Қызметкерлер және кәсіби дайындық
2021 жылдың соңында Компаниядағы КПО қызметкерлерінің жалпы есептік саны, уақытша жобаларда жұмыс істейтіндерді қоса алғанда, 4 076 адамды құрады, оның 3 878 – қазақстандық және 198 – шетелдік қызметкерлер
9-сызба. КПО-дағы қызметкерлер саны, 2019–2021 жж.
10-сызба. КПО қызметкерлерінің еңбек шартының түріне қарай бөлінісі, 2019 – 2021 жж.
11-сызбада қызметкерлер жынысы бойынша бөлініп көрсетілген. 2021 жылы КПО-да 2 968 ер адам және 1 108 әйел адам жұмыс істеген.
11-сызба. КПО қызметкерлерінің жынысына қарай бөлінісі, 2019 – 2021 жж.
2021 жылдың соңында уақытша қызметкерлер5 саны 73 адамды құрады.
Бұл біз үшін неге маңызды?
Қарашығанақ кен орнын игеру және пайдалану үшін мұнай саласының инженерлері мен техниктерден бастап бухгалтерлер мен логисттерге дейін мыңдаған білікті, жұмысына адал және талантты әртүрлі мамандық иелері болып табылатын қызметкерлер қажет.
Қызметкерлеріміз – біздің жетістігіміздің негізі. Акционер компаниялардың шетелдік тәжірибесін қабылдап және үлгі етіп, қажетті оқытулар ұйымдастырып және айтулы білім мекемелерін тарта отырып, Компания өзінің қазақстандық қызметкерлерінің дамуына инвестиция салады.
2021 жылдың соңында қызметкерлердің жалпы есептік саны
Картада Қазақстан өңірлері бойынша КПО қызметкерлері санының пайыздық арақатынасы көрсетілген.
10-сурет. КПО қызметкерлерінің аймақтар бойынша бөлінісі, 2021 ж.
12-сызбада келісім-шарт түріне қарамастан, жас топтары бойынша бөлінген 2021 жылға арналған жергілікті қызметкерлердің тұрақтамауы көрсетілген.
12-сызба. Кадрлардың тұрақтамауының жас санаты бойынша бөлінісі, 2021 ж. (жергілікті қызметкерлер)
13-сызбада қызметкерлердің тұрақтамауы бойынша 2021 жылғы көрсеткіштер қызметкерлердің жынысы бойынша бөлініп көрсетілген. 2020 жылы КПО-да жұмысқа жаңадан алынған қызметкерлер саны қызметкерлердің орташа тізімдік санының 2,3 %-ын құраса, 2021 жылы 2,6 %-ын құрады. Жұмыстан шыққан қызметкерлер үлесі 9,1 %-ды құрады.
2020 жылы кадрлардың тұрақтамау көрсеткіші 1,1 % болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 0,7 %-ды құрады (14-кестені қараңыз).
ҚР еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті қызметкерлердің тұрақтамауының динамикасын көрсеткенде, тек өз еркімен жұмыстан босатылған қызметкерлер ғана ескеріледі.
13-сызба. Кадрлардың тұрақтамауының жынысы бойынша бөлінісі, 2021 ж. (жергілікті қызметкерлер)
14-сызба. Жергілікті қызметкерлердің тұрақтамауының динамикасы, 2019 – 2021 жж.
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
Кәсіподақ ұйымдарымен жүргізілетін жұмыс
Ұжымдық келіссөздер жүргізу – Компания жұмысының маңызды бір бөлігі. Қызметкерлерді қолдау және олардың құқықтарын қорғауда негізгі рөлдердің бірін кәсіподақтар атқарады. Кәсіподақтар әлеуметтік және еңбек қатынастарының түрлі тақырыптары ескерілетін Ұжымдық шарт жобаларын әзірлейді және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту туралы компаниямен келіссөздер жүргізеді. КПО қызметкерлерінің мүдделерін үш кәсіподақ білдіреді:
- «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компания жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ;
- «КПО Б.В. және мердігер ұйымдар жұмыскерлерінің Қарашығанақ жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
- «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы «TRUST» және мердігерлер компаниялары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ
2021 жылдың аяғында кәсіподақтар мен жұмыс беруші арасында 2022–2024 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды. КПО Ұжымдық шарты кәсіподақтарға мүше ретінде тіркелген не тіркелмегеніне қарамастан, КПО штатына қабылданған барлық қызметкерлерді қамтиды.
