ҚазРусEng

КПО басшылығы

Марко Марсили
КПО бас директоры

Марко Марсилидің мұнай-газ саласында жасаған жиырма бес жылдан астам мол тәжірибесі бар, осы уақыт ішінде ол бірқатар халықаралық жобаларда әртүрлі лауазымдар атқарып, зор техникалық және өндірістік тәжірибе жинап, коммерциялық және басқарушылық дағдыларды үйренген.
Марко «Шелл» компаниясында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, бұл уақыт аралығында ол Нидерланд, Италия, Ұлыбритания, Ирак, АҚШ, Канада, Мексика, Аргентина мен Бразилияда іске асқан түрлі жобаларда басқару қызметтерін атқарған.
КПО бас директоры қызметіне дейін Марко Марсили «Шелл Италия» компаниясында басқарушы директор және «Барлау және өндіру» басқармасының төрағасы болды. Бұған дейін Марко АҚШ-та шамамен 5 жыл жұмыс істеді, алдымен Солтүстік Америка мен Бразилияда жаңа бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент, кейін жаңа қатпарлы тау кен орындарының коммерциялық вице-президенті болып жұмыс істеді.

Мұхтар Манкеев
КПО Бас директорының орынбасары

Мұхтар Манкеевтің басқару саласындағы зор тәжірибесі бар. Ол өз еңбек жолында коммерциялық ұйымдармен қатар, мемлекеттік мекемелерде де жетекші лауазымдар иеленіп келген. Шетелден алған іскерлік басқару магистрі дәрежесінен бөлек, Батыс Қазақстан университетінде инженерлік бағытта тәлім алған.
Мұхтар қызметтік мансабын Қарашығанақ жобасында құрылыс алаңының инженері (Petrofac International) болып бастады. Ол сонымен қатар Финляндияда «Finnish Business Hub» ЖШС директоры болып еңбек етті. КПО-дағы лауазымына тағайындалғанына дейін Мұхтар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ бас директоры қызметін атқарды.

Никола Аллегро
КПО бас директорының орынбасары / өндіріс директоры

Николаның мұнай және газ өнеркәсібі саласында халықаралық жобаларды басқару бойынша 15 жылға жуық тәжірибесі бар. Ол қызметтік жолын 2007 жылы ENI компаниясында өндіру инженері ретінде бастаған, ал осы қызметке дейін ол Мальтадағы ENI филиалының бас менеджері және Ливия, Триполидағы ENI North Africa (ENINA), Ливия мен Мальта бойынша Өндіріс бөлімінің басқарушысы лауазымын атқарған. Ол әлем бойынша бірқатар елдерде, соның ішінде Ливия, Индонезия, Мысыр, Нигерия, Италия мен Қазақстанда қызмет атқарған. 2016 және 2021 жылдар аралығында ол КПО компаниясында өндірістің техникалық мәселелері жөніндегі бөлім бастығы және кен орны бастығы ретінде жұмыс жасады.

Арсен Трумов
КПО маркетинг директоры

Арсеннің Қазақстан мұнай-газ секторында газды коммерцияландыру және маркетинг бойынша жиған тәжірибесі мол, сондай-ақ ол «Шелл Қазақстан», «ДжиИ Ойл Қазақстан» және «Шлюмберже» сияқты ірі компанияларда негізгі қызметтерді атқарған. Қызмет барысында Арсен газ жобаларын сәтті басқарып, негізгі мүдделі тараптармен берік қарым-қатынас орнатты, сондай-ақ Қарашығанақ және Қашаған жобаларын қоса алғанда, ірі кен орындарының экспорттық стратегияларын әзірледі.
«Шелл Қазақстан» кәсіпорнындағы аға коммерциялық кеңесші қызметінде Арсен «Шелл» компаниясының Қазақстандағы газ жобаларына жауапты болды, ол Қарашығанақ біріккен маркетинг комитетіне төрағалық етіп, Қашаған кен орнында өндірілген сұйытылған мұнай газын (СМГ) жеткізу және газды сату туралы келісімдерді жасауда маңызды рөл атқарды.

