ҚОҚ саласындағы басқару тәсілдері
Экологиялық менеджмент жүйесі
КПО компаниясы қоршаған ортаға әсерді басқаруда ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 және ISO 50001:2018 халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы біріктірілген менеджмент жүйесін, сондай-ақ осы саладағы көрсеткіштерді тұрақты жақсартуға бағытталған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы саясатын қолданады. 2022 жылы КПО ISO 14001 бойынша бақылау аудитінен сәтті өтіп, стандарт талаптарына сәйкестігін растады.
КПО-ның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатының негізгі экологиялық міндеттемелері мынадай маңызды мақсаттарды қамтиды:
- қоршаған орта ластануының алдын алу,
- парниктік газ шығарындыларын азайту,
- биотүрлілікті және экожүйені сақтау,
- табиғи ресурстарды қорғау,
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштерді үздіксіз жетілдіру.
Экологиялық басқарудың тиімді жүйесін қолдау шеңберінде және жаңа Экологиялық кодекс талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын енгізу жөніндегі жоспар әзірленіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ішкі құжаттама қайта қаралды.
Экологиялық кодекс нормаларына сәйкес Қарашығанақ жобасындағы эмиссиялар үшін кен орнының операторы ретінде КПО жауапты. 2021 жылдың екінші жартысынан бастап Қарашығанақ кен орнының аумағында жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың эмиссияларын есепке алу жүйесін қалыптастыру мақсатында деректерді жинау және оларды талдау жүргізілуде.
ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес КПО ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҮҚТ) енгізу міндеттемесін орындауға тиіс. 2023 жылы ЕҮҚТ сәйкестігіне кешенді техникалық аудит жүргізу жоспарланған.
Экологиялық аспектілерді басқарудың электрондық жүйесі
2020 жылы КПО экологиялық аспектілер тізілімін басқарудың ыңғайлы және тиімді құралы ретінде EnvAR электронды жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізді.
Компания бөлімшелерінің экологиялық аспектілерінің тізілімдері ағымдағы жағдайдың өзгеруін ескере отырып, жыл сайын қайта қаралып, жаңартылады. Компания бөлімшелерінің тізілімдері негізінде неғұрлым маңызды экологиялық аспектілердің жиынтық тізілімі қалыптастырылып, олар бойынша қауіп-қатерді азайту және экологиялық жағдайды жақсарту үшін қосымша іс-шаралар / бақылау шаралары әзірленеді. 2022 жылы EnvAR жүйесі қосымша іс-шаралардың орындалуын автоматты түрде бақылауға мүмкіндік беретін функциялармен толықтырылды. 2022 жылы КПО-ның маңызды экологиялық аспектілерінің жиынтық тізіліміне келесі аспектілер енгізілді:
- Атмосфераға ластаушы заттар мен парниктік газдар шығарындылары
- Қалдықтардың түзілуі және қалдықтарды басқару
- Қалдықтарды рұқсатсыз орналастыруды анықтау
- Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту және ағызу
- Өндірістік сарқынды сулардың түзілуі және су бұру
- Төгілулер
- Су ресурстарын пайдалану
Экологиялық сәйкестікті қамтамасыз ету
КПО өз қызметін Қазақстан Республикасының (ҚР) экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Компания ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен (ҚР ЭТРМ) ластаушы заттардың шығарындыларына, төгінділеріне нормативтерді, қалдықтарды жинақтау және көму лимиттерін белгілейтін қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсатын жыл сайын алады.
2022 жылы КПО компаниясы экологиялық рұқсаттарда белгіленген эмиссиялардың жалпы нормативтері мен қалдықтарды жинақтау және көму лимиттерінен аспады. 2022 жылы Компанияға 2020–2021 жылдардағы қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) саласындағы оқиғаларға қатысты жалпы сомасы 26,2 млн. теңгені құраған үш азаматтық талап қойылды. ҚОҚ саласындағы үш азаматтық талап бойынша соттардың шешімдері негізінде КПО 14,1 млн.теңге төлеп, екі талап қоюды ішінара жеңіп, соманы 12,1 млн. теңгеге азайтты. 2022 жылы Компания әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, сондай-ақ оған қатысты әкімшілік айыппұлдар тіркелмегенін атап өткен жөн.
