КПО-ның даму туралы есебі 2021

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету

КПО өндірістік қызметтеріне әсер етуі мүмкін ықтимал қауіптерді қадағалап, тосқауылдарды басқару жүйесі көмегімен өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету қауіп-қатерлер деңгейін төмендету жұмыстарын атқарып келеді. Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі Қондырғылар бөлімдерімен бірге қауіпсіздік тосқауылдарының осал жерлерін анықтау, салдарларды азайту шараларын қабылдау және қандай да бір ірі апатты болдырмау үшін осы тосқауылдарды бастапқы құрылымға дейін қайта қалпына келтіру.

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету қауіп-қатерлер деңгейін төмендету үшін біз жаһандық деңгейдегі мақсаттарды белгіледік. Олардың нәтижелері келесі кестеде берілген.

19-кесте. Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етудегі міндеттер

2021 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2021 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2022 жылға қойылған міндеттер

Жаңа Тосқауылдар моделі құралын енгізу және КПО-ның барлық өндіріс шебіндегі қызметкерлерге хабардар ету сессияларын өткізу.

Кейінгі шаралары жоспарланып орындалды

Тосқауылдарды басқару процесінің бір бөлігі ретінде жаңа тосқауылдар моделі құралы енгізілді. Негізгі қызметкерлер үшін хабардар ету сессиялары өткізілді.

Қондырғы бөлімдерімен бірге ай сайынғы шолу жиналыстары жүргізілді.

  • Тосқауылдар моделі құралдарын әрі қарай енгізу, Қондырғы бөлімдерінің осы құралды жақсырақ түсінуі мен қолдануын жақсарту.
  • Тосқауылдар моделі құралдарының кеңейтілген функционалдығын одан әрі дамыту.

Технологиялық қауіпсіздік жөніндегі хабардарлықты арттыру науқанын жалғастырып, қайта қаралған IOGP стандарттарына негізделген іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

Кейінгі шаралары жоспарланып орындалды

2020 жылғы жаңа IOGP нұсқасына сәйкес Технологиялық қауіпсіздік негіздері (ТҚН) нұсқаулығы мен құжаттама жаңартылды, ТҚН бойынша электрондық оқыту іске қосылып, ТҚН бейнематериалдары әзірленді. КПО өндірістік және мердігер қызметкерлерге үлестірме материалдар таратылды.

Технологиялық қауіпсіздік негіздерін енгізудің тиімділігін талдау

Бұл біз үшін неге маңызды?

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етудің басты мақсаты – ірі апаттардың алдын алу және қызметкерлерге, қоршаған ортаға, өндірістік нысандарға төнуі мүмкін, сондай-ақ Компания беделіне нұқсан келтіруі мүмкін қауіп-қатерлерді азайту. Бұл дұрыс жобалау, құрылыс, пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудің нәтижесі.

Өндіріс тұтастығы өндірістік нысандар құрылымдық және механикалық тұрғыдан жарамды болып, мақсаттарына сәйкес өндіру процестерін орындаған кезде қамтамасыз етіледі. Ірі апат қауіп-қатерінің деңгейін барынша төмендету мақсатында қондырғылармен, қызметкерлермен және процестермен байланысты барлық тосқауылдар анықталады.

Өндіріс тұтастығын басқарудың негізгі қағидалары – ірі апат қауіптерінің алдын алуға және Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін КПО, мердігер мен қосалқы мердігер қызметкерлері арасында өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету және технологиялық қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыруға арналған процестер кешені.

