КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022
Бұл біз үшін неге маңызды?

Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік міндеттер және одан әрі кеңейту жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстар негізінен мердігер ұйымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Қазіргі кезде Қарашығанақ жобасында қазақстандық мердігер және мердігерлердің астындағы ұйымдарда 17 мыңнан астам қызметкер жұмыс жасауда. Осыған байланысты, алға қойылған міндеттер мен өндірістік көрсеткіштердің сәтті орындалуы КПО және тартылған мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың ұжымдарында еңбек қатынастарының қаншалықты үйлесімді құрылғанына байланысты.

КПО өндірістік объектілерінің тұтастығын сақтай отыра, және Қарашығанақ кен орнындағы мердігер ұйымдардың жұмыскерлерін қоса алғанда, барлық жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақсыздыққа әсер ететін кез келген ықтимал қауіп-қатерлерді азайту үшін барынша күш салады.

Iскерлік қағида:
ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ОРНАТУ ЖӘНЕ ӨЗАРА РЕКЕТТЕСУ

Cеріктестерімізбен қарым-қатынасымызда көтерілетін мәселелерге көңіл бөлуге және оларға дұрыс және бар жауапкершілікпен ден қоюға тырысамыз.

Iскерлік қағида:
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТАР

Біз билік өкілдерімен, акционерлерімізбен, бизнес әріптестерімізбен және жұмыс орнымыздағы жергілікті қоғаммен тиімді, нәтижелі, бірлескен және сенімді қарым-қатынас құрамыз.

2022 жылы мердігерлік ұйымдармен атқарылған жұмыс

Қақтығыстар және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Өндірістік қатынастар

Мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар жұмыскерлерінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында еңбек ұжымдарындағы жағдайға әсер ететін ықтимал факторларды, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы бұзушылыққа, жұмыскерлердің заңды құқықтарына қысым жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға және түзетуге бағытталған мониторинг пен талдау тұрақты негізде жүргізіледі. Қолайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың жоқтығы және мердігер мен қосалқы мердігер ұйымдарда құқық нормаларының сақталмауы мұндай қауіптің алғышарты болуы мүмкін.

Қарашығанақ кен орнында қызмет көрсететін 151 мердігер ұйымдардағы шамамен 17 мың жұмыскер өндірістік қатынастар бөлімінің бақылауында.

Жұмыскерлер құқықтарының бұзылуын тексеру барысында КПО өтініштерді кешенді және жедел қарауды, сондай-ақ мәселелерді уақтылы шешуді қамтамасыз етуге ұмтылады. Қарау барысында барлық тараптардың пікірлері ескеріледі және талданады, ҚР заңнамасына, компанияның өндірістік қатынастар туралы ережелері мен келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін қолдан келген шаралар қолданылуда, соның ішінде:

  • Мердігер ұйымдар ұсынатын әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды үздіксіз бақылау, жалақының уақтылы және толық төленуін, ЖҚҚ-мен қамтуды және т.б. қадағалау;
  • Тиісті тақырыптарда форумдар мен конференцияларды ұйымдастыру (ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ, әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету және т. б.);
  • Дауларды реттеу үшін еңбекті қорғаудағы құзыретті органдармен бірлесіп әрекет ету, сондай-ақ ақпараттық-тәрбиелік шаралар ұйымдастыру.
  • Барлық міндетті төлемдерден кейінгі сағатына 830 теңге мөлшердегі ең аз деген еңбекақыны бекіту. Бұл шара қолданыстағы шарттар бойынша келісімшарттық міндеттемелердің қолданылу мерзімі өтуіне қарай жүзеге асырылады;
  • Білікті персоналдың келісімшарты аяқталатын мердігерден жаңа мердігерге өтуі/ауысуы. Бұл имплицитті тәжірибе аймақтағы жұмыспен қамтылу деңгейін қолдауға, қызмет көрсету келісімшарттарын бұзу кезеңінде тұрақты әлеуметтік ортаны сақтауға көмектеседі.

Сонымен қатар мердігер ұйымдардың ұжымдарындағы тұрақты әлеуметтік жағдайды қолдау шеңберінде КПО салықты есептегеннен кейінгі ай сайын жалақыға қосымша 60 мың теңге көлемінде төленетін стратегияны орындап, дамытты. Осының арқасында мердігер мен қосалқы мердігер ұйымдардың 15 мыңнан аса жұмысшыларының материалдық жағдайы жақсарды. 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енген бірыңғай үстеме барлық бенефициарларға бірдей қарау мақсатында, бірақ жалақысы төмен жұмыскерлер санатына айтарлықтай әсер ету мақсатында таңдалды. Бұл шешім БҚО әкімі, Энергетика вице-министрі, «PSA» ЖШС мен КПО бас директорлары қатысқан жиналыста бір ауыздан келісім тапты.

