Еңбекті қорғау және денсаулық сақтау
Компанияның кәсіби денсаулығына қауіп-қатерлер мен әсерін азайту үшін біз өз алдымызға бірқатар міндет қойдық. Оларды орындау нәтижелері төменде келтірілген.
2021 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2021 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2022 жылға қойылған міндеттер |
Төмендегі бағдарламарды қамтитын қызметкерлердің психологиялық денсаулығын сақтау жүйесін іске асыруды жалғастыру:
|
Жартылай орындалды |
|
|
Мердігерлік ұйымдардың нысандарындағы санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жалғастыру |
Орындалды |
2021 жылы аудиттердің мақсаты «Адамдарға қамқорлық» бағдарламасы аясында мердігер ұйымдардың нысандарындағы санитарлық-тұрмыстық жағдайларды тексеру болды. Өткізілген аудит саны – 6. |
Жобаларды іске асыру жөніндегі директоратқа және Өндірістік қатынастар бөліміне мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің тұрақтау нысандарындағы жағдайларын тексеруде, әсіресе 2022 жылғы қыркүйектегі жоспарлы күрделі жөндеуге байланысты көмек көрсету. |
«Шаршау қаупін бақылау» бағдарламасын іске асыру |
Орындалды |
Жобаларды іске асыру жөніндегі директорат, Көлік және қауіпсіздік бөлімдері шаршауға байланысты қауіптерді бағалап, қауіп-қатерлерді басқару жоспарларын жасады. |
КПО-да «Шаршау қаупін бақылау» бағдарламасын іске асыруды жалғастыру. 2022 жылы күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде осыған ерекше назар аудару. |
КВИ шектеулері жағдайында «Global Challenge» бағдарламасының тұжырымдамасын өзгерту мүмкіндігін қарастыру |
Орындалмады, тоқтатылды |
КВИ пандемиясына байланысты «Global Challenge» бағдарламасының бастамасы тоқтатылды. 2022 жылы бағдарламаны бар формасында жалғастыру жоспарлары жоқ. |
|
10 автоматты сыртқы дефибрилляторды (АСД) орнату |
Жартылай орындалды |
Алғашқы медициналық көмек көрсететін тұлғаларды қайта даярлау аяқталды. 10 автоматты сыртқы дефибриллятор (АСД) сатып алынып, Ақсай қаласындағы КПО кеңселерінде орнатылды. |
10 автоматты сыртқы дефибриллятор (АСД) сатып алу және кен орнының кеңселерінде орнату |
Бес ауысым алдындағы медициналық тексерудің электрондық жүйесі (АМТЭЖ) бағдарламалық және аппараттық жасақтамасын сатып алу және Компанияның барлық медициналық орталықтарында орнату |
Аяқталды |
2020–2021 жылдар аралығында КПО бес медициналық орталығында жеті АМТЭЖ жасақтамасы орнатылды және жұмыс істеп тұр. АМТЭЖ жүйесі қолмен жүргізілетін ауысым алдындағы медициналық тексеруді алмастырды. Тексеру аясы – қан қысымы, тамырдың соғуы, дене қызуы, алкотест. Медициналық тексерулердің нәтижелері тоб жетекшілеріне онлайн түрде қол жетімді. |
|
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты легионеллез қаупін төмендету бойынша аудит жүргізу туралы мәселені қарау |
Орындалды |
Легионеллез қаупін азайту жоспарының іске асырылуы тексерілді. Жоспарда белгіленген іс-шаралар көптеген нысандарда жүзеге асырылды. |
Легионеллез қаупін болдырмау жөніндегі талаптарды орындауды жалғастыру |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
КПО компаниясы үшін жедел медициналық көмек көрсетуге дайындық және жедел әрекет ету өте маңызды.
