КПО-ның даму туралы есебі 2021

Іскерлік этика

КПО ІСКЕРЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

КПО өз қызметін 2019 жылы қолданысқа енгізілген «КПО іскерлік қағидаларына» сәйкес жүзеге асырады.

«КПО іскерлік қағидаларында» Компания қызмет жүргізу барысында басшылыққа алатын қағидалар айқындалған және жұмыс тиімділігінің жоғары стандарттары мен әдеп нормалары белгіленген. Мүдделі тараптар, соның ішінде мердігерлер мен жеткізушілер, осы қағидаларды құрметтейді және өз жұмысын осы қағидаларға сүйеніп орындайды деп күтеміз.

7-сурет. «КПО іскерлік қағидалары» негізгі жеті категорияны қамтиды:

«КПО іскерлік қағидалары» құжатының толық нұсқасын және таныстырма бейнебаянын КПО сайтындағы Іскерлік этика бөлімінен тауып таныса аласыздар.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында келтірілген қолданылатын заңдар мен нормативтік актілердің және Халықаралық еңбек ұйымының негізгі конвенцияларының талаптарын орындауға ұмтыламыз.

Адам құқықтарын сақтау Компанияның «қызмет жүргізуге лицензия» алудағы міндетті шарты болып табылады. Компания қызметі қызметкерлеріміз, мердігерлеріміз, жергілікті халықтан бастап мен жергілікті билік органдарына дейін барлық мүдделі тараптардың адам құқықтарын құрметтеуге негізделген.

Осы себепті адам құқықтарына қойылатын талаптар Тәртіп кодексіне және КПО-ның қолданыстағы құрылымына, нұсқаулықтарына және саясаттарына енгізілген. Оларға мыналар жатады:

  • Әлеуметтік қызмет – біздің әлеуметтік қызмет бойынша жоспарымыз бар және біз өз қызметіміздің жергілікті халыққа тигізетін әсерін ескереміз.
  • Қауіпсіздік – Бүкіл Компанияға қойылатын қауіпсіздік талаптары қызметкерлердің, мердігерлердің және нысандардың қауіпсіздігін адам құқықтары мен жергілікті халықтың қауіпсіздігі сақталатындай қамтамасыз етуге көмектеседі.
  • Адам ресурстары – саясаттарымыз бен стандарттарымыз әділ еңбек қатынастарын орнатуға және жағымды жұмыс ортасын құруға көмектеседі.
  • Келісімшарттар мен сатып алулар – біз тұрақты дамуға үлес қосатын және экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан жауапты мердігерлермен және жеткізушілермен жұмыс істеуге ұмтыламыз.

Заңнамаға сәйкестік саласындағы жалпы саясат шеңберінде КПО этикалық нормалар мен нормативтік-құқықтық сәйкестікті сақтау саласында оқытудың жаңа бағдарламасын қабылдады және орындауға кірісті. Бұл бағдарлама қабылданған қағидалар мен міндеттемелер бойынша жоғарыда аталған негізгі мәселелерді шешуге бағытталған.

ТӘРТІП КОДЕКСІ

КПО-ның нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету жүйесі компания ішіндегі нормативтік-құқықтық сәйкестіктің барлық аспектілерін реттейді және оларға басшылық етеді. «Тәртіп кодексі» – осы нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз етудегі негізгі құжат. Бұл құжат этикалық қағидаларды, құндылықтарды және Компанияның ішкі және сыртқы әрекеттері кезіндегі, соның ішінде жеткізушілермен, өндірушілермен және басқа да серіктестермен қатынасу кезіндегі этикалық қағидаттарды, тәртіп ережелері мен құндылықтарын анықтайды.

Тәртіп кодексінде қызметкерлерден сақталуы талап етілетін «Іскерлік қағидаларды», тиімділік стандарттары мен этикалық тәртіп нормаларын қолдану жолдары бойынша КПО қызметкерлеріне толық нұсқаулық беріледі. Тәртіп кодексі сыртқы сауда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, ақпарат беру, сыйлықтар мен қонақжайлылық білдіру белгілері сияқты сұрақтарды айқындайды. «КПО тәртіп кодексі» құжатының толық нұсқасы КПО сайтында осы сілтеме бойынша орналасқан.

2021 жыл компания үшін ерекше қиын болды және COVID-19 пандемиясы өршіп тұрған шақта тәртіп кодексін жүйелі қолданудың маңызы зор болды. КПО нормативтік-құқықтық сәйкестік жөніндегі бөлімі басшылыққа COVID-19-ға қатысты мәселелерге жөнді көзқарас қалыптастыруға көмектесті. Бұл өз кезегінде туындауы мүмкін мүдделер қақтығысын және демеушілік мәселелеріндегі іскерлік этикаға қатысты басқа да ереже бұзушылықтарды шешуде қызметкерлердің әдеп тұрғысынан дұрыс әрекет етуін қамтамасыз етті. КПО Ақсай және Орал қалаларының жергілікті ауруханаларына медициналық жабдықтар, материалдар мен дәрі-дәрмектер берді, бұл пандемияның жергілікті халыққа тигізген әсерінің салдарын жеңілдетуге ықпал етті.