Өндіріс тұтастығын басқару жүйесі келесі басты процестерден тұрады:

  • Тосқауылдарды басқару – құрылымдалған процесті қолдану және тосқауылдар моделі құралдары көмегімен қолдау арқылы
  • Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету көрсеткіштерін талдау – тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін пайдалану арқылы
  • Қолданыстағы нысандарды модификациялауға арналған өзгерістерді басқару жүйесі – өзгерістерді басқару дерекқорын пайдалану арқылы
  • Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету – талдаулар, аудиттер, растаулар мен бағалаулар жүргізу арқылы
  • Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етуді жақсарту мәдениетінің бастамалары – Механикалық ажырату процедурасы, технологиялық қауіпсіздік негіздері мен тосқауылдар моделі процесі бойынша электрондық оқыту модульдерін шығару арқылы

2021 жылы Компания КПО-ның өндіріс тұтастығын қамтамасыз етудегі негізгі қауіп-қатерлер мен тосқауылдарға арналған бірқатар шараларды өткізді. Төмендегі кестеде 2021 жылы аяқталған және қазіргі кезде орындалып жатқан шаралардың статусы көрсетілген.

Бұл аяқталған шаралар ГКДҚ-3-дағы қауіп-қатер деңгейін төмендетіп, кейбір технологиялық қауіпсіздік процестерінің тұрақтылығын қамтамасыз етті.

Ал қазіргі кезде орындалып жатқан шаралар кен орнындағы технологиялық жабдықтардың қымтаулылығы мен тұтандыруды басқару қауіп-қатерлер деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

20-кесте. Нысан тұтастығын қамтамасыз етудегі негізгі қауіп-қатерлерді немесе тосқауылдарды жоюға бағытталған іс-шаралар

 

Тосқауыл түрі – сипаттамасы – орын алған жері

Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етудегі үздіксіз жетілдіру шаралары

2021 Жылы аяқталған шаралар

Технологиялық жабдық қымтаулылығы – тұтастығы бұзылған 9 ыдыс және тозған бөлінген газ компрессорлары – ГКДҚ-3

Өткен жылдары өндірістік алаңдар инспекциясы кезінде тұтастығы бұзылған 9 ыдыс анықталды. Олар 2021 жылғы күрделі жұмыстар барысында ауыстырылды.

ГКДҚ-3-дағы аса қауіпті аймақтардың бірі ретінде тұтастық мәселелері бар бөлінген газ компрессорлары анықталды. Олар 2021 жылы пайдаланудан алынып тасталды.

Виртуалды тосқауыл – Қауіпсіздіктің негізгі элементтері (ҚНЭ) – ҚӨК/ҚГӨША

ҚӨК-гі ҚГӨША жобасы аяқталды, және өндіріс бөліміне тапсыру процесінің шеңберінде көпбейінді топ ҚГӨША жобасының тиісті ҚНЭ сәйкестендіру жұмыстарын жүргізді.

Виртуалды тосқауыл – Механикалық ажырату процедурасы – ГКДҚ-2 мен ГКДҚ-3

КПО процедураларының сақталуын тексеру үшін механикалық ажырату процедурасына бағалау жүргізілді.

Виртуалды тосқауыл – Қорғау жүйелерін айыру және кіріс және шығу сигналдарын блоктау – Үлкен Шаған, Атырау терминалы, ҚӨК және ГКДҚ-2

КПО процедураларының сақталуын тексеру үшін Қорғау жүйелерін айыру және кіріс және шығу сигналдарын блоктау процедурасына бағалау жүргізілді.

2021 Жылы басталып 2022 жылы орындалып жатқан шаралар

Технологиялық жабдық қымтаулылығы – кіші көлемді серіппелі қауіпсіздік клапаны (СҚК) – кен орны аумағы

Жобалау бөлімі жүргізген қауіпсіздік элементтерін талдау жұмыстарының нәтижесінде өндірістік нысандардағы ықтимал кіші көлемді СҚК анықталды.

Кіші көлемді СҚК анықталды, салдарларды азайту шаралары қолданылды, жобалау және сатып алу жұмыстары басталды, 2022 жылғы күрделі жөндеу жұмыстары барысында ауыстырылады.

Технологиялық жабдық қымтаулылығы – Тыйым салынған материалдары бар клапандар – кен орны аумағы

Тыйым салынған материалдары бар клапандар тізімін жасақтау үшін өндірістік алаңдар инспекциясы жалғасуда.