КПО медициналық қамтамасыз ету командасымен қызметкерлерге тәулік бойы дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсетуді көздейтін шұғыл әрекет ету жүйесі жолға қойылған. Қызметкерлерді ауысым алдындағы медициналық тексеруден өткізу және 4 медициналық орталықтарының болуы далалық жағдайларда денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған орта үшін қауіпті әсерді төмендету мақсатында ұйымдастырылған.
16-кесте. Медициналық көмек көрсету көрсеткіштері, 2021 ж.
Медициналық көмек көрсету көрсеткіштері |
|
Медициналық орталықтардың көмегіне жүгінген қызметкерлердің саны |
1 075 |
Медициналық мекемелерге жеткізілген науқастардың саны |
49 |
Өткізілген практикалық сабақтар мен жаттығулардың саны |
274 |
Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өткен қызметкерлердің саны |
1 |
Ауысым алдындағы медициналық тексеру (жүргізушілер/ операторлар/электриктер) |
|
Өткізілген тексерудің саны |
90 479 |
Еңбекке жарамсыз болып анықталған жағдайлар саны |
9 |
Ішінара алкогольдік тексеру |
977 |
Ішінара алкогольдік тексерудің оң нәтижелері |
5 |
Жедел медициналық көмек |
|
Шұғыл қоңыраулар саны |
49 |
Бұл біз үшін неге маңызды?
Еңбек гигиенасы біз өміріміздің үштен бір бөлігін жұмыста өткізгендіктен және жұмыс орнындағы факторлар біздің жалпы денсаулығымызға әсер ететіндіктен ғана емес, сонымен қатар кәсіби емес аурулар мен жұмыс істеу қабілетіміздің арасындағы байланысы үшін де маңызды.
КПО-да алалаушылық немесе кемсітуге қарсы «Жұмысқа жарамдылықты анықтау ережелері» ашық процедурасы бар. Жауапты жұмыс беруші ретінде КПО өз қызметкерлерінің денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамдылығына қатысты заңнама талаптарын сақтауға көп көңіл бөледі. Жұмысқа қабылданар алдында медициналық тексеруді базалық деңгей ретінде қолдана отырып, біз қызметкерлеріміздің денсаулығын жұмысты жалғастыру қабілеті бойынша бағалап қана қоймай, сонымен қатар өндірістік факторлардың олардың жалпы денсаулығына әсерін де қадағалаймыз
Өндірістік орта факторларының кез-келген теріс әсерін болдырмау және азайту біздің бастапқы мақсатымыз болып табылады. Бұған қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қолдау, жұмыс орындарын қызметкердің қажеттіліктеріне қарай орналастыру немесе оларды басқа жұмысқа ауыстыру және оларды қажетті мамандарға жіберу арқылы қол жеткізіледі.
КВИ пандемиясы кезіндегі денсаулық сақтау бөлімінің атқарған жұмысы
2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында КВИ ауруымен шалдыққан 88 пациент Чех қалашығындағы КПО медициналық қызметкерлерінің бақылауында болды. КВИ-мен шалдыққан 53 науқас Ақсай қаласы мен кен орнындағы жұмыс орындарынан эвакуацияланды. КПО-ның барлық қызметкерлеріне ай сайын ЖҚҚ (медициналық бетперделер, қолғаптар, қолды залалсыздандыру құралдары) берілді.
Денсаулық сақтау бөлімінің қызметкерлері мен КПО бөлімдерінің еріктілерінен тұратын КВИ медициналық тобы пандемияның әсерін жеңуге қатысуды және көмек көрсетуді жалғастырды.
2021 жылы КПО және мердігер компаниялардың қызметкерлері 170 000 астам ПТР талдауынан өтті. Бұл аурудың жұмыс орнында және жергілікті тұрғындар арасында таралуын бақылауға көмектесті.
2021 жыл бойы КПО санитарлық зертханасы компанияның нысандарында санитарлық-дезинфекциялық шаралардың сақталуын тексеру үшін 47 инспекция өткізді.
КВИ жұқтырған жағдайдан кейін мердігерді тарта отырып жұмыс орындарын залалсыздандыру ұйымдастырылды.