2022 жылы өндірістік қатынастар секторының жұмыскерлері 545-тең астам жұмыс алаңдары мен тығыз тұрғылықты жерлерге 236 рет барып, келісімшарт иелерімен бірлесе 6 аудит өткізді. Қосалқы мердігер мен мердігер ұйымдардағы анықталған тәуекелдерге іс жүргізу бойынша 3 жақты аумақтық комиссияның 34 отырысы өтті. Мониторинг аясында КПО мердігер ұйымдардағы ұжымдық шарттар санына есеп жүргізеді, өйткені жұмыскерлердің бірлестіктер мен ұжымдық келісімдер жасау бостандығы құқықтарының сақталуының көрсеткіші болып табылады. 2022 жылы 32 мердігер ұйымдар ұжымдық шарт жасасты. 

2022 жылы мердігер компания жұмыскерлері тарапынан түрлі мәселелер бойынша барлығы 190 шағым/өтініш түсіп, жабылды. Сұрақтардың 92 пайызы еңбекақы және сыйақы бойынша (өтініш санының өсуі 60 мың теңгелік бірыңғай үстемеақы енгізуге байланысты болды), 6 пайызы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ аспектілеріне және 2 пайызы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды қамтамасыз етуге байланысты болды. Өндірістік қатынастар секторы жазбаша өтініштерден басқа күнделікті 2 ден 10 ға дейін қоңырауға жауап беріп, қосалқы мердігер мен мердігер ұйымдардың жұмыскерлерімен кездесулер өткізеді. Жалпы алғанда, мониторинг, аудит нәтижесі және өндірістік қатынастар секторы жетекшілік ететін 52 мердігер ұйымнан келіп түскен өтініштерді қарау қорытындысы бойынша тұрмыс сапасын мен еңбек жағдайларын жақсарту шаралары іске асырылды. Бұл өз кезегінде еңбек ұжымдарында тұрақты моральдық және психологиялық ахуалды сақтауға оң әсерін тигізді. 

Жұмыскерлер құқықтарына қысым жасауды болдырмау бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде мәлімделген еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етуге сәйкестік мониторингі жүзеге асырылып жатыр. Аталған жұмыс барысында кешенді тәсіл қолданылады: әрбір өтініш талдау және мәліметтердің толықтығын қамтамасыз ету арқылы қаралады.

2022 ж. Қазақстанда COVID-19-ға қарсы халықты ревакцинациялауға байланысты өндірістік қатынастар секторы денсаулықты қорғау бөлімімен бірігіп, бірнеше онлайн жиналыстар өткізді. Мақсаты – вакцинацияның пайдасы туралы мердігерлермен ақпарат алмасу.

22-кесте. КПО өндірістік қатынастар секторына мердігерлік ұйымдардың өтініштерінің мысалдары

Өтініштердің мысалдары

Нәтижесі

Мердігер ұйым жұмыскерінің жұмыс берушінің қанағаттанарлықсыз еңбек жағдайлары фактісі бойынша КПО-ға өтініші: жұмысшылардың құралдары нашар жағдайда болды.

Тексерістің қорытындысы бойынша жұмыс беруші жұмыскерлерді жаңа жабдықпен қамтамасыз етті.

Мердігер ұйым жұмыскерінің жатақханадағы нашар жағдайларға байланысты КПО-ға шағымдануы: санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуы, тұрғын жай ауданы жұмысшылардың санына сай келмеуі, ҚТ бойынша бұзушылықтар – шылым шегу орнының болмауы, ҚТҚ уақтылы шығарылмауы.

Өткізілген тексеріс қорытындысы бойынша жатақхана ұсынушы компания жұмыскерлерді санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай бөлмелерге ауыстырды, қосымша бөлмелермен қамтамасыз етті, ҚТ нормасына сәйкес шылым шегу орнын белгіледі, сонымен қатар ҚТҚ уақтылы шығарылуда.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

2021 жылғы тұрақты даму туралы есепте біз 2022 ж. Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезіндегі еңсерілмейтін күш пен төтенше жағдайларындағы КПО өндірістік объектілерінде жоғары қауіпсіздік шаралары туралы хабарлаған болатынбыз. Бөрлі ауданы және БҚО тұрғындарының жұмыспен қамтылу пайызының жоғарлығын ескерсек, КПО компаниясында басқару және құқық қорғау органдарымен бірлескен қоғамдық тәртіпті тұрақсыздандыруды болдырмау шаралары өткендігін айта кету керек.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндірістік қатынастар бөлімі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1049 ереже бұзушылықты тіркеді, 94 %-ы күкіртсутекке байланысты апат кезінде адамдарды құтқару стратегиясына қатысты болса, қалғандары тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау ережелеріне, КПО-да алкогольдік, есірткілік, психотроптық және уытқұмарлық заттарды (олардың баламаларын) қолдануға тиым салу туралы ереже КПО-да алып жүру қағидаларына және кен орны шекара периметрлерін бұзуға байланысты. Бұзушылықтардың біраз бөлігі H2S қорғау стратегиясын сақтамайтын адамдарды кен орны аумағына кіргізбеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде анықталды.

Өткізілген 33 ішкі қызметтік тергеудің 17-сі құқық қорқау органдарына жіберілді.

2022 жылы Компания 118 млн. астам теңгені құрайтын КПО және мердігер ұйымдар активтерін рұқсатсыз шығару/алып кету фактілерін анықтап, оларды болдырмады.