Жаңа экологиялық кодекст талаптарын енгізу
- 2022 жылы ҚР жаңа Экологиялық кодексімен жұмыс жасау аясында Компания жұмыскерлері өндіріс үшін маңызды мәселелерді заңнамалық деңгейде шешті, мысалы:
- 2023 жылға арналған ҚМГКК объектілеріне үшін қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алу;
- 2023–2030 жылдарға арналған «Атырау терминалы» объектісі үшін экологиялық рұқсат алу;
- ҚР жаңа Экологиялық кодексінің 2023 жылға арналған талаптарын енгізу жөніндегі жоспардың іс-шараларын орындау бойынша жұмыс;
- ҚОҚ және жер қойнауын пайдалану саласындағы заң шығару жұмысы. ҚР-ның ҚОҚ саласындағы 40-тан астам жаңа заңға тәуелді актілерінің ережелерін талдау;
- Жаңа экологиялық талаптарды әзірлеуге қатысу және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «KAZENERGY» қауымдастығы жанындағы жұмыс топтары құрамында КПО мамандары ҚОҚ саласындағы ҚР нормативтік-құқықтық және заңға тәуелді актілерінің 90 жобасына ескертулер мен ұсыныстар беру;
- ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Энергетика, экология және мұнай-газ саласы
мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамында «Таза парақтан» реттеу саясаты шеңберінде
бизнеске қойылатын экологиялық талаптарды қайта қарау бойынша бірқатар мәселелерді шешу:
- ҚР Энергетика министрлігімен – газды технологиялық тұрғыдан шарасыз жағуды V911 тобына жатқызу мәселелері;
- ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитетімен – су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамтамасыз ету және су тарту саласындағы НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі;
- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне газды алауда жағу үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту және ҚР Экологиялық кодексі шеңберінде жұртшылықтың рөлін күшейту бойынша түзетулер енгізу мәселесі.
11 V9 – бұл технологиялық ақаулар, бұзылулар және технологиялық жабдықтың жұмысындағы ауытқулар кезінде шикі газды жағу нормативі мен көлемі.
ҚОҚ бойынша қоғамдық тыңдаулар
02.01.2021 ж. жаңа Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті болып табылады және қоғамдық тыңдаулар өткізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Осылайша, І және II санаттағы объектілерді (КПО объектілері бұл санаттарға жатады) салу және (немесе) пайдалану жөніндегі барлық жобалау құжаттамасы мен экологиялық рұқсаттар алу үшін Экологиялық кодексте көзделген өзге де жобалау құжаттары сараптамаға жіберіліп, қоғамдық тыңдауларға шығарылады. Мұның бәрі экологиялық рұқсат алу барысында өтеді.
2022 жылы Компания І және II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы мен экологиялық рұқсат алу үшін қажетті өзге де жобалау құжаттары бойынша тоғыз қоғамдық тыңдау өткізді.
Жоспарланған қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың өкілдеріне бірыңғай экологиялық порталда, мерзімді баспасөз басылымында (газет), телеарнада және әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының хабарландыру тақталарында орналастыру арқылы жеткізілді.
2022 жылы қоғамдық тыңдауларда талқылауға шығарылған барлық жобаларды мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық мақұлдады. Аталмыш тыңдаулардың нәтижелері қоғамдық тыңдаулардың хаттамаларында көрсетілді. Қоғамдық тыңдауларға шығарылған құжаттар мен талқылау қорытындылары Бірыңғай экологиялық порталға жүктелген.
Жеткізушілерді экологиялық тұрғыдан бағалау
ҚР Экологиялық кодексіне (2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ) сәйкес Қарашығанақ кен орны қоршаған ортаға елеулі теріс әсер ететін объект (I санат) болып табылады, ал ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық конденсат құбырының объектілері қоршаған ортаға орташа теріс әсер ететін объектілерге (II санат) жатады. КПО I және II санаттағы объектілердің операторы ретінде қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алады, ал КПО объектілерінің аумағында жекелеген жұмыстарды орындау және (немесе) жекелеген қызметтер көрсету үшін тартылған мердігер ұйымдар оны салу, қайта құру немесе пайдалану кезінде осындай экологиялық рұқсаттың шарттарын сақтауға міндетті.