Вакцинация бағдарламасы
2021 жылы КПО Ақсай ауруханасында екпе салу орталығын құрып, Қазақстан Республикасының СOVID-19 қарсы вакцинациясы бойынша шарасын қолдады. Вакцинациялауға жататын қызметкерлердің 94 % астамы екпенің екі компонентін алды. Бұған бірқатар құралдарды қолдану арқылы қол жеткізілді:
- Ақпараттандыру және оқыту (арнайы веб-парақ, «Дәрігерге сұрақ қою» сессиялары, плакаттар, баннерлер және қалқымалы хабарламалар, вакцинациядан өту туралы тәжірибемен бөлісу және т.б.);
- Екпенің толық курсын алған қызметкерлерді ПТР талдамасынан босату;
- Бағалы жүлделер мен сыйлықтар ұтыс ойындарын өткізу;
- Вакцинация бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін сыйлықақы төлеу.
Ақсай қаласындағы аурухананың жедел медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту жөніндегі әлеуметтік жоба
Ақсай ауруханасын жаңарту жобасы әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын орындау шеңберінде бес жыл ішінде (2020–2025 жж.) халықаралық стандарттарға қол жеткізу жолымен аурухананың шұғыл және қарқынды медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін жаңғырту мақсатында 2020 жылдың қаңтарында іске қосылды. Жоба жабдықтар мен инфрақұрылымды жетілдіруді, сондай-ақ қажетті құзыреттерді дамытуды және басқару жүйелерін енгізуді қамтиды.
Жобаны іске асыру барысында оңтайлы прогресс және клиникалық нәтижелерге (мысалы, хирургиялық өлім-жітім көрсеткіштері және жалпы өлім-жітім көрсеткіштері) елеулі әсер ету көрсетілді. Сынаудың тиімді нәтижелері жаңа әдістер мен хаттамалардың арқасында адамдардың өмірін сақтап қалудың мысалдарын растайды. Дәрігерлер мен жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде көптеген оң пікір қалдырды.
КПО Денсаулық сақтау бөлімі, БҚО әкімдігінің денсаулық сақтау бөлімі және Ақсай аудандық ауруханасының басшылығы Бөрлі ауданы тұрғындары мен КПО қызметкерлерінің игілігі үшін жобаны бірлесіп басқаруда. Жобаны қадағалауды, техникалық консультацияларды бірлесіп ұсыну мақсатында құрылған, медициналық сарапшылардан тұратын Операторлардың бірлескен комитеті (ОБП) жүзеге асырады..
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ АУРУҒА ШАЛДЫҒУ ҚАУПІН БАСҚАРУ
Медициналық сақтандыру
КПО қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында кепілді тегін медициналық қызмет көрсету және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтерді толықтыратын медициналық сақтандыру ұсынылады. Медициналық сақтандыру амбулаториялық көмек, стационарлық емдеу және дәрі-дәрмек пен стоматологиялық қызметтерге шығындарды өтеу бойынша бірқатар қызметтерді қамтиды. Созылмалы аурулары бар қызметкерлер тұрақты тексерулер мен емдеу үшін диспансерлік бақылауға жіберіледі.
Автоматты сыртқы дефибрилляторлар
Жүрек тоқтаған кезде, кідірістің әр минутымен өмір сүру мүмкіндігі 10 % төмендейді. КПО-да дефибрилляциялық көмекке дейінгі кідірістер 15 минутқа жетуі мүмкін. Автоматты сыртқы дефибрилляторлар (АСД) алғашқы медициналық көмек көрсететін тұлғаларға (яғни оқытылған, бірақ мамандырылмаған) пациентке дефибрилляция жасауға мүмкіндік береді. 2021 жылы келесі іс-шаралар орындалды:
- КПО-да алғашқы көмек көрсететін адамдарды қайта даярлау аяқталды;
- 10 АСД сатып алынып, КПО-ның Ақсай қаласындағы кеңселерінде орнатылды;
- Қосымша АСД жабдығын сатып алу үшін бюджет сұратылды.