2021 жылы бірнеше клапан ауыстырылды, қалғаны 2022 жылғы күрделі жөндеу жұмыстары барысында ауыстырылады.

Тұтандыруды басқару – Жарылыстан қорғалған (ЖҚ) жабдық – кен орны аумағы

Барлық нысандарға қатысты ЖҚ элементтерін тексеру нәтижесінде сертификаттау мен техникалық қызмет көрсетудегі кейбір кемшіліктері бар жабдықтар анықталды.

Өндірістік алаңдар инспекциясы аяқталды, аса маңызды элементтер жөнделді/ауыстырылды, қалған жұмыс көлемі қарастырылуда.

ТОСҚАУЫЛДАР МОДЕЛІ

2021 жылы КПО өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі тосқауылдар моделінің жаңа бағдарламалық жасақтамасын әзірлеумен жұмыстанды. Тосқауылдар моделінің жаңа бағдарламалық жасақтамасы жедел мәліметтерді көбірек пайдаланып, тосқауылдарды басқару процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында КПО талаптарына сай әзірленді. 2021 жылы тапсырылған ҚГӨША жобасы сияқты барлық жаңа жобалар аяқталған соң, осы тосқауылдар моделі бағдарламалық жасақтамасында қарастырылады.

АЛҒАШҚЫ ҚОРҒАНЫШ ҚАБАТЫ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы (АҚҚТБ) – алғашқы қорғаныш қабатынан кез келген заттың, соның ішінде уытты емес және жанбайтын заттардың жоспарланбаған немесе бақыланбайтын ағып (шығып) кетуі. 2021 жылғы Алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылу жағдайлары бойынша жылдық есепте келесілер тұрғысынан белгіленген қайта қалпына келтіру шараларымен бірге 2021 жылы орын алған АҚҚТБ жағдайларына талдау берілген:

  • Негізгі себептері (оқиғалардың негізгі себептерін тергеудің әдістемесіне сәйкес),
  • Технологиялық қауіпсіздік негіздері ережесіне сәйкестік деңгейі,
  • Түзету шараларының статусы,
  • Ағып кетулер, ағулар мен шығып (сіңіп) кетулерді тіркеу деректері.

Технологиялық қауіпсіздік жағдайларын талдау олардың ықтималдығы мен күрделілігін төмендету және алдын алудың жолы. Технологиялық қауіпсіздік жағдайы орын алғанда тергеу процесі басталып, оның басты себептері анықталып, оған ұсыныстар беріледі, содан соң Synergi дерекқорында бақыланады.

2019–2021 жылғы статистикалық талдау 2020 жылмен салыстарғанда 2021 жылы АҚҚТБ жағдайлар саны 44,4 %-ке азайғанын көрсетті. ҚӨК-де 1-деңгейлі технологиялық қауіпсіздіктің бір жағдайы орын алды, онда қымтаулылыққа сынау жұмыстары барысында КПО жетекші операторының бетіне каустикалық сода ерітіндісі шашырап кетті. Зардап шегуші апаттық душты пайдаланып, дереу көзін сумен шайып, алғашқы көмекке жүгінді және кейін медициналық тексерулерден өтті; көру қабілетіне зақым келмеді, бірақ оған еңбекке жарамсыздық парағы ашылды. 2021 жылы 2-деңгейлі АҚҚТБ жағдайы орын алған жоқ. 3-деңгейлі АҚҚТБ саны 2020 жылғы 17-ден 2021 жылы 7 жағдайға азайды.

7-сызба. КПО технологиялық нысандарының алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылу жағдайлары, 2019–2021 жж.
Ескерту: Технологиялық қауіпсіздік (1, 2, 3-деңгейлі) оқиғалары сипаттамасын IOGP 456 халықаралық стандартынан қараңыз