КПО-ның қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсатына енгізу мақсатында 2021 жыл ішінде компанияда мердігер ұйымдардың қызметтерді орындауы кезінде пайда болған эмиссияларды есепке алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, Компания эмиссиялары қоршаған ортаға әсер етуге жалпы экологиялық рұқсатқа енгізілген мердігерлік ұйымдарды экологиялық тұрғыдан бақылау бойынша бірқатар жұмыс процестерді қайта қарады.
Кейін 2022 жылы Компанияда мердігер ұйымдардың КПО объектілерінің аумағында қызмет көрсетуі кезінде туындайтын экологиялық аспектілерді анықтауға және бақылауға мүмкіндік беретін жүйе ұйымдастырылды. Бақылау сонымен қатар қалдықтарды басқару жоспарларын және экологиялық аспектілердің тізілімдерін жүргізуді қамтиды. Осыған байланысты, КПО мердігерлерді оқыту және экологиялық хабардарлығы мен біліктілігін арттыру қажеттілігі туралы міндет қойды. Осылайша, 2022 жылы КПО мердігер ұйымдардың жауапты жұмыскерлерімен тұрақты кездесулер, сапарлар барысында, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тоқсан және жыл сайынғы форумдарында КПО талаптарымен танысу барысында мердігерлік ұйымдар жұмыскерлерінің хабардарлығын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізді.
2022 жылдың басынан бастап мердігерлік ұйымдардың стационарлық шығарындылар көздерінің отынды тұтыну, қалдықтарды жинақтау, сондай-ақ су тұтыну мен су тарту жөніндегі деректерді ай сайын ұсыну жүйесі ретке келтірілді.
Мердігерлерді КПО-ның талаптары туралы хабардар ету мақсатында экологиялық есептілік және талаптарды сақтау бойынша электрондық нұсқаулық шығарылды. Бұл нұсқаулық экологиялық рұқсат алу үшін ақпарат жинауды бастаудан тұрақты есептілікті ұсынуға дейінгі сегіз дәйекті қадамды, сондай-ақ белгіленген нормативтерден асып кеткен жағдайда қолданылатын іс-әрекеттерді көрсетеді. Атап өтерлік жайт, нұсқаулық пен оның қосымшаларын кез-келген электрондық құрылғы көмегімен QR-код арқылы жүктеп алуға болады. Мердігерлік ұйымдарға қойылатын кеңейтілген талаптар Компания жасасатын ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ талаптары бойынша келісімшарттарға 2022 жылғы мамыр айында жаңартылған Д қосымшасында көрсетілген. Оларға ҚР қолданыстағы Экологиялық кодексі бойынша оқыту, экологиялық аспектілер тізілімін жүргізу, экологиялық рұқсаттар шарттарын сақтау, қалдықтарды, төгінділер мен эмиссияларды басқару, экологиялық айыппұлдарды төлеу және т.б. талаптар жатады. Осылайша, КПО жаңа мердігерлерді экологиялық критерийлер бойынша бағалай алады.
2022 жылдың басынан бастап мердігерлік ұйымдардың стационарлық шығарындылар көздерінің отынды тұтыну, қалдықтарды жинақтау, сондай-ақ су тұтыну мен су тарту жөніндегі деректерді ай сайын ұсыну жүйесі ретке келтірілді.
2022 жылдан бастап эмиссиялар және қалдықтардың жинақталуы бойынша келіп түскен барлық ақпарат жаңа талаптарды көрсету мақсатында жаңартылған экологиялық рұқсат шарттарын сақтау жөніндегі КПО процедурасы шеңберінде мұқият талданады. Мердігерлік ұйымдар бойынша ақпарат электрондық есеп беру және экологиялық көрсеткіштерді қадағалау жүйесінің негізі болатын деректер базасына енгізілуде.
2022 жылғы ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспары
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін КПО жыл сайын Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын (әрі қарай ҚОҚШЖ) әзірлейді. Жоспарда айқындалған шаралар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ҚОҚ саласындағы әдістер мен технологияларды жетілдіруге, табиғат қорларын тиімді пайдалануға және ISO 14001 мен ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейін сақтап тұруға бағытталған.
2022 жылы КПО өндірістік қызметін берілген экологиялық рұқсаттардың шарттары негізінде жүргізді. Алынған рұқсаттардың әрқайсысына бөлек ҚОҚШЖ әзірленді.