Ауысым алдындағы медициналық тексерудің электрондық жүйесі
Медициналық тексерудің электрондық жүйесі (АМТЭЖ) – бетпе-бет тексерулерді алмастыратын ауысым алдындағы медициналық тексеру процесін цифрландыру және оңтайландыру жобасы болып табылады. 2021 жылы АМТЭЖ жүйелері КПО-ның бес медициналық орталықтарында орнатылды.
Денсаулықтарына байланысты қызметкерлердің жұмыс орнында болмауын бақылау
2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы КПО қызметкерлерінің денсаулықтарына байланысты жұмыс орнында болмау көрсеткіштері аздап төмендеді.
5-сызба. КПО жұмыс орнында болмау көрсеткіштері, 2015–2021 жж.
Ескерту: КПО жұмыс орнында болмау көрсеткішін есептеу үшін келесі әдіс қолданылады:
- Жұмыс орнында болмау көрсеткіші = жұмыс орнында болмау салдарынан (ауруға шалдығу) жоғалған күндердің нақты саны х 100 / қызметкерлердің жалпы саны. Басқа себептер бойынша жұмыс орнында болмаған күндер туралы ақпарат жоқ
- КПО-да жұмыс орнында болмау көрсеткіші қызметкерлердің саны негізінде (адам-сағат емес) есептеу әдістемесі қабылданған, өйткені бұл әдістеме реттеуші органдардың талабы болып табылады.
Кәсіби аурулар
Мұнай-газ өнеркәсібі денсаулыққа әсер етуді болдырмау үшін қатарлас қауіп-қатерлерді анықтауды, бағалауды және басқаруды талап ететін жұмыс орындарында бірқатар зиянды өндірістік факторлары (күкіртті сутек, химиялық заттар, шу мен діріл, климаттық, биологиялық, психикалық-әлеуметтік факторлар және т.б.) бар қауіпті өндіріс болып табылады. КПО өндірісінде бұл процестер жақсы жолға қойылған және бақылаудың сенімді тетіктерімен қамтамасыз етілген.
2021 жылы Эко-орталық нысанында денсаулыққа қауіпті факторларды бағалау жұмыстары жүргізілді. Бағалау нәтижелері бойынша одан әрі орындау үшін түзету іс-шараларының жоспары жасалды.
2021 жылы ешбір КПО қызметкеріне кәсіби ауруы бар екендңгң туралы диагноз қойылмады.
Қызметкерлердің жұмысқа жарамдылығын тексеру
КПО кез келген қолайсыз өзгерістерді қадағалайтын базалық деңгейді және мерзімдік медициналық тексерулерді қамтамасыз ететін жұмысқа қабылданар алдында денсаулық жағдайы бойынша кәсіби жарамдылығын бағалау арқылы қызметкерлердің өздері, компания немесе үшінші тұлғалар үшін жол берілмейтін қауіп-қатерлерсіз жұмысты қауіпсіз орындай алатын жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтылады.
Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік актілері, сондай-ақ Халықаралық Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) басты қағидаттары КПО-ның «Қызметкердің жұмысқа жарамдылығын анықтау қағидалары» процедурасы үшін құқықтық және техникалық негізді қамтамасыз етеді.
Негізгі элементтердің бірі – қызметкер жұмысқа жарамдылығын анықтау бойынша медициналық бағалау нәтижелерімен қанағаттанбаған жағдайда апелляцияға жүгіну мүмкіндігі болып табылады.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ
Психологиялық қолдау бағдарламасы
Қызметкерлерге психологиялық көмек көрсету бағдарламасы КПО қызметкерлеріне психикалық денсаулығына байланысты, атап айтқанда мазасыздық, депрессия, өзін-өзі құлдырату және өзін-өзі өлтіру салдарынан зиян келтірудің алдын алуға бағытталған.