Жаңа Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес бірқатар әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер өсірілді және жаңалары қосылды. Атап айтсақ, алғытөлем, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлердің отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек, 3 және одан да көп мектеп жасындағы балаларды (18 (он сегіз) жастағы балаларды қоса алғанда) тәрбиелеп отырған қызметкерлердің отбасыларына көрсетілетін көмек, сондай-ақ басқа қызметкердің қызметін қоса атқарғаны үшін төленетін төлемнің проценті мөлшері арттырылып, айлық базалық еңбекақының кемінде 10 % мөлшерінде қылып бекітілді. Сонымен қатар, «Карачаганакгазпром» АҚ немесе компания құрамында қызмет етіп жүріп зейнеткерлікке шыққан ардагерлерге бірқатар жеңілдіктер беріледі, соның ішінде мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне төленетін сыйлықақы мөлшерін арттырылады деп келісілді.
Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес, Компания таратылып, кейін жұмыс орындары қысқартылатын болса немесе жүйе өзгеретін жағдайда, немесе еңбекақы мөлшері қызметкерлердің жағдайының нашарлауына әкелетіндей өзгеретін жағдайда, КПО кәсіподақтарды 2 ай (8 апта) бұрын хабардар етуге міндеттенеді.
Сонымен қатар, Еңбек қатынастары жөніндегі сектор кәсіподақтардың әлеуметке бағытталған, мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру шараларын ұйымдастыру үшін Ұжымдық шарт шеңберінде бөлінген қаражатты бақылау қызметін атқарады.
Бұл біз үшін неге маңызды?
Еңбек қатынастары дегеніміз қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қызметкердің еңбек функциясын орындауы және жұмыс берушінің тиісті жағдай туғызуы мен еңбекақы төлеуі туралы келісімге негізделген қатынастар.
КПО-дағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі. Еңбек шартының талаптарын не қызметкер, не жұмыс беруші орындамаған жағдайда, адамның әділ және қолайлы еңбек жағдайларында жұмыс істеу, жұмыссыздықтан қорғалу құқықтарына, бірдей еңбекке бірдей ақы алу құқығына, жұмысы үшін әділ және жеткілікті төлем алу құқығына, өз мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтар құру және оларға кіру құқығына, жұмыс күнінің тиісті жөнді шектелу және ақылы еңбек демалысын алу құқығына нұқсан келу қаупі туындайды.
2021 жылы еңбек ресурстары басқармасы 97 өтініш алды, оның ішінде еңбек тәртібін бұзу, жұмысқа орналастыру тақырыптарына шағымдар, жанжалды жағдайларды шешу, қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану және т. б.
Кері байланыс механизмдері
Қазір Компанияда кері байланыстың бірнеше механизмі бар: Еңбек ресурстары басқармасына тікелей немесе кәсіподақ арқылы және «Жедел желі» арқылы хабарласу.
2021 жылы Еңбек ресурстары басқармасына шағымдарды қоса алғанда 97 өтініш келіп түсті. Келіп түскен шағымдарда еңбек тәртібінің бұзылуы, жұмысқа орналасу, дауларды шешу, қызметтік өкілеттікті асыра қолдану, мердігер қызметкеріне қатысты заңсыз әрекет мәселелері қозғалған. Келіп түскен барлық шағымдар қаралды және шешілді, шағымдардың бір бөлігі сотқа дейінгі тәртіпте және іс келістіру комиссиясында қаралғанға дейін шешімін тапты.
Еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасы
Компания ұжымдық шарт және ҚР 2017 жылғы Еңбек кодексі (52-бап) шеңберінде әрекет ететін еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасын қолдануды қолдайды. Бағдарлама 58 бен 63 жас аралығындағы ер адамдарға және 53 пен 58 жас аралығындағы әйел адамдарға қатысты қолданылады. 2021 жылы компанияның 43 қызметкері еңбек қатынастарын өз еркімен бұзу туралы өтініш берді (2021 ж. – 43 қызметкер, 2020 ж. – 42 қызметкер, 2018 ж. – 24 қызметкер, 2017 ж. – 45 қызметкер).
Шығындарды оңтайландыру, тиімділікті арттыру және компанияның бәсекеге қабілеттілігін қолдау мақсатында 2021 жылдың аяғында Компания еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзудың бір жолғы бағдарламасын («ЕҚЕТББ») қайталады. 2021 жылы осы бағдарлама бойынша 20 өтініш қанағаттандырылды.
Компания ұжымдық шарт және ҚР 2017 жылғы Еңбек кодексі (52-бап) шеңберінде әрекет ететін еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасын қолдануды қолдайды.
ӨНДІРІСТІК ҚАТЫНАСТАР
Мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында еңбек ұжымдарындағы жағдайға әсер ететін ықтимал факторларды, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы бұзушылыққа, қызметкерлердің заңды құқықтарына қысым жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау, түзету тұрғысынан мониторинг және талдау тұрақты негізде жүргізіледі. Қолайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарда құқық нормаларының сақталмауы мұндай қауіптің алғышарты болуы мүмкін.
Адам/қызметкер құқықтарының бұзылуын тексеру барысында КПО өтініштерді кешенді және жедел қарауды, сондай-ақ мәселелерді уақтылы шешуді қамтамасыз етуге ұмтылады. Қарау барысында барлық тараптардың пікірлері ескеріледі және талданады, ҚР заңнамасына және компанияның процедурларына сәйкес қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін қолдан келген шаралар қабылданады.
Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік міндеттер және одан әрі кеңейту жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстар негізінен мердігерлік ұйымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Осыған байланысты, алға қойылған міндеттер мен өндірістік көрсеткіштердің сәтті орындалуы КПО және тартылған мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың ұжымдарында еңбек қатынастарының қаншалықты үйлесімді құрылғанына байланысты.
2021 жылы өндірістік қатынастар бөлімінің қызметкерлері 260-тан астам жұмыс алаңдары мен ықшамды тұру орындарына шығу арқылы 177 көшпелі тексеру жүргізді. Сонымен қатар, 19 бірлескен аудит жүргізілді.
2021 жылы мердігер компания қызметкерлері тарапынан түрлі мәселелер бойынша барлығы 19 шағым түсіп, жабылды. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар бағаланды: жұмыс орындары, тамақтану орындары және т.б. Жалпы алғанда, мониторинг, аудит нәтижесі және өндірістік қатынастар секторы жетекшілік ететін 43 мердігерлік ұйымнан келіп түскен өтініштерді қарау қорытындысы бойынша тұрғын жай сапасы мен еңбек жағдайларын жақсарту шаралары іске асырылды. Бұл өз кезегінде еңбек ұжымдарында тұрақты моральдық және психологиялық ахуалды сақтауға оң әсерін тигізді.
Қызметкерлердің / жұмыскерлердің құқықтарына қысым жасауды болдырмау бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде мәлімделген еңбек жағдайларына сәйкестік мониторингі, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету жүзеге асырылып жатыр. Көрсетілген жұмыс барысында кешенді тәсіл қолданылады: әрбір өтініш/жүгіну талдау және мәліметтердің толықтығын қамтамасыз ету арқылы қаралады.
Осындай мысалдардың бірі мердігер ұйым қызметкерінің еңбек заңнамасын бұзу фактісі бойынша КПО-ға жүгінуі болды, атап айтқанда, оның КВИ-ге қарсы вакцинациясының болмауына байланысты жұмысқа жіберілмеуі және жалақысының көтерілмеуі. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша, өтініш берушінің жұмыс берушісі қызметкерді жұмыс орнына жіберді және жалақысын 25 %-ға көтерді.
Қарашығанақ кен орнындағы тауарлар мен қызметтердің жергілікті жеткізушілерін қолдау шеңберінде КПО 2020 жылдың соңынан бастап санитарлық-шектеу шараларын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің міндетті ПТР талдамасынан өтуді іске асыруға ықпал етті. 2021 жыл ішінде компания осы шығындарды өз есебінен толық көлемде өтеуді жалғастырды.
Сондай-ақ, көшбасшы және үлгі тұтар компания ретінде, КПО вакцинациядан өткен мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің санын арттыруға ықпал етті.
