Күрделі жобалар
Қарашығанақ кен орнын игеру жобасы бойынша Қазақстан Республикасының (ҚР) мердігері бола отырып, КПО мердігерлік учаскедегі мұнай және газ шикізатын өндіру үшін қажетті барлық операцияларды мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың ұтымды әлемдік тәжірибесіне сәйкес жүзеге асыру бойынша өзіне міндеттемелер алды.
2003 жылы Қарашығанақ кен орнын игерудің екінші кезеңінің бастапқы бағдарламасы аяқталғаннан кейін КПО жаңа ұңғымаларды бұрғылауды, қолданыстағы ұңғымаларға күрделі жөндеу жүргізуді, өндірістік объектілерді жаңғыртуды және өндірудің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін қажетті басқа да жобаларды орындауды қамтитын ағымдағы жұмыс бағдарламасын қаржыландыруды және жүзеге асыруды жалғастыруда.
2014 жылдан бастап қолданыстағы қондырғыларда газ дайындауды шектейтін газ факторының ұлғаюына жол бермеу мақсатында КПО өндіру деңгейін көтеру жобаларының бағдарламасын әзірлейд, оған мыналар кіреді:
- Қарашығанақ өңдеу кешенінің (ҚӨК) газ бойынша өндірістік шектеулерін алу жобасының мақсаты тиісті қондырғылардың өнімділігін арттыру арқасында ҚӨК объектісінің газды дайындау бойынша қуаттылығын арттыру.
- 4-газды кері айдау компрессоры жобасының мақсаты қабатқа кері айдалатын газдың орташа тәуліктік көлемінің жылдық деңгейін және қабаттағы қысымды ұстап тұрудың тиімділігін арттыру болып табылады.
- 5-ішкі құбыр желісі және газды кері айдау ұңғымалары жобасы жаңа ішкі құбыр желісін салу, сондай-ақ жаңа кері айдау ұңғымаларын бұрғылау және аяқтау арқылы ГКДҚ-2 ағынынан төмен орналасқан кері айдау жүйесінің өнімділігін жетілдіруге бағытталған.
Өндіру деңгейін көтеру жобаларының портфолиосы бірнеше жыл бойы пысықталып, дамытылды. Нәтижесінде 2019 жылдың желтоқсанында 5-ішкі құбыр желісі және газды кері айдау ұңғымаларының жобасы пайдалануға берілді, үш газды кері айдау ұңғымаларының біріншісі де сол кезде іске қосылды.
2021 жылдың наурызында ҚӨК газ бойынша өндірістік шектеулерін алу жобасы сәтті аяқталды және зауыт іске қосылды. Жоба түпкілікті пайдалануға 2021 жылдың желтоқсанында берілді.
4-ші газды кері айдау компрессорының жобасы сәтті аяқталды; объект 2022 жылдың мамырында іске қосылды. Жоба түпкілікті пайдалануға 2022 жылда берілді.
Қарашығанақты кеңейту жобасы
КПО Қарашығанақты кеңейту жобасының (ҚКЖ-1) бірінші кезеңін сатылап іске асыру есебінен Қарашығанақ кен орнын одан әрі игеру бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. ҚКЖ-1 қосымша ұңғымаларды, технологиялық объектілерді және кен орнында өсіп келе жатқан газ факторын реттеу үшін газды кері айдауды ескере отырып, тұрақтандырылған сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін ұстап тұру есебінен Қарашығанақ жобасы бойынша бас компаниялар үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де табысты арттыруға мүмкіндік береді.
2020 жылдың желтоқсан айында Қарашығанақ жобасының бас компаниялары ҚКЖ1А жобасын санкциялау туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім ҚӨК-дегі газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасының және 4-ші газды кері айдау компрессоры жобасының жетістіктерін ескере отырып, Қарашығанақ кен орнын игеруді жалғастырудың жаңа кезеңін белгілеген тағы бір маңызды оқиға болды.
ҚКЖ1А 5-ші газды кері айдау компрессорының және басқа да ілеспе қондырғылардың құрылысын қамтитын ҚКЖ1 бойынша жұмыс көлемінің бірінші кезеңі болып табылады. ҚКЖ1А аясында Қарашығанақ өңдеу кешеніндегі ҚГӨША жобасы шеңберінде орнатылған құрғату бойынша объектілерді газды кері айдау қуаттарын ұлғайту үшін іске қосу және жоба шеңберінде салынып жатқан объектілерді қолданыстағы жүйелермен, инженерлік желілермен және өндірістік қондырғылармен біріктіру жоспарлануда. Мұндай тәсіл интеграция арқылы синергия әсерін алуға және күрделі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. 2021 жылы дайындық жұмыстары мерзімінен бұрын жасалып, уақытша құрылыс объектілерінің құрылысы аяқталды. 2022 жылы жобалау жұмыстары аяқталуға жақындап, қажетті жабдықты сатып алуға тапсырыстар жасалды. Компрессор жоспарға сәйкес объектіге жеткізілді. Жеткізушілермен жұмыс және алаң құрылысы жалғасуда.
2022 жыл 25 қарашада Қарашығанақ жобасы бойынша бас компаниялар мен өкілетті орган (PSA ЖШС) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен ҚКЖ1Б жобасын санкциялау туралы келісімге қол қойды. Ол 6-шы газды кері айдау компрессорын, газды құрғату қондырғысын, жинау жүйесін кеңейтуді және басқаларын қамтитын ҚКЖ1 бойынша жұмыс көлемінің екінші кезеңін білдіреді. ҚКЖ1А сияқты, ҚКЖ1Б мақсаты қолданыстағы қондырғылардың өндірістік қуатын барынша пайдалану арқылы өндірілетін сұйық көмірсутектердің көлемін арттыру болып табылады. 2022 жылы ұзақ жеткізу мерзімі бар маңызды тауарларға келісімшарттар жасалды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталды. КПО-ның ҚКЖ1А іске асырудағы басымдықтарының бірі жергілікті мердігер ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жергілікті қамтуды барынша ұлғайту болып табылады. Жоба аясында қазақстандық жұмыскерлер үшін жұмыс орындары құрылатын болады.
6-ішкі құбыр желісі және 3 кері айдау ұңғымалары жобасының мақсаты кен орнындағы кері айдау алаңын ұлғайту есебінен сұйық көмірсутектерді өндіруді барынша арттыру болып табылады. Жоба нәтижесінде газ факторы төмен жақын ұңғымалардағы қысымды ұстап тұру және коллекторды басқаруды жақсарту мақсатында кен орнының оңтүстік-батыс учаскесіне газды кері айдау қайта бөлінетін болады.
Ішкі құбыр магистралі 2021 жылдың қыркүйегінде аяқталды. Жаңа 1-айдау ұңғымасына алғашқы рет газды жіберу 2023 жылдың соңына, ал қалған екеуі 2024 жылдың басына жоспарланған.