25-кесте. КПО-ның 2022 жылғы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарлары және берілген экологиялық рұқсаттары
№ |
2022 жылғы ҚОҚ бойынша |
2022 жылға алынған рұқсаттар |
Рұқсатты беретін орган |
1 |
КПО-ның 2022 жылға арналған ҚМГКК үшін ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспары |
Қоршаған ортаға әсер ету рұқсаттары (жарамдылық мерзімі 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) |
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғат ресурстарының министрлігі |
2 |
КПО-ның 2022 жылғы қыркүйек-желтоқсан кезеңіне арналған ҚМГКК үшін ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспары |
Қоршаған ортаға әсер ету рұқсаттары (жарамдылық мерзімі 2022 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін) |
|
3 |
ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау (БҚО) экспорттық конденсат құбыр желісіне арналған КПО-ның 2021–2030 ж. ж. ҚОҚШЖ |
2020 жылы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар (жарамдылық мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін): 1. Атмосфераға тасталатын ластаушы заттар шығарындыларының мониторингі 2. Тұрмыстық сарқынды сулармен бірге жерасты қабаттарға төгілетін ластаушы заттар шығарындылары; |
БҚО әкімдігі, Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы |
4 |
КПО-ның 2021–2030 ж. ҚОҚШЖ (Атырау облысы) |
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар 1. Атмосфераға тасталатын ластаушы заттар шығарындыларының мониторингі 2. Тұрмыстық сарқынды сулармен бірге жерасты қабаттарға төгілетін ластаушы заттар шығарындылары; |
Атырау облысының әкімдігі, Атырау облысы бойынша табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы |
2022 жылы ҚМГКК үшін ҚОҚ бойынша іс-шараларды орындауға жұмсалған жалпы нақты шығындар жоспарланған 2,3 млрд.теңгемен салыстырғанда 113 % құрайтын 2,6 млрд. теңгеге тең болды.
КПО-ның ҚОҚ бойынша 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бөлімдер бойынша 26-кестеде келтірілген.
26-кесте. 2022 жылғы ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспарын орындау, %
№ |
ҚОҚ шаралар жоспарының бөлімдері |
Процентте көрсетілген 2022 жылғы КПО іс-шараларының орындалуы: |
||
- Қарашығанақ кен орнында |
- ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық конденсат құбыр желісінде (БҚО) |
- ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық құбыр желісінде (АО) |
||
1 |
Әуе бассейнін қорғау |
98 % |
100 % |
100 % |
2 |
Су қорларын қорғау және ұтымды пайдалану |
95 % |
* ШҚ |
* ШҚ |
3 |
Жер қорларын қорғау |
100 % |
* ШҚ |
* ШҚ |
4 |
Флора мен фаунаны қорғау |
100 % |
* ШҚ |
100 % |
5 |
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу |
158 % |
* ШҚ |
* ШҚ |
6 |
Басқару жүйелері мен озық технологияларды енгізу |
100 % |
* ШҚ |
* ШҚ |
7 |
ҚОҚ саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру жұмыстары |
100 % |
100 % |
100 % |
8 |
Экологиялық ағарту және насихаттау |
* ШҚ |
100 % |
100 % |
|
БАРЛЫҒЫ: |
(2,6 млрд теңге) |
(10,443 млн теңге) |
(6,499 млн теңге) |
* ШҚ – шаралар қарастырылмаған.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асырудың экологиялық әсері 27-кестеде келтірілген.
27-кесте. 2022 жылы эмиссиялар мен қалдықтарды азайту жөніндегі іс-шараларды іске асырудың экологиялық әсері
Атмосфераға тасталатын шығарындылар |
2022 жылы озық технологияларды енгізумен байланысты іс-шараларды орындау нәтижесінде атмосфералық ауаға ЛЗ нақты шығарындылардың төмендеуі 15 265 тоннаны құрады.
|
Су тұтыну |
|
Қалдықтарды басқару |
|
Топырақты қалпына келтіру |
|
Қоршаған орта мониторингі
КПО өндірістік қызметтің барлық аспектілерін қамтитын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырады. Негізгі бағдарламалардың бірі төменде көрсетілген міндеттерді орындау үшін ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген «Өндірістік экологиялық бақылау» бағдарламасы (ӨЭБ) болып табылады:
- кәсіпорынның эмиссиялары мен өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсері туралы сенімді мәліметтер алу;
- күтпеген оқыс жағдайларға қатысты жедел алдын ала әрекет ету;
- қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерді азайту;
- мүдделі тараптарға (жергілікті тұрғындар, мемлекеттік бақылаушы органдар, серіктес компаниялар) кәсіпорынның экологиялық қызметі мен жергілікті тұрғындардың денсаулығына төнуі мүмкін қауіп-қатер туралы хабарлау.
