КПО отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) жеткізуші және тұтынушы бола отырып, Қазақстан Республикасындағы жетекші мұнай-газ компанияларының қатарына кіреді және отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану және компанияның энергия тиімділігін арттыру қажеттілігін мойындайды.
Қазақстандағы көміртекті реттеуді күшейту саясаты елдегі парниктік газдардың негізгі эмитенттерінің бірі ретінде КПО үшін елеулі қиындықтар туғызуы мүмкін. Көміртекті реттеу әдістерімен байланысты қазіргі таңдағы белгісіздікке қарамастан, КПО қысқа және ұзақ мерзімді перспективада парниктік газдарды азайту мүмкіндіктерін зерттеуді жалғастыруда. КПО акционерлермен, мемлекетпен, өкілетті орган “PSA” ЖШС-мен және басқа да мүдделі тараптармен кен орнының болашақ даму стратегиясын бірлесіп айқындау және қолданыстағы жағдайларда өзін-өзі ақтамайтын, бірақ ұзақ мерзімді перспективада құндылығы бар технологияларға инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін белсенді диалог жүргізеді.
Энергия тиімділігі
КПО болашақ ұрпақтардың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды сақтау және энергия сыйымдылығын төмендету мен Қазақстан Республикасының экономикасын көміртексіздендіру жөніндегі мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосу үшін жауапкершілікті өзіне алады. Төмен көміртекті технологияларға көшуді жүзеге асыра отырып, энергетикалық ресурстарды өндіруді қамтамасыз ету алдымызда тұрған күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Біздің қазіргі міндеттеріміз – энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру және оларды бағалау, оның ішінде қол жетімді үздік технологияларды, энергия үнемдейтін жабдықты, экологиялық таза материалдарды пайдалану.
Энергия тиімділігі мен компанияның әсері бойынша қауіп-қатерді азайту мақсатында бірқатар міндеттер белгіленді, оларды іске асыру нәтижелері төменде келтірілген.
34-кесте. Энергия тиімділігі саласындағы міндеттер
2022 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2022 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2023 жылға қойылған міндеттер |
Энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша аудит өткізу |
Орындалды |
2022 жылдың маусым айында ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестікті тексеру бойынша қадағалау аудиті сәтті өткізілді. |
Энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша сертификаттық аудитін өткізу |
Компанияда жүргізілетін жыл сайынғы энергетикалық талдауды өткізу және КПО энергия сыйымдылығына айтарлықтай әсер ететін жабдықтар/процестердің энергия тиімділігі көрсеткіштеріне мониторингті жалғастыру |
Орындалды |
Жыл сайынғы энергетикалық талдау сәтті аяқталды |
Компанияда жүргізілетін жыл сайынғы энергетикалық талдауды өткізу және КПО энергия сыйымдылығына айтарлықтай әсер ететін жабдықтар/процестердің энергия тиімділігі көрсеткіштеріне мониторингті жалғастыру |
2022–2026 жылдарға арналған КПО энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына және 2022 жылға арналған ЭМЖ іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылға жоспарланған іс-шараларды орындауды жүзеге асыру. |
Орындалды |
Жыл ішінде 2022 жылға жоспарланған барлық іс-шаралар орындалды, оның ішінде электр энергиясын тұтынуды азайту, отын газының есеп беру процесін жақсарту және т. б. |
2023 жылға жоспарланған іс-шараларды орындау бойынша жұмыстарды жалғастыру. |
Энергетикалық менеджмент жүйесі
ISO бойынша сертификаттау КПО-ның заңнамалық талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін қажетті шараларды қабылдайтын Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі ретінде іскерлік беделін одан әрі нығайтуға себептес болады.
2022 жылдың маусым айында КПО-да ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестікті тексеру бойынша қадағалау аудиті сәтті өткізілді. Аудит нәтижесінде КПО-ның энергетикалық менеджмент жүйесінің тиісті халықаралық стандарттарға сәйкестігі расталды.
