Қауіпті өндірістік қалдықтар, сондай-ақ оларды жинау және орналастыру орындары қауіпсіз айналыста болмаған кезде қоршаған ортаға қауіп төндіреді және атмосфералық ауаны, жер асты және жер үсті суларын, топырақ пен өсімдіктерді ластаудың ықтимал көзі бола тұра қоршаған орта мен адам денсаулығының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін.
КПО компаниясы қоршаған ортаға теріс әсер етудің алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізеді, яғни қалдықтарды жинаудың жабдықталған орындарында ғана көмуді және жинақтауды жүргізіп, қалдықтарды нормативтен тыс көмуге және жинақтауға жол бермеуді, сондай-ақ қалдықтарды жинақтау орындарынан уақтылы шығаруды қадағалайды.
Қалдықтарды басқару
КПО компаниясындағы қалдықтарды басқару әрекеті компанияның өндірістік қызметі нәтижесінде түзілетін қалдықтардың адамдар мен қоршаған ортаға нақты және ықтимал қаупін азайтуға бағытталған.
Біз объектілеріміздегі қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, полигондарға шығарылатын қалдықтар көлемін және көмілген қалдықтардың кері әсерін азайту, сондай-ақ жаңа әдістер мен технологияларды зерттеу және қолдану мақсаттарын көздейміз.
Мониторингтің жұмыс бағдарламасына сәйкес, КПО тұрақты негізде кен орны аумағында қалдықтарды көму және жинақтау объектілерінде қоршаған ортаның жай-күйіне өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) жүргізеді. 2022 жылы жүргізілген бақылау нәтижесінде қоршаған орта компоненттеріне тікелей теріс әсер байқалмады. ӨЭБ шеңберінде орналастыру көлемдерін, сондай-ақ қалдықтардың жинақталу көлемі мен уақытын есепке алу мақсатында қалдықтардың қозғалысына сандық бақылау жүзеге асырылады.
Компания қалдықтарының қоршаған ортаға өндірістік әсер ету қаупін барынша азайтуға бағытталған жұмысымыздың нәтижелері төмендегі кестеде және мәтінде берілген.
41-кесте. Қалдықтарды басқару саласындағы міндеттер
2022 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2022 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2023 жылға қойылған міндеттер |
ҚМГКК үшін қалдықтарды басқару бағдарламасына, сондай-ақ Үлкен Шаған МАС және Атырау МАС қалдықтарын басқару бағдарламаларына сәйкес 2022 жылға жоспарланған іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыру. |
Орындалды |
Жыл ішінде қалдықтарды басқару бағдарламасы бойынша 2022 жылға жоспарланған барлық іс-шаралар орындалды |
ҚМГКК үшін қалдықтарды басқару бағдарламасына, сондай-ақ Үлкен Шаған МАС және Атырау МАС қалдықтарын басқару бағдарламаларына сәйкес 2023 жылға жоспарланған іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыру. |
КПО шикізатты өндіру, дайындау және тасымалдау процестері, сондай-ақ арнайы жабдықтарды, материалдарды және осыған қажетті басқа да ресурстарды пайдалану қалдықтардың пайда болуымен байланысты.
КПО-да түзілген қалдықтардың көлемін азайту, қалдықтарды жинау, оларды жинау және тасымалдау кезінде экологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау, қалдықтардың қауіпті қасиеттері мен көлемін сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу және азайту, оларды ҚО үшін қауіпсіз көму жөніндегі шаралар адамдарға және қоршаған ортаға теріс әсерді едәуір төмендетуге ықпал етеді.
КПО-ның 2022 жылға арналған қалдықтарды басқару бағдарламасында жинақталған және түзілетін қалдықтардың көлемі мен қауіпті қасиеттерінің деңгейін біртіндеп төмендету көрсеткіштері мен шаралары көзделген. Компанияда қалдықтарды өңдеудің келесі әдістері қолданылады, атап айтқанда:
- қалдықтарды өндірістік үдеріске қайта жіберу;
- қалдықтарды Эко орталық қондырғыларында қайта өңдеу;
- қалдықтарды Эко орталық объектілерінде көму;
- қалдықтарды кейіннен қайта өңдеу, қайта пайдалану немесе жою мақсатында мамандандырылған мердігер ұйымдарға тапсыру. OG7
2022 жылы КПО объектілерінде түзілген қалдықтардың жалпы мөлшері 37 243 тоннаны құрады. 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы КПО қалдықтарының саны 17 583 тоннаға ұлғайды, бұл негізінен ұңғымалық операциялардың ұлғаюымен, ҚМГКК негізгі объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізумен, жаңа объектілер салумен, сондай-ақ ҚМГКК аумағында мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауынан пайда болатын қалдықтарды қосумен байланысты. 25-сызбада КПО қалдықтарының барлық түрлері көрсетілген.