ЕҢБЕК АҚЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР
Кез келген бизнестің жетістікке жетуі көбіне ұжымның біліктілігіне байланысты болады, сондықтан КПО кадрлық саясаты кәсіптік ұжымды құру және оны дамыту, сондай-ақ оның ынтасын арттыру арқылы нарықта алған жетекші орынды нығайтуға және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
Қызметкердің біліктілігіне, қызметінің күрделілігіне, орындалған жұмысының саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес ақы алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында КПО мынадай құралдарды қолданады:
- еңбекақы мөлшерін белгілеудегі бірізді тәсілге негізделген еңбекақы төлеу жүйесі, бұл барлық қызметкерлерге әділ жалақы төлеуді қамтамасыз етеді;
- ұйымдық құрылымды тиімді басқару үшін, сондай-ақ төленетін еңбекақының негізділігін қамтамасыз ету үшін лауазымдарды бағалау процесін регламенттеу; қызметкерлердің жұмысты орындауын және дамуын жыл сайынғы бағалау (ҚЖОДБ) процесін қолдану;
- әр түрлі жеңілдіктерді қолданып, лайықты еңбек жағдайларын сақтау.
Компаниямен еңбек шарты бар барлық қызметкерлерге ақшалай төлемдер мен ақшалай емес сыйақылардан тұратын жеңілдіктер жиынтығы ұсынылады. КПО-да кадрлық агенттіктер арқылы жұмыс істейтін қызметкерлерге сол агенттіктердің ұжымдық шарттары қолданылады.
Жеңілдіктердің басым бөлігі ұжымдық шартпен қамтылған. 2019 жылдан 2021 жылға дейін 2019 жылы қол қойылған шарттың нұсқасы күшінде болды, 2021 жыл бойы Ұжымдық шарттың жаңа нұсқасына қол қоюға дайындық жүрді және 2021 жылдың желтоқсанында келісімге қол жеткізілді. Жаңа нұсқаға қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларына қатысты бірқатар жақсартулар енгізілген. Бұл ұжымдық шарт 2022–2024 жылдар аралығын қамтиды.
Қолданыстағы процедураларға сәйкес, КПО өз қызметкерлерінің еңбекақысын жыл сайын қайта қарап отырады. Бұл инфляцияның жылдық деңгейі ескерілген жыл басындағы еңбекақыны көтеруді, жыл бойы орындаған жұмысының қорытындысы бойынша оң баға алған қызметкерлерге жыл сайынғы сыйлықақыны төлеуді, сонымен қатар еңбекақыны жекелей көтеру және қосымша бір жолғы төлемдерді қамтиды.
Бұл біз үшін неге маңызды?
Білікті және талантты мамандарды тарту, сондай-ақ оларды компанияда сақтап қалу – компаниядағы негізгі қауіп-қатерлер. КПО Қазақстандағы мұнай өндіру саласындағы компаниялар арасындағы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жағдай қамтамасыз етуге ұмтылады, бұл болашағынан үміт күттіретін үміткерлерді жұмысқа тартуға ықпал етеді және қызметкерлердің компанияда тұрақтамау қаупін төмендетеді.
КПО-ның жұмыс беруші ретінде тартымдылығының себептерінің бірі – Компанияның өзіне алған міндеттемелерін орындайды және қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтайды.
Тағы бір атап өтер жетістік – 2021 жылдың желтоқсанында Компания корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Парыз-2021» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсының бас жүлдесіне ие болды.
2021 жылғы қаңтарда алдыңғы жылдағы инфляция деңгейі ескеріліп, еңбекақы жалпы 8 %-ке өсірілді.
Құбылмалы экономикалық ахуалға қарамастан, 2021 жылы Компания қызметкерлер санын қысқартқан жоқ, бұл ретте ескеретіні – ұйымдық құрылымды оңтайландыру мақсатында өтемақы пакеті қоса ұсынылатын еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасы өз жалғасын тапты.