ISO 50001:2018 талаптарына сәйкес КПО-да энергия тиімділігін арттыру мақсаттары мен көрсеткіштерін белгілеу және қарау үшін нұсқаулық ретінде пайдаланылатын Энергия саясаты әзірленді. КПО-ның энергетикалық саясаты кен орнын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады және Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал етеді. Бұл саясатқа КПО бас директоры қол қойып, жоғары басшылықтың онда мәлімделген міндеттемелерге бейілділігін растайды.
Сонымен қатар, әлемде жеке экологиялық тазалық, экологиялық таза ойлау және саналы тұтыну үрдісі байқалады. КПО бұл идеяны қолдайды және өз кезегінде экологиялық және энергетикалық менеджмент жүйелерінің қолданыстағы процедураларын тиімді қолдануды және КПО-да «Жасыл кеңсе» тұжырымдамасын енгізуді қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл ережелерді» әзірледі.
КПО-ның «Жасыл ережелері» экологиялық хабардарлықты арттыруға, қызметкерлерді өзгертуге ынталандыруға және Компания қызметінің қоршаған ортаға жеке әсері мен әсерін азайту жөніндегі іс-әрекеттерге ынталандыруға арналған және барлық КПО, мердігер ұйымдар мен келушілерге қоршаған ортаны жақсартуға өз үлесін қосу туралы нақты және қарапайым нұсқауларды қамтиды.
Энергияны тұтыну
Энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар шеңберінде КПО жыл сайын энергетикалық талдау және энергия тиімділігіне мониторинг жүргізеді. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 2022 жылы КПО энергия сыйымдылығының 2014 жылмен салыстырғанда 13,2 %-ға артуы байқалды, бұл ҚМГКК объектілеріндегі күрделі жөндеу жұмыстарымен және 4-ші газды кері айдау компрессорының іске қосылуымен байланысты болды. 2022 жылы энергия ресурстарын жалпы тұтыну мөлшері 2021 жылғы 1 029 538 шартты отын тоннасымен салыстырғанда 1 109 277 шартты отын тоннаны құрады. 35-кестеде энергия түрлері бойынша энергияны тұтыну көлемдері берілген.
35-кесте. 2020–2022 жылдары КПО-ның энергия ресурстарын тұтыну мөлшері
Энергия түрі |
Өлшем бірлігі |
Энергияны тұтыну, физикалық өлшем бірліктері |
Энергияны тұтыну, шартты отын тоннасы |
Энергия тұтыну, ГДж |
||||||
2022 |
2021 |
2020 |
2022 |
2021 |
2020 |
2022 |
2021 |
2020 |
||
Отын газы |
мың м3 |
897 582 |
832 863 |
863 029 |
1 105 821 |
1 026 088 |
1 063 251 |
32 411 614 |
30 074 639 |
31 163 893 |
Электр энергиясы (сатып алынған) |
МВт*сағ |
7 229 |
6 710 |
6 236 |
889 |
825 |
767 |
26 057 |
24 181 |
22 482 |
Дизель жанармайы |
м3 |
760 |
705 |
1 188 |
958 |
888 |
1 498 |
28 079 |
26 027 |
43 905 |
Бензин |
м3 |
233 |
228 |
199 |
258 |
251 |
220 |
7 562 |
7 357 |
6 439 |
Жылу (жалға алынған кеңселерде) |
Гкал |
9 448 |
10 388 |
9 781 |
1 351 |
1 486 |
1 399 |
39 598 |
43 555 |
40 994 |
БАРЛЫҒЫ |
1 109 277 |
1 029 538 |
1 067 135 |
32 512 909 |
30 175 759 |
31 277 713 |
2022 жылғы энергияны жұмсау көрсеткіші бір тонна көмірсутекке шаққанда 1,18 Гдж құрады, бұл Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына1 (1,4) есептерін берген компаниялардың энергияны жұмсау орта көрсеткіштерінен төмен. Осы салыстырмалы талдау нәтижелері энергетикалық саясатты айқындау және компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі мақсаттарын, міндеттері мен іс-шараларын белгілеу үшін негіз болып табылады.
14 Деректер көзі – «Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығы» (IOGP) ұйымының жыл сайынғы есептері – «Экологиялық көрсеткіштер бойынша 2021 жылғы деректер»
23-сызба. Энергия жұмсау динамикасы, 2020–2022 жж.
Энергияны сақтау шаралары
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама талаптарына сәйкес компания бес жыл сайын міндетті энергетикалық аудит жүргізеді. 2021 жылы арнайы компания КПО-да міндетті энергия аудитін өткізді, аудит нәтижелері бойынша КПО-ның энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметі «өте жақсы» деп бағаланды. КПО аудит нәтижелері бойынша 2022–2026 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жоспарын әзірледі.
КПО-ның энергияны сақтау мен тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жоспарына сәйкес 2022 жылы келесі шаралар жүзеге асырылды:
- Өндірістік және қосалқы объектілерде шамдарды жарықдиодты шамдарға алмастыру жұмыстары жалғасты. 2022 жылы Компания объектілеріндегі шамдардың 1189 данасы ауыстырылды. Шамдарды ауыстыру шараларының нәтижесінде жылына үнемделген электр энергиясының есептелген көрсеткіші шамамен 114 570 кВт/сағ құрады. 2019–2022 жылдар аралығында 11 574 шам ауыстырылып, 1 385 800 кВт*сағ көлемінде энергия үнемделді.
- Отын газы бойынша есеп беру процесін жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғастырылды:
- ҚӨК-тің 5-340-учаскесінде ультрадыбыстық шығын өлшегіш орнатылды, бұл отын газын есепке алу схемасын деректердің қондырғылардан шығуынан қалыптасатындай және технологиялық шығындарды есепке алмайтындай етіп өзгертуге мүмкіндік береді.
- кері айдау компрессорларының газ турбинасында отын газының шығын өлшегіштері орнатылды. Шығын өлшегіш деректері 8А-360-HM-01A/B отын газы жылытқыштарын басқару жүйесінде, турбиналар үшін отын газын өңдеу қондырғысында ішкі бақылау жүргізу мақсатында пайдаланылатын болады.
- Өндірістік және корпоративтік бөлімдердің жұмыскерлеріне арнап ISO 50001:2018 энергетикалық менеджмент жүйесі бойынша оқыту сессиялары өткізілді.
Экологиялық хабардарлық пен мәдениетті арттыру
КПО-да компания жұмыскерлері мен мердігерлері арасында «жасыл» ойлау қағидаттары белсенді түрде насихатталады. Экологиялық хабардарлық пен мәдениет жөніндегі іс-шаралар компания ресурстарына ұқыпты қарауға ынталандырып, жұмыскерлердің «жасыл» технологиялар мен тәжірибелерді енгізуге деген адалдығын арттырады.
2022 жылы КПО экологиялық хабардарлық пен мәдениетті арттыру бағдарламасы аясында КПО компаниясы мен мердігер жұмыскерлері арасында бірқатар іс-шаралар өткізді.
1972 жылғы Стокгольм конвенциясының 50 жылдық мерейтойы аясында 2022 жылдың 5 маусымында «Жаңа экологиялық кодекс. Жасыл КПО тұжырымдамасына көшу» міндетті оқыту курсы іске қосылды, нәтижесінде 5 маусым – Дүниежүзілік ортаны қорғау күні болып жарияланды. 2022 жылы дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні «Жер ана – біреу ғана» тақырыбы аясында болды, ол табиғатпен үйлесімді тұрақты өмір салтының қажеттілігін атап өтті. Оқыту бейне курсынан жұмыскерлер КПО энергетикалық бетбұрыс стратегиясын әзірлеумен және Қазақстан Республикасындағы экологиялық заңнамасындағы соңғы өзгерістермен байланысты компанияның қызметі қалай жетілдірілетінін және бұның әрқайсымыз үшін неліктен маңызды екенін білді. 3700 жұмыскер оқытылды, бұл олардың жалпы санының 91 %-ын құрайды.