Дрю Уивер
КПО корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі директоры

Дрюдің барлау және өндіру, оның ішінде экономика және қаржы, жобаларды қаржыландыру, корпоративтік басқару және қатерлерді басқару салаларында жасаған 25 жылдан астам халықаралық тәжірибесі бар. Еңбек жолында ол Ирак, Нидерланд, Үндістан және Қазақстан сияқты әртүрлі елдерде басшылық қызметтерді атқарып жүрді.
Ол 2023 жылдан бері КПО-ның корпоративтік басқару мәселелері басқармасындағы бизнес процестерді бақылау жөніндегі басқарушы қызметін атқарып келеді.

Андреа Сакки
KПО қаржы директоры

Андреа Эни компаниясында 2007 жылдан бері жасап келеді, оның Италия, Мысыр, Ангола және Қазақтан елдерінде 25 жылдан астам жасаған халықаралық көшбасшылық тәжірибесі бар. Ол КПО қызметімен таныс, себебі 2011 және 2015 жылдары аралығында КПО компаниясында қаржы басқарушысы және қаржы директораты лауазымдарын атқарған.

Слушаш Ізбасарова
КПО еңбек ресурстары және қызметтер директоры

Слушаштың еңбек ресурстарын басқару саласындағы басшылық лауазымдарда 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Оның бұрынғы лауазымы КПО-ның еңбек ресурстары жөніндегі басқарушы. КПО-ға дейін Слушаш Agip Қазақстан North Caspian Operations Company, NC Production Operations Company B.V., North Caspian Operations Company B.V. сияқты ірі мұнай трансұлттық корпорацияларында басшылық қызметтер атқарды. 2017 жылы Слушаш «Шелл» компаниясына жұмысқа қабылданды.

Сергей Дубынин
КПО заң директоры

Сергейдің халықаралық компанияларда заң мәселелерін басқару саласындағы басшылық қызметтерде жинаған 20 жылдық тәжірибесі бар. Ол Shell және оның еншілес ұйымдарында 2007 жылдан бері басшылық қызметтерді атқарып келеді. КПО компаниясына дейін Сергей РФ, Мәскеу қаласындағы Shell Exploration and Production Services (RF) B.V. заң бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Норберт Жалле
КПО қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және өндіріс тұтастығы жөніндегі директоры

Норберттің қоршаған орта инженериясы мен экологиялық менеджмент бойынша магистр дәрежесі, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарда ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында 20 жылдық жұмыс өтілі бар. Ол Эни компаниясында 2006 жылдан бері жұмыс жасап келеді, және ЕҚ, ҚТ мен ҚОҚ және тұрақтылықты қамтамасыз ету бөлімі бастығы қызметінде бірқатар елдерде, соның ішінде көбінесе Африка елдерінде қызмет атқарған. Норберт «ENI», «ERM», «NAOC» және т.б. халықаралық компанияларда бірқатар басшылық қызметтерді атқарған. КПО-ға тағайындалғанға дейін Нигерия, Порт-Харкорт қаласындағы Энидің еншілес кәсіпорны болған «NAOC» компаниясында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша корпоративтік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Валджимильи Елиза
КПО жобаларды жүзеге асыру жөніндегі директоры

Елиза Эни компаниясында 2007 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Бұл лауазымға дейін ол Италияның Джела қаласындағы Enimed SpA-да «Cassiopea» жобасын дамыту жөніндегі жоба менеджері қызметін атқарды. Ол Италия, Ирак, БАӘ, Австралия, Қытай және Ұлыбритания сияқты елдерде әртүрлі жоғары лауазымдарды атқарып, жобаларды басқару және бизнесті дамыту саласында мол халықаралық тәжірибе жинаған.

Дос Сантос Сильвестр Карлос Антонио
КПО жеткізілімдерді ұйымдастыру директоры

Карлос «Шелл» компаниясында 1996 жылдан бері жұмыс істеп, мұнай-газ саласында 25 жылдан асатын тәжірибе жинаған. Ол түрлі стратегиялық, техникалық және операциялық қызметтерде жүріп, қауіпсіздік техникасы, жеткізу желілері және логистика саласында мол білім жинақтаған. Өз еңбек жолында ол түрлі елдерде жеткізілімдер мен үлестіруді ұйымдастыру, өндіріс және кешенді газ тарату сынды қатер деңгейі жоғары жұмыстарды басқарған. КПО-ға келмес бұрын, Карлос Катарда жеткізілімдерді ұйымдастыру жөніндегі менеджер / логистика саласындағы озық тәжірибе орталығының менеджері қызметін атқарған.