КПО компаниясындағы еңбекақылардың Қазақстанның мұнай-газ саласындағы нарықтық еңбекақы деңгейіне сәйкестігін жыл сайынғы талдау негізінде 2021 жылы КПО қызметкерлерінің орташа еңбекақысы Батыс Қазақстан облысы (БҚО) бойынша орта көрсеткіштен 3,3 есе жоғары екені анықталды. Осы талдау нәтижелері бойынша 2021 жылы еңбекақыға қосымша түзетулер енгізілмеді.
Қызметкерлердің жұмысты орындауын және дамуын бағалау
Қызметкерлердің жұмысты орындауын және дамуын бағалау (ҚЖОДБ) кері байланыс беру құралдарының бірі болып табылады және еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін қадағалау мен жақсартуға бағытталған. Жұмыстардың орындалуын бағалау және қызметкерлерді дамыту процесі КПО-да кемінде жарты жыл жұмыс істеген қазақстандық қызметкерлерге қатысты қолданылады.
ҚЖОДБ бағалау шкаласы «өте жақсы», «тиімді» және «жақсартуды қажет етеді» болып бөлінеді.
Жетекші лауазымдағы қызметкерлер үшін тиімділіктің негізгі жылдық көрсеткіштеріне жетуді бағалаудың бөлек процесі бар.
ЖЕРГІЛІКТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ДАМЫТУ
Қызметкерлерді кәсіби дамыту – бұл КПО компаниясында үздіксіз жүзеге асырылатын процесс. КПО қызметкерлерінің кәсіби біліктілік деңгейін сақтау және одан әрі арттыру оқытудың және дамытудың қолданыстағы жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
2020 жылы КПО Өкілетті органмен бірлесіп 2020–2025 жылдарға арналған кадрлардағы жергілікті қамту үлесін арттыру бағдарламасын бекітті. Аталмыш бағдарламаны әзірлеу барысында оған дейін жүзеге асырылған бағдарлама нәтижелері ескерілді.
Осылайша, 2021 жылы шетел мамандары иемденген 13 лауазымға жергілікті қызметкерлер тағайындалып, 45 лауазым қысқартылды. 2021 жылдың желтоқсан айындағы мәліметке сәйкес, Компания ұжымының 95 %-ін жергілікті қызметкерлер құрады. Жалпы, 1999–2021 жылдар аралығында 246 шетелдік қызметкер жергілікті мамандармен алмастырылған, ал шетел қызметкерлері иемденген 284 лауазым қысқартылған. 22-кестеде көрсеткіштер санат бойынша бөлініп көрсетілген.
Сонымен қатар аталмыш бағдарлама мақсаттарына сәйкес КПО Батыс Қазақстан облысында тіркелген мердігер ұйымдардағы жергілікті қамту статистикасын қосымша қадағалайды. 2021 жылы 43 компания тоқсандық, жарты жылдық және жылдық негізде кадрлардағы жергілікті қамту үлесі туралы мәліметтерді ұсынды. Бұл ұйымдардағы жергілікті қамту көрсеткіштері келесідей болды: «Бірінші жетекшілер және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері» санатында 90 %, ал «Мамандар/білікті жұмысшылар» санатында 97 %. 2021 жылы КПО-да және мердігерлік ұйымдарда жергілікті қамту үлесінің артуы шетелдік қызметкерлердің елге келуін қиындатқан коронавирус инфекциясына қатысты енгізілген шектеулерге және бірнеше ірі жобалардың аяқталуына байланысты болды.
15-сызбада жасы және гендерлік сипаты бойынша Компанияның жергілікті және шетелдік жоғары және орта буын басшыларының жалпы саны берілген. Ол жалпы КПО ұйымдық құрылымын, сондай-ақ уақытша жобаларды қамтиды.
Бұл біз үшін неге маңызды?
КПО кадрлар бөлімінің жергілікті қамтуды арттыру процесіне стратегиялық көзқарасы шетелдік қызметкерлерді жергілікті кадрлармен алмастыруды ғана емес, сонымен қатар жергілікті персоналды оқыту және дамыту процесін тиімді жоспарлау мен іске асыруды да қамтиды. Бұл барлық жұмыстардың жөнді, сапалы және халықаралық стандарттарға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Осы тәсіл шетелдік қызметкерлерді ауыстыру барысында өндірістік қызметке мейлінше аз қауіп-қатер төндіруге және қойылған мақсаттарға сапаның ең жоғары деңгейін қамтамасыз етіп қол жеткізуге ықпал етеді.
