылар

«АВРОРА» кешенді оқу-жаттығуы

тамыз 2021 ж.

Қолданыстағы процедураларды тексеру, сондай-ақ жақында дайындықтан өткен апаттық басқару тобы мүшелерінің дағдыларын дамыту

II деңгейдегі апаттық басқару тобы, III деңгейдегі дағдарысты жағдайларды басқару тобы

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу

тамыз 2021 ж.

ҚАТЖ-де апат кезінде мұнай дағын ұстап қалу үшін Көшім каналында бондық бөгеулерді жаю бойынша күштер мен құралдардың іс-қимылдарын пысықтау.

Үлкен Шаған МАС АБШ, өртке қарсы қызмет

2021 жылы барлық санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтық талаптарын сақтай отырып, КПО апаттық-құтқару қызметтерін қатыстыра отырып, апта сайын теориялық және практикалық оқу-жаттығу сабақтары өткізілді, атап айтқанда:

  • өрт сөндіру қызметтері;
  • газдан құтқару қызметі;
  • ерікті газдан құтқару құралымдары;
  • медициналық қызметкерлер.

Бұдан басқа, 2021 жылы КПО ҚР Заңнамасының талаптарына сәйкес электрондық оқыту жүйесі базасында азаматтық қорғау бойынша персоналды оқытуды жалғастырды.

2021 жылы КПО апаттық-құтқару қызметтері мен құралымдарының өкілдері ауыл шаруашылығы нысандарының, шаруашылық құрылыстарының дала өрттерін сөндіруге және орман белдеулерінің жануына қолдау көрсету үшін елді мекендерге 25 рет шықты.

ТЖ мәселелері бойынша халықпен өзара қарым-қатынас жүргізу

КПО компаниясы ҚМГКК аумағында ТЖ болған жағдайда әрекет ету тәртібі туралы елді мекендер тұрғындарының хабардар болу деңгейін қадағалап отырады. 2021 жылы бекітілген жоспарға сәйкес кен орнының периметрі бойынша орналасқан ауылдық округ әкімдерімен және елді мекендердің тұрғындарымен 40 адамды қамти отырып, қараусыз жүрген мал-қауіп көзі, орталық мониторинг станциясының, апаттық хабарлау станциясының рөлі және олардың жабдықтарын зерттеу тақырыптары бойынша төрт кездесу өткізілді.

Елді мекендердегі апаттық хабарлау станцияларының тұрақты әзірлігін сақтау мақсатында 2021 жыл ішінде КПО апаттық әрекет ету тобының халықты қорғау жөніндегі мамандары мердігерлік ұйымның өкілдерімен бірлесіп, апаттық құлақтандыру дабылдары мен дауыс зорайтқыш байланыс жүйелерін ай сайын тестілеуден өткізді, сондай-ақ осы жабдыққа техникалық қызмет көрсетті. Аталмыш апаттық құлақтандыру станциялары кен орнының периметрі бойынша орналасқан сегіз елді мекенде орнатылды.

КПО әлі де су тасқыны, өрт қаупі болуы ықтимал және қысқы кезеңдерде жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда.