КПО басшылығы
Джанкарло Руюдің мұнай және газ өнеркәсібіндегі Қазақстанда және шет елдерде жинақтаған жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Осы қызметке дейін ол өндірістің, кен орындарын барлаудың, игерудің және пайдаланудың, сондай-ақ бизнесті дамытудың толық барысын қамтитын жауапты лауазымдарды атқарған. Соңғы қызметінде ол «Эни» компаниясының Абу-Дабидағы ADNOC / UDR бірлескен кәсіпорнында құрлықтағы операциялар бағдарламасының жетекшісі болды. Бұған дейін ол «Эни Гана» компаниясында басқарушы директор қызметін атқарды және «Норд Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясында кен орнын игерудің бірінші кезеңінің директоры лауазымында жұмыс істеді.
Адам Лоумастың өндіріс, күрделі жобалар, бизнесті түрлендіру, коммерциялық мәмілелер және стратегия әзірлеу сияқты салаларда басшылық лауазымдарда жинаған 20 жылға жуық тәжірибесі бар. Ол Қазақстанда қоса санағанда тоғыз елде өмір сүріп, қызмет еткендіктен, әртүрлі ұлттардың мәдениетімен жақсы таныс.
Адам «Шелл» компаниясында 2007 жылдан бері жасайды. КПО-ға келгенге дейін Адам Қазақстанның Атырау қаласындағы «НКОК» консорциумында өндірісті жетілдіру жөніндегі бас директор және сандық технологиялар жөніндегі директор лауазымын атқарды.
Қуаныш Құдайбергеновтың мұнай-газ саласында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында басшылық қызметтерді атқарып жинаған тәжірибесі зор.
2017 және 2021 жылдар аралығында ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
Сондай-ақ Қуаныш Құдайбергенов осы күнге дейін келесі компанияларда бірқатар қызметтерді атқарып келген: «КМГ-Кансу Оперейтинг» ЖШС, Ромпетрол С.А., «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «КАСПИЙ МЕРУЕРТІ ОПЕРЕЙТИНГ КОМПАНИ Б.В.», «КазМунайТениз» ТМК, «Интегра» ЖАҚ.
Алмасбек «Эни» компаниялар тобында 20 жылдан астам қызмет етіп келеді. Ол Нигерия, Мексика, Түркіменстан, Алжир, Тунис, Венесуэла және Қазақстанда барлау мен игеру, өнімді өндіру, өңдеу, сақтау және сатуға байланысты қызметтерде сыртқы байланыстар, экономикалық талдау және қаржы, өнеркәсіптік жобаларды әзірлеу сияқты мәселелерден бастап, экспорт және жобаның түрлі кезеңінде коммерциялық келіссөздер жүргізуге дейін түрлі міндеттерді атқарды. Бұрынғы қызметінде Алмасбек «Аджип Карачаганак Б.В.» компаниясының қазақстандық филиалында жаңа бизнес мүмкіндіктер мен аймақты талдау жөніндегі басшы қызметін атқарды.
Жан Вактың әлемнің түрлі елдерінде басшылық қызметтерде жинаған 20 жылға жуық тәжірибесі бар. Ол 8 түрлі елде мұнай-газ саласында, соның ішінде барлау және өндіру, сондай-ақ өнімді сақтау, тасымалдау және сату бағыттарында әртүрлі қаржымен байланысты қызметтерді атқарған.
Білікті бухгалтер басқарушы ретінде Жан қазынашылық, қаржылық бақылау, корпоративтік қаржы және бірлескен кәсіпорынның қаржысы бойынша терең білім жинақтап, әртүрлі жоғары басшылық лауазымдарды атқарған, соның ішінде Ирактағы Basrah Gas Company кәсіпорнында 6 жыл еңбек еткен. КПО компаниясына келгенге дейін ол «Шелл» компаниясының Мексикадағы өкілдігінде қаржы директоры қызметін атқарған.
Лиананың кәсіпорындағы заң қызметін басқару және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету саласында жинаған халықаралық тәжірибесі мол. КПО-дағы лауазымға тағайындалмас бұрын ол Мозамбиктегі қаржыландыру және сатып алулар жобасында заң бөлімінің бастығы қызметін атқарды («Эни Ұлыбритания»).
Соңғы жылдары Лиана бірнеше шет елдерде қызмет еткен және өнеркәсіп саласында бірқатар жетекшілік қызметтерді атқарған, бұлардың қатарына Қазақстандағы Eni компаниясының барлау мен өндіру бөлімшесіндегі заң бөлімінің бастығы қызметін жатқызуға болады (Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан).
Оскар «Шелл» компаниясында және оның бөлімдерінде 1990 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бұған дейін ол Үндістанның Бангалор қаласында Shell Projects & Technology ұйымында цифрландыру жобаларының бас менеджері қызметін атқарды.