Егер кадрларды даярлау бойынша жыл сайынғы жоспар болмаған жағдайда, КПО компаниясына келесі қауіп-қатерлер төнуі мүмкін:
- Өз міндеттемелерін ӨБТК талаптарына сәйкес орындай алмау.
- ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы заңнама талаптарын сақтамау.
- Компанияның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керек білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі.
- Кадрлардағы жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша қойылған мақсаттарды орындай алмау немесе орындаудағы кідірістер.
22-кесте. КПО-ның кадрлардағы жергілікті қамтуды арттыру көрсеткіштері (қызметкерлер санаты бойынша)
Санаты |
Сипаттамасы |
ҚР заңнамалық талабы |
Кадрлардағы жергілікті қамту көрсеткіші |
||
2021 ж. |
2020 ж. |
2019 ж. |
|||
1+2 |
Бірінші жетекшілер және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері |
70 % кем емес |
85 % |
83 % |
79 % |
3+4 |
Мамандар / білікті жұмысшылар |
90 % кем емес |
98 % |
97 % |
96 % |
15-сызба. Жергілікті және шетелдік басшылардың санының жасы және жынысы бойынша жіктелуі, 2021 жыл
Жергілікті және шетелдік менеджерлердің гендерлік санаттары бойынша пайыздық үлестері
Жергілікті және шетелдік менеджерлердің жас санаттары бойынша пайыздық үлестері
ОҚЫТУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҚ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ОҚЫТУ
Жыл сайын КПО келесі бағыттар бойынша оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады:
- Лауазымдық міндеттерді орындау шеңберінде қызметкерлердің жеке құзыреттерін дамытуға, өндірістік мақсаттарды орындауға, сондай-ақ қызметкерлерді мансап тұрғысынан дамытуға бағытталған бағдарламалар.
- Қауіпті өндірістік нысандарда жұмыстарды орындау үшін міндетті білім мен дағдыларды алуға бағытталған бағдарламалар. Оқыту бойынша міндеттемелер ҚР заңнамасымен, сондай-ақ Компанияның процедураларымен реттеледі.
2021 жылы Компанияның жергілікті қызметкерлерінің 91 % біліктілікті арттырудың, кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың түрлі бағдарламалары бойынша оқытулардан дан өтті, сондай-ақ онлайн семинарлар мен конференцияларға қатысты.
Бұдан басқа, 2021 жылы КПО қызметкерлерін арнайы халықаралық бағдарламалар (23-кестеде көрсетілген), тіл үйрету курстары, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша кәсіптік және міндетті курстар бойынша оқытуды жалғастырды.
23-кесте. 2018–2021 жж. халықаралық сертификатталған бағдарламалар шеңберінде оқытылған КПО қызметкерлерінің саны
|
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
Газ, мұнай мен су бөлінген жағдайда ұңғыманы басқару/ұңғыманың қысымын қадағалау (IWCF) |
39 |
59 |
13 |
61 |
Денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы халықаралық сертификат (NEBOSH) |
30 |
33 |
3 |
13 |
OPITO стандарты бойынша төтенше жағдайда әрекет ету бойынша MEMIR курсы |
11 |
|
10 |
13 |
OPITO сарапшысының біліктілігін бағалау |
43 |
19 |
|
17 |
Сертификатталған ішкі аудитор (CIA) |
|
11 |
12 |
9 |
CIPS институтының (сатып алу және жеткізу саласындағы лицензияланған институт) халықаралық дипломы |
|
2 |
3 |
|
Бұзбай сынау бойынша сертификаттау (NDT) |
|
15 |
|
|
Халықаралық қаржылық есептілік бойынша АССА сертификаты бойынша оқыту |
|
|
3 |
2 |
Бизнесті ұйымдастыру магистрі (MBA) |
|
|
1 |
1 |
API (Америкалық мұнай институты) техникалық стандарттары бойынша сертификаттау |
|
|
6 |
10 |
Жобаны кәсіби басқару бойынша сертификаттау (PMP) ® |
|
|
|
1 |
Экологиялық менеджмент саласындағы IEMA халықаралық сертификаты |
|
|
|
1 |
Бұл біз үшін неге маңызды?