COVID-19 кезіндегі жағдайдың тұрақсыздығы мен құбылмалылығы КПО-ның жеткізушілермен және мердігерлермен жұмысты жүргізу әдісіне әсер етті. Компанияның нормативтік-құқықтық сәйкестік жөніндегі бөлімі жеткізушілеріміздің қызметті жүргізуде этикалық нормаларды сақтауын қамтамасыз ету үшін кешенді этикалық бағалауды жүргізуді жеделдетті.

Жемқорлыққа қарсы оқыту

Компания барлық қарым-қатынастар «КПО тәртіп кодексінде» келтірілген бизнесті жүргізудегі этикалық қағидаларға негізделген әділ және таза бизнес ортасын құруға бар күшін салып келеді.

КПО-ның барлық қызметкерлері нормативтік талаптарды сақтау мәселелері бойынша тұрақты негізде оқытудан өтеді. Өткен жылы біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы дайындық бойынша жыл сайынғы онлайн-курс енгіздік, оны іссапармен келген және агенттік қызметкерлерін қоса санағанда компания қызметкерлерінің 98 %-і өтті. Бұған қоса, КПО-ның әр қызметкерлері жыл сайын қойылған талаптармен танысу қажет және этикалық талаптарға сәйкестікке қатысты ұсынылған жеке міндеттемелермен келісіп растау қажет. Тәртіп кодексі мен басқа да этикалық сәйкестік саясаттары, сондай-ақ процедуралар әрбір қызметкердің онлайн танысып өтуі үшін КПО-ның интранет желісіне жүктелген.

КПО-ның барлық қызметкерлері нормативтік талаптарды сақтау мәселелері бойынша тұрақты негізде оқытудан өтеді.

COVID-19-бен байланысты шектеулерге қарамастан, 2021 жылы нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету бөлімі жұмысында жемқорлық қаупі жоғары қызметкерлерге оқытуларды онлайн өткізуін жалғастырды. Негізі, бұл оқыту бетпе-бет өткізіледі. Қашықтан барлығы алты оқыту сессиясы ұйымдастырылды.

Сәйкестікті сақтау бойынша жедел желі қызметі және басқа да шаралар

Компанияның нормативтік құқықтық сәйкестік бағдарламасын іске асыру мақсатында, 2012 жылдан бері КПО-ның тегін, анонимдік және құпия Жедел желісі жұмыс істеп келеді.

Жедел желі КПО қызметкерлері, жеткізушілері және мүдделі тараптары үшін әділ және қауіпсіз жұмыс ортасын құрудағы маңызды құрал болып табылады. Жедел желі арқылы хабарланатын тақырыптарға ықтимал құқықтық және этикалық тәртіп бұзушылық, соның ішінде дискриминация, жыныстық алымсақтық, мүдделер қайшылығы, қоршаған ортаға зиян келтіру немесе қауіп төндіру және/немесе қаржыға қатысты ереже бұзулар немесе жемқорлық кіреді. Қызметтегі ереже бұзу туралы мәлімдемені телефонмен немесе онлайн форманы толтыру арқылы жолдауға болады. Бұдан соң, бұл мәлімдеме нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету бөлімііне қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін жіберіледі. Сондай-ақ, компания қызметкерлері нормативтік-құқықтық сәйкестік бөліміне, еңбек ресурстары бөліміне немесе тікелей басшыларына жүгіне алады.

2021 жылы нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету бөліміне 169 мәлімдеме келіп түсті. Барлық мәлімдемелер мұқият қаралып, тиісті шаралар қолданылды. Өтініштердің басым бөлігі жұмыс орындарындағы қарым-қатынас мәселелеріне қатысты болды, соның ішінде 150 өтініш нормативтік-құқықтық сәйкестік бойынша ереже бұзуды тергеу процедурасының және/немесе өтініштің сипатына байланысты тәртіптік мәселелерді шешу жөніндегі ереженің талаптарына сәйкес шешілді және жабылды.

Келіп түскен барлық мәлімдемелер нормативтік-құқықтық сәйкестікке қатысты ереже бұзуларды тергеу тобымен тергеледі және, қажет болғанда, салдарларды жою бойынша тиісті шаралар қолданылады. 2021 жылы Компанияда қызметтік тексерулерді сапалы жүргізу және ұйым ішіндегі салдарды жою бойынша шараларды жүйелі қолдану мақсатында тергеудің жаңа процедурасы қолданысқа енгізілді.