Бағдарлама мультимедиа құралдары арқылы, бейне байланыс немесе жеке кездесулер түрінде 24/7 жедел желі арқылы қол жетімді білікті үшінші тарап психологтарының құпия кеңестерін қамтиды. Бағдарлама сонымен қатар топтық сабақтар, дәрістер, пікірталастар және психикалық денсаулықты қалпына келтіруге арналған жаттығулар ұсынады. Шұғыл психологиялық көмек табиғи апаттар, көптеген адам құрбан болған жазатайым оқиғалар, терроризм және басқа оқиғалар салдарынан жарақаттан кейінгі күйзелу жағдайында көрсетіледі.
Шаршау қаупін басқару бағдарламасы
Шаршау – бұл ұйқының жеткіліксіздігінен зейіннің болмауы. Мұнай және газ өнеркәсібінде шаршауға ықпал ететін бірқатар факторлар бар.
2021 жылы шаршау қаупін басқарудың пилоттық бағдарламасының нәтижелері талданып, Көлік бөлімі жүргізушілердің жұмыс кестесін жасау кезінде ескерілді. КПО шаршауға байланысты өндірістік жарақат немесе оқиғалар қаупін азайтатын басқару процестері сипатталған шаршауға байланысты қауіп-қатерлерді басқару процедурасын енгізді.
ӨНДІРІС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІК БАҚЫЛАУ
КПО өндірістік нысандардың санитарлық-гигиеналық жағдайын үнемі қадағалап отырады. 17-кестеде соңғы үш жылда өткізген бақылау нәтижелері көрсетілген.
Нормативтік шектеулерді сақтамаудың әрбір жағдайы талдаудан өтіп, тиісті шаралар қабылданады. Мысалы, жарықтандыру деңгейі төмен болғандықтан люминесцентті шамдар қолданыстан шыға бастады.
Шу компрессорлық станциялар сияқты өндірістік нысандарға тән. КПО-да іске асырылатын «Есту қабілетін сақтау» бағдарламасы – жұмыскерлерге жоғары деңгейдегі шудың әсерін төмендетуге бағытталған бақылау шараларының бір мысалы болып табылады.
Өндірістік нысандарды аттестаттау
Әрбір бес жыл сайын өткізілетін өндірістік нысандарды міндетті аттестаттау еңбек жағдайларын бағалауға бағытталған.
2021 жылы Эко-орталық нысанын аттестаттауды лицензияланған мердігерлік ұйым жүргізді. Жұмыс орындарындағы жағдайлар 14 лауазым бойынша бағаланды, олардың бесеуі зиянды деп танылды. Аттестаттау нәтижелері бойынша түзету іс-шараларының жоспарлары әзірленіп, оларды одан әрі орындау үшін жауапты тұлғаларға берілді. 2022 жылы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға ҚӨК, ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3 сияқты ірі нысандар жатады.
17-кесте. Өнеркәсіптік факторларды бақылау, 2019–2021 жж.
Өнеркәсіптік факторлар |
2021 |
2020 |
2019 |
|||
Зерттеулердің саны |
Сәйкессіздіктердің саны |
Зерттеулердің саны |
Сәйкессіздіктердің саны |
Зерттеулердің саны |
Сәйкессіздіктердің саны |
|
Шу |
368 |
83 |
398 |
110 |
440 |
114 |
Тербеліс |
63 |
12 |
63 |
15 |
78 |
25 |
Электромагниттік өрістер |
3 676 |
50 |
3 500 |
35 |
4 164 |
36 |
Электрстатикалық өрістер |
2 048 |
0 |
1 737 |
0 |
2 322 |
0 |
Жарық |
2 743 |
730 |
2 861 |
660 |
3 085 |
703 |
Микроклимат |
5 250 |
360 |
5 670 |
430 |
6 630 |
502 |
Жұмыс аймағының ауасы |
12 342 |
0 |
11 607 |
0 |
15 741 |
0 |
Барлығы |
26 490 |
1 235 |
25 836 |
1 250 |
32 190 |
1 380 |