Экспорттық құбыр жолдарда кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін көрсететін күзет ұйымының жұмыскерлері БҚО құқық қорғау органдарына ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен тұлғаларды ұстауға көмектесті.

«Sintela» қауіпсіздік жүйесінің жаңа бағдарламалық жасақтамасын қолдану жалпы бақылау сапасын едәуір жақсартты, соның ішінде қатерлерді нақты тану және патрульдеу сапасының жақсаруы.

Компания қызметінің нәтижесінде туындайтын қауіп-қатерлер мен жағымсыз әсерді барынша азайту мақсатында біз бірқатар міндеттерді белгіледік, оларды іске асыру нәтижелері төменде ұсынылған.

23-кесте. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндеттеріміз

2022 жылға қойылған міндеттер

Орындалу статусы

2022 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2023 жылға қойылған міндеттер

КПО экспорттық құбырларына заңсыз қосылу жағдайларын болдырмау

Орындалды

Экспорттық құбырларды жүйелі бақылау мобильді патрульдер күшімен және «Sintela» бақылау және хабарлау жүйесімен жүргізілді.

КПО экспорттық құбырларына заңсыз қосылу жағдайларын болдырмау

Алып өтуге тыйым салынған заттарды болдырмау және жұмыскерлердің физикалық жағдайын қадағалау мақсатында ГКДҚ-2, ГКДҚ-3 және ҚӨК объектілеріндегі «қызыл аймақтардың» бақылау-өткізу пункттерінде металл детекторлық сканерлер мен тыныс алу ортасын бақылау автоматты жүйелерін орнату

Орындалуда

Детекторлар мен сканерлерді орнату мәселесі объект басшыларымен келісу және әлеуетті жабдықтаушыларды анықтау үшін нарықты зерттеу сатысында тұр.

Детекторлар мен жақтауларды құру мәселесін барлық нысан басшыларымен келісіп шешу, сондай-ақ қондырғыны орнату және сатып алу процесін бастау

Күзет жұмыскерлерінің қауіпсіздіктің және адам құқықтарының ерікті қағидалары (ҚжАҚЕҚ) бойынша білімдерін жаңартуды жалғастыру және жаңадан қабылданатын жұмыскерлерді оқыту

Орындалды

2022 жылдың соңында күзет ұйымдарының 100 % жұмыскерлері аталмыш оқудан өтіп шықты. 

Қауіпсіздікті қамту шарттарының 100 %-ы ҚжАҚЕҚ оқытуды өткізу ережелерінен тұрады.

Күзет жұмыскерлерінің қауіпсіздіктің және адам құқықтарының ерікті қағидалары (ҚжАҚЕҚ) бойынша білімдерін жаңартуды жалғастыру және жаңадан қабылданатын жұмыскерлерді оқыту

ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3 және мұнайды бастапқы өндеу станциясы (МБӨС) объектілерінде қауіпсіздік жүйелерін жеткізуші мен орнатушыны анықтау жөніндегі тендер процесін аяқтау. Жобаны нақты іске асыруға кірісу.

Орындалуда

2022 ж. ҚБЖ жобасы 2-кезеңі бойынша құрылғыны сатып алу және орнату шарты техникалық қолайлы мүшелердің аздығынан жасалмады.

  • Жобалық құжаттаманы жаңарту.
  • ҚР қоршаған ортаны бағалау заңнамасы талаптарының өзгеруін ескере келе 2-кезеңді орындау стратегиясын жаңарту және қайта қарау, сондай-ақ периметрлік жарықтандыру талаптарын азайту.

Қауіпсіздікті басқару жүйесінің жобасы шеңберінде келесі объектілер бойынша жұмыс көлемін анықтау: Үлкен Шаған МАС, Пилот қалашығы және Экоорталық

Орындалуда

  • Үлкен Шаған МАС объектісіндегі ҚБЖ толық көлемі жобалануда.
  • Пилот қалашығы объектісіндегі ҚБЖ толық көлемін жобалау тендер өткізілу кезеңінде.
  • Экоорталық объектісіндегі ҚБЖ толық көлемін жобалау Техникалық Тапсырыстың аяқталу кезеңінде.
  • Үлкен Шаған МАС нысанындағы ҚБЖ толық көлемін жобалауды аяқтау.
  • Пилот қалашығының ҚБЖ жоспарлау жұмыстарын бастау.
  • Экоорталық жобалау бойынша тендер өткізу.
  • Қарапайым электрондық карталарды электрондық чипі бар карталарға ауыстыруды жалғастыру;
  • Жобаны одан әрі іске асыру үшін электрондық тіркеуіштердің қажетті санын анықтау және сатып алу.

Орындалуда

Жеткізушінің электрондық карталарды жеткізуінің кешігуіне байланысты көлікке рұқсаттарды қарапайым карталардан электрондық карталарға ауыстыру процесі тоқтатылды.

2023 жылдың маусым айының соңына дейін көліктерді өткізудің жай карталарын электрондық карталармен алмастыру процесін аяқтау.