ӨЭБ бағдарламасы шеңберінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға, яғни шығарындыларға, ағынды сулардың төгінділеріне, қалдықтарды қайта өңдеуге, жинақтауға және көмуге, сондай-ақ атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ сияқты қоршаған орта компоненттерінің сапасына бақылау жүргізіледі.
2022 жылы ӨЭБ бағдарламасы шеңберіндегі қоршаған орта компоненттерінің жай-күйін бақылау аясында анықталатын көрсеткіштердің концентрациясы алдыңғы жылдардағы бақылау деңгейімен бірдей болғанын көрсетті. ҚМГКК қызметінің қоршаған ортаға теріс әсері анықталған жоқ.
Сондай-ақ, КПО тұрақты негізде кен орнының аумағында қалдықтарды орналастыру объектілеріндегі қоршаған орта жай-күйіне өндірістік экологиялық бақылауды жүргізеді. 2022 жылы Экоорталықтың қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында, бұрғылаудың сұйық қалдықтарын уақытша сақтауға арналған алаңда, сондай-ақ 35А және 35Б чектерінде жер асты сулары мен топырақты бақылау нәтижелері бойынша қоршаған орта компоненттеріне тікелей теріс әсер анықталмады. Қалдықтардың қозғалысын сандық бақылау көму көлемін, сондай-ақ қалдықтардың жинақталу көлемі мен уақытын есепке алу мақсатында жүзеге асырылады.
Ауа сапасының мониторингі аккредиттелген зертхана арқылы сынамаларды іріктеу және талдау негізінде, сондай-ақ 18 стационарлық автоматты ЭМС көмегімен жүзеге асырылады. Атмосфералық ауаның сапасын бағалау үшін санитарлық-гигеналық нормативтер, яғни шекті рұқсат етілген концентрациялар (ШРК) қолданылады. Атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау үшін бақыланатын компоненттердің тіркелген концентрациясы ШРК-мен салыстырылады және үлес түрінде көрсетіледі.
2022 жылы ӨЭБ бағдарламасын жүзеге асыру барысында зертхана көмегімен 100 мыңнан астам сынама алынып, 115 мыңға жуық зертханалық талдау және 28 мыңға жуық өлшеу жүргізілді.
Компания кен орнының аумағында, СҚА шекарасында және Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендерде атмосфералық ауаны қорғауға ерекше назар аударады.
Сантиралық-қорғау аймағы
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚМГКК аумағында жаңа есептік санитарлық-қорғау аймағы (СҚА) қолданылады. 2021 жылы КПО ауаны экологиялық мониторинг станцияларын көшіруді сәтті аяқтады. Станцияларды көшіру СҚА өзгеруіне байланысты ауаның үздіксіз мониторингінің дұрыс көрсеткіштерін қамтамасыз ету және ҚР заңнамалық талаптарын сақтау үшін жоспарланды. 2022 жылдың аяғындағы СҚА көрсетілген ҚМГКК сызбасын КПО веб-сайтында Тұрақты даму/Қоршаған ортаны қорғау/Санитарлық-қорғау аймағы бөлімінде көруге болады.
2022 жылы КПО «ҚМГКК есептік санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру және абаттандыру» жобасының «ҚМГКК есептік СҚА көгалдандырудың бірінші кезеңі және оның шекараларын белгілеу» 3-кезеңін іске асыруды жалғастырды. Жобаның мақсаты – өсіп жатқан екпе ағаштарына күтім жасау және жаңа ағаштарды отырғызу, сондай-ақ СҚА шекарасында ақпараттық белгілерді орнату. Тарихи-мәдени мұра объектілерін ықтимал теріс әсерден қорғау мақсатында жоба сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының шекараларында тиісті белгілерді орнатуды көздейді. Бұған дейін, 2019 жылы КПО осы тақырып бойынша ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастырған болатын (толығырақ ақпарат КПО-ның 2019 жылғы тұрақты даму есебінде берілген, 85-88 беттер).
Осылайша, 2022 жылы іздестіру, дала жұмыстары, қолданыстағы орман екпелерін зерттеу жұмыстары аяқталып, жобаның жұмыс құжаттамасы әзірленді. Орындалған жұмыстың қорытындысы бойынша Өспен, Қаракемер, Жаңаталап, Қарашығанақ ауылдары, СҚА шегінде орман алқаптары маңында бұрын отырғызылған екпелерді қайта жаңарту, СҚА шекараларында жаңа орман алқаптарын құру, СҚА шекараларын белгілеу, ақпараттық белгілерді орнату және тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының шекаралары бойынша шешімдер айқынданып, оларды жүзеге асыру технологиясы анықталып, жоспарланған іс-шараларды іске асырудың шығындары есептелді.
Барлық жоба кезеңінде көгалдандыру шеңберінде жоспарланған учаскелердің жалпы ауданы 249,1 га құрайды, оның 151,9 га – жаңа орман алқаптарын құру алаңы, 97,2 га – қолданыстағы екпелерді жаңарту жұмыстарын жүргізу алаңы.
Бүкіл жобаны іске асырудың жалпы мерзімі 2023 жылдың көктемінен бастап 2028 жылға дейінгі кезеңді қамтиды:
- 2022 ж. – ізденіс жұмыстары, далалық жұмыстар, жобаның жұмыс құжаттамасын әзірлеу.
- 2023 ж. – СҚА шекараларын белгілеу.
- 2024 ж. – ТММ ескерткіштерінің қорғау аймақтарының шекараларында ақпараттық белгілерді орнату.
- 2023 – 2026 жж. – орман алқаптарын жаңарту.
- 2025 – 2028 жж. – жаңа орман алқаптарын егу.
Жобаны іске асыру барысында күрделі объектілерді салу көзделмеген. Жұмыстарды мердігер ұйымның күшімен жүргізу көзделіп отыр. «2023–2028 жылдарға арналған ҚМГКК есептік СҚА аумағын ұйымдастыру мен абаттандырудың негізгі жобалық шешімдері» сызбасы КПО вебсайтының Тұрақты даму/Қоршаған ортаны қорғау/санитарлық-қорғау аймағы бөлімінде көруге болады. СҚА шекарасын абаттандыру және көгалдандыру объектілерін орналастырудың жиынтық схемалары мүдделі тараптармен, шаруашылық ұйымдармен және ауыл шаруашылығы өндірушілерімен келісілген.
Атмосфералық ауа сапасына автоматты экологиялық мониторинг станциялары (ЭМС) арқылы бақылау жүргізу
ҚМГКК және СҚА периметрі бойынша атмосфералық ауа мониторингінің бірыңғай автоматты жүйесіне біріктірілген 18 автоматты жылжымайтын экологиялық мониторинг станциялары (ЭМС 001 – 018) орнатылды.
18 ЭМС ішінен төртеуі кен орнының аумағында және СҚА шегінде орналасқан. 005 – 018 станциялары 2021 жылдың желтоқсанында аяқталған ЭМС станцияларын жаңа есептік СҚА шекарасына ауыстыру жобасына сәйкес жаңа орындарға көшірілді. 2021 жылдың аяғындағы жағдай бойынша есептік СҚА шекарасында 13 ЭМС орналасқан: 006-018; ЭМС 005 Ақсай қаласының маңындағы учаскеге көшірілді.
2022 жылы ҚМГКК аумағындағы СҚА шегінде орналасқан ЭМС станцияларымен тіркелген бақыланатын компоненттердің орташа жылдық шоғырлануы 28-кестеде келтірілген. Бұл кестеде «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы әрбір ЭМС-ке бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.
Барлық ЭМС станциялары төрт негізгі ластаушылар (H2S, SO2, NO2, CO) бойынша үздіксіз, яғни тәулігіне 24 сағат бойы, өлшеу жүргізеді.
ЭМС станцияларынан алынған деректер бойынша 2022 жылы бақыланатын компоненттердің нақты орташа тәуліктік, орташа айлық, орташа тоқсандық және орташа жылдық шоғырлану көрсеткіштері белгіленген санитарлық-гигиеналық стандарттардан аспады. Алайда, күкіртсутектің бір реттік ШРК шегінен 20 минуттық асып кету жағдайлары 2022 жылдың 13 және 14 маусым күндері ЭМС-017 станциясында екі рет және 27 қыркүйек күні ЭМС-007 станциясында бір рет тіркелді. ҚР Экологиялық кодексінің 184-бабы 2-тармағының 8-тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес, Компания БҚО Экология департаментіне ЭМС-017 және ЭМС-007 станцияларында тіркелген асып кету фактілері туралы хабарлама жіберді.
28-кесте. 2022 жылы ЭМС тіркеген бақыланатын компоненттердің шоғырлануының орташа жылдық мәндері
Бақыланатын компоненттер |
Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3 |
ШРК б.м.12, мг/м3 |
ШРК-ның артуы, б.м.* |
H2S |
0-ден 0,002-ға дейін |
0,008 |
жоқ |
SO2 |
0,002-ден 0,005-ға дейін |
0,5 |
жоқ |
NO2 |
0,002-ден 0,007-ға дейін |
0,2 |
жоқ |
CO |
0,1-ден 0,2-ға дейін |
5,0 |
жоқ |
* СҚА шекарасында ауа сапасының өлшемшарты болып ШРКб.м. қолданылады. ЭМС станциялары ШРК б.м. көрсеткіші артқан кезде белгі беруге бейімделген.
12 ШРК б.м. – елді мекендердің ауасындағы химиялық заттардың рұқсат етілген ең жоғары шекті концентрациясы, мг/м3. 20-30 минут бойында тыныс алу кезінде бұл концентрация адам ағзасында рефлекторлық реакцияларды тудырмауға тиіс (демді ұстап тұру, көздің шырышты қабығының, жоғарғы тыныс алу жолдарының тітіркенуі және т.б.)
29-кестеде көрсетілген асып кетулер мен КПО өндірістік объектілерінің қызметі арасында байланыс орнатылмағанын айтып кеткен жөн. ЭМС-017 станциясының ШРК б.м. мәнінің асып кетуін тіркеу кезіндегі метеопараметрлерді ескере отырып, кен орнындағы КПО объектілерінің қызметіне жүргізілген талдау компанияның барлық өндірістік объектілері қалыпты режимде жұмыс істегенін, алауда жағу жүргізілмегенін, технологиялық жабдықтың жұмысында ақаулардың анықталмағанын, ағып кетулердің немесе рұқсат етілмеген шығарындылардың орын алмағанын, сондай-ақ апаттық және оқыс жағдайлардың тіркелмегенін көрсетті. КПО объектілері арасында H2S газының тікелей көздері анықталған жоқ. ЭМС-007 станциясының ШРК б.м. мәнінің асып кетуін тіркеген кезде КПО объектілеріндегі қондырғылар жоспарлы жөндеу жұмыстары шеңберінде тоқтатылған болатын.
29-кесте. 2022 жылы ЭМС тіркеген ШРК б.м. мәнінің асып кету жағдайлары
ЭМС № |
Күні, уақыты |
Бақыланатын компоненттер |
2022 ж. тіркелген нақты бір мезгілдік шоғырлану, мг/м3 |
ШРК б.м., мг/м3 |
ШРК б.м. артуының жиілілігі |
Арту жағдайларының саны |
ЭМС-017 |
13.06.2022, 23:40 |
H2S |
0,025 |
0,008 |
3,125 |
1 |
ЭМС-017 |
13-14.06.2022 00:00 |
H2S |
0,010 |
0,008 |
1,25 |
1 |
ЭМС-007 |
27.09.2022, 23:20 |
H2S |
0,017 |
0,008 |
2,125 |
1 |
ШРК мәнінің асып кетуі тіркелген күні ҚМГКК аумағына іргелес орналасқан елді мекендердің тұрғындарынан газ иісіне шағымдар түскен жоқ.
КПО-ның барлық 18 автоматты ЭМС-тен алынатын атмосфералық ауаның сапасы туралы деректер «Экомонитор» порталы арқылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментіне онлайн режимінде жіберіледі.
Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан ауылдардың атмосфералық ауа сапасын бақылау
Кен орнының периметрі бойынша орналасқан Жарсуат, Жаңаталап, Димитрово, Қарашығанақ, Приуральное, Өспен алты ауылы мен Ақсай қаласында атмосфералық ауаны бақылаудың стационарлық бекеттері орнатылды. Ауа сынамаларын алуды аталған ауылдардың тұрғындары болып табылатын мердігерлік зертхананың штаттық қызметкерлері тәулігіне 4 рет (МЕМСТ талаптарына сәйкес сағат 01:00-де, 07:00-де, 13;00-де және 19:00-де) жүзеге асырады. 2022 жылы стационарлық бекеттерде атмосфералық ауаның 52 мыңға жуық сынамасы іріктеліп, талданды.