10 маусымда Орал қаласында V Uralsk Green Forum: «Жасыл трансформация: трендтер мен сын-қатерлер» шарасы өтті. Форумға республикалық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардың, мұнай-газ компанияларының, салалық және мамандандырылған қауымдастықтардың, экология және жасыл трансформация саласындағы сарапшылардың, республикалық және өңірлік БАҚ, БҚО студент жастарының 165-тен астам өкіллдері қатысты. Шара аясында Батыс Қазақстан облысының 45 студенті үшін «Тұрақты болашақ үшін жасыл бағытты ұстанамыз» тақырыбында экологиялық пікір алмасу (Eco-Talks) мен «Жер Ана – біреу ғана» интерактивті көрмесі өткізілді. UGF қорытындысы бойынша қарары қабылданды. Форум материалдарымен https://ugf.kz/ сайтынан танысуға болады.
11 – 17 қараша аралығында халықаралық энергия үнемдеу күні аясында КПО энергетикалық апталығы өткізілді. Энергия үнемдеу және жасыл трансформация саласындағы түрлі салалардан кәсіби спикерлер шақырылды, олар компания жұмыскерлеріне ұрпақтар теориясы туралы: оттан ЖЭК-ке дейін, Қазақстандағы ЖЭК-тің қиындықтары мен дамуы туралы, БҚО-да қандай қайта өңдеушілер жұмыс істейтіні және қалдықтарды қайта өңдеуге қайда тапсыруға болатыны туралы айтып, сондай-ақ, КПО-365 шеңберінде «Жасыл КПО стратегиясына» көшу, көміртекті алу және сақтау жобалары, виртуалды энергия, КПО үшін энергия тиімділігі мен Жасыл кеңсе принциптері неге маңызды екенін талқылады. Сондай – ақ, КПО энергетикалық апталығы аясында компания жұмыскерлерінің 40-қа жуық баласы ойын түрінде энергия үнемдеу тұжырымдамасымен танысып, сыйлықтар-экошоперлер алды. Эко-коуч, жаттықтырушы Дамир Каримов қызықты «Энергошаның саяхаты» атты семинарын өткізді.
«Birge taza Kazakhstan», «World CleanUp Day» және «No waste on Nature» республикалық экологиялық науқандары аясында КПО персоналы қалалық сенбіліктерге белсенді қатысты, олардың мақсаты қалалық және Ақсай мен Орал қалаларына іргелес жатқан аумақтарды тазарту болып табылады. 2022 жылы өткен жылдармен салыстырғанда сенбіліктердің рекордтық саны өтті, оларға компанияның 300-ден астам жұмыскері қатысқан болатын. Мұндай науқандарды өткізу адамдардың қалдықтарға деген көзқарасын қайта қарауға және өзгертуге, олардың пайда болуын азайтуға және оларды қайта өңдеу мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді.
«Жасыл кеңсе» жобасы
2021 жылдан бастап КПО компаниясы «Жасыл кеңсе» қағидаттарын енгізу жобасын бастады.
2022 жылы «Жасыл кеңсе» пилоттық жобасын іске асыру жалғасты, оған тағы екі КПО кеңсесі – «Самал-2» және «Әлия» оқу орталығы қосылды. Экологиялық хабардарлықты арттыру аясында 300-ге жуық жұмыскер қатысқан экологиялық үзілістер өткізілді. Бұл кеңселерде қалдықтарды бөліп жинау (ҚБЖ) енгізілді.
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталарының көмегімен бір реттік пластикалық ыдыстардың көп қолданылуы және ҚБЖ қағидаларының бұзылуы туралы пікірлер жиналды. Осыған орай «Қарашығанақ» БО, «Шағала» БО, «Нұрдәулет» БО және «Самал-2» кеңселерінде бір реттік пластикалық ыдыс-аяқтарды (табақтар мен асхана аспаптары) пайдаланудан бас тарту қолға алынды.
Аталмыш іс-шаралардың нәтижесінде төрт кеңседе бір реттік ыдыстарды пайдалану орта есеппен 58 % – ға төмендеді.
2023 жылдан бастап «Жасыл кеңсе» жобасын КПО-ның басқа кеңселерінде енгізу жоспарлануда. «Жасыл кеңсе» жобасы сөзсіз әлеуметтік-экологиялық бағытқа ие бола отырып, КПО-ның тұрақты дамуының бірқатар әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аспектілеріне оң әсер етуге, оның ішінде компанияның стейкхолдерлеріне оң әсер етуге бағытталған.