Жергілікті халықпен қарым-қатынас
Жоғарыда келтірілген кестедегі міндеттер негізінен Бөрлі ауданына қарасты үш ауылдық округте – Қарашығанақ кен орнының айналасындағы Приурал, Жарсуат және Успен ауылдарында, сонымен қатар Ақсай қаласында тұратын жергілікті халықты қолдауға бағытталған.
Өзара әрекеттесу және әлеуметтік және инфрақұрылымдық көмек көрсету саласында жергілікті халықпен барынша тиімді диалог жүргізу мақсатында КПО құрамына компания қызметкерлері мен ауылдық округтердің өкілдері кіретін Консультативтік кеңестер отырысы түрінде кездесулер мен кеңестер өткізеді.
2021 жылы Приурал, Жарсуат және Успен ауылдық округтерінде Консультативтік кеңестердің тоғыз отырысы өтті, оның үшеуі КВИ-19 шектеулеріне байланысты онлайн режимінде ұйымдастырылды. Кездесулер барысында жергілікті тұрғындар КПО-ның 2021 жылға арналған қоғамдастықты дамыту бағдарламалары, КПО-ның экологиялық мониторинг бағдарламасы туралы, сондай-ақ осы Компанияның шәкіртақы бөлу бойынша бағдарламасы аясында ауылдық округтерден Орал қаласындағы колледждер мен университеттерде екінші курста оқып жатқан жеті студенттің жетістігі туралы ақпарат алды. Жалпы, осы бағдарлама жұмыс істеп келе жатқан 2010–2021 жылдар аралығында 18 жергілікті тұрғын білім алды.
2021 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2021 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2022 жылға қойылған міндеттер |
Мақұлданған бюджетке сәйкес ауылдық округтерді дамытуға жәрдемдесу бағдарламасын орындау |
Орындалды |
КВИ-19 пандемиясы бойынша шектеулерге байланысты балалардың жазғы лагерьдегі демалысы тоқтатылды, ал «Ақжайық» шипажайындағы зейнеткерлердің демалысы ішінара жүзеге асырылды. Ауыл түлектеріне шәкіртақы бөлу бағдарламасы табысты жалғасуда. |
2022 жылға мақұлданған бюджетке сәйкес ауылдық округтерді дамытуға жәрдемдесу бағдарламаларын орындау |
Әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша үш ауылдық округте 9 Консультативтік кеңес отырысын өткізу |
Орындалды |
2021 жылы жергілікті тұрғындар көтерген дамудың әлеуметтік және экологиялық аспектілері бойынша үш ауылдық округте (Приурал, Жарсуат және Успен) Консультативтік кеңестердің 9 отырысы өткізілді. Осы ретте, аталған үш ауылдық округ тұрғындарының сауалдарына жауап алу мақсатында консультативтік кеңес отырысынан тыс уақытта да кездесулер өткізілді. |
Әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша үш ауылдық округте 9 (Приурал, Жарсуат және Успен) консультативтік кеңес отырысын өткізу |
Халықтың шағымдары мен өтініштерін қарастыру және уақытылы жабу |
Орындалды |
Барлық келіп түскен шағымдар уақытылы қарастырылып, жабылды |
Халықтың шағымдары мен өтініштерін уақытылы қарастыру және жабу |
Бұл біз үшін неге маңызды?
Біз үшін сенім, өзара түсіністік, ынтымақтастық және жергілікті тұрғындардың құқықтарын құрметтеу Компанияның табысты жұмыс істеуінің негізгі факторлары болып табылады.
Жергілікті халықпен тату көршілік қарым-қатынас пен сындарлы диалог орнату – КПО компаниясының «Тұрақты даму кодексінің» ажырамас бөлігі. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыс компанияның өндірістік қызметіне қоғамдық келісімді сақтауға көмектесетіндіктен, компания үшін зор маңызға ие.
КПО өз қызметін іске асыру кезінде теріс әсердің алдын алуға немесе оны барынша азайтуға, сондай-ақ жергілікті халықтың экономикалық өсуіне және өркендеуіне жағдай жасап, олармен өзара әрекеттесуді жақсарту арқылы өз қызметінен барынша артықшылық беруге тырысып келеді.
Әлеуметтік жауапкершілік бастамаларын жүзеге асыру үшін КПО халықаралық қаржы корпорациясының тиімділік стандарттарына негізделген саясаттарды, стандарттарды және процедураларды қолданады.
Жергілікті халықтың дамуына жәрдемдесу бағдарламасы аясында КПО сонымен қатар Бөрлі ауданының зейнеткерлеріне «Ақжайық» шипажайында демалуға 65 жолдама берді. Коронавирустық пандемия кезіндегі қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, екпе алған зейнеткерлерге жолдамалар берілді.
Шағымдар мен өтініштерді қарастыру
КПО компаниясының «Жергілікті халықтың шағымдары мен өтініштерін қарастыру процедурасына» сәйкес ҚМГКК іргелес жатқан ауылдық округтер тұрғындарынан 10 шағым келіп түсті, оның ішінде үш шағым газ иісіне байланысты болса, қалған жеті шағым түрлі сипатта болды. Осы өтініштер аясында Компания ауылдық округтерге қыста ауыл ішіндегі жолдарды тазалау үшін техникамен қамтамасыз етуге көмек көрсетті.