Біріңғай республикалық қалдықтар бойынша есеп берудің ақпараттық жүйелер формасына сәйкес 2022 жылғы түзілген қалдықтардың жалпы көлеміне түзілген қалдықтар, сондай-ақ қайта өңделген қалдықтар да жатады.
25-сызба. 2019–2022 жылдары КПО нысандарындағы түзілген қалдықтар мөлшерінің динамикасы, тоннамен
Қалдықтарды қайта өңдеу және көму
Компанияның өндірістік және тұтыну қылдықтарын қайта өңдеу қалдықтарды кәдеге жарату кешені мен Экоорталық объектілерінде жүргізіледі. Бұл объект қатты және сұйық қалдықтарды тиімді және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз кәдеге жарату мен қаөңдеуді қамтамасыз етіп, Батыс Қазақстан аймағындағы бұрғылау қалдықтарын басқаруда озық тәжірибе үлгісі болып есептеледі.
Бұрғылау қалдықтары тек көлемді азайтуға және олардың қауіптілігін азайтуға ғана емес, сонымен қатар қалдықтардан құнды компоненттерді шығаруға, сондай-ақ оларды қайта пайдалану үшін өңдеуге мүмкіндік беретін технологияларды қолдана отырып қайта өңделеді.
Компания қолданатын қалдықтарды өндіріс процесіне қайтару тәжірибесі – түзілген қалдықтарды қайта пайдаланудың оңтайлы әдісі.
КПО Экоорталығында қалдықтарды өңдейтін бес қондырғы және оларды қауіпсіз көму полигоны бар.
2022 жыл ішінде жоспарланған барлық шаралар, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, қайта пайдалану, өңдеу, олардың көлемін және қауіпті қасиетін азайту жұмыстары КПО қалдықтарды басқару бағдарламасына (ҚББ) сай орындалды. 2022 жылы Экоорталықта келесі шаралар жүзеге асырылды:
42-кесте. 2022 жылғы Экоорталық қондырғылары мен қалдықтарды қайта өңдеу іс-шаралары.
Экоорталық қондырғылары |
2022 жылғы қалдықтарды қайта өңдеу іс-шаралары. |
Бұрғылау қалдықтарын термомеханикалық тазалау қондырғысы (БҚТТҚ) |
Мұнай негізіндегі қайта өңделген бұрғылау қалдықтарынан базалық май мен суды бөлу технологиясының арқасында 2022 жылы көмілген КПО қалдықтарының көлемі 17 %-ға азайды. |
2022 жылы 9 008 тонна қалдық өңделіп, 1 506 тонна базалық май мен су бөлініп алынды және термомеханикалық өңдеуден өткен 7 502 тонна қалдық қатты қалдықтарды көму полигонында жинақталды. |
|
Жалпы мақсаттағы пеш (ЖМП) |
Қалдықтарды жалпы мақсаттағы пеште жағу нәтижесінде КПО-ның қалдықтарды орналастыру көлемі 89 %-ке қысқарды. 2022 жылы 600 тонна қалдық жағуға жіберіліп, кейін 69 тонна күл Экоорталықтың өнеркәсіптік қатты қалдықтарды көму полигонында орналастырылды. |
Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысы (СҚТҚ) |
2022 жылы 8 674 тонна сұйық қалдықтар өңделді. Өңделгеннен кейін қайта пайдалану үшін, яғни тұздықтар мен бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін 5 153 тонна тұздықтар мен ерітінділер тазартылды. |
Қалдықтарды сұрыптау қондырғысы (ҚСҚ) |
2022 жылы 834 тонна сұрыпталған қатты тұрмыстық қалдықтың 600 тоннасы жалпы мақсаттағы пеште жағуға жіберілсе, қалдықтардың 123 тоннасы, оның ішінде макулатура, метал сынықтары, әйнек пен пластик мамандандырылған ұйымдарға қайта өңдеу және қайта пайдалану мақсатында жіберілу үшін сұрыпталды. Қатты тұрмыстық қалдықтың 111 тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигондарында көму үшін мамандандырылған ұйымдарға берілді. 252 тонна тамақ қалдықтары мамандандырылған ұйымға шіріту әдісімен қайта өңделуге берілді. |
Қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигоны |
2022 жылдың аяғында қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында 16 ұяшық жабылды. |
2022 жылы Компания ескі қатты қалдықтарды сақтау алаңында жиналған қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтарын сақтау алаңынан қалдықтарды алып, бұрғылаудың сүзілген қалдығын термомеханикалық өңдеу қондырғысы мен айналмалы пеште өңдеп, кейін қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында орналастыру жұмыстарын жалғастырды. Қалдықтарды полигонда көму ҚР экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
2022 жылы қатты қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтықтарын сақтау алаңынан қайта өңдеуге 5 318 тонна қалдық жіберілген (2021 жылы 4 308 тонна). Қайта өңдеу көлемінің ұлғаюы айналмалы пештің жөндеуден кейін іске қосылғанына байланысты. 2023 жылы ескі алаңдағы қалдықтарды одан әрі қайта өңдеу жоспарланған.
