КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022
Бұл біз үшін неге маңызды?

Халықаралық мұнай және газ өндіруші компания бола тұра, КПО өзінің өндірістік қызметін биотүрлілікке неғұрлым аз әсер ете отырып жүргізуге көп күш жұмсайды.

2012 жылдан бастап КПО биотүрлілік жағдайды бақылап, өзінің өндірісдік қызметінен болатын ықтимал қауіп-қатер деңгейін айқындайды. Батыс Қазақстан аймағының қоршаған орта жағдайына кәсіпорынның кері әсер ету белгілері анықталған жағдайда, экожүйені сақтау жөніндегі шараларды уақытылы жоспарлау үшін мониторинг жүргізу қажет.

Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспары аясында КПО ҚМГКК аумағы биотүрлілік жағдайына әсер ететін төрт негізгі факторға бағалау жүргізеді:

  • Ластаушы заттардың шығарындылары;
  • Физикалық әсер (шу, жарық, діріл);
  • ҚМГКК аумағында мал жайғау;
  • Механикалық әсер (құрылыс, карьер, жолдар және т.б.).

Биотүрлілікті сақтау

45-кесте. Биотүрлілікті сақтау саласындағы міндеттер

2022 жылға қойылған міндеттеріміз

Орындалуы

2022 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2023 жылға қойылған міндеттер

Негізгі және сирек кездесетін түрлерді қоса алғанда, өсімдік жамылғысына мониторинг жүргізу

Орындалды

Өсімдіктерді бақылаудағы далалық зерттеулер 2022 жылдың 17-26 мамыр, 21-31 тамыз аралықтарында жүргізілді.

Қашықтан зондылау жерсеріктік деректер негізінде ҚМГКК мен оған іргелес аумақтардың экожүйесінің өзгеру динамикасына талдау өткізу. 2024–2025 жж. арналған БСШЖ жасау.

«Қарашығанық-Атырау» тасымалдау жүйесіне БСШЖ әзірлеу.

Жаңа міндет

ҚАТЖ экспорт құбыр желісі трассасының бойында 2023–2030 жж. арналған БСШЖ кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің өңірдің биотүрлілігіне әсерін бағалауды кеңейту мақсатында әзірленді.

ҚАТЖ трассасы бойындағы жануарлар мен өсімдіктерді зерттеуді бастау.

Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны (ҚМГКК) 280 км2 аса жер көлемін алып жатыр. КПО біртұтас аумақты басқа табиғат пайдаланушылармен бөліседі, бұл ретте КПО өз қызметін тек өнеркәсіптік объектілердің, құбырлардың және кен орнының жолдарының астындағы алаңда ғана жүзеге асырады.

КПО өндірістік объектілерден бөлек ҚМГКК-де «Конденсат» АҚ сияқты шикізатты қайта өңдейтін немесе кенорындарда және инфрақұрылым объектілеріне қызмет көрсететін кәсіпорындар бар. ҚМГКК аумағында КПО мен үшінші тараптар объектілерінен бөлек бұрын ауылшаруашылық (жер жырту) мақсаттарда қолданылған жер телімдерінің үлкен аумақтары бар. 1956 жылға дейін бұл жер шөп ору мен мал жайғау үшін қолданылған. 1957 жылдан бастап фермерлер жайылым ретінде пайдаланған Қоншыбай мен Калминовка жыраларындағы жайылмалары мен беткейлерін қоспағанда, онда дәнді дақылдар өсіре бастады. Қазіргі уақытта ҚМГКК санитарлы қорғау аймағында (СҚА) мемлекеттік қордың жері басым. Алайда жердің кей бөлігінде шаруа қожалықтары орналасты.

Сол себепті жоғарыда келтірілген факторлар шекараны белгілеуде қиындықтар туғызып, КПО компаниясының қоршаған орта мен оның биотүрлілігін қалпына келтіруге шектеулер салады.

Дегенмен, КПО табиғат экожүйесінің биологиялық әртүрлілігі адам құрған әкімшілік-аумақтық бөліністерге бағынбайтынын түсініп, белгіленген аумақтың барлық биологиялық байлығын, тізбектегі нәзік түрлерді сақтау үшін барлық қатысы бар қоғамдастықтарға ережелер мен қағидаларға ұстануы керек екенін түсінеді түсінеді. Осыған байланысты келісілген аумақтарда биотүрлілікті сақтау компанияның ерекше назарында болып қала береді.

