ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰСТАР
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
КІРІСПЕ
КПО Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және ауданы 280 км2-ден астам аумақты алып жатқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының (бұдан әрі – ҚМГКК) операторы болып табылады. ҚМГКК – бірегей кен орны, ол күрт контитенттік климатқа байланысты өндірудің қиындықтарымен түсіндіріледі. Қабаттың жоғарғы шекарасы шамамен 3500 м тереңдікте жатыр, ал өнімді қабаттың қалыңдығы шамамен 1600 м құрайды. Өндірілетін көмірсутекті шикізаттың құрамында 4,5 % дейін жоғарғы уытты, корозиялық күкіртсутек (H2S) және көмірқышқыл газы (CO2) бар, олар белгілі бір жағдайларда жоғары коррозияға ұшырауы мүмкін.
Қарашығанақ кен орны бойынша мұнай, газ, конденсант және ілеспе компоненттер қорларын қайта есептеу туралы соңғы есептердің деректеріне сәйкес (ҚР Қорлар жөніндегі мемлекеттік комитетімен 17.11.2017 ж. қабылданған) Қарашығанақ кен орнының қорлары 13,6 млрд баррель сұйық көмірсутектерге және 59,4 трлн текше фут газға бағаланады, 2022 жылғы жағдай бойынша сұйық көмірсутектердің шамамен 14,8 %, ал газдың 14 % өндірілді.
Экономикалық тиімділікті барынша арттыру және қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында КПО озық технологияларға қомақты қаражат жұмсауда.
1997 жылы ӨБТК-ге қол қойылған сәттен бастап 31.12.2022 ж. дейін Қарашығанақ кен орнын игеруге инвестициялардың жалпы көлемі 28,4 млрд АҚШ долларынан асты. 2022 жылдың аяғында КПО-да 4053 адам жұмыс істеді.
КПО өндірістік объекттері
Көмірсутекті шикізатты өндіру, дайындау және өңдеу жұмыстары келесі үш негізгі, өзара байланысқан қондырғыда іске асады: Қарашығанақ өңдеу кешені (ҚӨК), Газды кешенді дайындау қондырғысы № 2 (ГКДҚ-2) және № 3 (ГКДҚ-3). Негізгі өндірістік объектілерді байланыстыратын және шикізатты ұңғымалардан және объектілер арасында тасымалдайтын кен орны ішіндегі құбырлар желісінің ұзындығы шамамен 2 000 км құрайды. Бұл объекттерге сондай-ақ мұнайды бастапқы өңдеу станциясы (МБӨС) мен экоорталық жатады. Объектілердің жалпы орналасуы 3-суретте графикалық түрде көрсетілген.
КПО пайдаланатын тасымалдау жүйесіне тұрақты сұйық көмірсутектерді тасымалдауға арналған негізгі экспорттық бағыт – «Қарашығанақ-Атырау» тасымалдау жүйесі (ҚАТЖ) кіреді, оның ішіндегі екі сорғы-айдау станциясы, олардың бірі ҚӨК, екіншісі Үлкен Шаған ауылында, сондай-ақ Атырау қаласындағы КПО терминал аумағында мұнай өнімдерін қабылдау және сақтау объектілері бар. Тағы бір экспорттық бағыт – Ресей Федерациясындағы Орынбор газ өңдеу зауытына көмірсутек шикізатын тасымалдау үшін пайдаланылатын «Қарашығанақ Орынбор» тасымалдау жүйесі (ҚОТЖ).
2022 жылдың аяғында Қарашығанақ кен орнының жалпы қоры 471 ұңғыманы құрап, оның ішінде 117 өндіру ұңғымасы мен тазартылмаған газды кері айдайтын 20 ұңғыма жұмыс істейді. 2022 жылы КПО ұңғымалар қоры өткен жылмен салыстырғанда жаңа үш ұңғымаға өсті: 2021 жылдағы 468 ұңғымамен салыстырғанда 2022 жылы 471 ұңғыма болды. 2022 жылға арналаған бұрғылау жоспарына сәйкес 4 ұңғыманы бұрғылау жоспарланған болатын. Іс жүзінде 3 ұңғыма бұрғыланды, 1 ұңғыма 2021 жылы басталып, 2022 жылы аяқталды. Тағы екі ұңғыманы бұрғылау 2022 жылы басталып, 2023 жылы аяқталды.