МЕМСТ талаптарына және басшылық құжаттарға сәйкес Ақсай қаласының зертханасында іріктелген ауа сынамаларының бес негізгі компонентіне химиялық талдау жүргізіледі: күкіртсутек (H2S), күкірт диоксиді (SO2), азот диоксиді (NO2), көміртегі тотығы/көміртегі тотығы (CO) және метилмеркаптан (СH3SH). Одан басқа, ауа құрамындағы ұшқыш органикалық байланыстардың: бензол (C6H6), толуол (C7H8), ксилол (C8H10) құрамына 10 күнде 1 рет бақылау жүргізіледі.
Атмосфералық ауа мониторингінің ай сайынғы нәтижелері жергілікті баспа БАҚ-та жарияланады, ақпараттық тақталарға орналастыру үшін ауылдарға жіберіледі, сондай-ақ ай сайын КПО вебсайтына жүктеледі. Стационарлық бекеттерде газдың иісін сезген кезде тұрғындардан шағымдар түскен жағдайда ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу жүргізіледі.
2022 жылы елді мекендердің атмосфералық ауасында бақыланатын көрсеткіштердің орташа тәуліктік ШРК мәнінің бірде-бір асып кетуі тіркелген жоқ.
2022 жылы Қарашығанақ кен орнына іргелес орналасқан елді мекендердің тұрғындарынан газдың иісіне жеті шағым түсті. Елді мекендерде атмосфералық ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу жүргізіліп, олардың талдау нәтижелері бақыланатын компоненттердің шоғырлануы белгіленген ШРК б.м. аспағанын көрсетті. Газ иісіне қатысты әрбір шағым бойынша шағым берушілерге кері байланыс берілді.
Жеті елді мекендегі атмосфералық ауасында бақыланатын компоненттердің 2022 жылғы орташа шоғырлануы 30-кестеде келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді. Елді мекендердегі ауа сапасын бағалау критерийі ретінде ШРК т.о. көрсеткіші қолданылады.
30-кесте. ҚМГКК кен орнына жақын орналасқан елді мекендердің атмосфералық ауасындағы бақыланатын компоненттер шоғырлануының 2022 жылғы орташа жылдық мәндері
Бақыланатын компоненттер |
Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3 |
Тәуліктік орташа ШРК т.о.13, мг/м3 |
ШРК т.о. артуы |
H2S |
0,002 |
0,008** |
жоқ |
SO2 |
0,003-0,004 |
0,05 |
жоқ |
NO2 |
0,023-ден 0,027-ға дейін |
0,04 |
жоқ |
CO |
0,432 – 0,440 |
3,0 |
жоқ |
С6Н6 |
0,177-ден 0,181-ға дейін |
0,3** |
жоқ |
С7Н8 |
МАШ-тан төмен * |
0,6** |
жоқ |
С8Н10 |
МАШ-тан төмен * |
0,2** |
жоқ |
СH3SH |
анықталмады |
0,006** |
жоқ |
* Тіркелген мәндер минималды анықтау шегінен (МАШ) төмен. Бақыланатын компоненттер үшін МАШ келесідей: С7Н8 – 0,14 мг/м3; С8Н10 – 0,14 мг/м3.
** ШРК б.м. Күкірт сутегі және метилмеркаптан үшін ШРК т.о. мөлшері бекітілмеген, сол себепті салыстыру үшін РШШ б.м. қолданылады; сондай-ақ РШШ б.м. атмосфералық ауа құрамындағы бензол, толуол және ксилол шоғырлану деңгейін бағалау үшін қолданылады, себебі осы компоненттер үшін сынамаларды іріктеу және талдау жиілігі – 10 күнде 1 рет.
13 ШРК т.о. – елді мекендердің ауасындағы химиялық заттың орташа тәуліктік шекті рұқсат етілген концентрациясы, мг/м3. Бұл концентрация адамға белгісіз ұзақ уақыт бойында (жылдар) тыныс алу кезінде тікелей немесе жанама зиянды әсер етпеуі керек.