Кенорын аумағындағы биологиялық алуантүрлілікке әсерді азайту мақсатында КПО 2012 жылдан бастап биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын (БСШЖ) әзірлеп, жүзеге асыруда. Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспары экожүйе бұзылуының және биотүрлілікті қысқартудың бірден-бір ескерту шарасы болып табылады.

БСШЖ «Мұнай және газ саласы үшін БСШЖ жасау жөніндегі нұсқаулық» құжатына (IPIECA/OGP) сәйкес жасалып, әр үш жыл сайын жаңартылады. Бұл орайда белгіленген кезеңді зерттеу циклі қамтылады. БСШЖ шеңберінде өзендер жағалауы маңындағы сезімтал экожүйелер үшін ұсынылған іс-әрекеттер нұсқаулығы әзірленді және тұратын флора мен фауна түрлері бойынша деректер қоры құрылды. Деректер базасы әр зерттеу жылынан кейін жаңартылады.

БСШЖ аясында КПО ҚМГКК аумағындағы биотүрлілікке ықпал ететін факторларды бағалайды.

Экожүйе жағдайының динамикасын бақылау мақсатында әр 10 жыл сайын ҚМГКК аумағында жерсеріктен түсірілген суреттерге талдау жүргізіледі. Келесі қашықтық зондылау талдауы 2023 жылға жоспарланған. Сондай-ақ 2023 жылдан бастап КПО биоалуантүрлілікке бақылау жүргізілетін көлемді едәуір кеңейтеді.

Қарашығанақ кен орнын өндіру құрылымдарының бірі Қарашығанақ-Атырау экспортты құбыр желісі (ҚАТЖ) болып табылады. Құбыр желісі 2004 жылы іске қосылып, 635,5 км құрайды. КПО алғаш рет 2022 жылы ҚАТЖ бойында орналасқан 2023–2030 жылдарға арналған БСШЖ-ны жасап шығарды.

КПО 2023 жылдан бастап ҚАТЖ бойында жануарлар мен өсімдік әлемдерін бедерсіз зерттеуді жоспарлап отыр:

  • Флора мен фаунаның басым (негізгі) түрлерін анықтау;
  • Жануарлар мен өсімдіктердің көрсеткіш түрлерін анықтау;
  • ҚАТЖ трассасы бойындағы экожүйеге әсер ететін факторларды анықтау;
  • Алдағы бақылау үшін алаңдар мен бағдар орнату жерлерін таңдау;
  • Жануарлар мен өсімдіктердің деректер базасын құру.

2022 жылдың соңында БСШЖ шеңберіндегі көпжылдық бақылау нәтижесінде алынған деректер келесіні көрсетеді:

  1. Жер қабатындағы өсінді-жабынды ара қатынасы мен ластаушы заттар анықталмады.
  2. Жануарлардың бірнеше түрі физикалық факторларға, атап көрсетсек – үздіксіз біркелкі шуыл, көліктердің қозғалысына бейімделді. Мысалға сарышұнақтар, құстар қозғалысы үдемелі орталық жолдарға немесе жұмыс жасап тұрған құрылғыларға жақын жерлерде байқалады.
  3. ҚПО қызметінің табиғи экожүйеге әсер ететін негізгі факторы – құрылыс кезіндегі механикалық әсер. Аймақтар жергілікті, аймақтық немесе біржақты деңгейде әсерленді.
  4. СҚА бірнеше аумағында жылқылар мен ірі қара малдың бірқалыпты жайылуы оң әсер тигізеді. Өйткені үздіксіз мал жайылымы жердің беткі қабатының өсінділерін азайтып, тіпті мүлдем жою мүмкін. СҚА ішіндегі бақыланатын алаңдар өндірістен алыс орналасып, жаппай жайылымның күшейгені байқалады.

ҚМГКК пайдаланудағы бүкіл қызмет штаттық жұмыс режимінде, биотүрліліктің рұқсат етілген қауіп-қатер деңгейі аясында орналасты.

ҚМГКК аумағындағы биоәртүрлілік мониторингі

Қазіргі уақытта КПО компаниясы бекіткен БСШЖ-ның 2021–2023 жж. жоспарланған шаралар көлемін орындауда. 2011 жылдан бастап БСШЖ барлық кезеңдері www.kpo.kz сайтының Тұрақты даму/Қоршаған ортаны қорғау/Биологиялық алуантүрлілікті сақтау/БСШЖ бөлімінде баяндалған.

2022 жылдың жұмыс көлемі ҚМГКК аумағындағы өсімдіктер әлемінің динамикалық жағдайын кешенді бағалаудан тұрды.