43-кестеде 2022 жылғы КПО-ның қалдықтарды өндеу тәсілдері көрсетілген.
43-кесте. 2022 жылғы КПО-ның қалдықтарды өңдеу тәсілдері, тонна
№ |
Қалдықтармен жұмыс істеу әдістері |
Қауіпті түзілген қалдықтар |
Қауіпсіз түзілген қалдықтар |
Коммуналдық қалдықтар |
БАРЛЫҒЫ |
1 |
Кәсіпорында 2022 жыл басында болған көлем |
337 711 |
530 |
1 |
338 242 |
2 |
Есептік жыл ішінде түзілген |
32 035 |
3 973 |
1 235 |
37 243 |
3 |
Кәсіпорында қайта пайдаланылған |
5 843 |
0 |
0 |
5 843 |
4 |
Кәсіпорын қондырғыларында қайта өңделген |
23 354 |
226 |
722 |
24 302 |
5 |
Энергия алмай жалпы мақсаттағы пеште жағу |
0,5 |
0 |
600 |
600,5 |
6 |
Қатты өнеркәсіптік қалдықтар көму полигонына ораналастырылды |
14 424 |
0 |
0 |
14 424 |
7 |
Экоорталықтың № 35 А/Б ұяшықтарында сұйық бұрғылау қалдықтарын уақытша сақтау |
3 718 |
0 |
0 |
3 718 |
8 |
Мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға берілген |
1 468 |
3 747 |
624 |
5 839 |
9 |
Кәсіпорында 2022 жыл аяғындағы мөлшері |
350 262 |
8 |
4 |
350 274 |
Ескерту: қалдықтардың тоннамен саны Экоорталықтың таразында оларды қайта өңдеуге, сұрыптауға, жоюға, көмуге және басқа да операцияларға әкету алдында қалдықтардың әрбір партиясын өлшеу жолымен айқындалады. Қалдықтардың мөлшері жөніндегі деректер жүк ілеспе құжаттарына (бақылау талондары, қабылдау-тапсыру актісі) енгізіледі және кейін Компанияның қалдықтарды есепке алу дерекқорына енгізіледі.
Компания қалдықтарының басым бөлігі ұңғымаларды бұрғылаудан және жөндеуден түзіледі. Бұл ретте, қолданылатын бұрғылау ерітіндісі түріне байланысты су немесе мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау шламы түзіледі. 2022 жылы түзілген қатты және сұйық бұрғылау қалдықтарының көлемі 17 552 тоннаны құрады (қайта өңдеуге дейінгі бастапқы түзілген қалдықтар көлемінің 68 %). Ұңғымалық операциялардың ұлғаюына байланысты бұрғылау қалдықтарының көлемі айтарлықтай өсті.
44-кестеде бұрғылау қалдықтарының негізгі түрлері мен оларды өңдеу әдістері бөлініп көрсетілген. Кестеге сәйкес, Экоорталықтың 35 А/Б ұяшықтарында тек су негізіндегі ерітінділер мен тұздықтар көміледі, ал бұрғылаудың су негізіндегі қалдықтары – полигонда орналастырылады. Мұнай негізіндегі бұрғылау қалдықтары алдын ала өңделіп, құрамынан мұнай негізі алынып тасталғаннан кейін көмуге жіберіледі.