Қызметкерлерді оқыту және кәсіби дамыту бойынша міндеттер қатарына қызметкерлердің біліктілігін арттыру және олардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануы, сондай-ақ халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестік пен озық әлемдік тәжірибені игеру кіреді. Кадрларды даярлау бойынша жыл сайынғы жоспар әр қызметкердің жеке қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламаларын ұсыну арқылы Компания:
- ӨБТК-нің 7-қосымшасында келтірілген Қазақстандық қызметкерлерді даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қатысты талаптарды мұнай-газ өнеркәсібіндегі озық халықаралық тәжірибелерге, сондай-ақ ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ және өнеркәсіптік гигиена талаптарына сәйкес орындайды.
- Кадрлардағы жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған және ұйымды білікті және құзыретті қызметкерлерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды жүзеге асырады.
- Өндірістік мақсаттар мен міндеттерге жету үшін оқыту шараларын өткізеді.
- Компания қызметкерлеріне ҚР заңнамасының, Компанияның ішкі процедураларының және үздік халықаралық тәжірибелердің талаптарына сәйкес ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша арнайы және міндетті оқытулар өткізеді.
Оқыту бойынша статистика
КПО жыл сайын өз қызметкерлерін, сонымен қатар мердігер ұйымдардың қызметкерлерін де қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті оқытуды қамтамасыз етеді.
2021 жылы 405 221 адам-сағат оқыту өткізілді (2020 жылы – 445 122 адам-сағат), оның ішінде 250 581 адам-сағат КПО қызметкерлеріне тиесілі (2020 жылы – 295 495 адам-сағат). Оқытудың қалған 154 640 адам-сағаты мердігер ұйымдардың қызметкерлері үшін ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша міндетті оқыту өткізуге жұмсалды (2020 жылы – 201 128 адам-сағат).
2021 жылы барлығы 20 169 адам оқытылды, оның ішінде 3 644 қызметкер – КПО қызметкерлері және 16 525 қызметкер – мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері. Компаниядағы оқытулардың сағаттарының орташа саны 16-кестеде келтірілген.
16-сызба. КПО ұсынған қызметкерлердің 2021 жылы бір курсқа жұмсаған орташа сағат саны мен оның оқыту түрлері бойынша жіктелуі
Компания қызметкерлері үшін 2021 жылы ұйымдастырылған оқытулар 24-кестеде санат бойынша бөлініп келтірілген.
24-кесте. 2019 – 2021 жылдары оқытылған қызметкерлердің әр санат бойынша саны
Санаты |
2021 |
2020 |
2019 |
1. Жоғары және орта буын жетекшілері |
121 адам (1 жұмыскерге 34,72 сағат) |
92 адам (1 жұмыскерге 73,99 сағат) |
161 адам (1 жұмыскерге 66,60 сағат) |
2. Білікті мамандар / |
1 636 адам (1 жұмыскерге 49,35 сағат) |
1 439 адам (1 жұмыскерге 81,93 сағат) |
1 250 адам (1 жұмыскерге 88,96 сағат) |
3. Техникалық қызметкерлер |
1 715 адам (1 жұмыскерге 94,01 сағат) |
1 484 адам (1 жұмыскерге 113,01 сағат) |
2 044 адам (1 жұмыскерге 111,73 сағат) |
4. Кеңселік-әкімшілік қызметкерлер |
172 адам (1 жұмыскерге 25,72 сағат) |
119 адам (1 жұмыскерге 25,81 сағат) |
150 адам (1 жұмыскерге 86,53 сағат) |
ЖЕДЕЛ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Еңбек ресурстарын үздіксіз жоспарлау және кадрлардағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында Компанияда қызметкерлерді жедел дамыту бағдарламасы жолға қойылған.
2021 жылдың екінші жартысында КПО осы бағдарламаның 2021–2024 жылдарға арналған төртінші легін бастады. Бөлім басшылары кадрлардағы жергілікті қамтуды арттыру жоспарына негізге алып, қабілеттері жоғары қызметкерлердің кандидатураларын іріктеу кезеңдеріне одан әрі қатысуға ұсынды. Бағдарламаның келесі кезеңдерін 2022 жылы іске асырылады деп жоспарланған.