Газ иісіне қатысты шағымдар бойынша өнеркәсіптік экологиялық бақылау тобы тексеріс жүргізді. Бұл тексерістердің нәжесінде жабдықтың ақаулары, ағындылар/шығарындылар немесе ШРК-дан асып кету фактілері анықталған жоқ. Тексеріс аяқталған соң, шағымданған тұрғындарға кері байланыс берілді.
Көшірілген тұрғындар мониторингі
2017 жылдың аяғында Березовка және Бестау ауылдарының алғашқы тұрғындары Аралтал шағын ауданына және Ақсай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге қоныс аударғалы Компания жыл сайын қоныстанған отбасылардың табыс көздерін қалпына келтіру барысын қадағалап отырады. Аралтал тұрғындарымен кездесу барысында сауалнама аясында тұрғындар Аралталдағы салынған 100 үй мен мектеп маңында жауын-шашын суын ағызуға арналған кәріз жүйесінің жоқтығына шағымданды.
Тұрғындардың өтініштері Компания тарапынан Бөрлі ауданы мен Батыс Қазақстан облысының жергілікті билік органдарының назарына жеткізілді. КПО-ның жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысының нәтижесінде Березовка және Бестау ауылдарын қоныстандырудан кейінгі жобаларын, оның ішінде Ақсай қаласындағы Аралтал ауылында дренаждық жүйені орнату жобасын және бұрынғы Березовка және Бестау ауылдарын бұзу және жерін қалпына келтіру жобасын жүзеге асыруға қосымша қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа Қаулысы (01.04.2021 ж. № 203) қабылданды.
2021 жылдың соңында КПО Аралталдағы 100-ге жуық үй мен мектеп айналасындағы кәріз жүйесін орнату жобасын аяқтады. Алты айға созылған құрылыстың барлық кезеңінде КПО-ның қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлері Аралтал тұрғындарымен жоба туралы консультативтік жиналыстар өткізіп, оларды жобаның жоспарымен таныстырып, тұрғындарға құрылыс барысы туралы хабарлап отырды. Сондай-ақ құрылыс мердігер компанияны мәселелерді шешуге тарта отырып, жазбаша және ауызша өтініштер мен шағымдарға жедел жауап берді. Құрылыс кезеңінде КПО қызметкерлерінің тұрғындармен тұрақты байланысының арқасында мердігер тұрғындардың барлық ескертулері мен өтініштерін ескерді. Жалпы алғанда, кәріз жүйесінің құрылысы кезінде Компанияның қоғаммен байланыс қызметкерлері Аралтал тұрғындарымен жобаға қатысты мәселелерді талқылау және шешу мақсатында 97 кездесу өткізді.
Компанияның Бөрлі ауданының тұрғындарымен және жергілікті билік органдарымен нәтижелі ынтымақтастығы тұрғындар мәселелерін дер кезінде шешуге және осы жобаны жүзеге асыруға байланысты 94 арыз-шағымның жабылуына, жұмысты кестеге сәйкес аяқтай алмау қауіп-қатерлерін азайтуға ықпал етті. Сәтті өзара әрекеттестіктің бұл мысалы жергілікті халықпен сенімді қарым-қатынасты сақтауға және компанияның Қарашығанақ кен орнындағы қызметіне байланысты әлеуметтік және экологиялық қауіп-қатерлерін азайтуға қосқан үлесі болып табылады.
Компания келесі жылдың есебінде оқырмандарға көшірілген Березовка және Бестау ауылдарын бұзу және жерін қалпына келтіру жобасының жүзеге асырылуы туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар
Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат жергілікті тұрғындарға облыстық және аудандық газеттерде, сондай-ақ Компания вебсайтында жариялау арқылы жеткізіледі. 2020 және 2021 жылдардағы коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты қоғамдық тыңдаулар сауалнама жүргізу үлгісінде өткізілді. КПО мен жергілікті атқарушы билік органдары халықтан кері байланысты КПО вебсайтында тұрғындар үшін дайындалған құжаттар пакетінде бірге берілген сауалнама парақтарын алу арқылы жүргізуге келісті.
2021 жылы Бөрлі ауданы әкімдігінің қолдауымен КПО компаниясы әртүрлі нысандардың құрылыс жобасы бойынша сауалнама жүргізу үлгісінде төрт қоғамдық тыңдау өткізді. Қоғамдық тыңдаулар барысында көтерілген мәселелер қатарына кәсіптік және технологиялық құбыржолдар, ұңғымалар құрылысы, сондай-ақ топырақты қалпына келтіру жатты.
2021 жылы қоғамдық тыңдаулар талқылауына салынған барлық жобалар тыңдауларды өткізу процедурасына сәйкес мақұлданып, олардың тиісті хаттамалары толтырылған. Қоғамдық тыңдаулар құжаттар пакетін Бөрлі ауданы әкімдігінің вебсайтынан және КПО вебсайтынан https://kpo.kz/kz/ сілтемесі бойынша «Тұрақты даму/Әлеуметтік жауапкершілік/Халықпен өзара әрекеттесу/Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде көруге болады.