44-кесте. 2020–2022 жылдары қолдану әдісіне қарай ұңғымалық операциялардан шыққан қалдықтар
№ |
Қалдық түрі |
Түзілген қалдықтар, тонна |
Өңдеу тәсілі |
||
2022 ж. |
2021 ж. |
2020 ж. |
|||
1 |
Пайдаланылған су негізіндегі бұрғылау ерітінділері |
1 154 |
382 |
4 125 |
Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу |
3 467 |
383 |
1 020 |
Экоорталықтың № 35 А/Б ұяшықтарында сұйық бұрғылау қалдықтарын уақытша сақтау |
||
2 |
Су негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қалдықтары |
2 716 |
987 |
533 |
Көму |
0 |
0 |
0 |
Айналмалы пеште термиялық өңдеу |
||
3 |
Пайдаланылған мұнай негізді бұрғылау ерітіндісі |
1 257 |
432 |
818 |
Қалдықтарды термомеханикалық тазалау қондырғысында (ТТҚ) және сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу |
4 |
Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қалдықтары |
5 760 |
2 776 |
5 316 |
Мұнай негізі мен суды алумен және қатты бөлігін кейнгі көмумен ТТҚ-да қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу |
5 |
Пайдаланылған тұздықтар |
3022 |
1 438 |
1 932 |
ТТҚ және СҚТҚ қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу |
155 |
189 |
296 |
Экоорталықтың № 35 А/Б ұяшықтарында сұйық бұрғылау қалдықтарын уақытша сақтау |
||
6 |
Мұнайлы қалдықтар |
21 |
60 |
11 |
Айналмалы пеште термиялық өңдеу, СҚТҚ-да қайта өңдеу |
Келісімшарттар талаптарының шеңберінде Компания қалдықтардың бір бөлігін кәдеге жаратуға мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға береді. Олар КПО-дан қабылданған қалдықтарды әрі қарай өңдеу әдістерін өздері анықтап, тоқсан сайын қалдықтарды орналастыру бойынша үшінші тараптарға есеп береді. Қалдық түріне байланысты мамандандырылған ұйымдар қалдықтарды кейін тұтыну тауарларын дайындауға қайта өңдеуге, сондай-ақ сынаптан арылту, регенерация, термиялық өңдеу, өртеу, физикалық және химиялық өңдеу, және құрамдас бөліктерге бөлшектеп, мүдделі кәсіпорындарға қайталама шикізат ретінде пайдалануға жібереді.
Полигонда пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтарын және полиэтилентерефталатты қаптаманы, макулатураны, картонды, қағаз қалдықтарын, әйнек сынықтарын көмуге тыйым салатын ҚР Экологиялық кодексінің 351-бабының негізінде мердігер ұйымының қатысуымен Компания офис ретінде пайдаланатын ғимараттарда аталмыш қалдықтарды сұрыптауды және бөліп жинауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Кейін бұл қалдықтар қайталама шикізат ретінде пайдалану үшін мамандандырылған кәсіпорындарға жіберіледі.
2011 жылдан бастап 2022 жылдың аяғына дейін 831 тонна макулатура жиналып, тұтыну тауарларын дайындау үшін жергілікті кәсіпорындарға берілді.
Компанияның барлық кеңселерінде пайдаланылған батарейлерді бөліп жинау ұйымдастырылған. 2022 жылы 110 кг батарейлер жиналған.
Тамақ қалдықтарын қайта өңдеу
ҚР Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес келу үшін КПО 2021–2022 жылдары Қарашығанақ кен орнындағы тамақтану объектілерінде түзілетін тамақ қалдықтарын тиімді әдіске бағыттады. Тамақ қалдықтарын биокомпосттау бойынша келісімшарт жасалды. 2022 жылы Компания Қарашығанақ кен орнының тамақтану объектілерінен қалған тамақ қалдықтарын өңдейтін кәсіпорынға 252 тонна тамақ қалдықтарын қайта өңдеу үшін тапсырды. Алынған биокомпост жердің құнарлығын қалыптастыру мақсатында органикалық қоспа ретінде ауыл және орман шаруашылығында пайдаланылады.