2022 ж. флораны бақылау

Қарашығанақ кен орнындағы өсімдіктерді бақылау 2022 жылдың көктем және жаз мезгілдерінде өткізілді. Дала зерттемелері 27 бақыланатын алаңда өтті. Өткен жылдарды қоса алғанда таңдаулы мониторингтік алаңдарда өсінділерге салыстырмалы талдау жасалды.

Зерттеу кезінде өсімдіктердің 31 тұқымдасының 95 тектесі мен 133 түрі анықталды. Ең көп тараған астралық (Asteraceae), көк шөп (Poaceae), шұбар түстес (Brassicaceae) және бұршақ тәріздес (Fabaceae) тұқымдар кездеседі. Бұл тұқымдастардың едәуір көп түрлері бар. 82 түрдің өміршеңдік пішінін талдау арқылы өсінділердің 62,6 пайызын көпжылдық шөптер құрайтыны аңғарылды. Қарашығанақ кен орнындағы жалпы өсінділердің жылдық динамикасының дәрежесі мен бағытын анықтау үшін көрсеткіш негізінде Қоншыбай жырасына жиылған суға өсіп шыққан өсімдіктердің сапалық және сандық құрам өзгерісі алынды. Осыған байланысты салыстырмалы мониторинг үшін 2022 ж. жазында зерттерлген Қоншыбай жырасында өсімдіктер түрінің құрамы 2013, 2016, 2019 жж. зерттеу материалдарымен салыстырылды. Өсімдіктер түрлерінің әр алуандығынан да, жағаға жақын өскен биомасса саны жағынан да өсінді тектестердің өшуі байқалмады.

Негізінен ҚМГКК аумағындағы флораны қанағаттанарлық деп сипаттауға болады. Бақылау алаңдарындағы КПО компаниясы қызметінің сапалық сыртқы әсері жоқ.

  1. ҚМГКК аумағындағы өсімдіктерге теріс әсер ететін факторлар:
  • Траншея қазу, құбыр желісін өткізу, нысандар мен жолдар салу сияқты уақытша болатын механикалық әсер.
  • Ірі қара мен жылқыларды жаю.
  • Өрт.
  1. ҚМГКК көздерінен атмосфераға шығарындылардың өсімдік жамылғысына теріс әсері анықталған жоқ.
  2. Тыңайған жерлерде шартты-тамырлы өсімдіктердің қалыптасуы байқалады.

Негізгі түрлерді бақылау

Биотүрлілік жағдайды бағалау шеңберінде КПО сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне назар аударады. Биотүрлілікті сақтау мәселесінде халықаралық және жергілікті заңнамаға басымдық беріліп, компанияның қоршаған ортаға сезімталдық пен тұрақтылық және мәнділік әсері белгіленеді.

1990-2022 жылдарда жасалған зерттеулерде қарастырылатын негізгі түрлер kpo.kz сайтының Тұрақты даму/биотүрлілікті сақтау/ҚМГКК аумағында тіркелген флоры мен фаунаның маңызды түрлері бөлімінде келтірілген.

Осы түрлердің барлығы Қарашығанақ кен орны аймағынан тыс жерлерде де кездесуі мүмкін. Кенорындағы бұл түрлердің болуы немесе болмауы аумақтың экологиялық әл-ауқатына тікелей көрсеткіш бола алмайтынын атап өту керек. Бөлек түрлердің таралуы жергілікті, яки климаттың өзгеруі, шөлейтке айналуы және басқа да жаһандық себептеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Бұның КПО қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Осыған қоса, ҚМГКК биотүрлілігінің маңызды бөлігі болып табылатын әр алуан түрдің популяциясына тікелей не жанама әсер етпес үшін өндірістік қызметті жоспарлап, ұйымдастыру қажет.

2022 жылы флораның негізгі түрлерінің санын бақылау шеңберінде ҚазКСР-нің «Қызыл кітабына» және құрып кету қаупі төнген түрлердің тізбесіне енгізілген бес түрі тіркелді. Қызыл кітаптағы үш түрі көбірек кездеседі: Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana), Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii) және Фишер құссүтті (Ornithogalum fischerianum).

Мониторингтік алаңдарда өсетін сирек кездесетін түрлермен қатар, су қорғау аймағының аумағына орайластырылған сирек кездесетін түрді – Шілмұртты (Fritillaria ruthenica) есепке алу жүргізілді. 2022 жылы ашылған шілмұрт популяциясы тұрақты фазалы түрде кеңінен өсім бере бастады. Бақылау кезінде кенорынның шілмұрт тектестердің популяциясына әсері байқалған жоқ.