Оскардың инженерлік жобалау мен жобаларды басқаруда тәжірибесі мол. Өзінің еңбек жолында Оскар «Шелл» компаниясының Нидерланды, Ұлыбритания, Нигерия, Сирия, Үндістан және Қазақстандағы бөлімдерінде басшылық қызметтерді атқарып келеді.
Делла Бьянка Джосуэ «Эни» компаниясында 2004 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін ол «Эни» компаниясының Еуропа, Австралия, Америка және Таяу Шығыс елдеріндегі өндірістік және өндіру қызметтеріне қажет сатып алуларына жауапты болған. Джосуэ соңғы он жыл ішінде бірқатар басшылық қызметтерді атқарып, сатып алулар саласында мол халықаралық тәжірибе жинаған. Сонымен қатар Джосуэ Ресей, Мозамбик, Сауд Арабиясы, Бразилия, Италия және Қазақстан сияқты елдерде сатып алулар жөніндегі бөлім бастығы лауазымын атқарған. Джосуэнің қызметті басқаруды ұйымдастыру бойынша магистр дәрежесі бар.
Давиденің еңбек ресурстарын басқару саласында жинаған зор халықаралық тәжірибесі бар. Соңғы қызметінде ол КПО компаниясының еңбек ресурстарын басқарушысы қызметін атқарды.
Өзінің еңбек жолында Давиде өнеркәсіп саласында бірқатар басшылық қызметтерді атқарды, атап айтқанда, Еуропа, Ирак және Таяу Шығыс елдерінде («Эни» – барлау және өндіру) халықаралық еңбек ресурстарын басқару жөніндегі басшы, «Eni East Africa Spa» (Мозамбик) еңбек ресурстарын басқару және қосалқы қызмет жөніндегі басшысы, «Eni North Africa B.V.» (Ливия) оқыту және кәсіби дамыту бөлімінің басшысы, «Nigerian Agip Oil Company» компаниясында (Нигерия) ұйымды дамыту және қосалқы қызмет жөніндегі менеджер сияқты түрлі қызметтерді атқарған.
Роберт «Шелл» компаниясында 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның мұнай-газ саласында, соның ішінде ЕҚ және ҚТ, өндіру, техникалық қызмет көрсету, бұрғылау және аудит салаларындағы басшылық қызметтерді атқару барысында жинаған 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Осыған дейін ол Ирактағы «Басра Газ» компаниясында өндіріс және жобаларды жүзеге асыру бөлімінің ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жөніндегі басшысы және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жөніндегі директордың орынбасары лауазымдарында қызмет етті.
Өзінің еңбек жолының басында, Роберт Қазақстанда «Аджип ККО» компаниясында құрлықтағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ қызметінің басшысы лауазымында жұмыс істеп үлгерген. Ол осыған қоса Нидерландыда, Германияда, Нигерияда, Ұлыбританияда, Сирияда және Ресейде жұмыс істеген. Роберттің әуе ғарыш саласындағы инженерия бойынша ғылым магистрі дәрежесі бар.
Фидан «Шелл» компаниясындағы қызметін 2002 жылы бастады және ол жер шарының көптеген елдерінде өндіріс өнеркәсібіндегі түрлі лауазымдарда еңбек етіп, кең салалы мамандарға жетекшілік жасап келеді.
Осыған дейін мұнай-газ саласында кен орнын игеру және бизнесті жоспарлау, ұңғымаларды бұрғылауды жоспарлау және жүргізу, геологиялық модельдеу мен зерттеу жұмыстары, барлау мен өндіріс технологияларының стратегиясын жасау салаларында ішкі аудитпен айналысып келді.
Фиданның қолданбалы физика бойынша дипломы, физика мен бейорганикалық химия бойынша доктор дәрежесі, сонымен қатар Ұлыбританиядағы Imperial College колледжінің бизнес магистрі дәрежесі бар. Фидан – мұнай-газ өнеркәсібінің инженерлері қоғамының мүшесі.
Ариадна «Эни» компаниясындағы қызметін 2004 жылы бастады және Орталық Азия, Латын Америкасы және Африкадағы компанияның түрлі бөлімшелерінде жұмыс істеді, қызметінде көпұлтты ұжымдарды басқарды және ірі капиталдық жобаларға, бұрғылауға, пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге байланысты құны миллиардтаған доллар тұратын сатып алуларды орындады.
Бұрынғы лауазымында ол оператор басқармайтын бірлескен кәсіпорында (БК) аудитор қызметін атқарды, онда ол БК серіктестерінің (соның ішінде ExxonMobil, «Шелл» және Chevron сияқты серіктестер) топтарын басқарды. Ариаднаның халықаралық қатынастар бойынша магистр дәрежесі және INSEAD бизнес мектебінің корпоративтік басқару саласындағы атқарушы сертификаты бар. Ол сонымен қатар Woman on Board (Біріккен Корольдіктегі ұйымы) желісінің мүшесі.