ҚазРусEng

Іскерлік этика

Іскерлік этика мен нормативтік-құқықтық сәйкестік

КПО компаниясында қызмет атқарудың жоғары стандарттары мен этикалық тәртіп нормалары белгіленген. КПО мен қызметкерлеріміздің беделі Компания ішінде және одан тыс адалдық, әдептілік және адамдарға құрметпен қарау қасиеттерінен тұратын КПО бизнес қағидаларына сәйкес келетін іс-әрекеттерден анықталады.

КПО бизнес қағидалары

КПО өз қызметін көпшілікке танылған құндылықтар мен КПО бизнес қағидалары негізінде жүргізеді.

КПО бизнес қағидалары қызмет жүргізу барысында Компания басшылыққа алатын негізгі іскерлік аспектілерді айқындап, қызметті атқару мен этикалық тәртіптің жоғары стандарттарын белгілейді. Мүдделі тараптарымыз, соның ішінде мердігерлеріміз бен жеткізушілеріміз КПО бизнес қағидаларын құрметтейді және орындайды деп сенеміз.

КПО бизнес қағидалары негізгі жеті саланы қамтиды: еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау; іскерлік этика нормаларын сақтау; экономика; қызметкерлер; жергілікті қоғамдастықтар; ақпараттандыру және өзара әрекеттесу; нормативтік-құқықтық сәйкестік.

КПО бизнес қағидаларының PDF форматындағы көшірмесін жүктеу үшін мына сілтемені, ал бейнебаянды жүктеу үшін осы сілтемені  басыңыз.

Тәртіп кодексі

 

Бизнес қағидалары негізінде әзірленген КПО тәртіп кодексі КПО қызметкерлері ұстануға тиіс тәртіп стандарттары мен нормаларын сипаттайды — бұл адалдық, әдептілік, адамдарға құрметпен қарау, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік талаптарды сақтау болып табылатын бизнес қағидаларының қолданылуын түсіндіретін негізгі ережелер.

 

КПО тәртіп кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ұлттық және халықаралық сауда, денсаулықты, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және қауiпсiздiкті қамтамасыз ету, ақпарат құпиялылығын сақтау және ақпарат алмасу сияқты мәселелер қамтылған.

 

Тәртіп кодексінің PDF форматындағы көшірмесін жүктеу үшін сілтемені басыңыз.

 

Іскерлік этика мәселелері бойынша қолдау көрсету және жедел желі

 

КПО компаниясында қызметкерлер мен үшінші тараптар (мердігерлер, жеткізушілер мен кез келген басқа мүдделі тараптар) өздерін алаңдататын ықтимал мәселелерін, соның ішінде дискриминация, жыныстық алымсақтық, мүдделер қақтығысы, қоршаған ортаға зиян келтіру немесе қауіп төндіру және/немесе заңсыз қаржылық іс-әрекеттер немесе пара беру/алу, «Бизнес қағидалары» мен «Тәртіп кодексі» талаптарын ықтимал сақтамау сияқты құқықтық және этикалық тәртіп бұзушылықтар туралы ауызша немесе жазбаша түрде хабарлай алатын жедел желі жұмыс істейді. Оған кез келген телефон (ұялы немесе жергілікті телефон желісінен) арқылы соғып, қоңырауларды өңдеу орталығымен байланыса аласыз. Барлық хабарламалар олардың құпиялығы мен жасырын болатынына кепілдік беретін тәуелсіз компаниямен жинақталып, өңделеді. Жедел желі арқылы алынған хабарламалар КПО компаниясының тағайындалған тұлғаларына тапсырылып, кәсіби және құпия түрде қарастырылатын болады.